Судан… 1993 жылдың көктемінде түсірілген сурет | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Достық, қастық, бар қызық – жүрек ісі,
Ар, ұяттың бір ақыл күзетшісі.
Ар мен ұят сенбесе – өзге қылық,
Арын, алқын – бұл күннің мәртебесі

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
Астананың бір минуттық шығыны - 600 мың теңгені құрайды
Айтқыш екен
Обал болды көзге де, құлаққа да,--
Сеніп елге бермейсің сыр ақтара.
Қарайтының күдіз-түн бір-ақ канал,
Көретінің бір кісі, бір-ақ қала.

А. Мұқабай, асаба

Загрузка

Судан… 1993 жылдың көктемінде түсірілген сурет

Жәрдемші


Судан... 1993 жылдың көктемінде түсірілген сурет фотограф Кевин Картерді атақ-даңқ биігіне бір-ақ шығары. Үш ұйықтаса түсіне кірмеген Пулитцер сыйлығын алды, беделді журналдардан жұмысқа шақыртулар бума-бума болып келіп жатты. Осылайша, сәтті сурет бір адамның атын аспандатты, ал осы тағдырлы фотодағы қызды ажал тапты. Аштықтан терісі сүйегіне ілінген бейшара қыз жүруге дәрмені жетпей, үнсіз жылап жатыр. Артқы фонда - өлім тілеп отырған өлексеші-құзғын. Сол 1994 жылдан бері Судандағы ахуал айтарлықтай өзгере қойған жоқ.  Ұлттық экономика тұралаған, халық әлеуметтік жәрдемақы дегенді тек қаржылық термин ретінде біледі. Ал, биліктің қауқарсыздығы мен жемқорлыққа пейілділігінен халықаралық ұйымдар бөлген қаржы құмға сіңген судай жоғалуда. Осыдан да, тек Судан ғана емес, бүкіл Африка құрылығы бойынша биылдың өзінде 150-170 млн адамға аштық қаупі төніп тұр.

Orken&K

 


 




Біреудің соры ---біреудің бағы.Кевин Картер сыйлығын Судандағы аштан қырылып жатқандарға аударды ма?,,,Оларға қандай көмек жасады екен?



Картер артынан жүйкесі жұқарып өзіне қол жұмсап өлді. Мұндай сұм өмірді көрген соң кімде кімнің жүйкесі жұқарары сөзсіз. Бұндағы көріністерді көріп отырғанда қызылдардың қолдан жасаған жасанды ашаршылық кезі еріксіз ойға түседі.



иәә Картер сиякты емес, қазекем дегенмен мықты халық қой..



Ол құзғын адамшылық дегенді ұмытқан - АҚШ бастаған Батыс елдерінің, аштықтан бұратылып өлгелі жатқан қыз - дамушы елдердің бейнесі. Байғұс қыздың жаны жәннатта болсын!



Мына құзғын Сталинге оқсайтын секілді! Орысшаға жеттік құзғын-ау осы! Қазақ көрген жасанды ашаршылық бұдан да сорақы көрністерді өмірге әкелгені анық: 3000 000 000 таза қазақ қой олар
Анахарсизм



Ия... Құдай аясын.



Пікір алынып тасталды!



Дурыс айтасыз. Казактын да алдында осы тагдыр тур. Билiк осыган акеле жатыр.



Тілің тұғырына қонбай, байлығың басқаның басына қонып, жерің жоқ болса көрер күнің осы болады -Қазағым!!!



қара аспанды төндірмей отырындаршы осы



жаман айтпай- жақсы жоқ



Төбелеріңде қара аспанды төніп тұрғаны белгілі. Аспанда күн жоқ. Тек ақымақтар ғана шырақ жарығына алданып екі езуі екі құлағында. Ал олардың артында әлгі құзғын аңдып отыр.



Бұларды тек сайратып қойсаң болды! "Билік бүйтіп жатыр, біз құримыз, қара күн туады"- деуден шаршамайсыңдар! Тек жақсылыққа сенген жөн ғой. Бәрі Алланың қолында, алдымызда не тұр, сол бұйырады.

«Жегенде аузыңа кіргенге, сөйлегенде аузыңнан шыққанға абай бол!».



Оте орынды соз! Кой да бауыздар кезде бiр булкынып калады екен. Сен булкынба! Алдында турганды кутумен отыра бер. Не буйырады-сол болады.



Е, баламысың деген!



бақилыққа кеткеннен кейін оның қасынан мына сөздер жазылған бір жапырақ қағаз табылыпты дейді. шамасы, өмірде көргені төзімнің шегіне жеткізгені болған шығар.

"The pain of life overrides the joy to the point that joy does not exist."
"өмірдің ауыртпалығы рахатынан асып түсті, бұдан әрі рахат болмақ емес"



Мына суретті алып тастаңдаршы. Осы тұрғаны да жетеді. Жүректі ауртады екен. Трогательно.



janagy suretshi sol kyzdy sol jerde komektespesten tastap ketkeni nendei aianyshty

Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
9 + 2 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Ақпан 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
-1012345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728291234

Айлық статистика

<<  >>