Құрметті жамағат!!! Барлықтарыңызды мұсылман қауымының ең қасиетті де мәртебелі мейрамы - Құрбан айтпен құттықтаймыз! Алла тағала сенімімізді күшейтіп, нұрын жаудырсын! Жылдың осы бір кезеңін бір Аллаға: "Күнәмді кешір",- деп жалбарына сұрайтын, анадан жаңа туғандай болып пәктенетін мезгіл деуге болады. Әрбір мұсылманға жүктелген бес парыздың бірі - қажылық болса, бүгінде Арабия түбегіндегі қасиетті орындарындағы мінәжат ету шараларына шамамен 2,5 млн адам жиналды. Сауд Арабиясы қажылық парызын өтеймін деген қазақстандықтарға 4 мың квота бөлгенімен, елімізден қажылыққа 2 мыңнан аса ғана адам барды. Былтыр 5 мың адам барса, биылғы аз көрсеткішті доңыз тұмауының қаупімен байланыстырып отыр. Құрбан араб тілінде "жақындау" деген мағынаны білдіреді, ал шарғи мағынасы - Алла тағаланың ризашылығына жақындау, бөлену ниетімен құрбан айт күндері шалынатын арнайы мал. Айт күні құрбан шалып, Алла тағаланың мейіріміне жақындаған құлдары бір-біріне игі тілектер айтысып, дәм татысады. Құрбандық айт намазынан соң ғана шалынады.



.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)

Kurban aittaryngyz habyl bolcyn halaih! bizde ulttyq jane nini merekelerge jahcy kongil bolinbeidi.jasnardy coljaghyna kobirek nasihattasa deimin.
Ашық болсын,алашымның аспаны!
Пікір қосу