Фарер аралдары.... | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Достық, қастық, бар қызық – жүрек ісі,
Ар, ұяттың бір ақыл күзетшісі.
Ар мен ұят сенбесе – өзге қылық,
Арын, алқын – бұл күннің мәртебесі

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
Астананың бір минуттық шығыны - 600 мың теңгені құрайды
Айтқыш екен
Обал болды көзге де, құлаққа да,--
Сеніп елге бермейсің сыр ақтара.
Қарайтының күдіз-түн бір-ақ канал,
Көретінің бір кісі, бір-ақ қала.

А. Мұқабай, асаба

Загрузка

Фарер аралдары....

Жәрдемші


Фарер аралдары.... Табиғаты тамылжыған аралдар тобын Атлант мұхитының солтүстік тұсынан, Исландия мен Шотландияның тура ортасындағы су айдынынан табасыз. Алайда, осы арал тұрғындарының арасындағы мына дәстүрді көрсеңіз, «ендігәрі бұл жерге аттап баспаспын» деп ант-су ішерсіз. Неге десеңіз, жыл сайын осы Фарер аралдарында сүп-сүйкімді дельфиндерді қырғынға ұшыратады. Адамға үйір, ақылды, Калдерон тұқымдас дельфиндерді алдап жағаға жақындатып алып, сауырынан қанжар бойлатып, ішек-қарнын ақтарады. Осылайша, бозбала біткен балиғат жасына жеткенін атап өтетін көрінеді. Дәстүр дәстүрімен-ау, ал аралдар - өзін өркениетті ел санайтын Дания корольдігінің отары. Осылай бола тұра, жүрек айнытар жауыздықты тыюға ешкім құлықты да емес. Әншейінде хайуанаттар бағындағы хамелеонның өліміне бола, мың адам жинап, митинг өткізетін «Гринпис» қайда қарап отыр екен,а?

 

Orken&G


 




Адамнын айуанға айналғаны осы да... Ашыққан адам да мұндай айуандыққа бара қоймас. Аллам, өзiң кешiре гөр...



адам ашықпасын деңіз....
Моти



Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар. Бұлар сонда не көздейді екен? Ми - Жаратқан тарту еткен теңдесіз биокомпьютер. Оған не деп бұйрық берсең, соны орындайды. Демек, дельфинді өлтірген "адамнан" қаныпезерліктің не бір түрін күтуге болады.



журекти ауыртады екен, делфиннен баскасын тандаса кайтер еди



сіздің пікіріңізше сонда "баскасы" деген не болды екен?
Моти



аталарымыз аңшы болған.олардан маған қалған өсиет-ермек үшін аң атпа.әрине олардың өсиетін балама ,інілеріме жеткіздім. ас табу үшін атсаң ат,мазаласа қасқыр ат.бірақ ермек үшін ешқашан. қазір оптикалық қару асынғандарға аңшылық құруға қазақстанда рұсат бермеу керек. ол қаніпезерлік ермек деп ойлаймын.ондай қарумен ептілік немесе аса дайындық қажет емес.қанішерлік.егер мына суреттегі жануарларды ас үшін ауласа,мүмкін рұхсат шығар.



сонда әлгі делфинді
жей ме?

мына қазақтардың дельфиндерді аяап жазған коменттерін оқып, КВН-нің бір қалжыңы есіме түсті: екі қазақ орыстарға Қазақияны таныстырып тұр:
- бізде киелі жануарлар бар. оларды жеуге, өлтіруге, аулауға болмайды. қалғанының бәрін жейміз - дейді Қылжақбас - киелі жануарлар: кит, кенгуру және т.бірдеңе ))))))

сол сияқты бізде жоқ болғаннан соң типа аяп тұрсыңдар ғой))))



иәә естімеген елде коп дегендей мынандай дәстурді алгаш естіп коріп отырмын.
расыменде бір караганда коркынышты корінгенімен олардын сонау ата-бабасынан калган салттары болганнан кейін, одан аттап ешкайда кетпейді.
сонгы конак айткандай бізде дельфин және мұндай салт жоқ болғаннан кейінде аяушылық сезімі туып отырган сыңайлы
ал екеуіде (салт пен дельфин) бар болса бізде соны жасар едік )))
Моти



Иә көрсін біздің батысшыл мәдениет құмарларымыз.Батыс мәдениетін өз ата-баба мәдениетінен жоғары санайтындарға жақсы фото.



Дания - есірген ел. 1910 жылы 8-наурызда Данияның астанасы Копенгагенде тыр жалаңаш *Бейәдеп сөз жазбаңыз!*лер, лесбиянкалар өз құқықтарын жоқтап көшеге шыққан. Оны коммунистер қолдап, ақыры осы күн - Халықаралық әйелдер күні болды. Мқхаммед пайғампарды мазақтаған да - даниялықтар. Бір жынысытлар некесін алғаш заңдастырған елдердің бірі де -Дания.



Бізге адам құқықтары туралы әңгіме айтқысы келетіндерге, біздің Құрбан айтымызда құрбанға шалатын қойлардың құқығын "қорғайтындарға" көрсету керек екен мынаны...

Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
11 + 1 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Ақпан 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
-1012345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728291234

Айлық статистика

<<  >>