(ескертпе хат)
Қадірлі мырзалар!
Осыдан он шақты күн бұрын «Жас Алаш», «Общественная позиция», «Қазақстан» және басқа да бірқатар республикалық басылым беттерінде біз және бізді қолдаған Алматы мен Астана, Оңтүстік Қазақстан облысының жеті мыңға тарта студенті Сіздің атыңызға (Ескертпе хат ҚР Президенті Н. Назарбаевқа, Прмьер-министр К. Мәсімовке, Сенат төрағасы Қ. Тоқаевқа, Мәжіліс төрағасы о. Мұхмеджановқа қарата жазылған. - абай.кз) «Ұлтыңызды, тіліңізді ардақтаңыз!» деген тақырыппен ашық хат жолдаған болатынбыз. Бірақ, Сіздің өзіңіз де, жоғары билік өкілдері де біздің пікіріміз бен көзқарасымызды ескеріп, заңды талап - тілектерімізге орай нақты жауап берген жоқ. Жастардың үндеуіне, оның ойы мен сөзіне жауап бермеу, тіпті оны құлағына да қыстырмай, ұлттық мақсат - мүддеден аттап өту бүгінгі биліктің үйреншікті әдетіне айналды. Бұл бізді қатты өкіндіреді.
Бүгінгі жастар Қазақстан тәуелсіздік алған кезде дүниеге келді. Ашығын айтқанда, біз дәл қазіргідей жемқорлыққа белшесінен батқан, парақор, сатқын, ұлттық мүддеге мұрын шүйіре қарайтын, өзгеше ой айтқаны үшін ғана көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлеріне қастандық ұйымдастыратын, оппозицияны қуғындап, жастарға қысым жасайтын биліктің кезінде бал дәурен жастық шағымызды өткізіп, орта жасқа келгенде оның себеп - салдарымен күресіп, қартайып, қария атанғанда да ел болашағына күмәнмен қарайтын заманда өмір сүруді армандаған жоқ едік. Біз азат, тәуелсіз, егеменді, болашағы зор, халқының күш - қуаты орасан, экономикасы қарыштаған, ертеңіне сеніммен қарайтын Қазақстанда тіршілік еткіміз келеді! Өкінішке қарай, мұндай елді тек «Хабар» мен «Қазақстан» арналарынан ғана көре аламыз, ал шынайы өмірдің бет - бейнесі көңілімізге кірбің ұялатып, жанымызды жабырқау тарттырады. Бүгінгі жастардың бойында отаншылдық, ұлтжандылық, мемлекетшілдік қасиеттері жоғалып барады. Бұған еліміздің жастар қауымы емес, ең алдымен билікте отырған аға буын өкілдері кінәлі. Неге дейсіз ғой? Мысал ретінде американдық патриотизмді алайық. Батыс елдерінен келген азаматтар өздерінің Еуропадан, АҚШ - тан келгенін ерекше мақтанышпен айтады. Себебі, бұл елдерде әр азаматтың конституциялық құқы қорғалады, заң алдында әр азаматтың тең құқы сақталып, ешкімге де артықшылық берілмейді, олардың әлеуметтік - экономикалық жағдайы да мемлекет қарауында, тіпті «бомж» - дарының өзі біздің зейнеткерлер мен қарапайым студенттерге қарағанда әлеуметтік жағынан әлдеқайда жақсы қорғалған. Өркениетті елдерде әр азамат мемлекет үшін өзінің жауапкершілігін сезініп, оның келешегіне алаңдайды. Ал біздегі жағдай мүлде басқаша. Қазақтың кең - байтақ жері ат төбеліндей топтың, яғни олигархтар, мемлекеттік шенеуніктер мен ірі латифундистердің қолында шоғырланған. Өз елінде, өз мемлекетінде ұлтарақтай жері жоқ жастар кімнің жерін қорғайды? Не үшін қорғайды? Өзінің мол байлықтан үлесі жоқ, қайыршының күйін кешкен жас азаматтар мемлекет үшін өзін жауапты сезіне ала ма? Жоқ! Өз ана тіліміз, яғни мемлекеттік тіл аяқасты етілетін, ел басшылары өзге тілде сөйлейтін, ұлттық құндылықтарымыз бен рухани бітім - болмысымыз табан астында жататын мемлекетте өз елімізді қалай сүйеміз? Дүниеге шыр етіп келгені үшін де пара беретін, мектепте оқығанда да, жоғары білім алғанда да, жұмысқа тұрғанда да пара беретін, тіпті бақилық болып, көз жұмғанда да тілімдей жер үшін пара беретін мемлекеттің келешегіне қалай сенеміз? Халқымызды осындай күйге душар еткен не? Мұндай халге қалай түстік? Мемлекеттігімізді, тәуелсіздігімізді сақтай аламыз ба, әлде «көпвекторлы саясатты ұстанып», әлем алпауыттарына жұтылып кетеміз бе? Бұл сауалдар біздің әрқайсымызды мазалайды әрі ойлантады.
Сталиндік дәуірде дүниеге келген, өсіп, ержеткен, содан кейінгі заманда оқып, білім алған биліктегі аға буын өкілдерінің саясаты бізді тығырыққа тіреді. 20 жылдан астам уақыт бойы халық оң өзгерістерді күтті, алға басушылық пен ілгерілеушілікті аңсады. Өкінішке қарай, халықтық, ұлттық мүддені ту еткен өзгеріс те, реформалар да елде болған жоқ. Барлығы көзбояушылық пен жұртты алдау ғана болды. «Біз Өзбекстаннан, Қырғызстаннан немесе Тәжікстаннан жақсы тұрамыз», - деп мақтанасыздар. Сонда артта қалған елдерден «оздық» деп мақтану да - жетістік пе? Ұлы Абай айтқан: «Жүз ат бәйгеге қосылса, мен бәйге алдым деген сөз болса, алдыңда неше ат бар деп сұрар, артыңда неше ат бар еді деп сұрағанның несі сөз? Мен бес аттан, он аттан ілгері едім дегеннің несі қуаныш?». Расында да, біз неге Франциядан, Ұлыбританиядан, Италиядан, ең құрығанда Балтық жағалауы елдерінен, Украинадан оздық демейміз? Өркениетті елдердің деңгейіне, олардың озық құндылықтарына неге ұмтылмаймыз? Бір сөзбен айтқанда, бүгінгі елдегі жағдай Қазақстанның мәдениетті әрі өркениетті көштен кенже қалғанын анық байқатады. Біз бұдан шаршадық! Осы халге жеткізген Сіздер де шаршаған боларсыздар. Бізге жаңа өзгерістер керек! Сондықтан да, ел саясатына, қоғамдық тіршілікке белсенді түрде араласатынымызды мәлімдейміз! Ұлтшыл - патриоттар мен оппозиция секілді Қазақстан жастарының да саяси күш екенін көрсетеміз!
Республика басшылары!
Президентке жолдаған үндеуімізде біз былай деген едік: «Егер жоғары билiк өкiлдерi ұлт тұлғаларының және оны қолдаған халықтың талап-тiлегiн ескерусiз қалдырса, бiз заң жолымен тыйым салынбайтын наразылық шараларының барлық түрiне қатысатынымызды және оны ұйымдастыру iстерiн қолға алатынымызды ескертемiз!». Мемлекет басшысы да, еліміздің лауазымды шенеуніктері де біздің сұрақ - сауалдарымызға, талап - тілектерімізге жауап қатқан жоқ. Демек, жастардың үні мемлекет басшыларының құлағына жетпеді деп санаймыз. Осы себептен, жастардың жан айқайын, олардың қордаланған проблемаларын жоғары билік пен қоғамға жеткізу үшін 11 сәуір, 2010 жылы Алматы қаласында «Жастардың жалпыұлттық митингісін» өткізетінімізді мәлімдейміз! Шыдамның да шегі мен шеті бар. Біздің шыдамымыз таусылды! Әрекет ететін, өзіміз қимылдайтын кез келді деп санаймыз.
Ескертпе хат еліміздің жастар ұйымдарының, қоғамдық қозғалыс жетекшілерінің, журналистердің, ақындар мен жазушылардың, қоғам қайраткерлерінің және студенттердің қатысуымен өткен «Біз өзгерісті қалаймыз!» атты дөңгелек үстелінде бірауыздан қабылданды
Алматы қаласы, 18 ақпан 2010 жыл



Айналайындар-ай! Қазақты сендер құтқармасаңдар, аға буын мен алжыған буындардан үміт жоқ! Үміт тек сендерде, жастарда! Бар екесіңдер ғой, шүкір, шүкір!
Пікір алынып тасталды!
Бұл бастаманы қолдаушылардың ішінде Шығыс Қазақстанның жастарының болмағаны өкінішті. Жалындаған жастар бұл өңірде де бар. Бірақ, өкінішке орай оларға бас көз болатын есті ағалар жоқ. Шалдары алжыған немесе алжудың аз-ақ алдында жүргендер. Жастары биліктің айтқанынан шыға алмайтын жасық болып кеткен. Оқудан шығарып жібереді, жұмыстан шығарып жібереді деп қорқады. Іштей тынып, қынжылып жүреді. Сасық саясаттың көрсетпегені жоқ қой.
Жарайсындар ЖАСТАР! Жасай бер, жасай бер! АЛЛА жар болсын!
Жастардың бұлайша ЫШҚЫНУЫН мен толық қолдаймын. Бұл ҚАЗАҚ ЖАСТАРЫНЫҢ әлі де болса РУХЫ жоғалмағанын көрсетеді. Бірақ бұл игі істі жар астындағы ЖАУ пайдаланып кетпесін. Себебі Ел Бірлігіне қатысты желтоқсанда болған жастардың толқуына ОТҚА МАЙ құйып уаһабисттердің жүргені белгілі болды. Егер арандап қалса жастарымыздың мың жылдың мемлекеттігіміз бен тарихымыздың тамырына балта шабуды көздеп жүргендерден артық болмағаны. "Бектер кетсе ел қалар, бетеге кетсе бел қалар, берекең кетсе нең қалар"- дегенді ұмытпаңдар.
"...Біз бұдан шаршадық! Осы халге жеткізген Сіздер де шаршаған боларсыздар. Бізге жаңа өзгерістер керек!..."
____________________________________________________________________________________
Нағыз өмір шындығы осы. Сіздерге Алла қуат берсін, жастар!
дурыс кой жастардiкi,iштегi саткындардан абай болындар,
Жастар қозғалысы барлық облыстарда ұйымдастырылуы керек. Сол жерден митингке жиналған халықтан қол жинап, әр облыстың атынан хат жолдансын. Митингіден соң, облыс басшыларының қатысуымен "қазақ мәселесі" бойынша "дөңгелек үстелдер" ұйымдастырылсын, нақты талаптар қойылсын.
Сабырбай
Дурыыыыс!
«Жегенде аузыңа кіргенге, сөйлегенде аузыңнан шыққанға абай бол!».
Елбасы жасасын! Оны сөге бергеннен не опа табамыз? "Нұр Отан" аман болса құтқарады!!! Асылжан Қали. "Жас Отан" жастар қанатының белсендісі. Шолақ белсендісі емес...
Мен халқымның діни тұрғыда ауызбіршіліктен айырылып бара жатқанына қатты алаңдаймын. Өзімнің ұстанған жолым ғана дұрыс, өзгенің бәрі кәпірлер мен шала мұсылмандар дейтіндер шықты.
Ауыру Асылжан қали саған ешкім сөзберген жоқ артыңды қысып, жас отаныңды мақтап отыр үйіңде нақұрыс неме сендей шолақ белсенділерден шаршады қазақ
ЖАСТАР!!! Арандап калмандар! Атылып-шабылып кетпендер! Сак болындар! Алдарында жоспар, БАСТАУШЫ дегендер бар ма? Акылмен, акылмен жане акылмен гана аяк басындар!
Өте орынды мәлімдеме. Баяғыда-ақ шығу керек еді алаңға. Революция бізге ауадай қажет. Құласын нұр көсем.
Пікір алынып тасталды!
20 жас ерлік жасар шағың! - Бауыржан Момышұлы
"Ит тойған жеріне, ер туған еліне!"
"Еркек тоқты құрбандық!" - Халық даналығы
-Анахарсис
Пікір алынып тасталды!
өзбектелген байлық?қырғызданған базарсор болған қор болған қазақ алға тек қана алға бізге ұтылар жоғалтар ештеңе де жоқ, ең болмаса тілімізді сақтап қалайық ,Қалғанның бәрінен әлдеқашан айрылғанбыз
Алла жар болсын! Ата-бабаның, азаттық үшін күресіп өткен Кенесарының, Садық сұлтанның, Амангелдінің, Махамбеттің және тағы басқа батыр бабаларымыздың, желтоқсан жастарының рухы демеу болсын!
Менде сіздерді колдаимын,Алла тагала бізге комек берсин,күш қуат берсін,бар қалғаны жер еді жерімізді қорғап қалаиық!
Жас ұрпағы бар ұлттың - Болашағы бар! Ұлттың қаны әруақытта жас ұрпақтың бойында ойнайды! Міне, ұлттың сөзін кімнен күту керек еді!!!!!! НАР ТӘУЕКЕЛ!
Жас толқын ретінде жастарды қолдаймын! Бірақ, 11 сәуірде митинг тек бір жерде емес, барлық облыс орталықтарында өтуі керек! Достар, тек арандап, атылып кетуден сақтану керек. Мен өзім үшін емес, жалындаған жолдастарым үшін алаңдап отырмын. Бәрі бір күнде айдалып кетсе, артта кім қалады? Сосын ана экстремистер мен террористерден сақ болу керек. Олар бәрін өз пайдасына шешетін нағыз *Бейәдеп сөз жазбаңыз!*дар.Саяси сауаттылық керек достар! Осыны естен шығармайық!!! Сұлтан РАХЫМ, Атыраудан.
Пікір алынып тасталды!
Алла өзі жар болсын !!! Тамаша бастама. Мың жылға созылған өтіріктен , бір күндік шындық артық.Көсемдерді аялай білсек шіркін. Тани білсек .Қадірлерін көзі тірісінде түсінсек.Көп жұмылса - жұдырық демеуші ме еді.
Осырак шалдардын ореси жетпегенге жастардын ойы жетип тур, иншалла, бар екен али казак ели
Пікір алынып тасталды!
Елім деген жастар ЖАСАСЫН!!!!
мен қосылам жастарға алға ЖАСТАР
қайда енді митинг? бүгін міне 11 сәуір Алаңға шықтым. ешкім жоқ. Ит үйшіктің ішіне кіріп алып, сығалап қарап отырған менттер бар. 1-2 патруль полиция көліктері тұр, басқа ештеңе жоқ..өтірік бәрі..кімді алдадыңдар
Маш Аллах!Жарайсындар жастар!Болашагымыз не болар екен деп уайым кешіп журген адамдардын үміт отын ояттыңдар!Болашақты кұратын сендерсіндер!Жағымпаздар жойылсын!Соз жүзінде ғана емес іс жүзүнде де жариялылык болсын!Қазақтарды,қазақ тілін менсінбейтіндер жерімізді баспасын!
Пікір қосу