Ресей түрік халықтары көсемдерінің бірі Ахмет-Зәки Уәлидиге шабуыл бастады | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Достық, қастық, бар қызық – жүрек ісі,
Ар, ұяттың бір ақыл күзетшісі.
Ар мен ұят сенбесе – өзге қылық,
Арын, алқын – бұл күннің мәртебесі

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
Астананың бір минуттық шығыны - 600 мың теңгені құрайды
Айтқыш екен
Обал болды көзге де, құлаққа да,--
Сеніп елге бермейсің сыр ақтара.
Қарайтының күдіз-түн бір-ақ канал,
Көретінің бір кісі, бір-ақ қала.

А. Мұқабай, асаба

Загрузка

Ресей түрік халықтары көсемдерінің бірі Ахмет-Зәки Уәлидиге шабуыл бастады

Жәрдемші


Ресейдегі түрік ағайындардан суыт хабарлар келіп түсуде. Башқұртстан Республикасын суверенитетінен айырып, тілі мен білім беру жүйесін жойып, басқа орыс облыстарымен біріктіріп, түбінде ұлт ретінде жоюға бет алған Ресей империясы өзінің зымиян саясатын бауырлас елдің тәуелсіздігін жариялатқан, ХХ ғасыр басындағы түрік халықтарының ұлт-азаттық қозғалысы басшыларының бірі Ахмет-Зәки Уәлидиге шабуылмен жалғастырды.

Жаңа жыл алдында Ресей Мемлекеттік Думасының депутаты, путиндік "Единая Россия" партиясының мүшесі Андрей Назаров осы елдің басшылығы мен құқық қорғау орындарына шағынып, арнайы сауал жасады. Назаров мырза өз сауалында автономиялы республиканың астанасы Уфа қаласында Уәлидидің атымен бір көшенің, бірнеше мәдениет ошақтарының аталғанын тілге тиек етіп, бұны "Ұлы Отан соғысында қаза болғандардың аруағын қорлау" деп санайтынын мәлімдеді. Оның пікірінше, А-З.Уәлиди соғыс кезінде Польша, фашистік Германия сияқты елдердің тыңшысы болыпты-мыс.

Осыған байланысты башқұрт елінің ұлтшыл күштері жапатармағай бас көтеріп отыр. Өткен жылдың соңғы күндері башқұрттың ұлтшыл ұйымдары Ресей президенті Медведев, Ресей Премьер-Министрі Путин және Ресей Думасының төрағасы Грызлов мырзалардың атына ашық хат жолдап, арнайы мәлімдеме жасады. Башқұрт жастары одағының төрағасы Ф.Мәліков пен "Көкбөрі" ұйымының басшысы А.Сәлманов қол қойған құжатта депутат Назаровтың "сауалы" жуырда барша түрік дүниесі тойлағалы отырған Уәлидидің туғанына 120 жыл толуына орай дайындалып жатқан іс-шараларды болдырмауға, республиканың мақтанышы, ұлттық көсемі саналатын тұлғаны қорлауға бағытталған "қасақана қадам" делінген. Мәлімдемеде башқұрттың ұлтшыл жастары Ресей басшыларынан ұлт көшбасшысы А-З.Уәлидиге басталған арандатуларды тоқтатуды талап етті. Олар Ресей билігі айтақтаған осындай әрекеттер жалғаса беретін болса, күллі елді көтеріп, пикеттер мен митингілерге шығып, басқа да наразылық акцияларын ұйымдастыруға баратындары, барша түрік халықтарына, әлем жұртшылығына үндеу тастайтындары туралы жайында ресми түрде ескертті.

Башқұрттың ұлтшыл жастарының үндеуіне осы елдің зиялы қауымы да үн қосты. Барыс жылының 9 қаңтар күні Уфа қаласының "Башинформ" ақпарат агенттігігің ғимаратында башқұрт құрылтайы, ғылым академиясы, жазушылар одағы, ғылыми институттарының басшылары, мәдениет қайраткерлері бас қосқан үлкен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Жиналғандар Ахмет-Зәки Уәлидидің өмір жолы мен тарихи рөлі туралы баяндамалар жасап, депутат Назаровтың дақпыртын бірауыздан "арандату" деп тапты. Дөңгелек үстелге қатысушылар да арнайы мәлімдеме қабылдады.

 

Осыған қатысты ақпараттарды Башқұрт жастары одағының http://sbmrb.com/index.php және "Көкбөрі" ұйымының http://www.kyk-byre.ru/index.php веб-сайттарынан алуға болады.


"Абай-ақпарат"

 

 


 




Уәлидидің атына Астанадан бір көшенің атын беріп, ескерткішін біз көтерелік. Қазақ жастары башқұрт бауырларымызғы қол созайық!



Бірінші Алихан Бокейханға,Мұстафа Шоқайға көшелердің атын беріп алайық.Мұстафа Шоқайдың кітабын оқыңдар Уәлиди туралы көп мағлұмат аласыңдар,Уәлидидің кім екенін білесіңдер.



Өте дұрыс Астанада барлық пантүріктердің даңғылы болу керек



Толық қосылам! Кезінде Әлекең, Ахаңдармен бірге мақсаттас, мұраттас болған, бірге қызылға қарсы, азаттық үшін бірлесе күрескен қазақтың мемлекеттілігін жасаған, оны сақтап қалған күллі Алаш зиялыларымен бірге мұз жастанып,қар шайнаған сол тұстағы ірі күрескердің осы Ахмет Зәки Уәлиди болатын. Астанадағы Ататүріктің ескерткіші сияқты, Ахмет Зәки мырзаныңда ескерткіші бой көтеруі тиіс. Ал, Әлихан Бөкейханның ескерткіші Ақорданың алдында Парламент үйіне қарап тұруы тиіс. Тарихи әділетілік, ұлт рухы, құлдықтан құтылу деген осылай басталуы тиіс!



Қосыламын, Уәлиди Тоғанға бір түгіл бірнеше көшенің атын беруге де болар еді, әнтек мұны іске асыратын билік бар ма. Бұлай істесек ана Назаров сияқты шовинистер ызадан жарылып өлер еді.



Өлсін!



Сендердің дендерің сау ма, өзі? Жәнібек пен Керейді күресінге күреп тастаған Астана Уәлиди Тоғанаға ескерткіш қойғызады деп пе едіңдер? Әй, баласыңдар ғой, баласыңдар...
Еркөкше



Ресейге не деп жауап беремиз?



Ресей империясы осы тірлігімен құриды, құрдымға кетеді. Артық қылам деп тыртқ қылады.
Қарғыс атсын сені қанішер Империя! Жасасын тәуелсіз башқұрт елі! Тарт қолыңды Тоғаннан!
Ер Төрік



біздің бйліктің санасы жетеме.



"Көмектескен не теңің-жылтырайды көтенің" дегендей, алдымен мынауың сол Ресейдің тілінен шыға алмай отырған жоқ па???....
Қалай көмек бересің??....
"Әулие болса-өзіңді жарылқа" деген....

Арыс



Әй жарайсың Арыс.



Башқұрт халқының тәуелсіз ел болуын қолдаймын.жауыздық империясының қол астында өмір сүріп жатқан түркі тұқымдас бауырластарымыздың жаппай ресей бодандығынан құтылып,дербес мемлекет болуын қолдайық ағайындар.қанымызда,жанымызда бір емеспе!шаші сары,көзі көк осы зұлымдық империясы біздің түбімізге жетеді.



башқұрттарды қолдар едім!аттең қолдың келтесі ай!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!



Башқұттар мәселені дұрыс қойып отыр. Қолдау керек рухани тұрғыдан. Әсіресе жастарын. Оларға желтоқсан төңкерісінің теориясын жіберу керек. Ал ауылдағы ағайындар Ахмет-Заки Уалидиді құметтегілерің келсе суретін үйіңнің қабырғасына іліп қойыңдар. Өзіміздің тас мүсінге зәру болып жер астында ескерусіз жатқан қаншама Көсемдеріміз бар. Алдымен соларға лайықты құрмет көрсетейік. Жайсаң Жайықтан.



өте дұрыс амал не,қәзіргі билік бұған тек өлсе ғана барады.жалпы тарихты кең оқу керек. қазақстан тарихын оқытқанда кезеңге бөліп.бірінші ежелгі ,оған ана арқайым,сақ,ғұн,тағы басқа осынау ұлы далада өмір сүрген басқада ларды жазып,сосын орта ғасыр түркілер,түркеше,тағы басқада ұйғыр бәрін қоса жазу керек.себебі олар біздін қәзіргі жерде болды.олар тарих.ана орыстарда сондай халықтар сол ресей пайда болған жерде тұрған болса ,құдай біледі,ресей тарихы мыңжыл есме ,одан әріде деп қуанар еді.



Уәлидидің атына Астанадан бір көшенің атын беріп, ескерткішін біз көтерелік. Қазақ жастары башқұрт бауырларымызғы қол созайық!
Бірінші қазақты келістіріп алайық, он жерден керемет болса да даладағы башқұртқа не емешең үзіліп қалды?



Дұрыс-ақ. Сіздерге жалпы халықтан естіген, мынадай ұсыныс! - Астанада М.Шоқай мен Зеки Валиди Тоған, Ю.Ақчура, Чулпан,Х.Атсыз сияқты т.б. ХХ-ғ І-ширегіндегі пантүркист ұлтшыл азаматтарға арналған Кешенді-монументальды Ескерткіш қояйық! Сонда Астанаға келген кез келген түркітілдес елдің азаматы тізесін бүгіп, гүл қоюға келіп тұрады. қалай? Н.Шоқайұлы



ресей ол ресей.Барлыгы бурынғыша қалсын.Мен аркашан ресейді қолдаймын

Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
9 + 1 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Ақпан 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
-1012345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728291234

Айлық статистика

<<  >>