Байқоңыр… Брэнд | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Достық, қастық, бар қызық – жүрек ісі,
Ар, ұяттың бір ақыл күзетшісі.
Ар мен ұят сенбесе – өзге қылық,
Арын, алқын – бұл күннің мәртебесі

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
Астананың бір минуттық шығыны - 600 мың теңгені құрайды
Айтқыш екен
Обал болды көзге де, құлаққа да,--
Сеніп елге бермейсің сыр ақтара.
Қарайтының күдіз-түн бір-ақ канал,
Көретінің бір кісі, бір-ақ қала.

А. Мұқабай, асаба

Загрузка

Байқоңыр… Брэнд

Жәрдемші


Қорқыт бабаның қобызы тербеткен даланы бүгінде зымыран-құсты зеңгірге көтеретін қозғалтқыштар дауысы дүбірлетеді. Иә, тұзы көкке, суы құмға көшкен Аралдың азабы аздай, Байқоңыр ғарыш айлағы да осы аймақтағы ағайынның денсаулығына зарарын тигізіп келеді. Әйтсе де, бұл мақтаныш! Еліміздің брэнді! 6 717 шаршы шақырымды алып жатқан әлемдегі тұңғыш һәм ең үлкен ғарыш айлағы. «Байқоңырдың» АҚШ-тың Канаверал мүйісіндегі және Қытайдың Цзюцюань айлақтарымен қатар ғарышкерлерді көкке ұшыруға мүмкіндігі бар әлемдегі үшінші ғарыш айлағы екені естеріңізде болар. Үшінші емес... бірінші! Неге десеңіз, Халықаралық ғарыш стансасының орбитасы осы Байқоңырдың жердегі ендігіне сай таңдап алынған. Байқоңырдың іргетасы алған 1955 жылдың 12 қаңтарында қалана бастады, екі жылдан соң-ақ зымыран ұшыруға лайықты инфрақұрылымның барлығы дайын болды. Ал «Байқоңыр» деген атауды әлем жұртшылығы алғаш рет 1961 жылы 12 сәуірде Юрий Гагариннің ұшу сапарынан кейін естіді. Алғашқыда бұл атаудың өзі «жалған ақпарат» ретінде таратылды. Себебі, ол кезде Кеңестер Одағы АҚШ-пен қырғи қабақ қатынаста еді. Тұңғыш ғарышкердің ғарышқа сапарын тіркеу үшін оның ұшу нүктесін көрсету керек... содан да Кеңестер Одағы ұшу алаңының координатасын жасырып, әлемдік қауымдастыққа одан 300 шақырым жердегі Байқоңыр кентінің координатасын ұсынған. Одан бері.... алғашқы жер серігі, алғашқы ғарышкер, алғашқы ғарыш стансасы, айта берсе Кеңестер Одағына «ғарыштық держава» деген атақты кілегейлеп берген жеңімпаз ұшулар, жобалар осы Байқоңырда жүзеге асты.


 




Ғалымдар қанша жерден "Байқоңыр" ғарыш айлағының зияны жоқ деп жарияға жар салғанымен оның шынайы зардабын соның маңындағы аудан тұрғындары тартып отыр. Ғарышқа ұшудың әлем халқына да тигізер зияны жеткілікті болар. Өйткені табиғаттың бастапқы жаратылысындағы үйлесімділік (гармония) жоғалады.



Иә, тұзы көкке, суы құмға көшкен Аралдың азабы аздай, Байқоңыр ғарыш айлағы да осы аймақтағы ағайынның денсаулығына зарарын тигізіп келеді...

Оларға ол үшін жәрдемақы төленеді ме екен?



ангиме жок братва



Мен сіздердің пікірлеріңізге қосылам.

Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
10 + 6 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Ақпан 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
-1012345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728291234

Айлық статистика

<<  >>