Қарқаралы... | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Достық, қастық, бар қызық – жүрек ісі,
Ар, ұяттың бір ақыл күзетшісі.
Ар мен ұят сенбесе – өзге қылық,
Арын, алқын – бұл күннің мәртебесі

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
Астананың бір минуттық шығыны - 600 мың теңгені құрайды
Айтқыш екен
Обал болды көзге де, құлаққа да,--
Сеніп елге бермейсің сыр ақтара.
Қарайтының күдіз-түн бір-ақ канал,
Көретінің бір кісі, бір-ақ қала.

А. Мұқабай, асаба

Загрузка

Қарқаралы...

Жәрдемші


Қарқаралы... Топографияға салсақ, Қарағанды облысының шығыс бөлігінде, Қарағанды қаласынан 200 шақырымдай қашықтықта орналасқан. Қадыр дарып, құт қонған киелі мекеннің атауы турасында аңыз жетерлік. Бір аңызда Баян сұлу осы маңда қарқарасын түсіріп алып, жердің осылай аталуына себеп болған деседі. Бұл өңірді Ұлы жібек жолының бір тармағы басып өтуімен қатар, атақты жәрмеңкенің орны болғанын тарихтан білеміз. Алайда, мұның бәрі тарих беттерінде қалса, қазіргі Қарқаралы өзінің қайталанбас көркімен, сұлу табиғатымен талайды тамсандырып келеді. Мұнартқан көгілдір таулар, Сарыарқаның төскейіне төге салған маржандардай сұлу көлдерімен бірге, көне заманнан келе жатқан әсем ормандар жер біткеннің жаннатындай! Бұл өлкенің табиғаты әсемдігімен жаныңды  жаулап, небір түрлі - түсті формаға енгін құз жартастар қиялға жетелейді. Қарқаралының оңтүстік-шығысында Кент таулары, ал одан шығысқа қарай Балқантау сілемдері жатыр. Осылардың барлығы да ғажап сұлулықтың мекені. Бұғылының басындағы Шайтанкөл мен Бассейн көлі де «пах, шіркінді» бірнеше рет айтқызатындығына сенімдіміз. 1998 жылы осы аймақты мемлекет қарауына алып, ұлттық саябақ мәртебесін бекітті. Әсем табиғатынан бөлек Қарқаралыдан Құнанбай қажы мешітін, Абай, Шоқан тоқтаған үйлерді, Мәліксайдағы Мәди ескерткішін, Суықбұлақ шатқалындағы ұзындығы 5 шақырымдық тас қорғанды, Қоянды жәрмеңкесінің орнын, Ақ орданың алғашқы қазығы қағылған Қарақоқты алаңын да таба аласыз.

 


 




Қазақ елінің бұл жердегі табиғаты туризмге өзінен-өзі сұранып тұр ғой. Алайда оған көңіл қояр жан табылса десеңізші...



Шайтанкөл ғашықтар мекені...



Ауасы керемет шыгар...

«Жегенде аузыңа кіргенге, сөйлегенде аузыңнан шыққанға абай бол!».



Қарқаралының ауасыда, адамдары да керемет. Кент тауларының бір бауырында менің туған ауылым тұр. Уа, жарандар, ауылды сағынып кеттім!

Сабырбай

Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
4 + 7 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Ақпан 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
-1012345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728291234

Айлық статистика

<<  >>