«ДӘСТҮР ДЕП ДАЛБАЛАҚТАЙ БЕРЕМІЗ БЕ?» ДЕЙДІ ИМАМ | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Достық, қастық, бар қызық – жүрек ісі,
Ар, ұяттың бір ақыл күзетшісі.
Ар мен ұят сенбесе – өзге қылық,
Арын, алқын – бұл күннің мәртебесі

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
Астананың бір минуттық шығыны - 600 мың теңгені құрайды
Айтқыш екен
Обал болды көзге де, құлаққа да,--
Сеніп елге бермейсің сыр ақтара.
Қарайтының күдіз-түн бір-ақ канал,
Көретінің бір кісі, бір-ақ қала.

А. Мұқабай, асаба

Загрузка

«ДӘСТҮР ДЕП ДАЛБАЛАҚТАЙ БЕРЕМІЗ БЕ?» ДЕЙДІ ИМАМ

Жәрдемші


Қазіргі таңда ресми мәліметтерге қарасақ елімізде 40-тан астам конфессияны құрайтын 3 мың 992 діни бірлестік бар екен. Оның 2 мың 334-і мұсылман, 282-сі православие, 98-і католик, 28-і иудей бірлестігі, 100-ге жуық протестанттық, буддизм, индуизм және соңғы кездері белгілі бола бастаған пресветериандық конфессияларға жататын «Жаңа апостол», «Благая весть», «Жаңа аспан», «Агапе» сияқты діни секталардан тарайтын қауымдар бар. Президент НАЗАРБАЕВ ел аумағындағы миссионерлердің іс-әрекетіне тосқауыл қою керектігін ескерсе де, керісінше еліміздегі діннің қатары күннен-күнге толыға түсуде. Тіптен, тіркелмегендері қаншама. Ал, ол көп діни секталардың еліміздегі толеранттылықтың тірегі болмақ түгілі Конститутцияға кереғар әрекеттері, адам құқықтарын аяққа таптап, ел ішінде әжептеуір дау-дамай тудырып, қазақты жік-жікке бөліп, айрандай ұйысып отырған отбасының ойранын шығарып жүргендіктері осы күнде бұқаралық ақпарат құралдарында көп жазылып, көп айтылып келеді. Тіптен, бұл мәселелердің ел өміріне, ел ертеңіне, ұлтқа аса қауіптілігін сезінген  халық қалаулылары 2008 жылы Парламент мәжілісінде Берік БЕКЖАНОВ, Камал БҰРХАНОВ, Нұртай САБИЛЯНОВ бастаған депутаттар Үкімет басшысының атына сауал жолдап, онда 1992 жылы қабылданған «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Заңға өзгерістер енгізу туралы бастама көтерген болатын.

Өткен жылы еліміздің министрлер Кабинеті алғаш рет өзінің отырысын идеологиялық мәселелерге арнап, онда қоғамдағы қазіргі уақыттың кезек күттірмес өзекі мәселелері бойынша Әділет, Еңбек және Халықты әлеуметтік қорғау, Білім және ғылым, Мәдениет және ақпарат министрліктерінің басшылары жауап берді. Сонда үкімет басшысы Кәрім МӘСІМОВ идеология бағытында «Ол әзірге ақсап тұрғандығын» ашық айтқан болатын. Ал, сол жиында Зағипа БӘЛИЕВА бүгінгі таңда Қазақ жерінде 362 миссионерлердің уағыз таратып жүргендігін хабарлап, тіркеусіз миссионерлік қызмет жасаған АҚШ, Грузия, Оңтүстік Корея, Жапония азаматтары елден аластатылғандығын, олардың ішінде, саентология шіркеуімен сыбайлас «Нарконон» қорының басшылары бар екендігін, сонымен қатар, «Таблиғи Жамағат» миссионерлерінің жеті тобының үгіт-насихаттық қызметі тоқтатылғандығын хабарлаған еді.

Тіптен, шетелдерде тыйым салынған немесе қауіпті деп танылған көптеген діни бірлестіктер елімізде астыртын жұмыс жасайды екен. Сондықтан да олар Әділет мекемелерінде тіркеуден өткенде олар көбіне «қайырымдылық», «гуманитарлық» деген сарынмен өздерінің діни бағыттарын  жасырады. Ал шындығында келгенде, олар өзге мемлекеттерде діни секта, кейде тіпті қауіпті ұйымдар болып есептелуде.

Ғасырлар бойы қазақтың әдет-ғұрпымен, салт-санасымен астасып кеткен дәстүрлі дінімізден өзге діндердің барлығы да қазаққа қауіпты екендігі белгілі. Өйткені әр қай діннің қазақтың дүниетанымына жат өзіндік мүддесі, мақсаты бар. Сондықтан да оларға мемлекеттің біртұтастығы, ұлттың бірлігі, халықтың тыныштығы, елдің мүддесі, тіптен еліміздің Конститутциясы да қажет емес. Аталған жат пиғылды діндердің бірде ашық, бірде жасырын қолайы келсе заңның да қонышынан басып, өз үгіт-насихаттарын, қауіпті идеологиясын белсенді түрде жүргізуі де сондықтан. Тіптен, олардың арасында «өте қауіптілері» де қазір өз жұмыстарын ашықтан-ашық жүргізуде. Оған, қазіргі күні қоғамды біртіндеп «жаулай» бастаған «иеһова куәгерлері» мен радикалды «ислам фундаменталистерінің» іс-әрекеттерін жатқызуға болады.

Мәселен 2007 жылы қыркүйек айында әлемнің жиырма екі елінен әлемге аттары әйгілі, шоқтығы биік исламтанушы ғалымдардың қатысуымен Астанада өткен «Азиядағы ислам мәдениеті» тақырыбындағы ислам конференциясында Орта Азиядағы, Қазақстандағы уаһһабизмнің қауіпіне исламтанушы ғалымдар алаңдаушылық білдіргендігінен еліміздегі «уаһһабизмнің» қауібін аңғарамыз.

Осыншама сан түрлі мәдениеттердің өзара қақтығысып, рухани идеологиялық соғыстардың өршіп тұрған ғаламдану заманында ғасырлар бойы әбден небір қитұрқы тәсілдермен мәңгүрттеліп, тексізденіп, діннен әбден ажырап, рухани апатқа ұшыраған халқымыздың рухани қажеттілігін өтеп, ата-бабалардан мирас болған сан ғасырлық рухани құндылықтарымыз бен мұраларымызды, салт-санамызды қайта жаңғыртып, халыққа рухани көшбасшы болатын еліміздің Діни басқармасы мен республиканың жергілікті жердегі мешіт имамдары аса жауапты да зор міндетті орындамақ түгілі керісінше ұлттық салт-санаға, қазақы дүниетанымға қарсы соғысуда... Ашығын айтсақ  аса «қатерлі» саналған уаһһабизмді ашық насихаттауда... Ал оны бетіне дәйекті дәлелдермен бассаң, «жала жаптың» деп кәдімгідей мойындағылары келмейді. Айтпасаң халық кетіп барады көзсіз адасып, ата-бабасымен «соғысып».

«Ислам және өркениет» газетінің № 20 (104) 16-31 қазан, 2007 жылғы санындағы С.ҒИЛМАНИ мешітінің бас имамы Бақтыбай ҚЫДЫРБАЙҰЛЫның «Салт-дәстүрімізді шариғатпен шатастырмайық» атты мақаласында:

«Негізінде салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымыз исламға қайшы келмеуі керек. Мысалы, жерлеу рәсімдеріміздегі әдет-ғұрыптарға тоқталып кетуге болады... Үші, жетісі, қырқы, жылы дегендер шариғатта бар ма?! Әрине, жоқ. Бұл исламға дейін қалыптасып, әдетке айналып қалған нәрсе. Негізін жоғалтқан, әдетке айналып қалған нәрсені көпшілік ислам дінінің шариғатынан шыққан заң ретінде қабылдап, шатастырып жатады. Сосын имамдардан: «Қырқын қырқына жеткізіп істеу керек пе, немесе қырқынан асырып істеу керек пе» деп шариғатта жоқ нәрсе туралы сұрайды. Егер сол қырқы, не жетісін сол күндерден асырып, не жеткізбей бергеннен де, тіпті оның бәрін өткізудің марқұмға  еш пайдасы жоқтығын, тек тірілер алдында тыраштанып мал шашпақ әрекет екенін айтсақ сені «халық жауы» көреді. Ата-бабадан қалған дәстүр деп қашанғы далбалақтай береміз. Бір сәт ақылға салып, мән-жайды логикалық тұрғыдан ойланған жөн ғой. Исламға дейін ата-бабаларымыздың істегенін бүгін жасай беретін болсақ, тілге тиек етіп отырған жайттардан өзге қаншама салт-дәстүр, жоралар болған. Уақыт өте оның бәрі де қалып қойды емес пе?! Исламға дейін халал мен харамды ажыратпаған халық болдық қой. Енді мұсылмандық жолында жүріп, ақылға сыйымсыз нәрселерден арыла алмай, соның жетегінде кете бермекпіз бе?... Міне, осыны және жаназа төңірегіндегі орынсыз әдеттерді реттеу керек. Бірақ, бұл нәрселер бір ғана мақаламен, немесе бір ғана жиынмен шешімін тауып, дұрысталып кетеді деп ойламаймыз. Ол үшін тынымсыз әрекеттер керек... » - деп, ата дәстүрімен қай деңгейде күрес жүргізіп жатқандығын ашық айтыпты.

Қазақ атам марқұмның жетісін, қырқын, жылын өткізгенде әруағын құрметтеп, «өлі разы болмай тірі байымас» деп, дұға бағыштамайтын ба еді? Ал имамның «оның бәрін өткізудің марқұмға еш пайдасы жоқ, тек тірілер алдында тыраштанып мал шашпақ әрекет» деп үкім шығаруы немесе, ата-бабаларымыздың ұстанған асыл дәстүрлерін «исламға дейінгі харам», дінсіз деп бағалауы қалай? десек мүфти Ә.Дербісәлінің айшықты ойлары мен ғибратты сөздері жинақталған «Білім» баспасынан 2006 жылы жарық көрген  «Дінбасы» атты кітаптың 61-бетінде:

  • «Өмірден қайтқан адамның жетісін, қырқын, жылын беру шариғатта жоқ»
  • «Күні кешеге дейін бізде дінді тек өлім-жітім кезінде аруақтарға дұға бағыштау үшін ғана керек деген тар түсінік үстемдік етті»
  • «Қабірстан сыртында мал шалу - садақаға жатпайды» деген айшықты ойлары топтастырылпы.

Ал «Дінбасыдағы» «Өмірден қайтқан адамның жетісін, қырқын, жылын беру шариғатта жоқ» делінген мүфтидің айшықты ойын С.Ғилмани мешітінің бас имамы «Ислам және өркениетте» анандай ғып «тәпсірлепті».

Қабірстанның сыртында мал шалу - садақаға жатпайтын болса неге сонау аласапыран заманда ұлы ханымыз АБЫЛАЙ әулие Баба Түкті Шашты Әзіз басына құрбан шалған?!

Мәселен ҮМБЕТЕЙ Жырау  бұл турасында:

Анау бір жолы аттанған

Әскерді қырғыз қырғанда,

Басынан оба қылғанда,

Ол хабарды ел біліп,

Көп батырмен сен жүріп,

Көзіңнің жасын көл қылып,

Қысылған әскер басының

Қасына барып тұрғанда,

Ақбоз атты шалғанда,

Мойныңа кісе салғанда,

Баба түкті Шашты Әзіз,

Содан бата алғанда,

Тілеуің қабыл болғанын,

Басыңа Қыдыр қонғанын,

Ұмыттыңба соны Абылай?! (Үмбетей жырау. Жеті ғасыр жырлайды. 1-том. Жазушы баспасы.75-бет ) деп, келтірген.

2008 жылы Көкжиек баспасынан жарық көрген «ҚМДБ-ның 2000 жылдан бастап шыққан пәтуалар жиынтығының бір бөлігі» атты кітаптың «Жаназа пәтуасында»:

Сұрақ: Марқұмның жетісі, қырқы, жылына сиыр немесе жылқы союды талап етіп жатады. Осы дұрыс па?

Жауап: Марқұмның жетісі, қырқы, жылына сиыр немесе жылқы сой деп талап ету - харам    делінген. 72-бет

Аталмыш кітаптың 217-бетінде: «Салафилер мен уаһһабилердің» сопыларды мүшриктерге теңейтіндігін жаза отырып, сопылық  дәстүрдің негізін қалаған Қ.А.ЯСАУИдей әулиеге ҚМДБ-ы да уаһһабиттік тәсілмен «мүшрик» деп, пәтуа шығарыпты. Сонда қазақ ата-бабамыздың бәрі мүшрик болғаны ма?! Ал, Ахмет Ясауидің жанында небір қиын-қыстау, аласапыран, нәубет замандарда қазақ елінің тәуелсіздігі жолында жанын құрбан еткен, қазақ мемлекеттігінің іргетасын қалаған ЕСІМ, ЖӘҢГІР, ТҰРСЫН, ҚАЙЫП, СӘМЕКЕ, ТӘУКЕ,  ЖОЛБАРЫС, ӘБІЛМӘМБЕТ, АБЫЛАЙ, ӘБІЛФЕЙЗ хандар бастаған жалпы саны жиырмадан аса хан, ӘНЕТ Баба, ҚАЗЫБЕК, ҚАРАМЕНДІ, ШОҢ билер бастаған көптеген би-шешендер, БӨГЕНБАЙ, ЖАУҒАШ, ЖӘНІБЕК, ҚОЙГЕЛДІ батырлар бастаған батыр-бағландар, МҮСІРӘЛІ баба бастаған әулие-ишандар, қожа-молдалар, төре-сұлтандар жерленіп жатыр ғой!

Мәселен «пәтуалар жинағының»  Ағымдар туралы ХІІ-бөлімінде:

«...Дегенмен, сопылардың кейбірінің «хулул және иттихад» - «Алланың келуі мен пендемен бірігуі» сеніміне бет алып кетуі, тариқат жолы денені қинаудан тұрады деуі сияқты исламға жат амалдары да көп, ал ондай амалдар сопылыққа үнділерден, грек философиясынан, христиандықтан енген»- делінген. 240-бет

Пәтуада «Алланың  пендемен бірігуі христиандықтан яғни, мүшриктерден енген» делінсе, «Даналық кітабында» Қ.А.Иасауи әулие: «мен - хақпын» деген Мансұрдай болдым» деп Аллаға ғашық болып, Алламен бірігіп кеткендігін айтады.  Ол туралы 11-хикметте:

Иә, достар, пәк махаббатты мақсат еттім,

Бұл дүниені дұшпан тұтып жүрдім, міне.

Жағамды ұстап хазіретке сиынып келдім,

Ғашық жолында Мансұр сипат болдым, міне.

Ғашық жолында ғашық болып Мансұр өтті,

Белін буып, хақ сүймекті бекем тұтты.

Жәбір-жапа, қорлауды көп есітті,

Ей, мұсылман, мен де Мансұр болдым міне.

Ғашық Мансұр «әна-Әлхақты» зарлап айтты,

Жебірейіл келіп «әна-Әлхақты» бірге айтты,

немесе,

«Әна-Әлхақтың» мағынасын білмес надан,

Дана керек бұл жолдарға пәк, мардан 21- бет

108-хикмет

Мәруфтей осы жолға қадам қойсам,

Мансұрдай жаннан кешіп, дарға қонсам,

Дар астында шабыттанып хақты айтсам,

Бұл іс болып, уа раб, сені тапқаймын. 134-бет

(Қ.А.Иасауи Диуани хикмет Тегеран. «Әл-Хұда» 2000-жыл..) делінген.

Оны қазақ: «әулие құдай емес, құдайдан былай емес» дейді.

ШӘКӘРІМ әулие де Алланың достарының Құдаймен бірігетіні туралы:

Жарынан бөлек жаны жоқ,

Табатын басқа Жары жоқ.

Асықтан аяп қалатын

Иманы, малы, ары жоқ.

Жарының жаны - жандары,

Жалынға жанбас тәндері. 35-бет. (Шәкәрім. Иманым. «Арыс» Алматы 2000 ж.) деп ашықтайды.

«Қазақ даласының жұлдыздары» атты зертттеуінде сопылық дәстүрдің негізін қалаған, әулие Қожа Ахмет Ясауиге ерекше тоқталып, «бабамыздың хақ жолы» деп баға берген мүфти Ә.Дербісәлінің қалайша әулиенің құдаймен бірігетіндігін «білмей» оны өздері атаған уаһһабтарша «мүшриктерден енген» деуі түсініксіз болып тұр, болмаса, суфизмге қарсы бағытталған уаһһабиттік соққы деп білген жөн.

Және аталмыш пәтуаның 217-218-беттерінде:

«Салафилер немесе Уаһһабилар дүниауи мәдениетке, өнерге (музыка, театр, көркемсурет және т.б.) наразылық білдіріп, оны кешірілмейтін күнә санайды» - деп, радикалды исламның белгілерін айта отырып, ҚМДБ-ның өзі музыка аспаптарын ойнату дұрыс емес деп кесіп айтыпты.

Мәселен, біз мысал етіп отырған кітапта «Шапағат-нұр» журналы оқырмандарының сауалдарына ҚМДБ-ның шариғат, пәтуа және діни істер бөлімінің меңгерушісі, наиб мүфти Мухаммад Хусайн қажы АЛСАБЕКОВтың жауаптарын топтастырыпты. Онда атыраулық Қайрат Қабышевтың:

«Мен жақында ұлымды сүндетке отырғызып, той жасадым. Ағайыныммен айтысып жүріп арақсыз өткіздім және барынша қызықты етуге тырыстым. Ән айтылып, би биленді. Мен өзімше мұның өзін жеңіс деп есептедім. Дей тұрғанмен, кейбір намазхан кісілер: - бұл харам, - деп кетіп қалды. Сонда мұсылманның тойы қалай болуы керек?» деген сұрағына «Шариғат бойынша қандай той болса да музыка аспаптарын ойнату дұрыс емес. Той туралы Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Тойдың ең жаманы, байларды ғана шақырып, кедейлерді қалдырып кету», - деген. Яғни, той жасаушы адамдарды алаламауы керек» деп жауап беріпті. 261-262-беттер

Ә.Дербісәлінің сөзімен: «Бір - мәзхаб, бір - ұлт, бір - дін» деп айтар болсақ, онда мешітің мен медрессең, жүргізген идеологияң, ұстанған бағының, айтқан уағызыңның бәрі -  «Бір - мәзхаб, бір - ұлт, бір - діндегі» шариғат шеңберінен шықпауы керек. Ал, ҚМДБ-ның мешіт-медресселері осы талаптарға сай ма?

Мәселен ұлттық тарихымызда «Бір - мәзхаб, бір - ұлт, бір - діннің» мешіт-медресселерде қалай оқытылу керектігін, ондағы оқытудың әдістемелік негізін алғаш жасап, бар өмірін соған арнап өткен аттары әлемге мәшһүр болған фиқһ ғалымдары жоқ емес, жетерлік. Мәселен, Әл-ФАРАБИдің «Үлгілі оқыту туралы трактаты» медрессе ұстаздарының тұлғасы, ұстаз бен шәкірт арасындағы қарым-қатынас жайын қамтыса,  Ибн СИНАның «Үй шаруашылығы туралы» еңбегі де медресседегі шәкірт тәрбиесіне арналған. Қ.А.Яссауи, С.БАҚЫРҒАНИ, А.ИГҮНЕКИ сынды рухани ұстаздар тіпті тереңге кеткен. Сол секілді Әбу Райхан әл-БИРУНИ, әл-ХОРЕЗМИ, Омар ХАЯМ, ҰЛЫҚБЕК, бертіндегі АБАЙ, ШӘКӘРІМ, Мәшһүр ЖҮСІПтердің рухани мұраларының өзі қандай?!

Ал, ҚМДБ-ның мешіт-медресселерінде жоғарыда аттары аталған ислам ғұламаларының еңбектері қамтылып оқылады ма? Әрине жоқ. Оқытылмақ түгілі әрбірден соң ол мешіт имамдары қарсы ғой аттары әлемге танылған ол данышпандарға. Тіптен, олар «Әл-Фараби, Ибн-Сина бабаларымыз осындай деген екен» деп, уағыздарына да алмады.

«ХАЗАРИЯ ҚАСІРЕТІ» «ҚАЗАҚИЯ ҚАСІРЕТІ» МЕ?!

Қазіргі кездегі еліміздің ушығып тұрған рухани мәселесі, діни алауыздық, көпдінділік, ұлттық идеологияның жоқтығы өткен тарихтағы «Хазария қасіретін» көз алдыңа әкеледі. Енді осы арада біз қазіргі кезде Хазария тарихынан үлгі алуымыз қажет. Академик Р.БЕРДІБАЙ ағамыздың «Хазария қасіреті» деп аталатын мақаласында бұдан мың жыл бұрын атағы жер жаһанға мәшһүр болған Шығыс Еуропа жеріндегі алғашқы ірі мемлекет атанып, империялық деңгейге дейін жеткен, түркі жұртының бір тармағы саналған Хазар елінің өткеніне арнайы тоқталып, ол елдің неліктен тарих сахнасынан жойылғандығы, ол халықтың мемлекет басшыларының ұстанған саясатын, рухани мәселесін, тілін, дінін терең талдай отырып мынадай қорытындыға келген:

1.      Хазария қасіреті, ең алдымен, қағанның көз алдындағыдан әріге зердесі жетпейтін парасатсыздығына, қандай мемлекеттің де іргесі бүтін болуы халықтың басым көпшілігі тұтынып келген дін мен тілдің беріктігіне тәуелді екеніне мән бермей, дүниенің әр бұрышынан келген миссионерлердің жетегінде кеткендігіне байланысты;

2.      Елбасы қаған хазар халқының төл мүддесін аяққа жығып, мемлекетке әр кезеңде келіп жайғасқан басқа халық өкілдерінің шашпауын көтеруі жергілікті халықтың рухын өшіруге тікелей жағдай жасаған;

3.      Хазарияда көпдінділікті қолдау саясаты мемлекеттің негізгі халқы хазарлардың дәстүріне, ғұрпына, өзара бірлігіне орасан залал келтіріп, «шексіз космополитизмнің» үстемдік құруына жол ашқан. Мұндай көпдінділік Хазарияны елім, отаным дейтін отаншылдық сезім мен сенімді жоғалтқан, халық күнделік тіршілігінен басқаны ойламайтын тобырға айналған. Мұндай елді кез-келген дұшпан қаусатып, құлға айналдыруға мүмкіндік туған; іштей тозығы жеткен мемлекет орыс князі Святославтың бір соққысына шыдамай, күлі көкке ұшуы осыдан;

4.      Ең сұмдығы сол - Хазария қағаны оның айналасы да дін деген қасиетті ұғымды ойыншық көріп, тілдің ұшымен ғана айтатын болған; қай күні қандай мықты мемлекет өкілдері келсе, солардың дініне бас шұлғып, ауанына жығылған; ақша, тарту әкеліп берсе, қас жауларымен де тіл табысқан;

5.      Хазария қағанының қайсы дін күшті деп мемлекет шекарасын ашып қойғаны, пікірталастарын әдейі ұйымдастыруы қарауындағы елін тірідей өлтіргенмен бірдей еді;

6.      Хазарлар ежелгі дін, сенімінен адасып, елі талан-таражға түсіп, өздері басқа жұрттармен мидай араласып кеткеннен кейін тілінен айрылуы таңқаларлық емес. Ғалымдар хазар тілінің қазіргі мұрагері қай тіл дегенге толық жауап бере алмай жүргендіктері де елмен, дінмен бірге тілдің де жойылуының салдары... (Р.Бердібай: «Хазария қасіреті». Бестомдық шығармалар жинағы. 2-том. Алматы Қазығұрт. 2005, 79-80 бб.)

Міне осылайша не заттық, не рухани, мәдени ескерткіштері жөнді сақталмаған Хазария империясының тарих құрдымына кетіп, оңай жойылуының бірден бір басты себебі - ол мемлекетте де қазіргі біздегідей «көпдінділікке», «жатдінділерге», «жат мәдениеттерге»  рұқсат беріліп, «діни бостандық» болғандығында. Осыны пайдаланған ол елдің жаулары өздерінің жат пиғылды мақсат-мүддесін жүзеге асырмақ болып, Хазарияның «дін арқылы» бірлігін, ынтмағын кетірмек болып көптеген діндерді қаптатып бір тілді, бір ұлтты, бір мәдениетті, бір дінді елді енді, көп дінді, көп мүдделі, сан мәдениетті елге айналдырып, ол елдің ішінде мәдени-рухани текетірес отын жағып сырттай қызықтап отырып, ақыры бірлігі кеткен, мемлекеттік мүддені білмейтін, алауыз елді оңай күйретіп тынған. Ақыры хазар мемлекетінің басына қауіп төнгенде мемлекеттік мүддемен еш бірікпейтін қаптаған қауіпті діндердің жетегінде кеткен ол ел өз Отанын қорғауға мұршасы келмей, жауына оңай жем болып, құл болып тарих сахнасынан осылай оңай жойылып тынған болатын. Ал, көп мәдениетті, көпдінді елде ортақ бір ұлттық, мемлекеттік мүдде, бірлік болмайтындығы ақиқат. Өйткені әр қайсы діннің өзінің мүдесі, көздеген мақсаты бар.

Ал, қазіргі біздің елдегі «көпдінділікті қолдау» саясаты, осындай саясаттың салдарынан тарих құрдымына кеткен Хазария саясатымен пара-пар болып тұр. Неге «Хазария қасіретінен» үлгі алмаймыз. Тарихтан көріп, білдік қой мұндай саясаттың түбінің неге апарып соқтыратындығына. «Хазария қасіреті» «Қазақия қасіреті» болмасына кім кепіл! Біріншіден, бұл саясаттың қауіптілігін, құрдымын тарихтан оқып білсек, екіншіден мұның қазіргі кездегі еліміздегі жат пиғылды діндердің «қауіпті әрекеттері» көзімізге көрсетіп отыр ғой!

Алаш зиялысы М.ДУЛАТҰЛЫ: «Егер тарих оқысақ, пайдасы бар істің қандай екенін біліп, соны істемекшіміз. Зарарлы істен қашпақшымыз. Бұрынғының оңды ісінен үлгі алмақпыз» дегенін ескерсек, Хазария тарихын оқи отырып, оның зарарлы ісінен қашпақ, немесе тарихи қателікті қайталамау біз үшін аса қажетті, міндетті іс болмақ.

«Даудың басы Дайрабайдың көк сиыры» демекші еліміздің мұндай діни жат пиғылды секталардың осыншама қауіпті әрекеттерінің, рухани-ұлттық идеологияда тоқырауының себебін біз әрине еліміздегі «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» заңының әлсіздігінен деп білеміз.

Сондықтан да 1992 жылы 15-қаңтарда қабылданған «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» заңы  қайта қаралып, өзгертулер енгізу керек екендігін дәлелдеді. Осыған сәйкес 2008 жылы «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» заңына өзгертулер енгізіліп, оны Парламенттің қос палатасы мақұлдап, Президентке ұсынған болатын. Елбасы аталған жобаны Конститутциялық Кеңеске жіберді. Қазіргі күні заң жобасы Конститутциялық Кеңесте қаралып жатыр. Дегенмен Конститутциялық Кеңесте жатқан «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» заң жобасының  4-бабында: «Барлық діндер мен діни бірлестіктер заң алдында бірдей. Ешбір дін немесе діни бірлестік басқаларға қарағанда ешқандай артықшылықтарды пайдаланбайды» - делінген. Яғни, қайта қаралып, толықтырулар енгізілді деген заң жобасының өзі бұрынғы заңнан еш айырмашылығның жоқтығына көз жеткізу қиын емес. Ол заң жобасы  бойынша, қазақ халқының ғасырлар бойы ұстанып келген дәстүрлі ислам діні мен секталар тең құқылы бола алатындығы айдан анық көрініп тұр.

Еуропа мемлекеттерінде біз сияқты «қаптаған діндерге» есігін айқара ашып отырған жоқ қой. Осы мәселелерге орай депутат Берік БЕКЖАНОВ өткен жылдары мәжілістің отырысында, өркениетті елдерде тыйым салынған діни ағымдардың елімізде еш кедергісіз жүргізіп отырған қауіпті қызметіне алаңдаушылық білдіріп, ҚР Үкіметіне, Бас Прокуротура, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне депутаттық сауал жолдаған болатын. Мәселен, бұл елдерде дәстүрлі емес діндер өмір сүргенімен, іс-жүзінде емін-еркін қызмет етуге мүмкіндіктері жоқ. Мәселен, Италия, Испанияда жаңа діни қозғалыстар, діни бірлестіктер статусына ие емес. Сонымен қатар толықтырылды деген заң жобасы бойынша, Қазақстанда кәмелетке толған 50 азамат бас қосып діни бірлестік құруға құқылы екендігі айтылса, Белгияда он мыңдаған санға, Австрияда  - 16 мың, Чехия - 10 мың, Румынияда - 20 мыңға жетпей діни бірлестік статусын алу мүмкін емес.

2008 жылдың 24 маусым күні Назарбаевтың төрағалығымен ішкі саясат және идеологиялық жұмыс мәселелері бойынша жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында Президент қазіргі кезеңдегі ішкі саясаттың негізгі басымдықтарын белгіледі. Елбасы бүгінгі күнгі идеологиялық салада шешуші басымдық деп - «Ұлттың тұрақты дамуы», «мемлекеттілікті нығайту», «Ұлттың бірлігі» және «Келешекке сенім» құндылықтарын негіздеді.

Ал, Елбасы атап көрсеткен ішкі саясат және идеологияда шешуші рөл атқаратын «Ұлттың тұрақты дамуы», «Мемлекеттілікті нығайту», «Ұлттың бірлігі» және «Келешекке сенім» құндылықтарына қауіп болып төніп тұрған да басқа емес әуелі осы біз жоғарыда атап көрсеткен діндер тарапынан екендігі жасырын емес қой! Неліктен енді оларға тиым салып, оларды ауыздықтамасқа! Қазақты енді олар тоз-тоз еткенінен басқа ештеңе қалмады ғой! «Төртеу түгел болса төбедегі келеді» деп, бабаларымыз айтып кеткендей осындай саясатпен біз қазақ халқы  төртеуімізді түгендемек түгілі барымыздан айырып, ғасырлар бойғы мәңгүрттенген елімізге жығылған үстіне жұдырық болып тұрған жоқ па?!

Елім деп еңіреген «көкбөрі текті, Алаш ұранды» зиялы қауымы мұндай сұмдыққа қандай шара қолдану керек. Осындай сын сағатта үн-түнсіз жату біздің азаматтығымызға сын болмақ. Алаш арыстары сонау қырғын, қылышынан қан тамған заманда, өз басынан ұлт мүддесін жоғары қойып, теңдікті ақырып сұрап, ақыры сол жолда мерт болмады ма?! Ал, біздің аяқ-қолымыз бос, сол ерлердің арқасында жеткен осындай заманда отырып мұндай «сұмдыққа» қарсы тұрмасақ қазақ деген елдің намысына сын ғой! Қалай жауап бермекшіміз келешек ұрпақ алдында?! Ендігісін өзің жаз, бірігіп үн қосып, әрекет етейік зиялы қазақ қауымы!

Сөзімнің соңын Алаш алыбы Ғұмар ҚАРАШ бабамның сөзімен аяқтаймын.

Аждаһа алты басты жаудан қорқам,

Бүлдірген ел арасын даудан қорқам,

Күлімдеп кіріп, ішкі сырыңды алып,

Құрылған аяқ-асты аудан қорқам.

Ертеден кешке дейін бір іс етпес,

Жатып іш жалқау - дені саудан қорқам.

Кім көрсе соған айтқан сырдан қорқам,

әңгіме сырдың түбі жырдан қорқам.

Сүзіліп, сұпысынып дінді сатқан,

Таңқы мұрт, таспа қара, сұрдан қорқам.

Бұлғақтап құр білімсіз, ағымға еріп,

Білгенді еліктеген зырдан қорқам.

Асығыс істей салған істен қорқам,

Қандары тасқан қара күштен қорқам.

Дос болып, бірге жүріп қастық етіп,

Тысына қайшы келген іштен қорқам,

Көруге бек әдемі болса дағы,

Құбылма тез оңатын түстен қорқам.

Халық - ол да Құдайдың бір есімі. Дос болып, бірге жүріп қастық ететіндердің кім екенін немесе, тысына қайшы келген ішті әлі-ақ ажыратып алады халқым. Алла жар бол қазаққа!

Осынау алмағайып діні де пәні де қатты адасқан заманда тапсырдық Өзіңе Алашымды!!!

 

Әзірет БАРБОЛ

(«Қазақстан» апталығы, №2 (293), 28.01.2010

«АТА-БАБАДАН ҚАЛҒАН ДӘСТҮР ДЕП ҚАШАНҒЫ ДАЛБАЛАҚТАЙ БЕРЕМІЗДЕПТІ ИМАМ»)

 


 




Имамдардың қандай екенін бір Алла біледі... Олар да пенде ғой!



Ана балба суретері 2009 жылы Ерлан Қарйның Баян-Өлгийдегі тусірген суреті ғой!!!! авторлық қуқық қайда ааа!!!!

ал мақала керемет!!! хадисте имам сол өңірдегі жамағатының иесі Екі дұниедеде сол жамағаты үшін жауап береді деиді. Ұитсе біздің имамдар замнаға сай халықпен тіл табысу жоқ дініи сауаты еш жетілмей отырғанын мақалада өте тамаша талданған!!!

пайғамбармыз мединеден мекеге келгенде мекеліктер
*талағгал бадуруүл ғгалайна*
Шығыстан арайлы кун шығып келеді..
Бостандық таңы атты - әндерін айтып,билеп қарсы алған екен..
сонда пайғампармыз Муққаммед ссғ кезінде айталған әндер,биленген билер алал болып, қазіргі бимен әндер харам деген имамсымақтың иманы да дініде харам!!!
ондай дүмшелерге қудай төбеңнен урсын дегенен басқа не айту керек!

қысқартып айтсақ 300 жыл коминистер орыс қылдара алмаған қазақты енді дін мен арап қылдыру жолында жанталасып жатыр деп түсінем сол дүмше молдалардың қылығын!!!
jbek



"Исламға дейін халал мен харамды ажыратпаған халық болдық қой.Ендеше "адал", "арам" сөздерін қазақ неге пайдаланып келген? Оның "харам" мен "халалдан" айырмасы неде?
Менімше, сайт түрлі бағыт ұстанатындарға бір тұрғыдағы сауалдар беріп, жария етсе, кімнің кім екенін білуге болар еді!
Елсерік



Елсерік Адал дегенің де арам дегенің де сол арабтың сөзі ғой.... Х арпі тусіп калганы болмаса..... сосын автор суфизм бағытындағы жігіт болды ғой деп ойлаймын..РАсында да намазхан емес екендігі байқалады. айтпегенде мұндай дүниені екі беттік етіп жазбас та еді гой



Қазіогі дінтанушыларды түсініп болмайсың.



Жалпы исламға қатысты пікір айтатын адам әуелі ИСЛАМды тере-е-ең біліп алғаны жөн ғой. өйткені Илам АЛЛАның діні. ал, бәріміз ЕРТЕҢ АЛЛАға жауап береміз.
Пайғамбарымыз өмірден өтерінде: "сендерге екі нәрсе қалдырып бара жатырмын. кім содан айырылмай ұстаса, адаспайды. ал, қалған нәрсеге сүйенсе, адасуы әбден мүмкін" деген. қалдырған екі нәрсесі - ҚҰРАН мен СҮННЕТ. Қанша ғасыр өтсе де, құранның бір әрпі өзгерген жоқ. Ал, ертеректе жазылған ата-бабамыздың еңбектерінің көбісінің тұпнұсқасы жоқ, ауыздан ауызға таралған. мұндай деректердің өзгеруі әбден мүмкін. сондықтан қандай дерекке сүйеніп жатсың, соған ерекше мән берген дұрыс шығар.



Жалпы бұл мақаланың көксегені не? Адам өлгеннен соң 7-ін, 40-ін, 100-ін беру туралы имамның айтқаны өте дұрыс. Сойылған мал, ішілген тамақтың о дүниелік болған адам үшін ешқандай пайдасы жоқ. Адамды тек қана жеке өзінің жасаған ізгілікті істері ғана құтқара алады. Малың-қаржың асып-тасып жатқан болса, жетімдер үйіне, қарттар үйіне, жағдайы төмен студенттерге садақа бер сауабы шексіз болады. Егер қателеспесем, қазақ Ұлы Абайды да кіналаған "Құнанбайға ас бермеды", деп. Жалпы, Исламға қарсы әңгіме айтатындар бірдеңе болса, Абай былай деді, Шәкәрім былай деді деп шыға келеді. Алдымен Абайды, Шәкәрімды, Ахмет Яссауиді терең түсініп оқыңдар... "Харам", "халал" дегендер де Исламмен келген нәрсе, "адал", "арам" сөздері олардың қазақшасы.



Осынау араптардың ұлттық салтын қазақтың салт саналарының орнына бастырмақ болған имамсымақтарды құдай атсын! Егер сойылған малдың о дүниелік адамға пайдасы болмаса неге құрбан шалады? Қайтыс болушыларды қазақтың дәстүрлі мұсылмандық жолымен ғана ұзату керек! Ал арабтың бірер медресесін оқып келгенін бұлдап, бірер қадисті оқып шыққанына білгірсіп, ұлттық дәстүрге қырын қарағандардың Аллаға сенімінде ақау бар екені анық. Өйткені Алла ешқашанда ешбір ұлттың өз салтына тиым салмаған, тек адам болуды және Алланы ұмытпауды ғана талап еткен. Түрлі әмәлдар, дінни рәсімдерге бола мұсылмандық пен кәпірлікті айыру Алла өзі жаратқан қазақтың тарихтар бойғы дәстүрінен азып, Алла алдында азғындық күнәсін өтеу болмақ. Нағыз таза мұсылман осынау иман, симандар емес, ауылдағы дінни сауаты төмен болса да, әрі мұсылмандық сенімнің таза сезімінен айрылмаған, әрі қазақы дәстүрдің қаймағын бұзбаған қарапайым малшы қазақ. Солар ғана жаннатқа барады. Ал мына Қажылар мен имамдар қазақты құдайдың атын жамылып, исламның атын жамылып арабтастыруға жініккен екен, құдай осынау рухани тамырынан айрылған мәңгүрт мәдениеттілерді тозақтың ең бір тереңіне тастайтыны сөзсіз. Өйткені Алла қашанда рухани тазалықты ғана бағалайды, ал іс әрекеттің өзін емес, оған арқау болған ниетті негіз етеді. ал іс әрекеттерді, әмәлдарды азғындатқандарды жек көреді. Қазақ аруақты силайды, аруақ кім, ол кеше өмірде болған адам. Ендеше оларға құрмет қыла білмеген, тіпті айналасындағыларға жақсылық жасай алмаған адам қалай ғана Алланы қадірлей аламын деп марсиады? Ал аруақты силау, әркез оған табыну емес, өйткені біз бұддистер секілді ойламайтынымыз белгілі ғой. Ендеше аруақты силамаңдар деушілер құдайды силаңдар деуінде еш қисын жоқ, және бұл мүмкін емес, үйткені адам бұл өмірде құдаймен байланыс жасай алмайды, (перште емес) ол тек адамдармен ғана байланыс жасайды. Адамды (мейлі өлген, мейлі тірі) сыйламаған адам құдайды да сыйлай жарытпайды! Олардың құдайдың атында сөз сөйлеп, тек менің ойымдағысы ғана рас, құдай маған міндет етті, құдай мені осылай істеуімді талап етті деп, адамдардың ұлттық дәстүрі мен жеке рухани бостандығына жиі қол сұға беруінің астары міне осында. ааа



Баурым кешірерсің саган аитар сөзім осы мақалаңды жазбас бұрын
Алдымен осы барша алемді кім жаратты және не үшін жаратты? деген сураққа жауап ізде
және осы дүниеге Пайғамбарлардың келу мақсаты не? егер осы сурақтарға толық жауап бере алсаң жоғарыдағы мақалаңды жазбаған болар едің!
аллах саған иман берсін!



Діннің ұлттық салтқа соқтығуы, діннің өзінен емес, қайдағы бір секталарынан болады. Исламның атын жамылған секталар көп! Осынау секталардың ешқайсысы жаннатқа апармайтыны, ешқайсысы дұрыс емес екені әлдеқашан айтылған. бірақ өзін құдайдан ерекше тапсырыс алып туылғандай сезінетін бұл бәтшағарлар қайдағы бір формалдыққа барып, іштері арам болсада істерінде алалдың ісін істегенсіп, ұлттық тамырға балта шабуға, сауаты төмен елді қаймықтыруға тырысады. Әйтпесе 1000 жыл бойы әрі мұсылман, әрі түркі-қазақ болып келген біздің ұлтымыз қалай ғана 2000-жылдан былай қарай өзінің осыған дейінгі ұлттық дәстүрінен безуі, тек арабтар қалай істесе соны қайталауы керек болды екен! Бұл Молдасымақ, имамсымақ, қажысымақ бәтшағарлар Құранның, не Қадистің бірер сөзін үзіп алады да (Толық оқуға дарыны жетпейді, оқыған күндеде бірбүтін қорта алмайды) исламның бірбүтін рухына, өзекті ойына, жалпылық ұстанымына жат қайдағы бір пәтуәлар көрсетеді. Күпірлік қыла отырып, өзгелерді күпірлік қылдыңдар дейді, Кәпірлік қыла отырып, өзгелерді кәпір дейді, исламды қатырып, семдіреді. Үрейлі, қорқынышты, қатал дінге айналдырып, адамдар жүрегіндегі исламның образын түсіреді. Ұлттық салттарға, жеке адамның талғамына, адамдық өмір жолдарына, рухани дербестігіне қарсы Қағидаларды тап бір пайғамбар болып кеткендей-ақ ойдырып шығарып, адамдарды үрейге бөлейді, алаңдатады. Ізгілік туралы айта тұрып, ізгі салттар мен сезімдерді қаралайды, мейірбандық туралы айта тұрып, бәріне тасбауыр қаталдық танытады,Ғайбатытты жамандай тұрып, адамдардың күнәсі жөнінде ғайбат айтады, Құдайдың биіктігі мен құдіреттілігі туралы айта отырып, сол құдайдың не істейтінін өздерінше кесіп-пішіп, сәуегейлік айтады. Тек мен сенетін секталық таным ғана дұп-дұрыс, ал басқалар, яғни аруаққа арнап дұға оқушылар мен мал шалып, туыс-туғандарды жинап жетісін, нәзірін, қырқын, жылдығын беру салттарын орныдап жүргендер кәпір деп ойлайды! Құдайдың оларды кәпір деп ойлар ойламасы жөніндегі сәуегейлікті кім берді. Олардың бұл құқығы құранның талаптарынан асып кеткен жоқ па! Олар өздерін құдай секілді, пайғамбар секілді ойлайды! Сосын Қадистер бәрібір құранға балама бола алмайды, өйткені ол кейінгілердің еске алуы. Ал құранда айтылмаған, жазылмаған нәрселер мейлі кейінгі қандайда бір қадисте айтылған күнде де ол өңірлік мәнге ие нәрсе, толық ақиқат деуге болмайды деп түсіну керек! Ал мына жұрттан өзгеше киініп, өзгеше сақал қойғанына мығымсып, қайдағы бір өмірге жат сандырақтарды құдайдың аузында айтып тұрғандай бұлданатын, сыртын жуып, ішін тазартпайтын, соқыр да, сорақы молдасымақтардың секталық мұсылманшылығы кәпірліктен өткен күнә! Алла оларды тозақтың отына тастасын!



Дәстүр деп далақтамағандар,
Араб деп, орыс деп алақтайды,
О дүниедегі жаннат, бұл дүниедегі пітір деп жалақтайды!
Ар ұжданын қатып қалған қағидалармен құндақтайды,
Алланың атын жамылып жамандық істеуден жалықпайды!
Өмірді қаралап, өлімді жырлап, адамдықты, ұлттық рухты діни сенімге қарсы қойып,
Аулаларды турап шабақтайды! Мәңгүрттіктің жаңа үлгісін сабақтайды!
Олардан не күтеміз, бәрібір олар қазақ болуды, Тәңірінің алдына Қазақ болып баруды
жаратпайды!



Жалпы ислам қазақтың ұлттық діні. Қазақстанның негізгі діні. бірақ қазір исламның өзі бөлшек-бөлшек күйде. бір сұмпайы ананы, бір сұмпайы мынаны ұсынады: бейне соқырдың пілді сипағанындай! Ендеше біз тек ата-бабамыз исламды қалай қабылдады, қалай орындады, тек сол күйден ары қумауымыз керек. қудық біттік, біз кәпірге айналамыз. Мұсылман болу үшін тек мұсылмандық сауат болуы жеткіліксіз. Ұлттық (қазақтық) ар болуы керек. мұсылмандықты қазақы салттармен орындаймыз және Тәңірі дінінен қалған ұлттық дәстүр ерекшеліктерімізді де қастерлейміз. онсыз біз мұсылман болып жарытпаймыз және артық зорланудың бізді о дүниеде жаннатқа апаруына кепілдік жоқ екені айқын, ал бұл дүниеде өзіндегіні қаралап, өзгедегіге өмешегін үзу бізді азғындатып, тозғындатып, тамырынан айрылған қарағайдай қуратып, семдіретіні анық. Арабтардың ұлттық салты деңгейіндегі нәрселерді қазаққа тықпалайтын формализм батпағына батқан мәңгүрт шаламолдалар қазақты адастырады. Қазақ айтқан: Молда көбейсе қой арам өледі деп. Қазақ айтқан: сыртын тым көп жуған молданың іші арам деп. Қазақ айтады: Өртейтін кітап бар, өлтіретін молла бар деп. Қазақ айтады: Ақ қойдың кеудесі, қара қойдың кеудесі, мен құдайдың пендесі деп. Осының қай қайсысы да жаңағы мәңгүрт секташылардың күпір идеяларына қарағанда мың есе бағалы. мың есе мұсылмандық сөз. 5 парызды адал көңілмен орындау жетеді. Енді оған ұлттық салттарды өзгерту, көркемөнер жасампаздықтарын шектеу, әйелдердің құндаққа оранып жүруі, еркектердің сақалын сапситіп жүруі, әлемдік және қазақтық ақыл-парасат шығармалары мен идеяларын бірден қаралау, мұсылман болуды сызып қойған бір сызықтың үстімен жүру деп түсіну сынды ұлттық діл мен адамдық тума тәбиғатқа қарсы сорақы парыздарды қосу керек дегенше, бұл бәтшағарлар бізді кәпірлікке үгіттеді деген оң! Мұсылмандық ұлттық дәстүр мен жеке адамдық рухани бостандыққа қол сұқпау күйінде ғана болмысымызға үндес келеді. Қалғанының бәрі сайтанның сапалағы! - Анахарсис



Пікір алынып тасталды!



ой айтпаныздар "тост" деген пәле той-томалақта айтылушы еді, қазір енді өлім-жітімге де айтылатын болыпты. сонда не болганы..?
өзі нервісі тозып отырған жұртты одан ары шаршатып сойлейтін орын тапқандары кейбіреулердің



Осыны айткан имамнын, жетісі де, қырқы да берілмесін. Зираты көтерілмесін. Бұл өмірде бар жоғы белгісіз пенде ретінде, бір сайға апарып көміп тастасын. Ал қазаққа ондай дүмшелер дін үйретпей ақ қойсын. "Дүмше молда дін бұзар", деген бар. Негізі осындай дүмше молдалар дін бұзып, елдің сиқын кетіріп бітті. Арап, парсыдан бір нәрсе оқып келіп білгірсігендері бар болсын.



Пікір алынып тасталды!



Пікір алынып тасталды!



Қазір мешітті айналсоқтап жүрген моллаларға сенбеймін. Олардың көксегені ақша! Нағыз моллалар қазір сиреп кетті. Араб пен түріктің дәстүрін тықпалаған имамдардан аса алмай жүрміз. Мен имамдарға сенбейтін бір ғана мысал айтайын: Алматының бас имамы Құлмұхамед Махамбетов, кезінде Екібастұз мешітін шулатып кетті. Кейін Қарағандының мешітінде кілем ұрлап ұсталып, сотталатын болған соң Өзбекстанға қашып кеткен еді. Енді міне түк болмағандай Алматының бас мешітін басқарып отыр. Сұмдық!



Қазақтың салт-дәстүрі терең филасофия, арабтың өмір заңдылықтарын айна қатесіз көшіріп алып данышпансығанды қою керек. Алланың барына, біріне сенемін, ал арабтың заңының қазаққа түкке қажеті жоқ. адаспаңыздар!!!!



Жалпы бұл мақаланың көксегені не? Адам өлгеннен соң 7-ін, 40-ін, 100-ін беру туралы имамның айтқаны өте дұрыс. Сойылған мал, ішілген тамақтың о дүниелік болған адам үшін ешқандай пайдасы жоқ. Адамды тек қана жеке өзінің жасаған ізгілікті істері ғана құтқара алады.- авторына айтарым

о дүниеге барып келгендей көлгерсігенді қою керек қой



МӘСЕЛЕ - ЖЕТІСІ, ҚЫРҚЫН, ЖЫЛЫНА МАЛ СОЮДА ЕМЕС. МӘСЕЛЕ - АҒАЙЫН-ТУЫС, ҚҰДА-ЖЕГЖАТҚА КӨҢІЛ АЙТЫП, ҚАЙҒЫСЫНА ОРТАҚТАСУ. КІСІСІ ӨЛІП, ҚАРАЛЫ БОЛҒАН ТУЫСЫНА, ДОСЫНА АТЫРАУДАН АЛТАЙҒА, ҚЫЗЫЛЖАРДАН ҚЫЗЫЛОРДАҒА, БАЯН-ӨЛКЕДЕН БАЯНАУЫЛҒА КЕЛЕТІН КІМ? ҚАЗАҚ. ТОПЫРАҚҚА ІЛІНЕЙІК, БОЛМАСА ЖЕТІСІНДЕ БЕТ КӨРІСЕЙІК, ҮЛГЕРМЕСЕК, ҚЫРҚЫНА БАРАРМЫЗ - ДЕП, БЕТ КӨРМЕСЕ МЫНАУ ТІРЛІКТЕ ӨЗІН КҮНӘЛІ СЕЗІНЕТІН ХАЛЫҚ КІМ? ҚАЗАҚ. ӨЛІМНІҢ АРТЫН КҮТУДІҢ ӨЗІ - ҚАЗАҚ ҮШІН - БІРЛІК ПЕН БЕРЕКЕНІҢ, ҰЯТ ПЕН АРДЫҢ НЫШАНЫ. ЕНДЕШЕ, ОСЫЛАРДАН АЙЫРЫЛСАҚ - ЕЛ МЕН ЖЕРДІҢ ТҰТАСТЫҒЫНА ДА СЫЗАТ ТҮСКЕНІ. САҚАЛЫ САПСИҒАН ҰЛТСЫЗ ИМАМДАРДАН ҚҰДАЙ САҚТАСЫН.



Пікір алынып тасталды!



Пікір алынып тасталды!



Жарыйды жетісін,кыркын алып тастадык. Ал сонда не калды? Имам мырзалардын шапанымен салдесі калады. Немесе оларда араптын сойылын согып жургой. Сол астармен кыркыларында ет жеп акша алганды біледі бірак екі ауыз уаіызды сол жерде айткынды білмейді. Біздін казак сондай жерде коп жиналады,сол жерли жаксылып пайдаланып калаыкка уагыз насихат айтса нелери кетеди? алде булар христиандар сиакты діннін расимин гана калдырып халыкты тек жума куни мешиттега коргиси келип журме? буны артында ким тур Дин басы не карап отыр? Алде салт дастурду тастап жакында жарылып жыастардын тойлайтын Свето валентинди куттыктайын деп отырма? Ар нарсени шаригатта жок деп ауыхдырынан жоктан бас не шыгады? ондай болса шаригатта соткада машинада жок ноымен коса микрофонмен азан айтуда жок Ей имамдар мен Уаххабилер сендерде кем болган, жок балган нарсе бизде бар!



Пікір алынып тасталды!



Пікір алынып тасталды!



Мен ояндым! –
Ұрықсат жоқ жатуға! –
Кешір, Хайам, жүрсе сөзім ғафуға.
Кешетінім – Дариясы Ғылымның,
Ішетінім – Нұр - «Шарабан таһура!»*
Өзендегі,
Әлемдегі Достарды
Шақырамын Нұрдан бірге татуға…
Берме Иманды – Ібіліске сатуға, –
Қазір үкім шығарса да – атуға!





– Жан көбейді – мұнафық, талақ қылған мұратын,
Қалмай барад Кәміл жан – шын құлшылық қылатын.

Дін ұстап жүр көбісі – қорыққаннан Азаптан,
Үміттеніп – Жәннаттан, құтылмақ боп – Тозақтан.

Жәннат пенен Тозақтан ада болса ана бет,
Дін жолында шын ізгу жандар ғана қалар ед.

Дүниені былғамай, басқа кәсіп табар ед,
Діннің атын жамылып елді алдаған қара бет!..

– Тәнті болдым сөзіңе.
Қанық едім даңқыңа,
Басраның Хасаны мен боламын, Балқия.



КАЗАК ДЕГЕН ЕЛИКТЕГИШ КОЙ ОНДАЙГА НЕ АЙТУГА БОЛАДЫ, СОНДА ДА ЕЛДИ ТУЗЕЙТИН АДАМДАРГА ОЛАЙ АЙТУ ЖАРАСПАЙДЫ, СЕБЕБИ ОЛАР БОЛМАСА ХАЛЫКТЫН КОЗИН АШУГА КИМНИН ШАМАСЫ КЕЛЕДИ, АРИНЕ ДУРЫС МОЛДА ИМАМНАН БАЙ АДАМДАР КАЗИР ТАБЫЛМАЙДЫ БЕС САУСАК БИРДЕЙ ЕМЕС ЕКЕНИН УГЫНУЫМЫЗ КЕРЕК, МОЛДА МЕН ИМАМНЫН ЖАЗАСЫН АЛЛА ГАНА БЕРСИН АЛ ХАЛКЫМЫЗГА ИМАН,МЕН ИБА БАК БЕРСИН.



Сказано, что допросы будут продолжаться в течение семи дней после смерти человека. Садака, розданная его родными и близкими в эти семь дней, упростит и облегчит ожидающий его допрос. Еще сказано, что муъмина после смерти ожидает семидневная фитна (муки, неприятности), а мунафика (лицемера) - сорокадневная.

islam.ru сайтында осылай жазылған



ШЫН БИЛИМИН МУРА ЕТКЕН АРТЫНА
АЗАММАТТАР АМАН БОЛСЫН НАР ТУЛГА
ЛАГНЕЕЕТ
ШАРИГАТТЫН ЗАНДАРЫН
ЖОРЫГАНДАР АРАПТАРДЫН САЛТЫНА



Адасушы Исматуллашыларды мынадай пікірлеріне қарап айыруға болады. Әрі олар осындай теріс көзқарастары арқылы Исламнан мүлде шығып кетеді. Оқып шығыңыз да төрелігін өзіңіз беріңіз.

1) Исматуллашылардың пікірінше Аллаһтың кейбір "әулиелері" ғайыпты біледі-мыс. Мәселен, Исматулла Мақсұм Шілханада жатқан мүридтердің не істеп жүргенін, ілімінің дәрежесін алыстан көріп-біліп отырады-мыс. Ал, бұл пікір Құрандағы мын аятқа қайшы: «Көктер мен жердегі көместі Алладан басқа ешкім білмейді». (27:65).
«Ғайыптың кілттері Оның (Алланың) жанында. Оны Ол өзі ғана біледі». (6:59).

2) Олар Діни басқарма мүшелерін, мешіттегі дін қызметкерлерін жек көреді. Газеттерінде олар жайлы жағымсыз мақалалар жазады. Мысалы "Уаххабизм қаупі немесе, ҚМДБ-ның былығы" деген мақалалар тәрізді т.б.

3) Мешіттерге бармайды. Себебі, ол жердегілер "тек террористерді ғана дайындайды" деп есептейді. Олар үшін ең үлкен ілім сопылық. Ал сопылықты қолдамайтындардың бәрі әні-міні террорист болып кеткелі тұр, бәрі уаһабшы.
Осындай пікірлері арқылы Исматуллашылар ел арасында мешіт жайлы сұмпайы пікір қалыптастырады.

4) Әһли сүннет уәл жамаға ғалымдарын мойындамайды тіпті Пайғамбарымыздың сүннетін жандандырушы кейбір әлем таныған әйгілі ғалымдарды кәпір деп айыптайды.

5) Құран аяттарын ғұламалар тәпсірінсіз, өз беттерімен бұрмалап түсіндіреді. Әрі кейбір аяттарды ғана алып, көпшілік аяттарды тастап қояды. Мысалы, әйел адамдарға бүркеншік жамылуды парыз ететін «Нұр» сүресіндегі аяттарды мүлде мойындамайды. Хиджабты Арабтың ұлттық киімі санайды.

6) Арабтарды (әр түрлілігіне қарамастан), пәкістандықтарды жек көреді. Қазаққа қауіп осылардан деп санайды. Керісінше Лондонда, Москвада жарық көрген сол жақта тұратын шығыстық сопы-жазушылардың кітаптарын оқиды. Мысалы, Джавад Нурбахш, Идрис Шах т.б. Бұлардың кейбірі дінбұзарлығы үшін елдерінен қуылғандар болатын.

7) Исматуллашылар айтатын хадистердің көпшілігі өтірік, ойдан тоқылған дағиф хадистер. Тіпті, шииттердің дүниелерін де пайдалана береді. Ол риуаяттарда хазіреті Әли пайғамбар дәрежесіне дейін жетсе, халиф Омармен өзге сахабалар мазақ етіледі.

8) Ілім ізденбейді. Араб тілінен аударылған туындылардың бәріне күдікпен қарайды. Оларға «Түркі иман» деп аталатын ескі кітапты жаттап алса болғаны. Әһли сунна ғалымдарының кітаптарына қарсы. Одан да бірен-саран қиссалар мен ұлттық ертегілерді жаттап алуды міндеттейді.

9) Ырымға сенеді. Олардың түсінігінде ырым – қазақтың ұлттық болмысы-мыс. Одан ажырамауымыз керек көрінеді.
Аруаққа сиынуды жөн деп санайды. Олардың пікірінше сиыну - құлшылық емес-мыс. Сондай-ақ, тұмар тағуды, көзмоншақ, үкі қауырсыны т.б дұрыс деп есептейді. Ал, бұл заттардың харам екенін білдіретін сахих хадистер саны мыңға жуық.

Осылардың өзі-ақ Исматуллашылардың ақида мәселесінде жаһил екендіктерін көрсетеді.



Пікір алынып тасталды!



Мынауың исматулланы "зерттеп" тастаған сияқты ғой? Неткен ғұлама адам десеңші? Неткен ойлар? Осындай "аналитиктер" арамызда құр жер теуіп жүр ғой. Бауырым, мұсылмандықта біреуге жала жабу үлкен күнә, сондықтан осыны мойнына жүк қып алғанын артыктау емес пе?



Уа Көк бөрінің қаны бойында бар бауырлар! Әп-әжептеуір ақпараттық кеңістікті кикілжіңге айналдырып, таласатын қатын боп кеттіңдер ме, тәйірі! Одан да көңілге зіл салатын сөздерді толтырып жазуға тапқан уақытты шіркін Егеңді еске алуға жұмсасаң нетті! Бабадан қалған хақиқат "Салтың - санаң, Дәстүрің - дәулетің, ғұрпың - ғұмырың" емес пе? Лағынет атқыр Ібілістің дінді талқанын шығаратынын білген аруағынан айналған Әулие бабалар ТАЗА, ХАҚ, ПӘК дінді Салт, Дәстүр, Ғұрып етіп ғажап өрнектеп тұрмыс тіршілігімізді негіздеп берді. Қазақтың кез-келген Салт, Дәстүр, Әдет-Ғұрыпы Хадиспен, Құранға амал. Оны түсінгісі келмеген пақыр не НАДАН-СОҚЫР, я болмаса, САТҚЫН-ТЕКСІЗ. Салт, Дәстүр, Әдет-Ғұрыпқа қарсы адам Хадиске, Құранға, Құдайға қарсы. Сондықтан олармен таласып, бас ауырту керек емес. Ол пақырлардың осы жалған дүниенің қызығынан басқа қандай қымбат заты бар дейсің? Теке сақал Шейх Хазірет Мүпти Иманын Алыпсатарға да тиіскенді қою керек ау а қазақтар? Сосын өтініш мұсылмансың ба, жоқ басқасың ба сауаты жоқ өсекке ергіштер, тек біреуді дәлелсіз қаралағысы келетіндер жауап пікір жазбай ақ қойындаршы. Құйрығыңды қысуға қолың жетпесе, кел! Майлы жеріңнен өкіртіп бір кемпірауызбен қысып жіберейін сосын көкейіңдегі көреалмас көрбілте шайтаның бір сабақ алып қалар.
Жалпы, мақала жақсы жазылған. Пікір берушілердің арасында қазақы нағыз мықты жігіттер бар екен. Әңгімелерің елеусіз қалып жатқан жоқ жігіттер. Биіктегілер қол қусырып қарап отырған жоқ. Ақиқат таңы атып келеді, қараңғы қуыс қалыптылардың қауқары бітіп, Хақиқат жаппай жырланатын шақ жақын!



Бауырлыр адамзат ата баба жолымен дурыс жүре алатын болса онда Аллах тағала пайғамбарларды не үшін жіберген осыған жауап беріңіздерші



Неліктен Құдай соңғы пайғамбарды Арабияға жіберген?Себебі сол кезде адамның азғындауының нағыз ортасы болған.Әкесі қызын зорлаған,қыздарды тірілей көрге көмген,*Бейәдеп сөз жазбаңыз!*лік т.б. жамандықтардың бәрі болған.Құдай сол жерді тәртіпке келтірсін деген мақсатта Мұхаммед Пайғамбарды жіберген.Пайғамбардың өмір тарихымен таныссаңыз оған ол оңай тимеген.Менше дін деген кез келгеннің тісі бататын нәрсе емес,қиын ғылым.Айтады ғой Құдайдың жүрегі кез келген пендеге ашыла бермейді деп.Оны түсіну қиынның қиыны.Пендені Құдай сынақтан өткізеді әртүрлі әдіспен,сол сынықтан өтсең.өмірдің мағынасын түсініп ,өмір сүру оңайдың оңайы болады.Мейлі сен мың жерден басқа ғылымды біле бер дінді терең түсінбесең қиын болады.Абай неге мықты,себебі дінді терең түсінген ,сондықтан Абай мәңгі.Құдай жар болсын.Ешкімге тәуелді болмай өзіміз оқу арқылы дінді түсінейік,ағайын.Бұл тек өзімнің ойым,ойымды айтып отырмын.Дінді жамылып ақша жасап отырғандар жетерлік.



Имамның айтқаны дұрыс. Форумдағылардың дінді имамдардан артық білетіндігіне күмәнім бар. Бақтыбай аға, өзі не білмейтін, білгендердің тілін не алмайтын надандар қай кезде де болған, бола да береді. Ақиқат жаршыларының ісі солармен күрес қой. Аллаһ тағала оларға шынайы иман берсін, діни сауаттылық берсін, ол үшін сіздердің мақалаларыңыздың орны қашанда маңызды. Қаламыңыз Исматуллашылдардың төбесін тесе берсін!

Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
5 + 1 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Ақпан 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
-1012345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728291234

Айлық статистика

<<  >>