Сыра ішуден сегізінші орын! | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Достық, қастық, бар қызық – жүрек ісі,
Ар, ұяттың бір ақыл күзетшісі.
Ар мен ұят сенбесе – өзге қылық,
Арын, алқын – бұл күннің мәртебесі

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
Астананың бір минуттық шығыны - 600 мың теңгені құрайды
Айтқыш екен
Обал болды көзге де, құлаққа да,--
Сеніп елге бермейсің сыр ақтара.
Қарайтының күдіз-түн бір-ақ канал,
Көретінің бір кісі, бір-ақ қала.

А. Мұқабай, асаба

Загрузка

Сыра ішуден сегізінші орын!

Жәрдемші


Қызық-ей, Қазақстанның экономикалық-әлеуметтік индикаторлары төмен құлдилап жатқанымен, «қайдағы бір» көрсеткіштер бойынша алдына қара салмай келе жатқаны да бар көрінеді. Мысалы, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегі бойынша, біздің ел спиртті ішімдіктерді тұтыну жағынан 8-ші орынды ешкімге бермей келеді. Масштаб, әрине әлемдік деңгейде алынып отыр. Алғашқы орында Қара құрлықтың сіңірі шыққан кедей-кепшігі жиналған Уганда тұр. Масқара болғанда, рейтинг бойынша «алқаштар елі» деген ассоциациямен жиі байланыстырылатын Ресей 22-ші орынды қанағат тұтыпты. Яғни, жас буынды «жынды судан» айыруда Кремль саясаты нәтижесін беріп келеді деген сөз. Тағы бір статистикаға сүйенсек, әр жан басына шаққанда Қазақстанда жылына 12 литр спиртті ішімдік сіміріледі. Соңғы 3 жылда спиртке үйір балалар саны 10 есеге ұлғайса, «тентек суға» тойынған жасөспірімдер саны 2 есеге артқан. Қазір еліміздің наркодиспансерлерінде 2 мыңнан астам жасөспірім алькоголизмнен емделіп жатыр. Ал, жалпы ел бойынша араққа салынып кеткен адамдардың диспансерлік тізімге тіркелгені - 304 мың. Тіркелмегені қаншама! Бастысы, осы жасөспірімдердің барлығы дерлік алқаштық карьерасын «жай ғана» сырадан бастаған. «Жай ғана» сырадан... Абай болайық! Халықтың азғындауын жылына жан басына шаққанда 8 литр «жынды су» ішуінен есептей бастайды. Ал, біздікі... 12 литр!

Ө.ДАРХАН «Абай-ақпарат»

 


 




Бұл дерек шындыққа ұқсайды. Жастар тым көп ішімдікке салынып барады. Бұған тоқтам қою керек.



Ақтөбеден үлгі алыңдар. Кеше біздегі барлық саудан орындары сиртті ішмідіктерді сатқан жоқ. Осындай акция барлық жерде жалғасын тапса, ел де есін жиятын шығар...



Арақтың бәрі қайдан шығады ??? Ақтөбеден сендерден үлгі алсак калай болатынын білмедім :-(



Керісінше жастардың ішімдік ішуі азайып бара жатыр. Себебі көшеде мас болып жүрген жастарды көп көрмейсің. Керісінше, көшеде теңселген немесе екі қолын бұтына қысып алып кез-келген жерде тәтті ұйқыға басып жатқан аға буындарды көзіміз көп шалады.Шіркін елеміз сыра ішуден 8 орынды иемденсе, бақуатты елі елдің қатарынан осы деңгейден көрінсек қой шіркін!

Тельман



Арак Казакты жегйддей жеп барады сумдык орыстарга кулйп журсек озымйз олардан бетер екенбйз шектеу керек

Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
5 + 2 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Ақпан 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
-1012345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728291234

Айлық статистика

<<  >>