Хан Тәңірі... десе, Шер-ағамыздың «Бір кем дүниесі» еріксіз еске түседі. Неге десеңіз, бұл шың бар-жоғы бес метрге «бойын» ұзартса, «жетімыңдық» шыңдардың жампозы болғалы тұр еді. Қайтесіз, бір кем дүние... Енді бір есеп-қисап бойынша, оның биіктігі 7010 метрден де асып жығылатын көрінеді. Қалай болса да, Аспантаудың (Тянь-шань) алып шыңдарының бірі - Хан Тәңірін (Тәңір тауы немесе «қанды тау» деп те аталады) білмейтін жан жоқ. Қызық болғанда, шың Қазақстан, Қырғызстан және Қытай секілді үш мемлекеттің шекарасын түйістіріп тұр. Бізге қарайтыны - оның солтүстік бөлігі. Шыңның ерекшелігі неде десеңіз, оның жып-жылтыр мұздан жасалғандай үшкір пирамида пішіндес болып келуі, әрі жапонның Фудзияма шыңындай басын үнемі тұман бүркеп тұруы оның төңірегінде талай аңыз-әфсананы туғызған. Мысалға, көзкөргендердің айтуынша, күн ұясына қонарда кешкі шапақпен шың басы өзгеше алаулап, тау басымен жүгірген ала көбең бұлт көлеңкелерімен құбылып, қып-қызыл қан шапшып тұрғандай көрінеді екен. Осыдан да Хан Тәңірі шыңын «қанды тау» деп атап кеткен деседі. Ең алғаш қазақ жерінің ең биік нүктесі турасындағы мәліметтер бұдан 1200 жылдан астам уақыт бұрын Қытай жылнамаларында кездессе керек. Алайда, шыңның алғаш рет ғылыми түрде ашылған кезі - XIX ғасырдың ортасы, 1856-1857 жылдары Тянь-Шаньға жасаған атақты сапарында орыс географы және саяхатшысы Семенов Тянь-Шаньский Хан Тәңіріне банланысты көрген-білгенін бірінші болып хатқа түсірді. Жауһарларымызды бағалай білейік, жамағат!


.jpg)
.jpeg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)

Тәңір тауы....
Бәрі жақсы, тек анау маңқа қытайдың қойған тянь шань деген сақау атауын әсте керектенбендерші. Онысы түрікше айтқанда бәрібір тәңір тау деген ұғымды береді. Маңқа қытайлар қаза жерінен дәметкенде осы тяньді алға тарта береді.
Сати тусип, Хан Танири жакка барсан, сол сатте кун ашык, шын бултка жасырынбай коринип турса, Сен адал адамсын жане омирде жолын болады деген халыкта соз бар.
Касиетiнен айналдым, Хан Танiрi!
Хантаниринин 2009 дын тамыз айында казакстандын алпенистердин тусирген сурети бар менде калай жиберуге болады.Барлык авторлык кукык коргалган Ерканат Таукебай.Нарынкол
Пікір қосу