Осы жұмада, қаңтардың 29-ы күні, Президент Назарбаев халыққа кезекті Жолдауын жасайды. Жыл сайын бір рет болатын дәстүрлі Жолдау биыл «дәстүрден» тыс өтетін сыңайлы. Елбасы Жолдауы әдетте қыс мезгілі аяқталып қалған тұста, үкімет пен әкімқаралардың ішіндегі кейбір ұсақ-түйек ауыс-түйістер біткен соң жария етілетін. Мемлекет басшысының Жолдауы сондықтан да атқарушы биліктің бір жыл көлемінде іске асыруға тиіс жұмыс жоспарын, алдағы міндеттерін айқындап беретін құжат есебінде қабылданады. Дегендей-ақ, өкімет оң қабақ танытып отыратын баспасөз біткенде іле үн қосып, жыл бойы «Елбасы жолдауында айтылғандай» деп, немесе «Жолдауға - қолдау» деп, алаулатып-жалаулатып шыға келетіні бар. Бұл да біздің елдегі айнымас дәстүрдің бір түрі. Еліміздегі БАҚ ұстанған бұл дәстүрдің жуық арада өңі өзгеріп, салты жаңара қоймасы анық.
Әйткенменде, Жолдау неге әдеттегі уақытынан бұрын жария етілмек? Жолдаудың ертерек жария етілуіне Қазақстанның ішкі ахуалындағы қандайда бір саяси оқиғалар түрткі болды ма? Әлде осы реттегі Жолдау Мәсімов үкіметінің ықтимал отставкасын аңғарта ма? Мүмкін. Өйткені Кәрім Қажымқанұлының лауазымы биік жеке қызметі түгел оның отбасына қатысты көптің ашынған үні (естеріңізге сала кетейік, кәсіпкер Қажымқан Мәсімов қаржы дағдарысын сылтау етіп үлескерлердің қалтасын үптеп кеткендердің қатарынан болып шықты) Елбасының құлағына жетпей қалуы күмәнді. Оның сыртында Мәсімов үкіметіне әлемдік қаржы дағдарысындағы Қазақстанда өмір сүру пешенесіне жазылған «Камикадзенің» сыбағалы тағдырын бастан өткеруге тура келді. Күтірлеп белі кеткен экономика саяси күштердің күрт көтеріліп, ұлттық, мемлекеттік мазмұны терең мәселелерді ашық талқылап, пікір сайыс алаңына алып шығуға ықпал туғызды. Атқарушы билікті билеген бұрыңғы-соңғы премьерлердің қоғаммен еркін диалог шеңберінде тілдесіп «премер» көрсеткені шамалы еді. Ал Мәсімовтың командасы тіпті қауқарсыз болып шықты. Мәсімов үкіметі осы күнге дейін өзінің не істеп, нендей маңызды іспен шұғылданып жүргенін бұқараға түсіндіре алған емес. Мәсімовтың өзі де уәдесінде тұра алмайтындығын бір ғана ісімен аймаңдай етті. Ол үкімет басшылығына тағайындалған кезінде мемлекеттік тілде қысылмай сөйлеп кететіндігіне сендірген. Алайда, міне, үш жылдан асты бірер сөздің басын ілдеалдалап қосқаны болмаса, Мәсімовтың қазақша майын тамыза сөйлегенін құлағымыз ести қойған жоқ. Қазақстанда тіл мәселесі дәл осы Мәсімов үкіметінің тұсында «қатынас құралы» деген құрғақ түсініктен тереңде екендігін паш етті. Себебі, Мәсімов сияқты Мемлекеттің тілін білмейтін тұлға мемлекет ісін еш басқара алмайды екен. Ел ісін еңсесі түспей көтеруге тиіс Мәсімовтың әлгіндей әрекетсіздігінің қатарына "Қытайдан алған 13 млрд доллар несиенің өтемі ретінде қазақтың 1 млн га жері қытай дихандарына жалға беріледі екен" деген әңігмеге зиялы қауым мен жастардың толқып басылғанын қосыңыз...
Елбасының Жолдауды ертерек жасауына және бір үлкен себеп: іргетасын билік «бекіткен» «Қазақстан халқы» доктринасына балама ретінде ұлт патриоттары ұсынған Тұжырымдаманың мемлекетті құрушы ұлтқа және осы ұлттың айналасында ұйыған ұлыстарға ұнамды һәм түсінікті болуында жатыр ма деген ойдамыз. Ақ Орданың дәлізін кешіп жүргендер «қиқы-жиқы» деп келемеждейтін ұлтшылдардың «сыйқы» өзгеріп, сауатты, салмақты, сарабдал саясатқа бет бұрғаны соңғы кездері әсіресе анық байқала бастады. Бірнеше мемлекеттік бағдарламалардың авторы, халыққа ұтырын тауып ұран тастауда алдына қара салмайтын Нұрсұлтан Әбішұлы мұндай сәтте, сірәда, уақытты соза түспесе керек-ті.
Елбасымыздың бұл жолғы Жолдауында Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төраға болып сайланғанына екпін түсіре сөйлейтінін есепке қоса бергеніміз жөн.
Кедендік Одақтың елімізге пайдалы тұстары да осы жолдауда айтылып өтеріне күмәнсізбіз.
Ең бастысы Елбасы Қазақстан дағдарысты кезеңді артқа тастады деп мәлімдеуі ықтимал. Неге десеңіз, былтырғы Жолдаудың аты «Қазақстан дағдарыстан дамуға» деп аталған болатын. Өткендегі бір жиындарда Кәрім Мәсміов те «Дағдарыстан кейінгі жағдайларға дайындықты бастауымыз керек» дегенді айтып қалды. Алайда біздің елде мұндай ұлы қуанышты хабарды нөмірі бірінші тұлға, яғни Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев алдымен әйгі етуі керек! Ал, Мәсімов үкіметі қаржы дағдарысында табанды еңбек етіп, мемлекет ісіне «елеулі үлес қосқаны үшін» марапатталатын болады. Елбасы Жолдауынан тағы не күтеміз? Елбасының биылғы Жолдауында нендей мәселелердің қамтылғанын қалайсыз? Мархамат, ендгі сөз оқырманның құзырында.
«Абай-ақпарат»




Пікір алынып тасталды!
Пікір алынып тасталды!
Сайлау олатын шығар... Кешегі Нәрікбаевтың тайраңдауы бекер емес. Кәрімге қош бол айта берейік.
Марат Қабыл
Елбасының бұл Жолдауда Қазақ тіліне көңіл бөлетініне сенемін.
Ерлан АХМЕДИ
Президент осы жолы қазақ тіліне көңіл бөлетін шығар. Елдің наразылығына көзі жетті, мүмкін енді үкімет саясатын өзгертер. Үміт үлкен.
Сабырбай
Пікір алынып тасталды!
Иә, жылдағыдай емес аздап "бері қараған" жолдама болады бұл жолғысы. Сосын тіл мәселесіне баса назар аударады деп сенеміз, бүйтсе маңайындағы орысша шүлдірлеуік қосшы төлеңгіттері аздап болса да қазақша сөйлегенситін болады. Бұның өзі қазақ тіліне көп демеу болады, біраз проблемалар өзіндігінен шешілетін де болады. Елбасы мен Үкімет міндетті түрде қазақша сөйлемейінше басқаларға қазақша сөйле деу құр далбаса болады. "Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін" дегенше елбасы үкіметпен үнемі қазақша сөйлессінші, сонда көрер едік, төмендегі әкім қаралардың басқа тілде маңырауын. Басқа түссе баспақшыл дейді емес пе атам қазақ, Елбасы кілең қазақша сөйлесе кез келген орекеңнің өзі таза қазақша сайрар еді...
Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуге төрт Т ұранымен барғанын жақсы білеміз. Енді Елбасы сол төрт Т ұранын осы Жолдауына да енгізіп, "мен өз халқыма, жастарыма сенемін (Trust), қазақ халқының ежелгі ел басқару дәстүрін (Traditions) жаңғыртамын. Ол үшін билік жүргізетін саясатта ашықтық (Transparency) болуы керек,төзімділікті (Tolerance) тек қазақ халқынан ғана талап ете беру артық" десе қатып кетер еді.
Байғазы
Байғазы, баламысың деген. Әй, айналайын-ау сол Т-ың төртеу емес, 99 болса да, қазаққа келіп-кетер пайдасы болар ма екен? Ал айтты, ал қатып кетті. Бір нәрсе өзгере ме екен? Мемлекеттік, Ұлттық идеологияны өзгертпей, айтылған сөз айтылған жерінде қала беретінін неге түсінбейсіңдер... Сен айтып отырғандар ол кісінің қолынан келмейді. "Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада" дегендей, ол кісінің көңілі басқа жақта. Аузынан Ұлтым деген бір сөз шығып көрді ме?
Нағашыбай Есмырзаев
Мәсімов 2007 жылы 8-қаңтарда үкімет басшылығына тағайындалған болатын. Табаны күректей үш жыл отырыпты үкімет басында. Иә, енді оны жіберу керек.
Сұлтанмұрат
Жолдаудан ештеңе күтіп қажеті жоқ. Жылдағы кезекті жолдаудың бірі болып қалады. Осы жолғы жолдау қазаққа емес әлемдік мәселелерге арналады. Шындығын айтқанда қазақ тілі мен ұлтына жаны ашитындарға ұнамайтыны айдан анық. Биліктен үміт күтуді қоятын кез келді ғой бауырларым. Әлі де үміттенесіңдер. Ендігі оянатын уақыт болды ғой.
Пікір алынып тасталды!
Шыныда да бұған дейінгі жолдаулар жолдау күйінде қалып келеді. Ештеңе өзгермейді. "Еңселі елу елдің қатарына ену", "отандық өнімді қолдау", "қауіпсіздікті нығайту", "алдымен экономика сосын саясат" деген ұрандар айтылды ма, айтылды. Депутаттар орындарынан тұрып /өмірі жаттығу жасамайтын еді, денелері қозғалып жақсы болып қалған шығар сол кезде/ қол соқты ма, соқты. Халық теледидардан көріп, газеттен оқыды ма оқып- көрді. Болды осымен қала береді. Ештеңе өзгермейді.
Пікір алынып тасталды!
Пікір алынып тасталды!
Расында Президенттің биылғы жолдауды ерте жасауына жоғарыда "Абай ақпарат" жазғаннан өзге қандай себептер бар екен? Меніңше, Елбасы елдің еңсесін езген дағдарыс дегеннен халықты серпілтетін, тым бері дегенде кеуілін көтеретін бір ұранды сөздер айтатын сияқты. Себебі халық қазір іштен тынып мүжіліп жүр. Жолдаудың ертерек жария етілуіне ең басты себеп осы.
Елсерік
Кәрім Мәсімов үш жыл билік басында отырды, нәтижесі шамалы, халықтың көңілі жабырқаулы. Өтірік ыржиғаннан басқа бітіргені жоқ. Өзіміздің қазақ жігіттерінің арасында қазақша-орысша сайрап тұрған білімді, білікті азаматтар баршылық, енді жылы орынды соларға берсе нұр үстіне нұр болар еді.
Елбасы жодауынан не күтеміз? Көп-көп, құлақта салақтаған лапша күтеміз, басқа не күтуші едік!?
Б.Е.С.
Лапша, лақпашы, а? Осылай қыртып сөйлейтіндерді суханым сүймейді. Елбасының осы жолғы Жолдауы керемет болады! Көрде тұр.
Намысшыл
Жолдау калай болсада ештене озгермейтини белгили.бирак калай болгандада бул жолы президент тил маелелесине токталмай кетпейди,казак титин колдаган кейип корсетуы мумкин.уйткени сонгы кездери тил озекти маселеге айналды,соны пайдаланып халыктын ауанын озине тартар балким.типти бизгерезиденттын кор уадесынын ози куаныш силайтынына сенымдимин.
Ашық болсын,алашымның аспаны!
Аres бауырым, "қазақ тілін қолдаған кейіп көрсетуі мүмкін" деген пікіріңе қосыламын. Бірақ, содан кейінгі жолдарда не жазғаныңды түсінбедім. Өзің жазған пікірді өзің бір рет оқи салшы. Көп уақытың кетпесе, сірә...
Мен Жолдауда Елбасы "Қазақтар, қатесіз жазып үйреніңдер!" дегенін қалаймын.
Жанашыр
Пікір алынып тасталды!
Президент Жолдау жолдап жүргенде қазакем байғұс бақа-шаян теріп күндерін әрең көріп жүр. Бұл сөзді тура мағынада айтып отырмын. Шығыс Қазақстанның Күршім деген ауданында халық суда балық жоқ деп шулап жатыр (төркінім сол жақта). Ол қайда кетті дейсіздер ғой. Осыдан 4-5 жыл бұрын орыстар әдейілеп суға шаян таратып жіберген. Сол енді көбейіп, суды шаян басып кетті. Ол құрғырлар балықтың икрасын жеп қояды екен. Содан балық қайдан шықсын. Бір аудан түгелімен шаян сатып нандарын әрең тауып отыр. Сондықтан, сол Жолдауынан не пайда? Былтырғы айтқанында мұғалімдер мен медиктердің жалақысын 2010 жылдың 1-қаңтарынан бастап өсіремін деген жоқ па? Қане, өсіргені? Мәсімов: ақша жоқ, қалтамда болса, "мә" деп бере салатын едім деп көкіді емес пе?! Осындай мемлекетте өмір сүріп жатырмыз, ағалар. Жоғарыдағы бір ғана мысал. Тіліміз тауға өрлемей жүргені анау... Арамызда "қара орыстар" жүргенде оңбаймыз біз. Қара орыстардың тамырына балта шаппай, аққұлақтармен күресеміз келіп. Өткенде бір мемлекеттік мекемеге арыз жазып апарсам, неге орысша жазбайсың дейді маған бір қазақ жігіт. Ойбай-ау, Қазақстанда тұрып жатқан жоқпыз ба, орысстанда емес дедім. Несін айтасыз, айта берсек сөз көп. Іспен бітірмегеннен кейін "ауызбен орақ орамыз өңкей мылжың".
Шығыс Қызы
Шығыс қызы, өте дұрыс айтасың. Қарғам-ай, қайтеміз... бұларға еш амал болмай тұр ғой.
Алыстағы бауырың
Президент жасасын!
Елімен бірге болған, елінің арман тілегі үшін жанын шүберекке түйген билеушімен ел де әманда бірге болады!
Пікір алынып тасталды!Пікір алынып тасталды!Пікір алынып тасталды!Пікір алынып тасталды!Пікір алынып тасталды!
Алаңдамаңдар, көпірме жолдау алынып тасталды дейтін күнде туар!
Айтқыш екеннен оқыдым
Біз жолдаудан кейінгі жолдауға асығатын елміз. Хахахаха. Расында осы жолғы Жолдау керемет болады деп елеңдеп отырамызда сосын таз кепешімізді киіп алып келесі Жолдауды асыға күтіп отырамыз. Күтейік, Елбасымыз енді не айтар екен?..
Төзім
Жолдаудан не күтеміз? Әрине, тұрмысымыздың жақсарғанын, елдің, әсіресе қазақтың еңесінің көтерілгенін күтеміз. Осы жиырма жыл басқаруда неге жеттік, неден ұтылдық, қалай олқылықтарды жоюға болады және с.с. сауалдардың нақты жауабын, жасалатын істі күтеміз.
Бұлардың бәрі жоқ болса, 2030-ға дейін, тағы 20 жыл күтуге тура келеді.
Жолдау тағы да алдыңғы жылдардағыдай басында бірнеше сөйлем қазақша , ал
қалғанының бәрі орысша болатын шығар.Егер солай болып жатса,
теледидарды өшіріп тастап, өзімнің басқа жұмыстарыммен айналысамын.
"Арна-медиа" холдингі отырған жерінен кішкене қозғалыңқарап жұмыс
істесе ,телекөрерменге екі тілде сигнал жеткізудің техникалық қиындығы
жоқ. Сонда Президентіміз тек мемлекеттік тілде сөйлеп,синхрон
аудармасын орысша жасауға болар еді. Телекөрермен теледидар пульті
арқылы өзіне керек тілді таңдап,Президент жолдауын өз қалаған тілінде
көреді.
Қазақша сөйлеиді деп армандамаң.қашан көрдіңдер елбасының қазақша сөйлегенін түгел.
Дегенмен, қазіргі кезде елбасынын улт зиялылары уран тастап, дурліккенінде ун катпай калып, артынша сал де де болса санасуы бул жолгы кезектен тыс жолдауга асер етуі мумкін. Асер еткен кунде де Нурекен жолдауын ЕЫҚҰ былай койып, ұлттық мүдде, қазақ руханиятына, сонымен қоса жылдағы сал косылатын жалакы молшерін жолдауг желеу етеді. Дегенмен, мактауды жаны суйетін Нуреке ЕЫҚҰна торага болганды біраз мактп, мактанып тілге тиек кылады, агайын.
алдагы пікірдін жалгасы: Бір өкініштісі, Нұрлы ата басын қазақша бастап, ортасынан орысшаға ойысуы бұл сүйегіне сіңген әдет ретінде тағы қайталайды. Солай, ағайын... Бастысы, жолдау қазақтың жақсы жағлайға жетуіне септігін тигізетін істерге толы болсын....
Жолдауда :2015-жылға дейін, 2020,2030 жылға дейін сияқты уәделер азырақ болса. Оның орнына жолдау жыл саын болатындықтан 2010 жылы шешілетін мәселелер :
1.
2.
3.
4.
..... сияқты болса, жолдау көңілден шығатын еді.
Пікір алынып тасталды!
Маған ОБСЕ, МОБСЕ нің қажеті шамалы. Әне, Литва ма қайсысы болды төраға, кім көрді олардың алтынға оранғандарын? Біздің ел болса да, мақтанбай,жария қылмай болса екен.Теледидарды қосып қалсаң, не 01, не Саудабай -біз биыл ОБСЕнің төрағасы боламыз -деп қайталауын көріп жатамыз. Құлақ шаршады,қайталай берсе әкеңді де жақтырмассың!
Үкімет басшылығына, министрліктерге өндіріс, өнеркәсіп саласынан тәжірибесі мол қазақтың орта буын азаматтарын тартатын кез келді. Олар Одақ кезінде алған еңбек тәжірибесін жастарға беріп кетер еді. Олардан билік қорқатындай, қызғанатындай еш қауіп болмауы керек.
Президент жолдауында басын қазақша бастап, жартысын орысша жалғастыруы заңдылық,әзірге!!! Себебін өткенде өзі айтты. Ал енді үкімет отырыстарында, күйеу балдарымен тек қазақша сөйлеуі керек. Сонда, министрліктердегі, әкімдіктердегілердің бір жылда қаақша сайрамағанын көрейін.
Бір қызығы, біздің елде президент айтпаса, еш қозғалыс болмайды. Ол дұрыс емес! Мысалы,қысқы спорт түрлерінен қазақ спортшыларын әзірлеу үшін міндетті түрде президент қазаргі спорт министріне тапсырма беру керек пе? Екі ұрты салбырап, қою қара мұртын едірейтіп не бітіріп отыр.Басқаңды қайдам, ертеңдері Алматыда,Астанада болатын Азиялық қысқы олимпиаданы қазірден бастап ұялып күтудемін. Ертеңдері шаштары сары,көздері көктер ашылу салтанатында шұбырып шыққанда көрерсің.
Сол секілді, азық-түлік, күнделікті керек-жарақтарды шығаруға да президент әкімдерге, министрлерге теледидар алдында тапсырма берілуі керек пе?
Және,біздің ел біреудің жеке шарбағы емес. Билік айналасында, жарқын бейнелер болуы керек. Ол министр бола ма, әкім бола ма, ертеңдері ел басқарып кететіндей тұлғалар болуы керек. Бәсекелестік керек, таңдау жүйесін қалыптастыру керек.Өкінішке орай, біздің елде тек бір адамда абырой бар. Бұл өте дұрыс емес. Халықтан шығатын асыл тұлғаларды жасанды түрде тежеуге болмайды!!! Бұдан біздің ел алға жылжымайды.
Пікір алынып тасталды!
Әләуләйім бітсе трәлуләйім бар, трәлуләйім бітсе халауләйім бар деген осыдан шыққан ғой..
Жылда жылда әләуләй мен трәлуләй баяғы..
Сенат және Мәжіліс депутаттары Жолдауды ду қол шапалақтап қарсы алатынына толық сенемін!
73 жастағы Татарстанның президенті Минтемир Шаймиев өз еркімен отставкаға кетіп жатыр.Бізге де ойлану керек сияқты....
Шаймиев кетіп жатқан жоқ, оны кетіріп жатыр!
" Тұжырымдама " қазір қазақтың алдында тұрған ең көкейкесті мәселе.Сол туралы ашып айтса.
Кедендік Одақ та бізге ұтымды болмады. Жолдау тек қазақ тілінде болса.
Кім біледі? Біздің елбасы қай жылы туған?
Бұл жолдауда да өткен жылдардағыдай жолдауды қайталау. Қарапайым сөзбен айтқанда, бұл жолдау - "бос сөз". Тыңдап та қажеті жоқ. Үкімет ешқандай түйінге келген жоқ.
Ел басында биыл жазда 70 жылдық мерей той!
Кедендік, экономикалық одақтар болашақта саяси одаққа апарып, қайтадан Совет одағы құрыла ма деген қауіп бар.
Бұл туралы Жолдауда сөз бола ма екен?
Пікір қосу