Егемендіктің ерегі | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Достық, қастық, бар қызық – жүрек ісі,
Ар, ұяттың бір ақыл күзетшісі.
Ар мен ұят сенбесе – өзге қылық,
Арын, алқын – бұл күннің мәртебесі

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
Астананың бір минуттық шығыны - 600 мың теңгені құрайды
Айтқыш екен
Обал болды көзге де, құлаққа да,--
Сеніп елге бермейсің сыр ақтара.
Қарайтының күдіз-түн бір-ақ канал,
Көретінің бір кісі, бір-ақ қала.

А. Мұқабай, асаба

Загрузка

Егемендіктің ерегі

Жәрдемші


Біздің санамызда егемендік туралы түсініктің қасаңдалған сыйпаты бар. «Ел егемен болу үшін оның мемлекеті, жераумағы, әскері т.т. болу керек» деген. Алайда, егемендікті еректейтін аталған нышандардың бәрі де бола тұрып, егеменбіз деуге қымсындыратын жайттар жеткілікті бізде. Мәселен, тәуелсіздік алғалы жыйырма жылға жуықтаса да, өз жеріміз мен өз еліміздегі тіліміздің жағдайы белгілі. Ал, Астананың көшесінде жүрген мына бір мемлекеттік нөмірі бар (7501 БӨА) «Тойота» автокөлігін (суретте) қазақы әріптеріне қарап, Қазақстандікі дей алмайсыз. Бірақ, бір қарағанда, көкейдегі  көл сезімді бүлк еткізетін бұл көрініс егемендікке әлі де қаншалықты қарайтынымызға, оның қызығын қаншалықты көріп отырғанымызды амалсыз еске түсіреді. Осыны көріп отырып, сондағы еркін қазақтан да, сол жерімізден де бас тартпай-ақ қойсақ қайтеді? - деген ой да келеді.

Әлемдік үдерістің асау жалына жармасумен келе жатқан Қазақстан, оны бағындыра алмай, барған сайын өз келбетінен ажырап бара жатқандай. Мәселен, мына қазақтың көлігі тіркелген мемлекет те қазақ даласының бір пұшпағын иеленіп отыр. Алайда, сол мекендегі қазақтың  «егемендігі» Қазақстандағыдан анағұрлым еңселі деуге негіз осы. Бірақ, бұндағы қазақтар да, ел егесі болып отырған ұлт та жаһаннан  қалып, сорлап отырғаны немесе біздің олардан озып кеткеніміз шамалы. Тіпті, бұл мемлекеттің автоайдаушылары (ежелгі ат, арба «айдаушы» сөзін, жасанды «жүргізушімен» де алмастырып тастадық) латын емес нөмірсіз жүрсе де, ешбір шетелде жапа шегіп жатқан жоқ. Ұлы даланың арғымағындай ағып бара жатқанын қараңызшы!

Құрметті оқырман! Көрдіңіз ғой, бір ғана автонөмірдің өзінде қаншама саясат, қаншама мән жатыр! Ал, енді бұл «арба» қай елдің қазағына тиесілі екенін өзіңіз табыңыз.Осыған қарап, қазақ қай елде дербес өмір сүруде деген сұраққа жауап табуға болады.

Елсерік. Астана

 


 




Міне, нағыз ер! Моңғолияға көшіп кеткім келіп отыр



Қазақстанда қазақ туралы айткан кезде етегін жаска толады. Қазақтар бейщара күй кешіп жур, жүре береді де!!!



БӨА-Баян-Өлке аймағы.



бұл қазақ елінің шеттегі қазаққа жасаған қамқорлығының арқасы, моңғолдың қазағы осы тәрізді көліктерін көшіп келе жатқан оралмандармыз деп шекарадан қиыншылықсыз кіргізе алады, сосын осылайша еркіндікпен зулайды, айда қазағым!



Дәриға Нұрсұлтанқызының бір сөзі есіме түсіп отыр. Автокөліктердің терезелеріндегі тонировкаларды сыпырып тастау туралы ІІМ тарапынан талап көтеріліп жатқанда ерке қыз қылымсып: "Тырнағым сынады. Автокөлігімдегі Тонировканы сыпыра алмаймын" деген еді. Асқанды деген осы. Ел заңы елдің бәріне де ортақ емес пе?..

Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
8 + 0 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Ақпан 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
-1012345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728291234

Айлық статистика

<<  >>