Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Ә.Назарбаевқа
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрі К.Қ.Мәсімовке
Қазақстан Республикасының
Парламенті депутаттарына
Ашық хат
Қазақстан республикасы - саяси-тарихи себептермен кіндік Отаны Қазақстаннан қилы кезеңдерде көз жазып қалып, әлемнің түрлі мемлекеттерінде қоныстанған күллі қазақ азаматтарының тағдырына толықтай жауапты.
Қазақстан Тәуелсіздік алған 1991 жылдан бері үзбей жүргізіліп келе жатқан шетелдегі қазақтарды тарихи Отанына қайтаруға бағытталған көші-қон саясаты соның айғағы.
Алайда, алаш жұртының азаттық үшін күресі мен сол жолда тартқан азабы мен тауқыметінің сірі тағдыры іспеттес қаламгер Қажығұмар Шабданұлының кіндік кескен мекені Қазақстанға келу арманы орындалмай отыр.
Қажығұмар Шабданұлы 1925 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Таңсық деген жерде дүниеге келген. 1931-1933 жылдардағы ашаршылық алқымнан алған тұста, Отанынан айырылып амалсыз ата-анасымен Қытайға ауып барған.
Қажығұмар Шабданұлы өмірімен, ісімен қазақ баласының ар-ұятына айналған рухани тұлға. Әр кезеңде Қытайда жүргізілген солақай саясаттың кесірінен Қажығұмар Шабданұлы ғұмыр бойы қуғын мен абақтыдан көз ашпай келеді.
Қажығұмар Шабданұлы нақақтан-нақақ Такламакан шөліндегі Тарым лагерінде 22 жыл, Үрімжінің нөмірі бірінші түрмесінде 13 жыл тұтқында болған адам. Үрімжі түрмесінен кесілген мерзімін өтеп шыққаннан бері Қытайдың Шыңжаң ұйғыр автономиялы ауданына қарасты Шәуешек қаласындағы өз үйінде мырзақамақта отыр. Қажығұмар Шабданұлының Отанынан қол үзгеннен бері көргені тек түрме.
Біз баршы алаш жастары Қажығұмар Шабданұлының атамекеніне қайтуы үшін төмендегі іс-шаралардың орындалуын бірауыздан талап етеміз:
1. ҚР Президенті Қажығұмар Шабданұлының 2010 жылы елге оралуына тікелей өзі жауаптанып әрі осы жолда атқарылатын жұмыстарды бақылауына алуы керек;
2. Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалығы кезінде ҚР Сыртқы істер министрлігі Еуропаның адам құқықтары жөніндегі ұйымдарының назарын Қажығұмар Шабданұлының тағдырына аударып, Қажығұмар Шабданұлының Қытай өкіметі тарапынан толықтай ақталуына жұмыс істеуі тиіс;
3. ҚР Үкіметі екі ел арасындағы саяси-экономикалық қарым-қатынасты пайдалана отырып, Қажығұмар Шабданұлының 2010 жылдың ішінде Отанына қайтарылуын Қытай өкіметінен дипломатиялық жолмен талап етуі қажет;
4. ҚР Парламенті Қажығұмар Шабданұлының елге оралуына арнайы іс-шаралардың қолға алынуын қарастыруы тиіс;
5. 2010 жылғы ҚР әдебиет және өнер саласы бойынша сыйлықты Қажығұмар Шабданұлының «Қылмыс» романына беру жөнінде мемлекеттік комиссия шешім қабылдауы тиіс.
Қазақты біртұтас ұлт және әр қазақтың тағдыры өз тағдырымен тамырлас деп білетін алаш баласын ашық хатты қолдауға шақырамыз!
Бір қазақ - бар қазақ. Бар қазақ - бір қазақ!
Ескерту: ашық хатты қолдауға ниет білдірсеңіз аты жөніңізге қоса электронды поштаңызды қоса жолдаңыз.
«Абай-ақпарат»



МЕН АШЫК КАТТЫ КОЛДАЙМЫН!БУЛ ДУРЫС БАСТАМА!
СЕРИК МУРАТХАН УЛЫ КЕРЕЙОВ
SERIKKEREY-12@MAIL.RU
Мәтінде кеткен емле қателерін түзетіп, қайта басуларыңызды сұраймын. Бұл енді корректордың жұмысы ғой, бәлкім байқамаған шығар, айып емес, дегенмен қайта басқандарыңыз дұрыс. Мен өзім бір-екі жерден қате таптым. Бұл пікір емес, ұсыныс қой, сондықтан алып тастасаңыздар да болады.
Қолдаймын! Өміржан Әбдіхалықұлы omirjan.80@mail.ru
Қажекеңнің ("Қылмыстың") kitabynan uzindilep Kopshilikke tanystyruga bola ma? Kazhet bolsa Aganyng omirbayany tolyk berilse abai.kz saityna otınısh
alpamys
Қолдаймын. Қайырбек Тоқтар kayrtok@mail.ru
ҚОЛДАЙМЫН!Зәбира Бейсенбайқызы.albertin1@nur.kz
Қолдаймын! Ербол Бейілхан baxat.74@mail.ru
Ербол
Ашық хатты "ҰЛТ ТАҒДЫРЫ АСТАНА" ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ ҚОЛДАЙДЫ. СЕРІК ӘБДРЕШҰЛЫ, ut-astana@mail.ru
"ҰЛТ ТАҒДЫРЫ АСТАНА" ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ ақсақалды көшіріп алуға қажетті шығындалатын қаражат жинауды ұсынады. Әрбір қазақ 1000 теңгеден жинап, белгілі бір ресми шотқа қордалаған жөн. Оған ақсақалдың туындыларын бәссауда (аукцион) арқылы сатып түскен ақшаны да жинауға болар еді. Бұл жөнінде ұйымдастыру алқасын құрайық.
ЖАРАЙСЫНДАР ЖЫГТТЕР!НИЕТТЕРЫНДЫ БЫР АЛЛАМ КОЛДАСЫН!
СЕРИККЕРЕЙ
Әрине қолдаймыз.
rais_bolat@mail.ru
Қолдаймыз
Дәурен Қуат dauren-kuat@mail.ru
Айдос Сарым asarimov@mail.ru
Ақберен Елгезек akberen80@mail.ru
Зейнетақы Қытайда жақсы беріледі. Осында келгенде сендер асырайсындар ма
ҚОЛДАЙМЫН!!!
3271828@inbox.ru
Қолдаймын.
halmurat_mgl@yahoo.com
Қолдаймын.
Мұратхан Орынтайұлы
murathan84@mail.ru
Бұны қолдамаған қазақты о дүниеде ата бабасы бетіне түкірсін!
anaharis@yahoo.com.cn
Қолдаймын.
arai333@mail.ru
Қолдаймын,Abduali-Mamedil@yandex.ru
Қолдаймын. Жакупов Серік
Қос қолдап қолдаймын. Қажекең елге керек!
Серікбай Смағұлұлы, Қызылорда
serik_smagul.kz@mail.ru
Қолдаймын!
Қанат Қазы!!
kanat.mt@mail.ru
172 рет қаралғанда небары 19 пікір жазылыпты, өкінішті-ақ. Қайдасыңдар ағайындар, Қажыкеңе қолдау білдермегенде енді кімді қолдамақсыңдар? Қалайша осыншама енжар халықпыз?
Күресейік, сөйтейік, бүйтейік дейміз, ал жеме-жемге келгенде баяғы енжарлық, иісалмастық, қазақшылдық. Біздің күресіміз де, талабымыз да осылай, одан кейін билікке, анаған, мынаған өкпелейміз кеп.
Жаны таза, қаны таза Қазағымыз, Адами адалдығы, әділдігі, Азаматтық батылдығы,
қажыр-қайраты үшін жатжерде тағдырдың тәлкегіне ұшыраған, қара құрықтан әлі де құтыла алмай,Атамекеніне көзталдыра қарап отырған Қаж-ағамыз хақында айтылған да,
жазылған да жақсы тілек аз емес еді, бірақ, неге екенін білмеймін, құдды бүкіл
Қытайдың ішкі-сыртқы құпиясы Қаж-Ағаның басында тұрғандай-ақ, ол жақтың ерік бермеуі, жібермеуі қалай? "Сондаймыз да мұндаймыз... әлемді аузымызға қаратып отырмыз!" деп күпінетін өкіметіміз, үкіметіміз Қаж-Ағаны Қазақстанына қайтарып
алуға шынымен шарасыз, қауқарсыз ба?.. Шығармасын Мемлекеттік силыққа ұсынуымыз да, Қаж-Ағаны Атамекеніне оралтуды талап етуіміз де өте орынды! Бірақ... менің билікке сенуді қойғаныма 16 жыл, әлі де сенбеймін. Алайда Құдай мені осы сәтте қателестіріп, "қарға адым жер мұң балып" отырған Қаж-Ағаны көптен күтулі қалың қазағының құшағына аман-есен әкеліп берсе екен!!! Ғаббас Қабышұлы.
ҚОС ҚОЛЫМДЫ КӨТЕРІП ҚОЛДАЙМЫН!
Есенбек Санатұлы. alash_76@mail.ru
Қолдаймын!
Қазыналы қариямыз күллі ҚАЗАҚҚА қажет деп білем.
Нұрлыбек ДОСЫБАЙ
Nurlibek82@mail.ru
Қолдаймын!
Жадыра Сәрсенбаева, Ақтау
Libra1002@yandex.ru
Ұлтымыздың ұяты, әлемдік "penclub" Ар тұтқыны атаған атамызды азат Отанына оралтайық!!!
Ахметбек Зүриәт
zuriat@xat.kz
Директоры Қыдырмоллаева Ж.
arkastour@mail.ru
Біздің ұжым толық қолдайды!
Arkastour фирмасының ұжымы.
әрине қолдаймыз
nomad@nur.kz
Мен Қажекеңнің ("Қылмыстың") алты томын оқып шықтым.
Тумысы бөлек шығарма-көркем дүние, ірі дүние. Отанын, Ұлтын сүюдің ұлы дастаны дерлік!
Автордың өз сөзін берейін:
"Кіндік кесіп кір жуған жерім, туған елім, сендерден айырылып не көрмедім! Талап-тілегімнің жалғыз шырағы, тіршілігімнің жаны- туған елім, атамекенім, көзіме бір көрінбей қалар ма екенсің өстіп! Отаным!
Көзімнен жас сорғалаған қалпында уйықтап кетіппін.
Күн шыға есік құлпы шақылдап ашылғанда ояндым. Терезеден қарап тұратын кезектегі пост көрінбеді. Тіпті бұл маңда жоқ сияқты. Көзімді сүрте шықтым дәретке. Бұлақ болып ағып, қақ болып қатқан ащы сорлы көз жасы бет-жүзімді тырыстыра құрғапты. Ұйықтап жатып та жылай берген сияқтымын ..."
("Қылмыс",6-ыншы том, 455 бет. Бас кейіпкер - Биғабылдың монологі)
almas8@mail.ru
Ашық хатты қолдаймын! sholpandidar@mail.ru
Қолдаймын
yergalimoldir@mail.ru
Қолдаймыз!
zynhar@mail.ru
Қос қолдап қолдаймын.Манат Мұстафа
manat.mustafa@gmail.com
Бастама өте орынды, біз сідермен әрқашанда біргеміз!
janara.info@mail.ru
Әрине, дұрыс бастама. Қолдаймын!
"Аллажар-қолдау" қоғамдық қоры қолдайды.
Марат Бөтеев.
nauryzbai@mail.ru
Қарттарын силамаған елден,қайыр күтпе?
Қолдаймын!
Айтқұлов Қуаныш-оқытушы .Ырғыз.
Aituly@mail.ru
КЫЛМЫС романынын алгашкы еки томын кытыйда жургенде(шамасы 4- сыныпта),окыганым бар.сонда Бигабылдын бастан кешкен киндыктарынын барлыгын кылмыс етип корсеткенинокып,осындайда кылмыс болады екн-ау деп тан калушы едим...барын кейин тусиндик-кой.Кажыгумарды елге кайтара алсак,бул- Казактын улы жениси болар еди.
Колаймын!
Нурбакыт байрахмет улы
ela128@mail.ru
Мен де қолдаймын. Ашық хатқа қол қойды деп біліңіздер. Амангелді Құрметұлы. babyr79@mail.ru
Қытайдағы саяси тұтқын, күрескер жазушы Қажығұмар Шабданұлын туған жері Қазақстанға қайтару жөніндегі ашық хатты толық қолдай отырып, ол кісіге ерекше мәртебе беру және сол арқылы оған өмірлік зейнетақы тағайындау мен жайлы пәтер беру мәселесін шешу керек деген ойымды жария етемін. Сонымен қатар Қарағанды облысының Қаражал елді мекеніндегі лагерде отырған күрескер ақын Арон Атабектің бас бостандығынан айыру жазасын шартты түрде өтеу түріне ауыстыру мәселесін көп болып қолға алуымыз керек деп білемін. Екі күрескер қаламгердің бірі - Қытайдағы үйқамақта, екіншісі - Қазақстанның қатал режиміндегі лагерінде зардап шегуіне немқұрайдылықпен қарау - елдігімізге сын!
Арман Қани,armanqani@rambler.ru
ақын, Павлодар қаласы.
Қажығұмар Шабданұлын отанға оралту үшін жасалып жатқан бұл игі шараны Астана қаласындағы тіркелмеген "Алаш" Жастар қоғамдық қозғалысының барлық жетекшілері мен мүшелері қолдайды.
Және Арман Қани мырза көтеріп отырған "Қарағанды облысының Қаражал елді мекеніндегі лагерде отырған күрескер ақын Арон Атабектің бас бостандығынан айыру жазасын шартты түрде өтеу түріне ауыстыру мәселесін" де қолдаймыз және соңына дейін табан тіреп тұрамыз!
Ұларбек Байтайлақ. oraltai-kokterek@mail.ru
Олжас Сандыбек. oljas1984@mail.ru
Серік Жолдасбай. altyalash@mail.ru
Ербол Алшынбай. alshynbai-86@mail.ru
Саян Есжан. sayan.daryn@mail.ru
Айық Достық. aimirasdos@mail.ru
Еркін Исақан. erkin_alash@mail.ru
Әрін. aren2112@mail.ru
Және 30 дан астам мүшелер қысқы демалысқа кетуіне байланысты олардың электронды пошталарын білмедік. Ұлт үшін жасалып жатқан барлық күрестердің бел ортасында жүруге, Ұлтқа қарсы жасалып жатқан кез келген кедергімен күресуге дайынбыз!!!
Пікір алынып тасталды!
Пікір алынып тасталды!
5. 2010 жылғы ҚР әдебиет және өнер саласы бойынша сыйлықты Қажығұмар Шабданұлының «Қылмыс» романына беру жөнінде мемлекеттік комиссия шешім қабылдау тиіс.
Осында "мемлекеттік" деген сөзді қосып жазуды ұмытып кеткен жоқсындар ма
Толығымен қолдаймын. "Қылмыс" романыны елордамыз Астананың қай дүкендерінде сатылады екен. asylkhan_t@mail.ru
Серік ЖҰМАБАЕВ
Жолауды қолдағанда, қиыр қыстап, шетте шерменде жүрген ҚАЗАҚТЫ қолдамасақ елдігімізге сын!
Пікір қосу