ИБРАҺИМ ИБН ҚҰНАНБАЕВ | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Достық, қастық, бар қызық – жүрек ісі,
Ар, ұяттың бір ақыл күзетшісі.
Ар мен ұят сенбесе – өзге қылық,
Арын, алқын – бұл күннің мәртебесі

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
Мәжілістің жаңа құрамы: «Нұр Отан» - 83, «АҚ ЖОЛ» - 8, «Қазақстан Коммунистік партиясы» - 7, Ассамблея - 9;
Айтқыш екен
Саяси элита Кремльдің құзырында, Ресейде, баяғы балшабектер билігіндегі Советстанда, ал, бұқара халық өкіметсіз әм үкіметсіз Қазақстанда өмір сүреді.



Загрузка

ИБРАҺИМ ИБН ҚҰНАНБАЕВ

Жәрдемші


«Уақыттың» 322-санында Россияның ең атақты ақындарының бірі Лермонтовты М.М. әпенденің аударуымен «Жалғыздықта» деген өлеңі жарияланған еді.  Осы өлеңді көрген соң, оқушыларымыздың құрметті Ибраһим Құнанбаевтың Лермонтовқа іңкәр болып, орыс әдебиетінің гүл шоқтарын өз тілінде сайратқаны екінші бір жағынан адамның ойына оралады.

Бұл адам Семипалат облысы, қазақ, нәсілі тобықтыдан еді, Өскенбайдан тараған Құнанбайұлы Ибраһим мырза.

Ибраһим мырза ұлы ақын аталып, бұдан төрт жыл бұрын дүниеден  қайтты,59 жаста еді. Ғылымсыз, қара  халық арасында,сахара қазақтары  ішінде  жалғыз жұлдыздай болып жанып шығып,тілі,оқушыларын оятатын өлеңдері  оны бүкіл атырапқа мәшһүр етті.Шығармалары қазақша жазылды.Мейлінше мол еңбектенумен орыс тілін үйреніп , орыс әдебиетіне еркін жетіліп, достасып алды. Өлеңдері есіткеннің  жүрегін жігерлендірерліктей табиғи болып, шығармаларының асыл негізі Лермонтавқа үндес.Мәжілісінде болған кісілердің айтуынша, тілі ләззатты, араб, парсы, түрік, қалмақ тілдерінен хабардар, тарих, география пәндерінен мағлұматы кең болып танымы ауқымды еді. Адамшылық ой-қиялы өте таза, ұлтжанды, елін-жерін сүйген кісі еді.Марқұмның өлеңдері көп болса да, басылғандары жоққа тән еді. Обалы шығармаларын біліп жарыққа шығармауға қайрат етпеген кісілердің басында тұр.

Марқұмның сөздерінің бірі:

Қуатты оттай бұрқырап,

Уәзінге салып тізілген

Жаңбырлы жайдай сырқырап,

Көк бұлттан үзілген

 

Қайран тіл, қайран сөз!

Наданға қадірсіз.

 

Тәуекел мен батыр ой,

Өткір тілді найза етіп.

Сайысып-ақ бақты ғой,

Неше түрлі айла етіп.

 

Оянбай, қайран жұрт,

Ұялмай қал жым-жырт!

 

Ақылмен ойлап айтқан сөз,

Бойыңа жұқпас сырғанар.

Ынталы жүрек сезген сөз,

Бар тамырды қуалар.

 

Ән салар, жатқа алар,

Түбінде құр қалар.

 

Міржақып Дулатұлы

«Уақыт», 1908 №383

 


 




жігіттер,өткен ғасырда дүниеден озған ғұламаларымызға неге орыстың "-ов,-ич" терін несіне қосып жаза бересіндер.қазақ үшін деп жазып,ұлтыңа қызмет еткілерің келсе,шаруаны осыдан бастасаңдаршы.патшалық ресей мен кеңес одағы кезінде күшпен жаздырған шығар.еркіндік келген осы уақытта бізге не жоқ.мысалы,абай құнанбайұлы,ахмет байтұрсынұлы,сәкен сейфоллаұлы бейімбет майлыұлы,т.б



Оған қоса "Ибн" дегенді қосып қойғандарын айтсаңшы...
:)))))))))))))))) Абекеңді, әбден қорладыңдар-ау!
Абай болмайсыңдар ма?!



"Ибн" сөзі мұсылманша ұлы немесе баласы деген мағынаны береді



Сол мағынасын шамалағасын да, айтып отырмын емес пе:
"Ибраһим Құнанбаев баласы" деп түсінейік пе, әлде, "Ибраһим баласы Құнанбаев" деп оқысақ дұрыс бола ма деп?!

Пы.Сы."-ев" дегенде сол тектен шыққан деген мағына бергенді бір кезі.



Пікір алынып тасталды!



Міржақып Дулатұлының Абай Құнанбайұлы туралы жазған шағын ғана аңдатпа дүниесі сілтемеде көрсетілгендей "Уақыт" газетінен алынып отыр. Яғни, түпнұсқа. Түпнұсқаны әр ноқалай келіп өзіне икемдей берсе не болады? Түпнұсқадан не қалады? Ал, бүгінгі әңгіме басқаша. Егер "Абай. кз" Абай Құнанбаев деп немесе Мир-Якоб Дулатов деп жазып отырса, жазғыруларыңа болады. Кейде осы албаты лағып, не болса соны жазатындарға қарап отырып ұяламын...



"Уақыт" гәзетінен алынса алынған шығар, бірақ бірнеше қате жіберілгені көрініп тұр. Біріншіден, Абайды ешқашан ешкім "ибн" деп жазған емес. Екіншіден. Лермонтов М.М. емес, М.Ю. Бұл Міржақыптың қатесі емес, бүгінгі көшірушілердің қатесі.Жалпы, Абайды тек қана Абай деп жазу керектігін М.Мағауин жазған.
Мұндай материалды түпнұсқасымен берген жақсы болар еді.
Қабыл.



Басым жерге тигенше иіліп кешірім сұраймын. Мақала айна қатесіз көшіріліпті. "Міржақып Дулатов. шығармалары" Жазушы баспасы, 1991 жыл, 212 б. Аталған қателер "Уақыттың" редакторы Фаттих Каримовтың не гәзет қызметкерлерінің тарапынан кетсе керек. Бұл 1908 жыл екенін еске алсақ, тым талапшыл болудың да реті жоқ.
Қабыл.



неге қате жазасыздар. Россия-Ресей



Ия Абай атамызды барі біледі, оның шығармаларын оқиды, өлеңдерін жаттайды, өмірімен танысады. Ал бірақ көпшілік адамдар сол Абай атамыздай болып жатыр ма? Болса да арасында бірен-саран болса керек. Айтпақ ойым, дәл Абайдай болып кетпесек те ,ұқсап бағайық. Қазақ халқының арын, салт-дәстүрін, әсіресе, тілін жоғалтпайық, Қазақ қауымы!



достар абай құнанбаевтың өлен тақпақтарын барлық оқушы және әрбір адам біледі бірақ абай жайлы тест көп табылмайды сендер барлығымызға көмектесіп тесттерді жазып берсеңдерші біз үшін ол үлкен қуаныш. рахмет

Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
4 + 8 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Ақпан 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
-1012345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728291234

Айлық статистика

<<  >>