ДЕДI ҚАЖЫҒҰМАР ШАБДАНҰЛЫНЫҢ «ҚЫЛМЫС» РОМАНЫН ҚР МЕМЛЕКЕТТIК СЫЙЛЫҒЫНА ҰСЫНҒАН ЗИЯЛЫЛАР
Кеше Алматыдағы Ұлттық баспасөз клубында арнайы мәжiлiс өттi. Мәдениет саясаты және өнертану институтының директоры Ерлан Сайыров мырза «осы институттың, «Тағлым» интеллектуалды-мәдениеттану клубының, бұдан өзге тағы да бiрсыпыра мәдениет және өнер қайраткерлерiнiң ұйғаруымен Қытайдағы қандасымыз, көрнектi жазушы Қажығұмар Шабданұлының 6 томдық «Қылмыс» романын әдебиет жөнiндегi ҚР Мемлекеттiк сыйлығына ұсынғанын» мәлiмдедi. Ерлан Сайыровтың ұсынысын осы мәжiлiске қатысқан қазақ оқығандары мен зиялылары түгел бiр ауыздан қолдады. Сонымен бiрге өз пiкiрлерiн де ортаға салды. Ендi осы пiкiрлердiң бiразын ықшамдап, оқырман назарына ұсына кеткендi жөн көрдiк.
Қабдеш ЖҰМАДIЛОВ:
- Қажығұмар Шабданұлының 6 томдық «Қылмыс» романы Қазақстан Жазушылар одағының проза кеңесiнде өтпей қалды. Яки, тиiстi дауысты жинай алмай, ҚР Мемлекеттiк сыйлығына ұсынылмай қалды. Содан жаным тынбай «Жас Алаш» газетiне, одан кейiн Ерлан Сайыров iнiме барып өз ұсынысымды айттым. Азаматтарға рахмет, «Жас Алаш» газетi осыдан екi күн бұрын Қажығұмардың романын Мемлекеттiк сыйлыққа ұсыныпты. Ерлан мырза да, мiне, өзi бас болып, Қажығұмардың романын Мемлекеттiк сыйлыққа ұсынды. Бұл үшiн бәрiңiзге алғыс айтамын. Қажығұмардың романы - Мемлекеттiк сыйлыққа әбден лайықты шығарма. Жақында ғана «Жас Алаш» газетiнiң тiлшiсi Ерiк Рахым Шәуешекке барып, Қажығұмарға жолығып қайтты. Жағдайы қиын екен. Науқас. Оның үстiне зейнетақы алмайтын көрiнедi. Қажығұмар да бейнетiнiң зейнетiн көруi керек шығар.
Оразбек СӘРСЕНБАЙ:
- Қажығұмар - үлкен жазушы. Кешегi проза кеңесiнде мен хаттама жазып отырған Саятқа «Қажығұмарға дауыс бермеген жазушылардың бәрiнiң аты-жөнiн анықтап жаз!» дедiм. Неге? Кезiнде Солженицынды «жазушы емес» деп сынаған ақын-жазушыларды Солженицын ақталып, Ресейге оралғаннан кейiн «Литературная газета» олардың аты-жөндерiн аймандай етiп, газетке жариялады. «Ертеңгi күнi қарабет боп қалмайық!» деп ашық айттым мен осы кеңесте. Қажығұмар - Солженицыннан бiр де кем емес жазушы. ҚР Мемлекеттiк сыйлығын Қажығұмарға беруiмiз керек. Бұл - бәрiмiзге, қала бердi елдiгiмiзге сын.
Ұлықбек ЕСДӘУЛЕТ:
- Кезiнде Қажығұмардың Үрiмшiде жарық көрген «Қылмыс» романының алғашқы екi томына Қазақстан Жазушылар одағы өзiнiң Халықаралық «Алаш» сыйлығын берген-дi. Сол жылы менiң өзiм де, осында отырған Әмiрхан Меңдеке бар, бәрiмiз «Алаш» сыйлығын осы Қажығұмармен бiрге алған болатынбыз. Сондықтан Қазақстан Жазушылар одағы Қажығұмардың «Қылмыс» романын Мемлекеттiк сыйлыққа ұсынады деп сенiммен айта аламын. Бұл мәселе Жазушылар одағының секретариатында әлi қаралады, талқыланады. Қажығұмардың 40 жыл түрмеде отырғаны аз болғандай, ол әлi Шәуешекте мырзақамақта (үйқамақта) отыр. Қажығұмар сияқты жазушылар - бiздiң ар-ұятымыз. Ал ендi ар-ұятымызды түрмеге отырғызып, өзiмiз қалай қол қусырып қарап отыра бермекпiз?!
Айдос САРЫМ:
- Бiз - бөлiнiп кеткен халықпыз. Бiрiмiз - Қытайда, ендi бiразымыз - Ресейде, Моңғолияда. Ал Қажығұмар Шабданұлына ҚР Мемлекеттiк сыйлығын берiп жатсақ, бұл - күллi қазақтың басын ұйыстыратын фактордың бiрiне айналмақ. Естерiңiзде шығар, Солженицын ақталып, Ресейге оралғанда сонау Владивостоктан Мәскеуге пойызбен келмеп пе едi. Әр стансада орыстар Солженицынды қабылдап, жиындар өткiздi. Солженицынның елге оралуын орыс зиялылары орыстарды бiрiктiретiн, ұйыстыратын iс-шараға айналдыра бiлдi. Бiз де сөйте бiлуiмiз керек. Түрмеде өз романын темекiнiң қорабына, қол сүртетiн қағаздың қиындысына жазған, азаттықты аңсаған абзал жүректi жазушыға бiз де ҚР Мемлекеттiк сыйлығын беруiмiз керек. Сонда Қытай жағы да ойланатын болады. Қазақтар төбесiне көтерген тұлғаны өз түрмелерiнде отырғыза алмайтын болады. Бостандыққа шығаратын болады. Бұл шараның саяси астары да бар. Бәрiмiз осы ұсынысты қолдайық, қуаттайық!
Ерлан САЙЫРОВ:
- Бiз қазiр мынадай тест өткiзбекшiмiз. Жазушылар одағының 700 мүшесiне «Сiз Қажығұмардың «Қылмыс» романын Мемлекеттiк сыйлыққа ұсынуды қолдайсыз ба?» деп сауал қоймақшымыз. Қолдамағандардың тiзiмiн баспасөзде жарияламақпыз. Ұялту үшiн. Бұл - әдеби шара ғана емес, елдiк мәселе. Соны түсiнуiмiз керек!
Рысбек СӘРСЕНБАЙ:
- «Жас Алаш» газетi осыдан екi күн бұрын арнайы жиналыс өткiзiп, Қажығұмардың 6 томдық «Қылмыс» романын Мемлекеттiк сыйлыққа ұсынды. «Жас Алаш» Қажығұмардың тағдырына қатысты, оны атажұртқа алып келiп, елмен қауыштыру жөнiнде көптеген бастамалар көтергенi өздерiңiзге де мәлiм. Осы ретте ендi бiр ұсыныс айтқалы отырмын. Биылғы жылы әдебиет бойынша Мемлекеттiк сыйлыққа ұсынылған жазушыларға мәрттiк жасап, осы сыйлықтан бас тартуын сұрар едiм. Қажығұмардың пайдасына. Теперiштi көп көрген қайтпас, ғажап жазушы Шәбденұлының жолын ашатын да, жабатын да өзiмiздiң жазушылар. Елдiгiмiздi, бiздiң де ел екендiгiмiздi осындайда көрсетпегенде, қай кезде көрсетемiз?!
Қабдеш ЖҰМАДIЛОВ:
- Сол жазушыларыңның өзi алдымен кедергi болып жүрмесе деңiз. Бұл ретте мен жазушыларға да, Жазушылар одағына да сенбеймiн.
Әмiрхан МЕҢДЕКЕ:
- «Қылмыс» романы - өте бағалы роман. Бұл романда қазақ халқының бiр ғасырға жуық бодандық өмiрi бүкпесiз, жан-жақты ашылған. Отаршылдар үшiн бодан халықтың бүкiл тiрлiгi - қылмыс екен. Тiптi сенiң қалқайып тiрi жүргенiңнiң өзi - олар үшiн қылмыс екен. Мiне, осылайша бодандықтың, отансыздықтың қасiретiн айтып, тәуелсiздiктiң, еркiндiктiң қадiрiн асқақтататын мұндай романға Мемлекеттiк сыйлықтың берiлгенi жөн.
Сұлтанәлi БАЛҒАБАЕВ:
- 6 томдық «Қылмыс» романын кiм жарыққа шығарды? Дүниежүзiлiк қазақтар қауымдастығы. Ендеше, Дүниежүзiлiк қазақтар қауымдастығы да мұндай iс-шарадан тыс қала алмайды. Бiз де Қажығұмарды қолдаймыз!
Ә.Нұртайұлы
«Жас Алаш» газеті №08 (15466) 28 қаңтар, бейсенбі 2010 жыл





Қазақты қазақ бауыр демесе, қаптаған қалың қытайды қалай ұялтамыз. Бұл елдігімізге сын, Мемлекеттік сыйлықты ойланбай беретін соны туынды...
Ербол
негізі рас...
Аха...Алихан
45 жылғы өмірін түрмеде өткізген, тар қапаста 6 томдық романның 4 томын жазған Қажығұмар Шабданұлы атамызды елге алып, мемлекеттік сыйлықты беру керек. Қабдеш Жұмаділов ағамызға басымды иіп, алғысымды білдіремін. Көзі тірісінде сыйлап, қадірін білмей, ертең өлгеннен кейін Мұқағали сияқты өкініп қалып жүрмейік.
Қайыспас ер, арлы азамат, арқалы ақын-жазушы Қажекеңе Мемлекеттік сыйлықты бермегенде кімге береміз?! Енді Ағамыздың саулығы мен комиссияның бірауыздылығын тілейік.
Бақытжан Тобаяқ
дурыс ак!кым корынгеннын тукке алгысыз енбектерыне алып жаткан сыйлыкты Кажыгумар Шабдан улынан аяймызба!
Қажығұмар Шабданұлын Қазақстанға оралту жөнінде біздегі Президент пен Үкімет және сыртқы істер министрі 10 жыл бойы айналысып келе жатқанмен, ештеңе шығара алмады ғой. БҰҰ-ның да, АҚШ-тың да айтқанын құлаққа ілмейтін Қытай Қазақстанды неғылсын. Қазақ дипломатиясы әлі жас болғандықтан, Қытайдың мыңдаған жылдардан бері қалыптасқан әккі дипоматиясына әлі келмей жатыр. Шекара бөлгенде (делимитация), даулы аймақтардан Қытайға бірталай жер бердік. Халықаралық инвестиция тарту тендерлерінде, Қытайға игеруге көмірсутегі шикізаты кен орындарымызды бердік. Мұнай мен газ құбырымызды Қытайға қарай ағатын етіп бұрып бердік.
Осының бәрі Қытайдағы бір қарттың бағасына тұратын шығар. Қытайларға соншама экономикалық және саяси артықшылықтар жасап бергенде де, 10 жыл бойына шешілмейтін неғылған мәселе өзі бұл.
Жалпы Қытайдағы Қазақтардың мүддесін қорғауда батылырақ, шешімдірек болу керек қой.
Кішкене халыққа үлкен намыс қажет
Қажекеңе мемлекеттік сыйлық түгілі, "Халық Қаһарманы" атағын берсе де көптік етпейді. Басты мәселе Ұлы Жазушының елге оралуы.
Укиметте отырган кара орыстарга бэдин Кажыгумырымыз керек емес.
Сол Өкіметте отырған өзің айтпақшы қара орыстардың бетін бері қайтару үшін осындай акциялар көп болуы керек. Олар өкіметтен кетпеу үшін барлығын істейді. Сондықтан өзіміздің азуымызды көрсетіп, әсер ете беру керек
Атаны қолдамағандардың тізімін қатты оқығым кеп тұр...Тезірек басылымдарда жарияланса ғой.
«Жегенде аузыңа кіргенге, сөйлегенде аузыңнан шыққанға абай бол!».
сонымен не болды? Шабданұлына сыйлықты беретін болдық па, жоқ па? Бұл мәселені сағыз ғып созуға болмайды. Барлық қолдау білдіргендерге рақымет!! нағыз азаматтық осныдай жерде. Н.Шоқай
Бүл Қазақтің елдык маселесы! Быз ренделыкке бой бермей Қаяақ мемылекеты барша қазаққа қамқор екенын таныту керек!
"қылмыс" романы арқылы өз жерінде отырсада отырса опақ,тұрса сопақ болған ,өзге ұлттың,алпауыттардың билеуінде болудың қасыретін сезесің!сол арқылы бүгінгі тәуклсіз қазақстан мемлекетінде жасап жатқаныңа тауба дейсің!бұл кітап жас ұрпақтарға отанның қадырын,елдік егемендіктің қадырын білдіртер еді!бұл кітап "әлемшіл""космос" деңгейінде ойлайтын ұлтсыздарға ой салар еді!Қажығұмар Шбдан ұлына мемлекеттік сыйлық беру ол қазақ мемлекетіне аброй!!!!ол ар қазағына ие бола алатыг,қорғай алатын,қолдай алатын нағыз тәуелсіз ел болғанын әигілер еді!!!
Серік Мұратхан ұлы
Шабдан ұлы қытайдың қылмысын жазам деп қылмысты боп отыр.Алаш қамын ойлаған алып жүректі ағалар басы саясаттың сан тепкісіне ұшырамаса екен.
Осы романды сіздердің сайттарыңызда жариялауға болмас па екен? "Жазмышты" да көшіріп алатындар мүмкіндік болса жақсы болар еді.
мен сол романды окыган едім кытайда жургенде,ерекше кітап асресе біз жастар ұшын себебы сондагы оқига желісі қазақты бөліп бір -бірне айдап салған үстемшіл топпен ,қазақтын басы біркпеген алауыздығның өкінішынң айнасы, әттен! ерім дейтын ел болмаса, елім дейтын ер қайдан болсын! жүрмыз гой өз жерінде огейдын күнын кешып, нұрболат
Қабдеш Жұмаділов ағамызды сенимнен айырған Жазушылар одагына, кім сенім артар екен... Қырық пышақ болган қайран дүние-ай десеңші...
Пікір қосу