Ерлан Саиров басқаратын Мәдени саясат және өнертану институты қытайдағы қарт қаламгер алты томдық "Тағдыр" романының авторы Қажығұмар Шабданұлын әдебиет саласы бойынша Мемлекеттік сыйлыққа ұсынған болатын. Қазақтың тағдырын қашанда қақпақылға салып, сайдан қуған саяқтай қылып үйренген саясаткерсымақтар қытай өкіметінің қырағы бақылауына алынып мырза қамақта (үй тұтқыны) отырған Қажығұмарды мемсыйлыққа ұсыну қате болады деп өзара күңкілдескенімен қаламгерлер қауымы ауызбіршілік танытып жатыр. Олар Қажекеңді елге де қайтарып алу керек, Мемлекеттік сыйлықты да беру керек дейді. Өткенде біз осындай талап көтеріп Ашық хатқа қол қойған ақын, жазушылардың тізімін бергенбіз. Сол тізім тағы да толыға түсуде. Суреттерге қараңыз. Сіз де үн қосыңыз. Қазақ қашанғы жүгенсіз жүйенің құрбаны бола береді? Қазақтың көз жасы қашан құрғайды? Жүйенің құрбаны болып келе жатқан бір тағдыр болса, ол Қажығұмар Шабданұлының тағдыры емес пе? Жер бетінде жазықсыз жапа шегіп жылаған шерлі жан болса, ол аңсаған Атажұртына жете алмай зарыққан Қажығұмар Шабданұлы емес пе? Әйткенменде, " Құдай салды, біз көндік" деп көнтерімізді сүйретіп жүре бермелік. Құдай да құлшынған құлын сүйеді. Билікке ауқым туғызып, ықпал етіп, елдігімізді білдіріп, қадірменді ақсақалдың абыройлы сыйлықты иеленіп, Отанына оралуына септігімізді тигізейік. Тағы да ескертеміз: қол қоятын әр адам өзінің аты жөнін анық жазып, электронды поштасын толық көрсетуі керек. Толық тізім тиісті орындарға жіберіледі.
"Абай-ақпарат"






Бұл өте жақсы нышан. Қазақтың игі жақсыларыбнлгілі бір символ аясында біріге алатындығын көрсетіп отыр. мәдени саясат және өнертану Институты қазаққа практикалық қызмет істеп жатыр. Басқа Институттардың біреуі осыны істеп отырған жоқ. Ерлан Саировқа біз рахмет айтуымыз керек. Нағыз қазақ.
Мен аталған ұсынысты қолдаймын Ғабит Бөкенбайұлы. gabit_1985@mail.ru
Жігіттер, осы ұсыныстардың барлығы мемлекеттік комиссияға кетеді. Сондықтан Фамилия аты-жөндеріңді толығымен жазып, комментарииге жіберіп отырымдар. Алға қазақ. Аруақ-Аруақ.
Ерлан Саировтың институты бірер жылдың ішінде қазақ қоғамының ірі мәдени әрі саяси орталығына айналып үлгерді.Мен Ерланның жұымысын газеттерден оқып, мұқият бақылап жүргендіктен айтамын бұл сөзді. Институт басқарып отырғандардың бәрі осы Ерлан сияқты жұмыс істесе, олардың бздің елге, мемлекетке көөп пайдасы тиер еді. Жарайсың, Ерлан бауыр! Қажекең қарт үшін жасап жатқан мына әрекетіңнің түбі берекетке ұласары сөзсіз.
Ерқанат, отставкадағы әскери шенді ағаң.
Ерлан Саиров мұнда қаптап жүрген көп шуылдақтың бірі емес, білімді, мәдениетті әрі іскер азамат! Оған толық сенуге болады. Үмбетей.
Колдаймын!
Нурбакыт Байрахмет улы
ela128@mail.ru
Бұның алдындағы тізім Соңғы мақалалардың мұрағаттар қорында тұр. Қараңыздар: "Қаламгерлер қайратқа мінді".
"Абай-ақпарат"
қолдаймын! Отандастар өзіміздің қара қазғымызды қолдамғанда кімді қолдаймыз?! Қолдаймын!
Қолдаймын. Өйкені нағыз біздің ұрпағымызға қазақы тәрбие көзін сіңдіре мұрағат болып табылады.
Қолдаймын. Біз тек асылдың асылын талдап алуымыз керек.
Қолдаймын.Құндылығы мол,берері оң мұраларымызға дем беруіміз керек.
Қолдаймын.Біздің заманымыз тек шынайылықты талап етеді.
Қолдаймын. Егер бұл дүниемен бүкіл қазақ қауымы танысар болса, бір қадым алға жылжитынымыз айдан анық.
Қолдаймын.Біздің заманымыздың талаптарына жауап бере алатын әдеби мұра болып табылады.
Біздің мына Қытайдан келген қазағымыздың шығармашылығы адамның бастан кешкен сол кездегі өмірі жайлы толық жазылған еңбегі. Өте жақсы жазылған. Жезқазған
Қолдаймын.қазақ қазақелінде мартебесі биік болуы керек.
moi_svetly_mir@mail.ru Әмірова Айнұр Шарафаддинқызы
«Жегенде аузыңа кіргенге, сөйлегенде аузыңнан шыққанға абай бол!».
Мұратхан Орынтайұлы
murathan84@mail.ru
Ерғали Мөлдір
yergalimoldir@mail.ru
Жаманақ Айдын
aidin09@mail.ru
Қазақтың жоғын жоқтайтын ұлттық институттар, қоғамдық ұйымдар мен ұлтшыл ұйымдар көбее берсін! Халқымызға ауызбіршілік берсін!
Қажығұмардың елге келуі мен осы асыл ағаға Мемлекеттік сыйлық беру туралы ұсынысты қолдаймын.
Дәулетқали Сейітқалиұлы Асауов,Қарағанды, эл.адрес: bi_barys01@mail.ru
Сабырбай
"Тағыдыр" емес, "Қылмыс" романы. Түзетіңіздер.
Қылмыс романы қазақ ұлтшылдығының мөлдір айнасы. Одан мен өз жан дүниеміздегі отаршылдарға кектің ұшқынын тапқамын.
-----Анахарсис
Бұған намысы бар әр қазақ бейжай қарамаса керек. ҚОЛДАЙМЫН: Мұрат Алмасбекұлы kokturkaltay@mail.ru
Барлық Алаш баласы жұдырықтай жұмылсы!!!
Жігіттер! Осы жарияланып отырған хат Мемлекеттік комиссия мүшелерінің назарына ұсынылып,кетті. Естуімізше комиссия мүшелерінің басым көпшілігінің бет алысы жаман емес тәрізді. Сондықтан мүмкіншілік болса мына телефонға /Мемлекеттік силық комиссиясының жұмыс органы/ өздеріңіздің телеграмма, хаттарыңызды жіберіп отырсаңыздар. Астана 87172 74-05-16;4-74-05-17. Қоғамдық қолдауды бір жерге концентарция жасау керек.
хат жазамыз! адрес тел. бергенинизге жаксы болды. Хат жазып, артынан кол жинап беру керек пе, сонда?
Сүйеніш Сағи
suienish_sagi@!mail.ru
Пікір қосу