«Кенесары ханның басы мен денесi қосылмайынша, қазақтың да басы қосылмайды!» | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Достық, қастық, бар қызық – жүрек ісі,
Ар, ұяттың бір ақыл күзетшісі.
Ар мен ұят сенбесе – өзге қылық,
Арын, алқын – бұл күннің мәртебесі

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
Мәжілістің жаңа құрамы: «Нұр Отан» - 83, «АҚ ЖОЛ» - 8, «Қазақстан Коммунистік партиясы» - 7, Ассамблея - 9;
Айтқыш екен
Саяси элита Кремльдің құзырында, Ресейде, баяғы балшабектер билігіндегі Советстанда, ал, бұқара халық өкіметсіз әм үкіметсіз Қазақстанда өмір сүреді.



Загрузка

«Кенесары ханның басы мен денесi қосылмайынша, қазақтың да басы қосылмайды!»

Жәрдемші


Редакциямызға арнайы хат түстi. Әдетте, мұндай хаттар ҚР президентi Н.Ә.Назарбаевтың не болмаса ҚР премьер-министрi Кәрiм Мәсiмовтiң атына бағытталатын. Ал бұл хат қазақ зиялыларына бағытталыпты. Үндеу ретiнде. Үндеу-хаттың астына 30-дан астам зиялыларымыз (Тоқтар Әубәкiров, Сапабек Әсiпов, Ғаббас Қабышұлы және тағы басқалар) қол қойыпты. Хаттың көлемi өте үлкен. Ендi бiз осы хатты қысқартып, ықшамдап, оқырмандар назарына ұсынуды жөн көрдiк:

«...Осыдан бiраз жыл бұрын Қазақстанның беделдi, сыйлы азаматтары мен ақсақалдары ҚР президентi Н.Ә.Назарбаевтың және Ресейдiң бұрынғы прези­дентi В.Путиннiң атына хат жазып, Кенесары ханның денесi мен басын тауып, оны құрметпен қайта жерлеу жөнiнде ұсыныс тастады. Бұдан бiраз уақыт өткеннен соң саясатшылар, жазушылар, ғалымдар (ұзын саны - 99 адам) тағы да ҚР президентiнiң атына осы мәселе бойынша қайта хат жазды. Әзiрге бұлардан ешқандай нәтиже болмай тұр...

Ел қорғаған, қазақтың елi мен жерiн қорғаған хандар мен батырларды құрметтей бiлмеу - күнәһарлық. Иә, барып тұрған күнәһарлық. Мәселен, дағыстандықтар не iстедi? Кремльге қайта-қайта ұсыныс жасап жүрiп имам Шәмiлдiң сүйегiн Дағыстанға әкеп жерледi. Бұл ретте Ресей зиялылары да көп iс тындырды. Ал бiз ше?

Тарихшы-ғалымдардың айтуы бойынша, Кенесары ханның денесi шекараның маңында (Қаракемерден онша алыс емес жерде) жатыр, ал басы... Ханның басы Ресейде екенi, Ресейдiң арнаулы орындарының бiрiнде екенi мәлiм. Қазiр ел арасында мынадай сөз жиi айтылып жүр: «Кенесары ханның басы мен денесi қосылмайынша, қазақтың басы да қосылмайды!»

Шын мәнiнде, Кенесары ханның басы мен денесiн тауып, оны құрметтеп қайта жерлеу - бiздiң аруақтардың және ұрпақтарымыздың алдындағы парызымыз ғана емес, сонымен бiрге бұл - халқымызды дүр сiлкiндiретiн, оның рухын оятатын iрi шара да болмақ. Қазiр Қазақстанда кiм көп, тоғышарлар мен мәңгүрттер көп. Тарихымызға, тiлiмiзге, дәстүрiмiзге, ұлттық өнерiмiзге бейжай қарайтын салғырттар көп. Кенесары ханның басы мен денесiнiң қосылуы - осы тоғышарлар мен салғырттардың да санасының оянып, олардың айналасына бейжай қарамауға игi әсерiн тигiзетiнi сөзсiз. «Құдай - мiнсiз, аруақ - үнсiз» дейдi қазақ. Ар­уақтар бәрiн үнсiз бақылап-көрiп жатады. Аруақтарға шет болмас үшiн де бiз Кенесары ханның сүйегi мен басын қайткен күнде де, қандай жолмен болса да та­уып, оны Ұлытаудың етегiне, Алаша хан мен Жошы ханның жанындағы қасиеттi де киелi жерге жерлеуiмiз керек. Бұл iс, бұл тiрлiк - баршамызға сын.

Кез келген халықтың өрлеуi, өркендеуi арылудан басталады. Әсiресе, аруақтардың алдындағы арылудан. «Өлi риза болмай, тiрi байымайды», «Атаңа не iстесең, алдыңа сол келедi» деп бекер айт­паған қазақ. Халқымыздың «Құ­дай оңдасын, Әруақ қолдасын!» деуiнде де мән бар. Өйткенi, олар үшiн өткен (аруақ) мен болашақ (ұрпақ) - бiртұтас.

А.Яссауи қорымына жерленген Есiм хан, Абылай хан, Жәңгiр хан, Бөгенбай батыр, Жәнiбек-тархандардың да сүйегiн қайта та­уып, нақтылап (ДНК-анализ арқылы), оларды қайта жерлеудi ұйымдастыруымыз керек. Тарихқа назар аударғанда, олардың «ақ­сүйек», «қарасүйек», не болмаса «ұлы жүз», «орта жүз», «кiшi жүз» екенiне емес, халыққа қаншалықты адал әрi берiле қызмет етке­нiне жете көңiл бөлiнгенi жөн.

...Халықтың қаржысына, халықтан жиналған қаржыға «Тә­уелсiз Қазақстан үшiн қан төккен ерлердiң қабiрстаны (пантеон)» деген арнаулы орын даярланып, ол жерде кешегi Жұмабай Тәшеновтен бастап Желтоқсан батырларына дейiн еске алынса, бұл да ке­йiн­гi ұрпаққа үлкен өнеге, зор тағлым болар едi.

Ең жаман нәрсе жадысыздықтан туатын жауапсыз нәрсе - әрекет­сiздiк. 1920-30 жылдардағы аштықта қазақ хал­қының жартысынан астамы қырылып қалса да, бiздiң бұл нәубетке әлi күнге де­йiн саяси баға бере алмай отыруымыз да - осы әрекетсiз­дiк­тен. Ендi шегiне­тiн жер қалған жоқ. Бiз бұл үндеу хатты қазақ зиялыларына, қазақ ақсақалдарына, жалпы күллi қазақстандықтарға бағыштап жазып отырмыз. Жоғарыда­ғы игiлiктi iстердi тындыру үшiн қар­жыны өз қо­лы­мызбен жинасақ қайте­дi? Бiр адам он адамды оятса, он адам мың адамды оя­тып, көп болып, ел болып, халық болып, осы iстiң аяғына жетуге неге болмасын?!

Бiздiң Отанымыз да - ортақ, тарихымыз да - ортақ, үйiмiз де - ортақ. Сондықтан да бұл iске қазақтың банкирлерi мен байлары, қиын жылдарда осы қазақ даласына келiп, осы жерде өсiп-өнiп отыр­ған өзге ұлттың ауқатты өкiл­дерi де үлес қосар деп сенемiз.

Әрине, бұл iстi ұйымдастыру, оны алға апару көп шара-шаруаны қажет етедi. Осы үлкен iске титтей де болса үлес қосып, не болмаса ақыл-кеңес берем дейтiн азаматтардың мына телефондар­ға хабарласуына болады:

8777288516 (Нұрлан Әмiре­құлов); 87017755968 (Марат Уатхан); 87017210043 (Қуаныш Мұқтай)».

«Жас Алаш» газеті 3 қараша 2009 жыл


 




Дұрыс пікір! Қолдаймын!



«Өлi риза болмай, тiрi байымайды»



Бәрі де дұрыс. Бәрін де істеу керек. Қолымыздан келеді де. Тек, осының бәріне кедергі болып тұрған бір адамды жолдан алып тастау керек. Ол тірі тұрғанда, осының бәрі босқа тыраштану болып шығады.



КЕНЕСАРЫНЫҢ БАСЫ

Авторы: Серік Ақсұңқарұлы.

Ел ішінде хан Кене қапылыста қаза тапқаннан кейін, жау оның басын кесіп, күл салғыш... ретінде пайдаланған деген қауесет бар.

Алтыбақан алауыз қаһанның,
Еркегі қайсы, қатыны?
Ата жау — басын атаңның
Күл салғыш қылды ақыры!

Мінезің-ай, қазақ, беу сенің —
Қастасқан кезде қашып өң:
"Әкеңнің басы" деуші едің,
Ал, ойна —
Әкеңнің
Басымен!

Алаштың тау мен тасына,
Талыстай таңба басылып,
Ит пен құс шықты басыңа,
Басыңның жоғын басынып...

Баспақ ел болдық неге біз,
Бопсаға көніп не түрлі?
...Біз —
Бассыз қалған денеміз —
"Бассыз салт атты" секілді!!!

Пікірге қосқан: Қамбар АХМЕТОВ.



Жігіттер бас иеміз! Жарайсыңдар! Банктан счет ашыңыз, намысымыз қайда? Қолдаймыз! Қайда қазақтын ақындары, тойда шапан кимесе дау котеретін, депутаттармен саясаткерлері?



Серік Ақсұңқарұлы "қырғызбын" дейтін еді. Мына өлеңді сол жазып отыр ма?
"Мінезің-ай, қазақ, беу сенің —
Қастасқан кезде қашып өң:
"Әкеңнің басы" деуші едің,
Ал, ойна —
Әкеңнің
Басымен!"
Қырғыздардың атынан айтып отырған сияқты екен!



Бұл бастаманы бастаған жігіттерді алла оңғарып,аруақ қолдасын! ойға алған мақсаттары орындалАТсын!
Қазілгідей рухсыздық жәйлаған заманда,қазақ рухын көтеретін шара екен.

Қайран қазақ! өмір кештің не түрлі,
Тұлпар едің,түяғың тасқа кетілді.
Қайсар қазақ! мың өліп,мың тірілдің,
Сұңқар едің,қанаттарың кесілді.

Кезіміз көп,қапы қалып өкінген,
Жауымыз көп,жойуға бізді бекінген.
ҚЫЗЫЛ АПАТ қиын түсті бәрінен,
Жоя даздады,жұмыр жердің бетінен.

КАММУНИЗМ - құрылған кіл қастыққа,
(ГИТЛЕРде бермады ондай ластыққа).
Тартып алып,малыңменен астықты,
Қасақана ұшыратты аштыққа.

Тасқа жанып,бойындағы намысын,
қалың елі,қазағының қамы үшін.
Құтқарам деп шығып еді,қазақты,
АЛАШ ОРДА серкелкрі,арысым.

ҚЫЗЫЛ ЖАЛЫН олардыда жалмады,
Ел бастайтын - есіл ерлер қалмады.
Әліпбиді сан құбылтты,СҰМ ҚЫЗЫЛ,
Бас көтерер халықта ес қалмады.

Шабуылды,тіл мен дінге үдетті,
Бұрын - соңды,ел көрмеген күн өтті.
Дал солардың бұйрығымен қырғызып,
ЛЕНИН,СТАЛИН - КӨСЕМІМІЗ деп үйретті,

Өтті өмір,заман солай өзгерді,
Құлақ естімес сұмдықтарды көз көрді.
Жер жастанып,ұлтын сүйген ұлылар,
ІБІЛСТЕР ел басқарған кез келді.

ЖЕЛТОҚСАНДА жастарымыз бұлқынды,
Таптама деп,КЕСІР КЕҢЕС ұлтымды.
Қыршын жастар жанышталып,аяусыз,
Ұлт рухы тамырынан қырқылды.

Тарихта,нелер сұмдық із қалды,
Жүректерде жазылмайтын сыз қалды.
Жалтақтаған үкіметтің сиқынан,
Сезіледі сол заманның ызғары.

Нұрбақыт Байрахмет Ұлы

Ашық болсын,алашымның аспаны!



Күлсалғыш болған Кенесары ханның басы қайда екен?



Kенесары ханның басы Эрмитаж подвалдарының немесе Орынбор музейлерінің бірінде сақтаулы деген қауесет бар.



Аутор Кенесарының соңғы қасіретті күндері туралы әңгіменің «1845-1846 жылғы оқиғалардың қатысушысы, әңгімені жеткізу сәтінде 85 жастағы қара қырғыз Қалиғұлла Әлібековтың айтуынан» жазып алынғанын ескертеді.

Сол куәгердің айтуынша, Кенесарының кесілген басына иелік етуші қырғыз манабы Жантай Қарабековке бүлікші ханның басын орысқа тарту ет деп ақыл берген қазақ ру басыларының бірі Сыпатай мен Рүстем сұлтан болыпты.

Дәл осы екі адамның сатқындығынан Кенесарының шағын қолы қоршауға түсіп, Кенесары ханды қырғыздардың тұтқындағаны тарихи шындық. Қырғыздармен шешуші шайқасқа түсер алдында Сыпатай мен Рүстем бірнеше мыңдық атты әскерін ұрыс даласынан алып кеткен.

Азаттыққа кіріп қараңыз!



Мана күндіз автобуста кетіп бара жатқанда Ақтөбелікпін деген бір азамат ұялы телефоныма қоңырау шалып еді. Оның айтуы бойынша, Петербор қаласына барған сапарында эрмитажда Кенесары ханымыздың басын көргені бар екен, соны маған айтып бермекші екен. Мен осы азаматқа үйімнің телефон нөмірін беріп, екі сағаттан кейін телефон соғуын өтінген едім.
Міне, қаншама уақыт өтсе де ол маған ақыры телефон соқпады...
Менің ұялы телефонымда сақталып қалған оның телефоны жауап бермей тұр.
Осы азаматтың міндетті түрде маған телефон соғуын өтінемін.

Қуаныш Мұқтай



Қазақ халқы үшин, қазақтың болашағы үшин қаның төккен ата - бабаларымызды құрметтеймін, басымды иемін, сол ата - бабаларымыздың арқасында міне осы күнге жетіп отырмыз.
Біздің міндетіміз Кеңесары ханның басын жерімзге алып келу. Сонда жанымыз тыныш рухымыз биік болу хақ.



Кенесары ханның бас сүйегі 1964 жылы Эрмитажда тұрған көрінеді, бірақ бас сүйектің жоғары бөлігі, яғни қақпағы жоқ болыпты. Астында "Көшпенділердің соңғы ханы Кенесары Қасымовтың басы" - деген орысша жазу болған. Мұны сол кезде Баянауыл ауданында қызмет істеген Темір Төремұратов деген азамат көріп, ауылға келген соң айналасындағыларға айтқан екен. Осыдан 3 күн бұрын ғана Баянауылда болғанымда осы әңгімені мен естідім. Ал Темір ақсақал қазіргі кезде зейнеткер, Алматы қаласында тұратын көрінеді. Демек, "Кенесары ханның басы Эрмитажда тұрды" дейтін сыбыс тегін тарамаған. Оны өз көзімен көрген өзге қазақтар әлі де болса керек. Менің пайымдауымша, ханның бас сүйегі аса құпия жағдайда қасақана тығылып тасталған. Ал бас сүйектің үстінгі бөлігі (қақпағы) Омбыда болуы мүмкін. Өйткені оны Омбы ген-губернаторының күлсалғыш қылғанын Сәбит Мұқанов т.б. жазды ғой. Осындай зұлымдықты саналы түрде жасырып, орыс отаршылдығын жоққа шығару және бұрынғы бодан халықтың ұлттық рухын әлі де бұғаулап ұстау - қазіргі Ресей үшін тиімді екенін естен шығармайық...
Арман Қани,
Павлодар қаласы.



Бас суиекті кул салғышқа деиін апраған ол не еді Ол Кенсарының отаршылдардың қаншама әскерлерімен тас талқанқып қырғанын көресетеді..кушін бір талайға деиін кеміткенін көрсетеді Бул жерде орыстардың Кенсарыға деген қандары қарайғаны тіпті өлгенен кеиін бас суиекпенде алсыуы оның осал қарсылас болмағанын білдіреді.



Асқақ рухы сынбаған тәуелсіздік үшін күоескен бас иілмеген Хан Кене болған. өте құптарлық жұмыс екен солай жасау керек. Біз қолдаймыз!
Шымкент қаласы



Есімде қалмапты, қайбір жылдары президенттің бауыры Қайрат Сатыбалды мырзаның араласуымен Кенесары бабамыздың басын іздестіру шараларына қатысқан зерттеуші, жазушы Думан Рамазанның "Жоралғылы жорық" деген материалы бар. Оны оқып шықсаңыздар, біз біле бермейтін көп шындыққа көз жеткізер едіңіздер. Күллі Ресейдің барлық архивтері мен музейлеріне кірсе де, ашылмаған бір ғана есіктің қалғанын, оның өзі екі ел президенттерінің рұқсатымен болатынын білер едіңіздер. Ендігі жерде қазақтың рухы көтерілетін бір нәрсе болса, ол осы хан Кененің тағдыр-талайлы басы болмақ. Демек, біздің байыппен іс тындыратын кезіміз әлі де алда.

Заңғар Кәрімхан, Астана



Кеңесары ханның басын елге алып келуге Қазақстанда жасап келе жатқан ҚАЗАҚтарғана емес, Қазақстанда жасап кележатқан барлық ултар қолдау білдіруі тиіс. Қолдау білдіргені Қазақстан ушін, отаны ушін жаны ашитындығын білдіреді.

Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
2 + 0 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Ақпан 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
-1012345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728291234

Айлық статистика

<<  >>