Бұл реттегі интернет-конференциямыздың қонағы Әлихантанушы ғалым Сұлтан Хан Аққұлұлы Жүсіп.
Сұлтан Хан Аққұлұлы (суретте) 1991 жылдан бастап Әлихан Бөкейханның өмірі мен шығармашылығын және саяси қызметін зерттеуші, филология ғылымдарының кандитаты. Ұлт көсемі Әлихан Нұрмұхамедұлы туралы ол орыс және қазақ тілдерінде оннан аса зерттеу мақалалары мен ғылыми очерктерін жариялады. «Қыр баласы» атты алты сериялы деректі фильмінің авторы.
Сұлтан Хан Жүсіп Алаштың ардагері, қазақтың әз ұлы Әлихан Бөкейханның ұлы мұраттары мен бүгінгі уақытты сабақтастырып байыпты әңгіме айтуға дайын. Сауалдарыңызды әдеттегідей форумға немесе dauren-kuat@mail.ru электронды поштасына жолдай беріңіздер.
_________________________________________________
Сұлтан аға, мен сізді жыға тани алмай отырмын, айыпқа бұйырмаңыз. Сіз шетелдік қазаққа ұқсайсыз. Ресейдің тумасы емессіз бе? Әлихан Бөкейханның шығармашылығы мен саяси өмірін зерттеу тақырыбына қалай келдіңіз?
Жасұлан.
Жасұланға!
Мен елдің қазағымын. Қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан қаласында туып, Алматыда орта мектеп пен Әл-Фараби атындағы ұлттық университетін бітірдім.
Ал Әлиханның өмір жолы мен шығармашылығын зерттеу Ұлттық Ғылым академиясының М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметте жүрген 1991 жылы басталды. Осы тақырып бойынша 1995 жылы кандиидаттық диссертация қорғадым. Әлекеңнің мұрасын жинау мен зерттеу сол жылдан бері үзілмей жалғасып келеді.
Әлихан Бөкейхановтан қалған тұяқ бар ма?
Ә. Бөкейханның ұрпақтары Қазақстанға келгілері келе ме екен? Олар Ресейде немен айналысады, Ресейдің қай қаласында тұрады? Ұзын сөздің қысқасы Әлекеңнің ұрпақтары туралы білгім келеді. Ақ-Ару.
Ақ-Аруға!
Әлиханның тікелей ұрпақтары қазір Мәскеуде тұрады. Немересі Евгений Сергеевич Букейханов - техника ғылымдарының кандидаты, оның ұлы, яғни Әлекеңнің шөбересі Петр Евгеньевич Букейханов - заң ғылымдарынан кандидаттық диссертация қорғаған. Мәскеу тұрғындары. Олар Қазақстанға оралғысы келеді деп ойламаймын.
Әлихан қай жылы атылды? Денесі қай жерде жатқаны жөнінде дерек бар ма? Арыстан.
Арыстанға!
Алты Алаштың көсемі Әлихан Бөкейхан - 1937 жылдың 27 қыркүйегінде Мәскеуде КСРО Жоғарғы Сотының Әскери алқасының шешімімен ату жазасына кесіліп, ату жазасы сол күн орындалды. Өткен жылдың желтоқсан айында толық анықталғандай, оның сүйегі Мәскеудегі Донской зиратына жерленіпті. Ол туралы Азаттық Радиосының сайтында тиянақты жазылды (AZATTYQ.ORG). Оқып қарағыз.
Әлихан атамыздың қанша әйелі болған? Айнаш
Айнашқа!
Әлекеңнің Елена Яковлевна Севостьянова есімді сүйген жары мен Елизавета есімді қызы және Өкітай-Сергей есімді ұлы болды. Өкітайдан Мәскеуде тұратын Евгений деген немересі, Евгенийден Петр деген шөбересі бар.
Сұлтанхан мырза, сұрағыма осы форумда жауап береңізші Әлихан Бөкейхан масон деп айтып жүргендердің сөзі рас па? Мені осы қатты мазалайды. Басқа алашордашылардың да масон болғаны ма сонда?
Ә.Н.Бөкейханның 1906 жылы С.-Петерборда құрылған «Полярная звезда» масон ложасына мүше болғаны - тарихи факты. Алайда, одан шошынатын еш қисыны жоқ. Себебі, орыстардың 20 ғасыр басындағы қайта жанданған масон қозғалысы - алдына нақты саяси мақсат-мүдде қойған және саяси партиялардан жоғары тұрған құрылым болатын. Масон ұйымы бірыңғай Ресей жебрейлерінің ұйымы деген пікір - ол ешбір негізсіз жаңсақ пікір. 20 ғасыр басындағы масондардың басты да стратегиялық мақсаты - Ресейдің самодержавиелік билігін құлату болды. 1917 жылғы Ақпан төңкерісін жоспарлап жүзеге асырған да, Уақытша үкіметтің құрамын сонау 1915 жылы-ақ жобалаған да осы масон ұйымы болды. Ал Алты Алаштың көсемі Әлиханның оған мүше болуы - сұқтанатын жайт емес, керісінше мақтан ететін оқиға. Өйткені, ол қазақтың ұлттық мемлекеттігін қайта құру отаршыл Ресей империясының өзін демократиялық мемлекет ретінде қайта құрмай мүмкін еместігін жақсы түсінді. Сол себепті де ол ең алдымен Ресейдің самодержавиелік билігін құлатпай, қазақты отаршылдық бұғауынан босата алмайтынын Әлихан терең түсінді. Сол себепті де ол орыстың конституциялық-демократиялық партиясына мүше болып, патша билігіне қарсы күресті. Әлихан тек қазақтың ғана емес, бүкіл Ресей империясының да көрнекті саяси қайраткері болып табылады.
Әлиханның атын ұлықтауға Қазақстанда не кедергі болып отыр деп ойлайсыз?
Оған бір кісінің басы мен билігіне негізделген қазіргі саяси режимнің саясаты мен қоғамның енжарлығы, жасқаншақтығы деп ойлаймын.
Әлиханның мінезін суреттеп беріңізші.
Әлиханның мінез-құлқын оның туған інісі Смахан төре өзінің қолжазба естеліктерінде тиянақты сипаттап береді. Оны 1996 жылғы «Жұлдыз» журналының санынан оқи аласыз. Смахан төренің осы естеліктерін алдағы уақытта Азаттық Радиосының интернет-сайтына да (AZATTYQ.ORG) орналастыру ойымыз бар7
1)Әлихан Бөкейханның қалтарыста қалған шығармаларын танытуда қандай қиыншылықтар болды? Кедергі келтіргендер болды ма?
2)Әлихандай саяси ойлай алатын тұлғалар бар ма бүгін?
3)Сом тұлғаның ұлы мұраттары орындалды ма? Жоқ болса, не кедергі оған?
1) Ә.Н.Бөкейханның шығарма-еңбектерін жинауда қасақана бөгет жасалды деп айта алмаймын. Егер кедергі кездескен болса, ол әдеттегідей қаржы мен Ресей мұрағаттары мен кітапханаларының алыстығында болды.
2) Қазақстанның 16 миллион халқының, оның ішінде 10 миллиондай қалың қазақтың ішінен Әлихандай ойлайтын мемлекетшіл саясаткер табылмайды деп айтуға ауыз бармайды. Болса-дағы оларды көрсетпеуге, көрінсе аяусыз қудалауға алып жатыр. Оны өзіңіз де көріп отырған жоқсыз ба!
3) Әлиханның ең басты мұраты орындалды - қазақ өз алдына тәуелсіз дербес әрі бүкіл халықаралық қауымдастық мойындаған мемлекет болып отыр. Екінші үлкен мұраты - қазақ елінің нағыз әрі кемелденген демократиялық ел болады дегені әзірше орындалмай тұр. Оған билік емес, ең алдымен халықтың, қоғамның өзі жауапты.
Әлиханның 1927-37 жылдары жазғандары Бонч-Бруевич пен академик Ольденбургтің мұрағатында сақтаулы деп, Жайық Бектұров ағамыз жазды. Сол туралы не айтасыз?
Д.В.Бонч-Бруевичтің 1934 жылы Әлиханға жазған хатының толық мәтіні мен көшірмесі қолда бар. Алайда, өкініштісі, 1934 жылы Бонч-Бруевич ашқан мұражайдың өзі жоқ. Қазір сол мұражайдың ізін іздестіріп жатырмын. Ол мұражайдың қорында Әлиханның естеліктері мен өз қолымен тапсырған тарихи құжаттардың болғанына күмәнім жоқ.
Ал академик Ольденбургтің С.-Петербордағы Ресейдің ұлттық кітапханасында сақталған жеке қорында Әлихан туралы бірлі-жарым мәлімет немесе оның жазған хаттары сақталмапты. Оның есесіне Ольденьбургтің 1927 жылы бүкілсоветтік ғылыми конференциядан кейін бір топ ғалымның ішінде Ахмет Байтұрсынұлымен бірге түскен 2 суреті табылды. Ол Азаттық сайтында шыққан бір мақаламда жазылды (AZATTYQ.ORG). Оқып қараңыз.
Әлихан туралы АКШ-тын Гувер атындагы Соғыс және бейбітшілік институтына (онда "ақ эмиграция" туралы мұрағат көп екенін білесіз) сұрау салып көрдіңіз бе?
Мұндай құнды мәліметіңізге көп рахмет! Ол институтқа міндетті түрде сауал жолдаймын.
Туыстарының рұқсатымен, Әлихан туралы Смахан төренің 18 дәптер естеліктерін осы сайтқа жариялай аласыз ба? Меніңше, Әлиханның өмірлік бейнесін тануға сол естеліктің берері мол сияқты.
Смахан төренің естеліктерін Әлекенің туыстары маған әлдеқашан сеніп тапсырған. Оның кириллица үлгісін мен 1996 жылы «Жұлдыз» журналында жарияладым. Егер Абай сайты қарсы болмаса, мен жариялауға қарсы емеспін.
Сұлтан хан Аққұлұлы! Сіздің Алаштанушы, Әлихантанушы ғылым жолындағы еңбегіңіз жана берсін! Соңғы шыққан бес томдыққа Әлекеңнің бар мұрасы енді ме? Әлекеңді елге толық таныту үшін "Интернет" мүмкіндігін пайдалану ойыңызда бар ма? Яғни жеке сайт ашу мағынасында.
Жылы тілегіңізге көп рахмет! Қазір шығып жатқаны 5-томдық емес, 7-томдық толық шығармалар жинағы. Оның алғашқы 3 томы өткен жылдың соңында Мәдениет және ақпарат министрлігінің қаржыландыруымен Астанадағы «Сарыарқа» баспа үйінен басылып шықты. Қалған 4 томы (4, 5, 6 және 7 томдары) жазға қарай жарық көреді.
Өзіңіздің Әлекеңе туыстығыңыз жоқ па? Есіміңіз де ерекше екен: Сұлтан Хан. Әлихан да өз есімінің алдына Сұлтан деп жазған көрінеді. Сұлтан дегенді Әлекең тегіне байланысты жазған ба, әлде шын есімі солай болған ба?
Ғұсман төре
Ғұсман төреге!
Қазақ деген атым болмаса, Әлекеңмен еш туыстығым жоқ. Патшалық Ресейдің тарихи құжаттарында «Султан Алихан Букейханов» деп жазатыны оның Шыңғыс ханның тұқымына жататын тегін көрсеткені.
Шындықты айтыңызшы, Алаштықтар Тәуелсіздік туралы ойлады ма?! Нақты сондай құжаттар бар ма?Әлде олар орыстың боданы болғысы келді ме?Тек шындықты айтыңызшы!
Төрегелді,ОҚО
Әлиханның Алашорда таратылғаннан тұтқындалғанға дейінгі (1920-22) өмірі туралы тарихи деректер өте аз. Өзіңіз білетін деректер туралы, хронологиялық ретпен қысқаша айтып өтсеңіз.
2-съезде Алаш автономиясы жарияланбай қалды. Бірақ, 1918 жылғы 12 шілдедегі "Алашорда бүгіннен бастап, Алаш автономиясының билігін өз қолына алады" деген Бөкейхан, Ғаббасов, Тынышпаев қол қойған құжат қазір белгілі. Яғни, сол кезде Алаш автономисы жарияланды деп айтуға бола ма? Бүкіл алаштанушылар автономия жарияланбады деп қайталай береді. Ендеше, құжаттағы не сөз?
Орынбордағы ІІ-нші жалпықазақ құрылтайында Алашорда автономиясын ресми түрде жарияламағаны, сол кездегі Түркістан өлкесіне қарайтын Сырдария, Жетісу, Самарқанд қазақтарының автономияға қосылу-қосылмау туралы тілектерін білуге дейін жариялауды кейінге қалдыру туралы шешім қабылданғаны да тарихи факты. Алайда, Ресейдегі билікті бәлшебектердің қарулы бүлікпен басып алуының нәтижесінде Алашорда ұлттық-территориялық автономиясы де-юре емес, де-факто өмір сүрді. Оның еш кемшілігі жоқ. Өйткені, ІІ Николай патша тақтан бас тартқан соң, Уақытша үкімет қана Ресейдің заңды билігі болып есептелді де, қалған Сібір автономиясы да, Уфим директориясы да, тіпті адмирал Колчак басқарған бүкілресей үкіметі де де-факто биліктер болды. Сол себепті де 1917-1919 жылдары Алашорда автономиясы осы аталған биліктердің тарапынан ресми мойындауды онша қажет етпеді. Бірақ бәлшебектерге төтеп беру үшін Алашордаға қарулы көмек ауадай қажет болды. Сол себепті де Алаш көсемдері оларға тәуелді болып отырды. Бірақ, ең маңыздысы 1919 жылы Ленин бастаған бәлшебектік биліктің өз автономиясын мойындатуға қол жеткізді. Ал ол, өз кезегінде, бүгінгі тәуелсіздіктің іргетасы болып шықты.




Сұлтан аға, мен сізді жыға тани алмай отырмын, айыпқа бұйырмаңыз. Сіз шетелдік қазаққа ұқсайсыз. Ресейдің тумасы емессіз бе? Әлихан Бөкейханның шығармашылығы мен саяс өмірін зерттеу тақырыбына қалай келдіңіз?
Жасұлан.
Көрдіңізбе? Сұлтанхан аға:бұлар жергілікті қазақ, шетел қазағы, оралман деп бөліп жарғанды жақсы көреді. қандай дамыған технология.енді түрімізге қарап біліп қоятын болды. шетелдің қазағы мен Ресейдің қазағының түрі қандай болады? Жасұлан мырза. Қазақстанның болашақ Президенті шетел қазағы болуы да ғажап емес. Президент болатын текті тұлға, міне осы Сұлтанхан ағаң
Конституция бойынша,Қазақстанның президенті тек Қазақстанда туған адам ғана бола алады.Ол дұрыс!Өйткені қанында қорқақтығы,қашып кеті қабілеті жоқ адам ғана Қазақ елін билеу керек!Өйткені жергілікті қазақтардың ата-бабалары ешқайда қашпай,жерін,елін сатпайтынын дәлелдеді!Ал қазіргі кезде біз қашқындардың ұрпақтарын қабылдап отырмыз!Ең қызығы,оларға жағдай жасамасаң жылайды,ҰЯТ қой!Не беттерімен жылайсындар?Ұялу керек,қашқынның ұрпағы болғанына!Ал кейбіреулер қашқындарды елге шақырған Нұрекңді жамандайды,бұл ақылға сыймайтын жағдай!Сондай-ақ бізге тіл жағынан күледі!Біз елемезде сатпай,жерімізде зліп,жерімізді қалдырған жоқпыз!Ал сендер ұяттарың болса қыртпай тиыш отырындар!
Титулды
Конституцияны да, өзгертуге болады. қатып қалған дүние жоқ.11 милион қазақтан, Премъер минстр шықпағанда, Президент шығуы екіталай.билік бәрібір,бұрынғы иесін табады.біліктілігі, қарымы, білімі, мемлекет басқаратын дарыны жетіп тұрса,неге шеттен келген қазақ мемлекет басқармасқа.конституцияда, қазақстанда туылған, соңғы 20 жыл бойы ел аумағында болған,қазақстан азаматы, Президент болады, деп жазылған. бірақ, ұлты азақ азаматы деп жазылмаған. сонда қазақстанда туылған,Кәрісте, Орыста, Ұйғұрда Президент болады деген сөз. қазақтың жері қазақстан аумағымен шектеледі деп кім айтты саған? Ресей,Қытай,Өзбекстанда туылған қазақтардың бәрі,қазақстан жерінде туылғандар саналады. олар 20 жыл емес,өмір бойы тұрып келе жатқандар.бәрінің де мемлекеттің билігіне араласуға құқығы бар.
Қыр баласы» атты алты сериялы деректі фильмін калай, Кайдан коруге болады?
Пікір алынып тасталды!
Осы сайт Израильге сапарлап барған бұрынғы премьер-министр Терщенко дейтіннің ебірейлерге қазақ жерін сатып немесе жалға алыңдар дегені туралы жазды. Соны оқып жағамызды ұстадық. Жалпы қазір бізде қазақтың жері туралы тосын әңгімелер көбейіп кетті. Осындай жайтке Әлихан Бөкейхан қалай қарайтын еді?
Арман, Жігер.
Әлихен Бөкейханұлын шын мәнінде қалың қазаққа таныту ма мақсатыңыз, әлде Ұлы тұлға арқылы Алашқа танылу ма.
Әлихан Бөкейхановтан қалған тұяқ бар ма? Айтпақшы, бүгіні біздің атқамінерлеріміздің арасында Әлиханға сәлде болсын ұқсауға тырысатындар бар ма?
Біздің *Бейәдеп сөз жазбаңыз!* саясаткерсымақтар үзіп-жұлып кім көрінгеннен цитат алып жатады. Бірақ біреуінің аузынан "бұл туралы Ахаң былай депті, Әлекең былай депті" деген сөз шықпайды. Бұл не, біздің ұлт көсемдері артына ұзақ өмір сүретін сөз қалдыра алмағанының нышаны ма, әлде біздің жамандар олар туралы айтып қалсақ пәлеге ұшырармыз деген соң тілге тиек етпей ме? Әлде Әлихандардың ойлары, айтқан сөздері, өсиеттеі мен аманаттары осы заманғалайық емес пе?
Ә. Бөкейханның ұрпақтары Қазақстанға келгілері келе ме екен? Олар Ресейде немен айналысады, Ресейдің қай қаласында тұрады? Ұзын сөздің қысқасы Әлекеңнің ұрпақтары туралы білгім келеді. Ақ-Ару.
Әлихан қай жылы атылды? Денесі қай жерде жатқаны жөнінде дерек бар ма? Арыстан.
Әлихан атамыздың қанша әйелі болған? Айнаш
Әлихан төре ғой. Ол қай төреден, қай ханнан тарайды. Шежіресін берсеңіз. Ақмылтық.
Орта жүздің Бөкей деген ханнын ұрпағы.19 ғасырда Орта жүзде екі хан болды.Уәли мен Бөкей.(Кіші жүздегі Бөкей хан емес,шатастырмандар).
Алтынбек
Сұлтанхан мырза, сұрағыма осы форумда жауап беренізші Әлихан Бөкейхан масон деп айтып жүргендердің сөзі рас па? Мені осы қатты мазалайды. Басқа алашордашылардың да масон болғаны ма сонда?
Әлиханның Міржақыпқа жазған хаты бар ғой. Міржақыптың оған қайтарған жауабын таба алмадық. Жауабы бар ма? Соңғы хатының?
Әлиханның атын ұлықтауға Қазақстанда не кедергі болып отыр деп ойлайсыз?
Әлиханның мінезін суреттеп беріңізші.
1)Әлихан Бөкейханның қалтарыста қалған шығармаларын танытуда қандай қиыншылықтар болды? Кедергі келтіргендер болды ма?
2)Әлихандай саяси ойлай алатын тұлғалар бар ма бүгін?
3)Сом тұлғаның ұлы мұраттары орындалды ма? Жоқ болса, не кедергі оған?
Сауал көп , бірақ жауап жоқ.
Әлиханның 1927-37 жылдары жазғандары Бонч-Бруевич пен академик Ольденбургтің мұрағатында сақтаулы деп, Жайық Бектұров ағамыз жазды. Сол туралы не айтасыз?
Әлихан туралы АКШ-тын Гувер атындагы Согыс және бейбітшілік институтына (онда "ақ эмиграция" туралы мұрағат көп екенін білесіз) сұрау салып көрдіңіз бе?
Туыстарының рұқсатымен, Әлихан туралы Смахан төренің 18 дәптер естеліктерін осы сайтқа жариялай аласыз ба? Меніңше, Әлиханның өмірлік бейнесін тануға сол естеліктің берері мол сияқты.
Сұлтан хан Аққұлұлы! Сіздің Алаштанушы, Әлихантанушы ғылым жолындағы еңбегіңіз жана берсін! Соңғы шыққан бес томдыққа Әлекеңнің бар мұрасы енді ме? Әлекеңді елге толық таныту үшін "Интернет" мүмкіндігін пайдалану ойыңызда бар ма? Яғни жеке сайт ашу мағынасында.
Өзіңіздің Әлекеңе туыстығыңыз жоқ па? Есіміңіз де ерекше екен: Сұлтан Хан. Әлихан да өз есімінің алдына Сұлтан деп жазған көрінеді. Сұлтан дегенді Әлекең тегіне байланысты жазған ба, әлде шын есімі солай болған ба?
Ғұсман төре
Шындықты айтыңызшы,Алаштықтар Тәуелсіздік туралы ойлады ма?!Нақты сондай құжаттар бар ма?Әлде олар орыстың боданы болғысы келді ме?Тек шындықты айтыңызшы!
Төрегелді,ОҚО
Әлиханның Алашорда таратылғаннан тұтқындалғанға дейінгі (1920-22) өмірі туралы тарихи деректер өте аз. Өзіңіз білетін деректер туралы, хронологиялық ретпен қысқаша айтып өтсеңіз.
2-съезде Алаш автономиясы жарияланбай қалды. Бірақ, 1918 жылғы 12 шілдедегі "Алашорда бүгіннен бастап, Алаш автономиясының билігін өз қолына алады" деген Бөкейхан, Ғаббасов, Тынышпаев қол қойған құжат қазір белгілі. Яғни, сол кезде Алаш автономисы жарияланды деп айтуға бола ма? Бүкіл алаштанушылар автономия жарияланбады деп қайталай береді. Ендеше, құжаттағы не сөз?
Айгүл Ісімақова бір сұхбатында "Әлиханның әйелі еврей еді, Әлиханның Кеңестік кезде көп қуғыннан құтылуына сол да сеп болды" депті. Жалпы, Елена Севостьянова еврей ме, орыс па? Және Әлекеңнің қайын атасының масондық ұйымға қатысы бар ма?
1922 жылы Әлиханды Семейде ұстады ма, Тоқырауында ұстады ма? Нақты деректі қай жерден оқуға болады? Екіншіден, Әлиханның Мәскеудегі үйін сіз көріпсіз. Оны біреулер бір бөлме дейді, біреулер жеті бөлме дейді. Деректер мен естеліктер негізінде осы пәтерді суреттеп беріңізші. Интерьерін, көлемін, жиһаз-мүлкін, столын т.б.
ФСБ-дан Әлихан туралы құжаттар алғаныңызға 19 жыл өтіпті. Қайтадан сұрау салып, тергеу материалдарының толық нұсқасын, тәркіленген жазбаларын сұрату ойыңызда жоқ па? Өйткені, соңғы 1927 жылдан бастап жазғандары мүлде жоқ қой?
Әлихантану пәні қалыптасты ма, қалыптаспаса, не істеу керек?
Әлиханның пиғылымен кәзіргі Қазақстанды егемен ел ретінде талдап шықсаңыз. ЕлСерк
Әлиханның әйелі 1918 жылы Семейде қайтыс болды ма, әлде 1921 жылы басқа жерде дүниеден өтті ме? Неден қайтыс болғаны туралы қызы Лизаның естеліктерінде мәлімет бар ма?
1922 жылдан Мәскеуге кеткен соң, Өкітайға Әлекең ренжімеді ме? Лизаның жазуынша, Өкітай аздап ішкілікке жуық болды дейді
Мәскеуде Әлекең үйінде болғандарды атай аласыз ба? Сұлтанбек Қожанов, Смағұл Сәдуақасов, Әлиасқар Әлібековтің, Мағжанның болғаны белгілі. Ахмет пен Міржақып болды ма? "Қазақ басшылары Кремльден бұрын Бөкейхановқа сәлем береді" деген әйгілі сөзді Сталин бекер айтпады ғой.
Әлиханның 1920 жылдан соң, Жангелдинге деген көзқарасы өзгерді ме? Ахаңды Ленинге апарған соң, 1920 жылы қазанда Қазақ Кеңестерінің 1 съезінің алдында олар кезікті ғой.
Қазақстанда Әлихан мұражайы бар ма? Жоқ болса қай қаладан ашқан дұрыс деп ойлайсыз? Семейде Міржақып екеуі тұрған үйі Алаш мұражайы. Мәскеудегі Үлкен Кисловский шолақ көшесіндегі пәтері бүгінде сатып алса, 1 миллион доллар шамасында тұрады екен. Мүмкін, Үкімет сол пәтерді сатып алуы керек шығар? Самара мен Омбыдағы үйі де Ресейде. Сондықтан, мүмкін Алматы немесе Астанадан арнайы мұражай ашу керек шығар. Республикалық деңгейдегі. Сіздің пікіріңіз?
Әлиханмен достық қарым-қатынаста болған Ресей саясаткерлері мен ғалымдарының толық тізімін атай аласыз ба? Керенскийден бастап.
1920 жылы сәуір-тамыз айларында А.Байтұрсынов, Ә.Ермеков, У.Танашев, М.Әуезов шекара мәселесі жөніндегі комиссия құрамында Мәскеуде болды. Соңғы, шешуші Ленинмен кездесу 14 тамыз күні өткені белгілі. Хамит Ерғалиев Ахмет Жұбановтан естіпті деген аңыз сөз бар: Әлихан айтыпты: "Әлімханмен екі сағат сөйлесетіндей, орыстан да бір мықты шығыпты ғой" деген. Яғни, Әлихан сол кезде Мәскеуде болған ба? Болса, соның дәлелі ретіндегі қандай нақты құжат бар? Д.Аманжолованың осы тақырыптағы зерттеуінде Әлихан есімі бірде-бір рет кезікпейді. Ол кісі Ресейдің ең тың құжаттары негізінде көлемді мақаланы Жапон журналына жазған екен.
1922 жылы Сталинмен Әлихан кездескенде, Әлекең Қожанасыр туралы хикая айтқанын білеміз. Бұдан соң, екеуі тағы кездескен бе? Кездессе, қай жылы, қандай шаруамен?
5 наурыз - Әлекеңнің туған күні. 6 жылдан соң, Әлекеңнің 150 жылдығы. Бірінші сұрағым: республика көлемінде Әлиханның туған күнін қалай атап өткен дұрыс? Екінші, Үкімет 150 жылдыққа қарсы, асықпай-саспай, науқанға айналдырмай қандай шаруаларды дайындауы қажет?
1918 жылдың сәуір айында А.Байтұрсынұлы, М.Дулатов, Р.Мәрсеков Алашорда атынан Шәуешекке барды. Сол жерде Қытайдың жергілікті билігімен келіссөздер жүргізді. Сол сапардың негізгі мақсаты не еді? Аштықтан ауып барған қазақтарға саяси баспана сұрады ма? Керісінше, оларды елге көшіру мәселесін қозғады ма? Әлде, Алаш автономиясы құрамына Тарбағатайдың күнгей бетін беруді сұрады ма? Немесе, Алаш автономиясына жергілікті байлардан қаржы, қару сұрап барды ма? Сіз бұл жөнінде қандай пікір айтар едіңіз?
Алашорданың қаулыларының көбінде Әлиханның қолы тұр. Сол қаулылар мәтіні 7 томдыққа кіре ме? Негізі, арнайы түсініктеме арқылы кіргені жөн болар еді. Бірақ, Семейдегі Шығыс Қазақстан облыстық мұрағатында мыңдаған осы тақілеттес құжат бар ғой. Сол мәселені жинақты құрастырушы ретінде қалай шешпексіз?
Аса құрметті Сұлтанхан Аққұлұлы ! Көк Тәңір жарылқасын! Сізге отбасыңызға бар жақсылықты тілеймін!
Алашымыздың төрағасы ұлы бабамыз Әлихан Бөкейханұлын дәріптеуге көп еңбек сіңірдіңіз! Оған мың да бір рахмет, Ісіміз алға бассын!
Әлекеңнің, Алаш Орда азаматтарымыздың аруағы қолдап жебеп жүрсін Қазақ баласын!
Ізгі ниетпен бас иіп құрметтеген Орхон баласы
Құрметті Сұлтанхан Аққұлұлы!
Әлекең Мағжан Жұмабаевқа хат жазды ма , Алаш ақынымыз жайында Әлекең не деген?
Әлекеңнің еңбектерін басқа түрік тілдеріне, сөйленістеріне және көшпелі халықтар тіліне аудару өзекті деп ойлаймын.
Құрметпен Орхон баласы
Аса құрметті Сұлтанхан Аққұлұлы!
Интернет сайтта Әлекеңнің еңбектерін жариялаған жөн. Өйткені егер 7 том 2000 данамен жарық көрсе ол Алаш балаларына жете бермес.
Яғни 2000 Алаш баласы ғана ала алады деген сөз.
Ол жайын ойластырып көрсеңіз?!
Сізге деген құрметпен Орхон баласы
Ассалаумағалейкүм!С.Аққұлұлы.Соңғы кездері Әлекең жайлы жазғанда,оған президент деген лауазымды қоса жазады.Менде осындай сұрақ,сол кезде "президент" деген сөз қолданды ма?Әлихан Бөкейханды қасындағылары президент деп атады ма?
Ерлан АХМЕДИ
Сол кездері Алашорда мен Түркия арасында қарым-қатынастар болды ма?Әлихан Бөкейхан мен Мұстафа Кемел Ататүрк арасында қарым-қатынас болды ма?
Түркиялық қандас
Біздің кейбір тарихшылар Тұрар Рысқұловты Алашорда көсемдерінің өліміне себепкер болған дейді. Не білесіз? Рысқұловтың С.Сейфуллиннің үстінен жазған бірнеше "доносының" көшірмесін оқыдым.
Пікір қосу