Бекет Ата жерасты мешіті - Оңтүстік Үстірттің Маңғыстау ойысына тірелген тұмсығының үзіліп қалған Оғыланды шоқысына қашалған тарихи-сәулет ескерткіші. Үш - төрт қанат киіз үйдің көлеміндей үш бөлме. Дерекке сүйенсек, Бекет ата 1750 жылы туылып, емші, көріпкел ғана емес, физика, математика, астрономия заңдылықтарын жақсы білген ғұлама ретінде аты танылған. Бұхарада оқып, ілім жинаған соң, өз өңіріне қайта келіп, бес мешіт салдырады. Жергілікті дін ғұламаларының арасында атақ-даңқы өсіп, Пір атанады. Пайғамбар жасында дүние салады. Бекет атаның мүрдесі осы жерасты мешітіндегі бөлмелердің бірінің іргесіне қашап орналастырылған. Бұл кенде мешіт басы күні-түні әулие басына зиярат етушілерден бір арылмайды.



.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)

БЕКЕТ АТА АРУАҒЫМЕН ТІЛДЕСУ
(Сәт ата поэмасының жалғасы)
Күн де емес,
Ай да емес
Бұп бұлыңғыр,
Бұлыңғыр болып тұр-ау заман құрғыр.
Орнатқан ақиретті басымызға,
Құрысын кім де болса Құдай ұрғыр!
Қарғадың,
Қарғама не,
Бәрібір де,
Қорқаулар биліктегі бәрі бірдей.
Көздері жылт-жылт етіп майға бөккен,
Адамды шошытады қара көрдей.
Жаздым да,
Жазбады емес,
Жалынғаным –
Аталар аруағына табынғаным:
Алланың құлағына жеткізер деп,
Қазақтың өз жерінде тарынғанын.
Сол күні тиышым кетіп таңертеңнен,
Асыға жаңалықты күттім кештен.
Жасымнан жорамалдап өскен жанмын,
Бар ғой деп жақсылығы кештің ештен.
Алаулап батты күні Алматының,
Көшесі дүрілдеген болмай тыным.
Жонымнан жылы самал соғып өтті,
Бу екен шал бейнелі осы шыным.
Ұлғайып әлгі буым төбе тіреп,
Шықты үні алғашында тым күркіреп:
«Ей бейбақ бір келмедің кесенеме,
Бос жүрсің қу жалғанға қарын шіреп!
Несіне таң ғап тұрсың Бекет болам,
Аян боп тура алдыңа келдім балам.
Ту етіп әділетті жыр жазсын деп,
Қолыңа қауырсыннан бердім қалам».
(Басыма сарт еткені сол бір сурет,
Қайталап есіме алғам талай рет.
Шынында тура аспаннан үйіріліп,
Қауырсын түсіп еді алдыма кеп...)
Сақтаулы сол қауырсын парағында,
Құранның беті болып санағында.
Жылтылдап қоңыр еді түсі алғаш,
Таң қалғам бертін келе ағарғанда...
Несі бар таң қалатын,
Бекет ата,
Қауырсын сыйлағаның болмас қата.
Мен емес,
Қолым да емес
Жазатұғын,
Аруақтар өлеңіме берген бата.
Қазақтың Әділханы естіп қалып,
Жағдайға көзі жетті қоңырау шалып.
«Шақырса бару керек әулиеге,
Ақшасын «жолыңа» деп келді алып.
«Қой болмас, барайық деп шықтық жолға,
Тікелей, бұрылмастан оңға, солға.
Қасыма еріп шыққан Мұрат Нүсіп,
Құранын былай шыға алды қолға.
Аруақтан бардық солай үміт етіп,
Тиер деп шапағаты көңіл кетіп.
Жерінен Атыраудың бұл фәниден,
Әулие Жабаз ата кеткен өтіп.
Қарсы алды Атырауда жақсы-жайсаң,
Деген жоқ «Үлкен жүз бен Ортаң қайсың?»
Сұрап тұр әлпеттері «Найзаң қайда?!»,
Махамбет салған жолдан қалай тайсын?!..
Қарсы алды Ғатауғали, Сағынғали,
Абай мен бір жас жігіт Басир «малый».
Қосшымыз Амангелді болып енді,
Құм Нарын болды менің сағынғаным.
Айтқанда Бекет ата қалған мәтін;
«Барсаңдар Жабаз ата болмас жатың.
Аруағым сол маңайдан табылады,
Қонсаңдар желеп-жебеп берем сәтін».
Орындап Бекет ата өсиетін,
Тастамай бір сөзінің қасиетін:
Төбе екен Жабаз ата жатқан жері,
Бар қазақ жер екен-ау бас иетін.
Шарбақпен қоршалмапты – қоңыр күйі,
Құм қырат мәңгілікке болып үйі.
Ескерткіш орналмаса орнамасын,
Өз басым келмекшімін жылда жиі.
Қой сойдық құрмалдыққа атаға арнап,
Жел дағы қыр басында кетті сарнап.
Тербеді Құм Нарынды күй әуені,
Жүректің ой-шұңқырын қоймай тырнап.
Жыланша ысылдаған жел екпіні,
Келе ме білдіргісі бір тепкіні?..
Жалбырап жер сабаған жыңғыл ағаш,
Айтарын айта алмайды жоқ қой тілі...
Бұл жерге қасиетті жәй келмеппіз,
Дей алман мына біздер кереметпіз;
Болмасақ,
Болмай-ақ сол қояйықшы,
Бәрібір «Ата» көрген кереметпіз!!!
Аспаннан қой боп түсті бұлт бейнесі,
Таңқалған ешкім болмад «Әй, бұл несі?!»
Қой да емес,
Бұлт та емес...
Аруағы еді,
Бекеттей әулиенің бет пердесі...
Құрбанға бауыздалды сары тоқты,
Сол кезде терістіктен дауыл соқты.
Жабаздың жатқан жері – құм төбеде,
«Құрбаның болайын» деп қой – бұлт жатты...
Ақыры шықты өзі бұлтты жарып,
Маңайды тітіренткен көзбен қарып.
Қара шал ешкім де емес,
Еді Жабаз,
Ғұмырын халқына деп еткен сарып.
Басына киген бөркі – елдің көркі,
Кім болып шықса дағы өзінде еркі.
Қуандық,
Қуанбайшы
Ата өзі,
Жарасып шықты бізге шошақ бөркі...
Тіл қатты ата аруағы тебіреніп,
Шыққандай жер астынан күңіреніп:
– «Балалар бармысыңдар,
Келдіңдер ме,
Қалмаңдар аруағымнан үрейленіп.
Өзім де жатыр едім тиышым кетіп,
Деп ойлап өздеріңді келер жетіп.
Үш жүздің екенсіңдер өкілдері,
Қытайдың күзетінен келген өтіп...
Иә солай,
Айрылдыңдар жерлеріңнен,
Аспанмен шағылысқан көлдеріңнен.
Тартқаның қияметтің тауқіметін,
Тап солай,
Мына осы өздеріңнен.
Не болып кеткенсіңдер – бақа-шаян,
Біз мұндай болмап едік Құдайға аян!
Айрылып қалғандарың бар-жоғыңнан,
Жер қайда,
Жоқ баспанаң
Қайда панаң?!
Су қайда,
Малың да жоқ
Күш жоқ бойда,
Кеткен бе ақыл-есің ойын-тойда?!
Көмдің бе ар-ұятын қыздарыңның,
Сайынның көшесінің Ақсайында?..
Ұрыға бодан болып отырыңдар,
Табанын жалап солай «қатырыңдар»...
«Қалмақтың» сідігінің бір тамшысы,
Келіп ед біздің қыздың жатырында...
Кім білген өсе келе жаудай шауып,
Елімді қиратарын көңілі ауып.
Мысықша бауырыңа кірген бетте,
Төбетше жанды жерден алды-ау қауып...
Сендерді күтіп жатыр Бекет ата,
Барыңдар жолдарыңа бердім бата.
Жеріңді қасиетті,
Қасиетсіз
Сатқанда сатылғаның болды қата!
Жырлаңдар,
Жеткізіңдер
Мұң-шеріңді,
Тыңдамай Бекет пірге не көрінді.
Көтерсе,
Сол көтерер қазақ рухын,
Менің де қу сүйегім төңкерілді!..»
Жолшыбай Сәт атаға құран оқып,
Басқа да аталарды ойға тоқып.
Ызғыттық Бекет ата бағытына,
«Уазиктің» орынтағын шұлғый шоқып...
Келгенде Маңғыстаудың даласына,
Таң қалдым даласының аласына.
Құбылған топырағы алуан түспен,
Ұқсайды қымыз құйған сабасына.
Бұл жақты мекендеген нелер пірлер,
Ішінде Шопан, Бекет бар ірілер.
Ойға – ой,
Күш-қайратын берер бойға,
Бойыңнан арылары неше кірлер...
Мінәжат етіп Шопан аруағына,
Бөлендік аруағының шуағына.
Мүлгіген құлпытастар қатар тізіп,
Айналған әулиелер тұрағына.
Жарықтық жатыр екен ең шетінде,
Жер асты өзі қазған мешітінде.
Басыңа келіп тұрмыз тоғыз рудан,
О, Ата!
Осымызды сезесің бе?
Теңселді шымылдығы жарықтықтың,
Көргені осы еді Гүлбақыттың.
«Қорықпа» деді оған Мұрат аға,
«Аруақтан сонша-мұнша не қорықтың?»
Деді де күңірентіп кетті аятын,
Аяты қазақшаға көп саятын.
«Құранды жазып кеткен Құдыс атам»,
Дейтін де Мұрат Нүсіп қол жаятын...
Қазіргі заманында Мәшһұр Жүсіп,
Албанның арыстаны Мұрат Нүсіп.
Жоқтауға Заманбек пен Алтынбегін,
Көріне екеуінің көрген түсіп...
«Дүние-ай,
Кеңістігің осы ма еді?
Ұзыны екі құлаш,
Тереңдігі;
Биліктің бір-ақ тұтам ақылындай,
Кеудеден аспайтұғын таяз ба еді?»...
Дегенде,
Мұрат Нүсіп ал егілсін,
Ерлердің қағып жатып көр шегесін...
Тия алмай қос жанардың тамшыларын,
Не істерсің әулие де көлдегесін...
Сол еді,
Осы Мұрат,
Зар илеген,
Заманға лағнет айтып сұм билеген.
Келіп тұр енді міне Маңғыстауға,
Тыңдауға аруақ күйін гөй-гөйлеген.
Оқыдым құран сөзін арабшалап,
Жігіттер Атыраулық тамашалап...
Шыны сол – білмеп еді қайран достар,
Арабша оқығаным болды ғажап...
Аяқтап құран сөзін қазақшалап,
Атаның аруағына қойдым талап:
– Аллаға жеткіз ата талабымды,
Қайтарсын жерімізді өзі қалап!
Әйтпесе жерімізде қан төгілмек,
Іргесі қазағымның,
Сол сөгілмек!
Гүр етсек,
Дүр етпекші қалың қазақ,
Беу, Ата!
Бұл қазаққа не істеу керек?!
Үндемей жатты Шопан кесенесі,
Бастау ед баратыным сол келесі.
Жылан боп суды қауып ішіп жатқан,
Сол болды Ата аруағы,
Сол елесі...
Жыланша қанымызды сорып жатқан,
Билік ед сұр жыландай қарғыс атқан.
Атаның көрсеткені көзімізге,
Сұр жылан – билік екен күні батқан!
Қашты әне ирелеңдеп ақсұр жылан,
Бойында аты жоқтың қандай иман?
Бетпақтың қасиеті – бетпақтығы,
Зобалаң сұм істерін кім бар тыйған?..
Қош болып қалды артта көп зираттар,
Шақырып алдымызда көп қыраттар.
Ой-ойға, көңіл қырға бөлінгенде,
Санада жауабы жоқ көп сұрақтар.
Кемедей тау толқында тербетілген,
Шайқалып ойлы-қырлы жер бетінде.
«Келдік» - деп «Бекет ата әулиеге,
Атқосшы саусағымен көрсетілген.
Ассалаумағалеукөм Бекет ата,
Біз келдік басыңызға тілеп бата!
Құр текке төге берме шұғылаңды,
Таңдағы шаршамай ма ата-ата?..
Басыңа дүміп жатыр талай жақсы,
Ішінде шал-кемпірі, тәуіп-бақсы.
Бар ма еді ұрыларға берешегің,
«Қалмақтың» келетіндей қай ақысы?!..
Айырған дінімнен де тілімнен де,
Жарқырап нұрын төккен күнімнен де...
Сол еді,
Жәй емес ол
Ұры ит еді,
Қазақты қуып жатыр көрінен де!
Жерімді сатып ылғый шүршіттерге,
Қойыпты күзеткізіп күшіктерге.
Сорғызып жатқаны ол – мұнай емес,
Қанды да сорар әлі кешіктірмей...
Дер едім:
– Сол керек сол қазағыма,
«Қалмақтың» көне берген мазағына!
Тілгілеп қара беттен қан шығарған,
Шыдарсың қай мазақтың зардабына!
Деу түгіл,
Саусақты да кесер едім,
Мен қазір бар қазақтың есері едім!
Жерімнен айрылғанда қасиетті,
Тап басын айырғанның кесер едім!
Жерсіз тіл айтшы маған керек пе еді,
Дінің де,
Жерсіз жерде ол не жейді?!
Ділің де,
Жерің болмай
Қу жаныңды,
Сатқанмен,
Кімге керек,
Кімге өтеді?!!
Дегем жоқ,
Айқайладым,
Айқайламай,
Қашанғы жүрмекшімін болып «малай»?
Қазақты құртып жатқан «билікшіге»,
Болмады сұрақ қоймай «Мұның қалай?!»
Бір сәтке үнсіз қалды бәрі тынып,
Шырақшы төмен қарап жүзі сынып.
Айнала бетпақ дала,
Бетпақ билік,
Біз дағы кеткенбіз бе бетпақтанып?..
Деймін-ау шыдамады Бекет ата,
Ол дағы шаршаған-ау жата-жата...
Аруағы шыбын болып ұшты міне,
Ызыңдап тап басымнан берді бата:
– « Қолың жай беу пақырым келдің іздеп,
Сұрасаң ақ батамды берем тездеп.
Аруақтар қолын қаққан талай сұмның,
Атпақшы болған сені талай көздеп.
Еңіреп елің үшін жүрген бейбақ,
Ұзамай өз басыңа қонады бақ –
«Қазақ!» - деп туған болсаң,
Сол қазағың,
Алады азаттығын болғайсың сақ!
Көп енді күтпессіңдер Құдайға аян,
Болмаңдар бар айтарым бақа-шаян!
Шашылсын билігіңнің арам қаны,
Арамды арам қанмен солай шаям!
Құдайдан аруақ түгіл қорықпағаны –
Биліктің тағдырының тоқтағаны.
Қылмысы қылша мойнын кескенінде,
Қазақтан табылмасы жоқтағаны...
Жоғалсын,
Кетсін бәрі
Садаға де,
Келесі басшыларға болар кәде.
Бір жылдан қалдырмаспыз «қалмағыңды»,
Міне осы Бекет ата берер уәде!»
Деді де қара шыбын кетті ұшып,
Біз қалдық кесенеде тізе құшып...
Атадан шығып шыңға қадам бастық,
Сонша не көрініпті қашып-пысып.
Аралап тоғыз ата тоғыз күнде,
Басына құран оқып тоғыз пенде.
Қайттық біз артымызға қарай-қарай,
Бірдеңе жоғалтқандай болып кенде...
Қош боп тұр Бекет ата кесенесі,
Жоқ екен саған келсек ерте-кеші.
Шуағың мол төгіліп қазағыңа,
Басталсын кесенеңнен жыл кестесі!
Алматы – Атырау
13.10.07 жыл.
Шынымен де осынау поэма-өлеңнің сиясы кеппей жатып, келесі жылдың көктемінде Назарбаевтың машинасы Атырау қаласының жанындағы 30 шақырым жердегі резиденциясына сағатына 200 шақырым жылдамдықпен жүйткіп келе жатқанда алдарынан сиыр шыға келіп аударылып қала жаздаған.
Күннен де нұрлы басшымыздың тілі күрмеліп, екі ауыз сөзге келуден қалып барып иншалла тәуір болып кетті ғой артынша тілі шығып.
Атырау
Бекет Ата Хиуада " Шерғазы хан" медресесінде оқыған. Ұстазы- Сейид қожа Мұхаммед Бакиржан Азиз. "Накшбандийа" сопылық жолын ұстанған. Ұстазының ұрпақтары Хиуаға жақын жердегі Ғазауат қышлағында тұрады.Ұстазының таспиғы мен силсиласы сақталған.
БЕКЕТ ата кесенесін ӨЗ көзіңмен көргенге не жетсін?!
ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚ ЕЛІ ЖАСАСЫН!
Агзубиллаһи қазақтар бұл деген Аллаһа ширк қату ғой.
Қиямет күнінен қорқындар
Қияметте Аллаһ сұрақ жауап алғанда Бекет аталарын сендерді қойып өз басына араша іздеп кетеді.
Уахабист, Сенің түсінігің ахидаң басқа ... Тура Мұсылмандар Аруақты Әулиені ширк деген жоқ. Аруақ Алланың Әмірінен ... ( Исра - 85 аят )
Осы уахабтар құйысқанға қыстырылған *Бейәдеп сөз жазбаңыз!*қа ұқсап, тұмсығын тыға береді.
Құранда; «Қашан бір өлкені жоқ еткіміз келсе, олардың дәулет мастарына (тек дүниемен өлшеп адасқандарға ерекше құбылыстармен, белгілермен) әмір етеміз. Сонда олар оған ( Алла жолында мал жұмсауға аят үкімдерін,орындамауға) қарсы келеді. Сондықтан оларға (дінге, түсірген хикметке қарсы болушыларға) деген сөз ( аят, уақи,бата) шындыққа айналады. (Ауру, азап, сынақ, апаттар)» (Ісра-16) деген Құран үкіміннен хабар бере отырып; «Ата жолыңды» соттағаның өзің нәр алатын тамырыңды «хажды» кесіп, ұрпағыңның әулетіңнің құдайдың қарсына ұшырағаны деп, ал «Ақ жолыңды» соттағаның Құдайдың құдіретіне аяттарға, ашық дәлелдерге күмән келтіріп, өзіңді, ұрпағыңды, болашақ әулетіңе, қарғысты сынақтардың келіп түсуі діннің негізгі қағидасы. Сондықтан болар Шәкәрім атамыз «дін қиянат абай бол»- деп ескерткен.
Бүгінде баршаңызға белгілі, Алланың назары қазаққа түсіп, аруақтар тылсымнан үнін қатқаныда 13 жылдай болып қалыпты. Оны сіздер "Ата жолы" деген ұғыммен танисыздар.
Мен қазақ болып туғаным қандай тамаша, ал оқып - түсінгенім одан да ғажап!
Пікір қосу