Қазақстан Кеңес одағынан көп нәрсені мұра етіп алды. Сондай мұралардың бірі - Мұсылмандардың діни басқармасы. Сонау 1943 жылы зайырлы қоғам жағдайында мұсылман қауымын қадағалайтын формалардың бірі ретінде Ташкентте Орта Азия мен Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы (САДУМ) құрылған болатын. Бірақ Кеңес одағы ыдыраған соң Қазақстанда жеке мұсылмандар басқармасын құру қажет болды. Осылайша тәуелсіздік кезеңінің басында Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы пайда болды. ҚМДБ имамдары өздерін мемлекеттік аппараттың бір бөлігі - «ресми дінбасыларының» өкілі, ал аталған ұйымның төрағасы «Бас муфти» деп аталса да, бұл мәртебесі заңдық жағынан зайырлы қоғамға қайшы келеді. ҚР Конституциясында мемлекет діннен бөлек деп жазылған. ҚМДБ - заңды атауы «Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы» республикалық діни бірлестігі. Негізінен заңдық тұрғыда ол өзі сияқты басқа да мемлекеттік емес ұйымдармен бір деңгейде.
Бірақ «темір құрсау» құлаған соң біздің елге әртүрлі ағымдарды, соның ішінде Сауд Арабиясы, Пәкістан мен Египет сияқты араб елдерінен келген «таза исламды» насихаттайтын миссионерлердің үлкен легі келді. Ислам діні халық арасында тез тарап жатқан кезде ҚМДБ имамдары заманның қатеріне, яғни, шетелдік үгіт насихатшыларға идеологиялық жағынан төтеп бере алмады және елдегі мұсылмандардың рухани сұранысын қанағаттандыра алмады. ҚМДБ көп жағдайда ас өткізу, дүниеден өткендерге Құран оқу, садақа жинау, шариғат бойынша неке қию сияқты салттық мәселелерді реттейтін бюроға айналды. Уақыт өте келе ҚМДБ имамдарының біліктілігі аздығынан «ресми дінбасылар» қатарына әртүрлі радикалды бағыт өкілдері, әсіресе, «салафиттер» өтіп кетті. Уақыт өте келе ҚМДБ мемлекеттің емес, жоғарыда аталған жекелеген діни топтардың мүддесін өткізе бастады.
2008 жылдан бастап Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы жанындағы Республикалық имамдардың біліктілігін көтеретін институт «Ақида», яғни сенім деп аталатын оқулықты қолдана бастады. Дін қызметкерлерін дайындағандағы оқу бағдарламасының негізі саналатын кітаптың 3-ші бетінде былай деп жазылған:
«...сенім мазхабтары (исламдағы діни-құқықтық мектептер - Е.Х. ескертпесі)» құтқарылғандар және тозақтықтар деп екі түрге бөлінеді. Құтқарылғандар - Ахли Сунна уаль-Джамаа (Сунна мен келісімнің бағытын ұстанушылар - Е.Х. ескертпесі); тозақтықтар - Ахли Бидаа (дінге жаңалық енгізбек болғандар - Е.Х. ескертпесі)... Сондықтан Ахли Сунна Салафия, Матуридия и Ашхария дейтін тағы үш тармаққа бөлінеді. Бұл үш тармақ бір-бірін мұсылман-бауырларлар ретінде көреді. Бүгінгі күні әлемнің 90% мұсылмандары өздерін Ахли Сунна қатарында деп санайды.»
Бірақ, ҚМДБ мамандарының салафизмді исламның классикалық исламдық ілім қатарына қосуға тырысып жүрген әрекетіне таң қалуға болмайды. Сондай мамандардың бірі ҚМДБ жанындағы аталған Институтта қызмет атқаратын Ахметжан Исламов. Оның аты Алматы қаласының діндарлары арасында өте танымал.
Шейх Ахметжан - Алматы қаласындағы танымал салафиттік насихатшы, ол осы ілім Қазақстанда алғашқы пайда болғанда ең басында тұрды. 2000 жылдардың басында-ақ «Руханиат» халықаралық ислам университетінің ректоры Мұрат Мыңбаев болып тұрған кезде Исламов осы ЖОО-да үгіт және насихат бөлімін меңгерді. Құрметті шейхтың 2003 жылғы 9 қыркүйегінде оқыған лекциясынан үзінді келтірсек, онда ол өзінің діни бағыты туралы былай дейді:
«Жамағат, біз бүгін ваххабит деген атқа ие болдық, әлхамдулилля, мені ваххабит деп санасаңдар, онда, әлхамдулилля, сендер қателеспедіңдер. ... Аллахтың қалауымен біз сіздермен бір кішкентай бөлік болып қалдық, сондықтан ваххабист болыңдар, адаспаңдар»
Ахметжан Исламов 2003 жылы Алматы қаласында ислам бойынша курсты қалай жүргізсе, қазір де солай жалғастырып келеді, бірақ оның қазіргі қызметі ҚМДБ жанындағы Республикалық имамдардың біліктілігін көтеру институтында. Міне, қызық! Радикал оқытушы имамдарды жоғарыда аталған оқулықпен ваххабизм прин-циптері бойынша оқытады, ал олар өз кезегінде алған білімін халыққа таратады. Бұның бәрі ҚМДБ-ның үнсіз келісімімен жасалады.
А.Исламов муфтият жүйесінде жұмыс істейтін жалғыз салафит емес. Тағы бір мысал ретінде Астана қаласындағы «Шұбар» мешітінің имамы Тоирджон Ибригимовты атауға болады. Оның өмірі мен қызметі туралы интернет-сайт беттерінде талай айтылған болатын. Қолда бар фактілерге қарамастан, ҚМДБ басшылығы Қазақстанның танымал салафит шейхының іс-әрекетіне көз жұмуды әлі де жалғастырып келеді. Оны қойып, ресми дін өкілдері Ибрагимнің насихат жұмысына барлық жағынан қолдау жасайды. Осы қолдауға байланысты қазіргі кезде «Шұбар» мешіті Қазақстан Республикасында салафит идеологтарын дайындайтын ірі орталықтың біріне айналды. 2008 жылдан бастап онда еліміздің әр облысынан аталған ағымның ондаған ізбасарлары ілім алды. Тек Рамазан айында ғана «Шұбар» мешітінде Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар және басқа облыстардан келген 30-дан аса адам дайындықтан өтіп, қазір де мешітте тұрып, оқуын жалғастырып жатыр.
Сонымен қатар, ҚМДБ басқа да салафит иделогтарымен, әсіресе Дарын Мубаровпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайды. Сауд Арабиясында оқып келген бұл жас жігіт бүгінгі таңда салафизмнің алдыңғы қатарлы (және ең сөзуар) қазақтілді насихаттаушысы.
19-қыркүйекте Қазақ ұлттық техникалық университетінде Д.Мубаровтың осы ЖОО студенттерімен кездесуі өтті. Осы кездесуді ұйымдастырған ҚМДБ атынан Алматы қаласының Медеу ауданы бас имамының орынбасары Бірлік Есмахан қатысты.
Дарын Мубаровпен кездесуге 150-ге жуық адам жиналып, оның лекциясын 2 сағатқа жуық тыңдады. Кездесу тақырыбы «Отанды сүю - иманнан» деп аталды.
Бірақ салафизмді заңдастыру шараларының ішінде ҚМДБ-ның танымал салафит қайраткері, «Асыл арна» студиясын басқаратын Мұхамеджан Тазабековпен бірлесе атқарған жұмысы бәрін жолда қалдырады.
Осы әріптестік ҚМДБ төрағасы Ә.Дербісалиевтің Президент Әкімшілігі жетекші орынбасары М.Әшімбаевқа 22 қазан 2008 жылы жазған хатында айқын көрінген. Исламдық үгіт-насихат шаралары туралы айта келе, Ә. Дербісалиев Рамазан айы бойы ұлттық телеарнаның эфирінде ҚМДБ-ның «Асыл арна» студиясымен бірігіп дайындаған «Ораза қабыл болсын» бағдарламасын ашқаны туралы айтады. Ары қарай Ә. Дербісалиев былай деп жазады: «Асыл арна» студиясының жұмысы ҚМДБ саясатына сәйкес келеді. Студияның Қамқоршылар кеңесін ҚМДБ басқарады (Қамқоршылар кеңесінің төрағасы - ҚМДБ төрағасы, бас муфти). Студияның творчествовалық және идеологиялық бағыты, тақырыптық концепциясы да ҚМДБ басшылығымен қадағаланады.
Хаттан анық көретініміз - ҚМДБ салафиттерге ұлттық телеарна эфирінде еркіндік беріп, қоғамда олардың жақсы имиджін жасауға көмегін тигізеді. Мысалға, ҚМДБ танымал имамдары мен қызметкерлері, Жамбыл облысының имамы Е.Қосбағар, ҚМДБ діни және ғылыми талдау бөлімінің жетекшісі Е.Оңғаров, Алматы қаласының бас имамы М.Құлмұхаммед, оқу-ағарту бөлімінің жетекшісі Ә.Дәуренбеков және басқаларының М.Тазабековтың теле және радио бағдарламаларына («Ораза қабыл болсын», «Иман нұры», «Құбыла») қатысуы Діни басқарманың М.Тазабековтың әрекетіне оң көзімен қарайтынына дәлел болады.
ҚМДБ-ның М.Тазабековты осылайша қолдауының арқасында ол құрған студия «Асыл арна» телеарнасына айналды. Осы жылдың 20 тамызында Алматы қаласында оның ашылу салтанаты өтіп, оған Жоғарғы муфти Ә.Дербісалиев, ҚР Парламентінің депутаты Б.Тілеуханов, Алматы қаласы әкімінің орынбасары С.Сейдуманов, бокстан 2000 жылғы Олимпиада чемпионы Е.Ибраимов және де Ә.Дербісалиев өзінің жақын адамы деп таныстырған телеарна директоры М.Тазабеков қатысты.
Бір кездері М.Тазабеков талантты айтыскер және көпшілік алдында танымал болған. Бірақ, ол кейін айтысты тастап кетті. Оның бұлай етуіне көп жағдайда қайынағасы Бекболат Тілеуханов пен Х.Алтай атындағы халықаралық қайырымдылық қорының төрағасы Әбдрахман Ескендір ықпал еткен. Сондықтан М.Тазабеков Х.Алтай атындағы халықаралық қайырымдылық қорының төраға орынбасары қызметіне тағайындалды, ал кейінірек «Әл Баракат» жеке қайырымдылық қорының Жамбыл облыстық филиалында директор болды. Аталған қорлар өздерінің баспа өнімдерімен, атап айтқанда, бір уақыттарда Интернет басылымдары жазған экстремистік идеяларға толы діни кітаптарымен танымал. Сонан соң М.Тазабеков «Асыл арна» студиясын құрды. Енді бір телеарнаны басқарып ол салафиттік қайраткер ретінде карьерасының жаңа деңгейіне өтті.
«Асыл арна» телеарнасының ашылу салтанатына жиналған көпшілік М.Тазабековтың діни қөзқарастарымен таныс болғанымен, муфти қоғамды керісінше сендіруге тырысты. Ә.Дербісәлиев жиналған қауымның алдында сөйлеген сөзінде: "Арна салафизмді емес, тек ханафит мазхабының негіздерін, яғни Орталық Азия халықтарының дәстүрлі діни-құқықтық мектебін насихаттайтын болады", - деді. Сонан соң, Ә.Дербісалиев айтылған сөзді құптау үшін М.Тазабековты микрофон алдына шығуға мәжбүр қылды.
Бүгінгі күні «Асыл арна» - ҚМДБ қолдауына ие болған абсолютті заңды құрылым болғандықтан, ресми діндарлардың атын жамылып, салафизмді кедергісіз насихаттауға зор мүмкіншілік алды. Телеарнаның сайтында ҚМДБ олардың негізгі әріптесі және кураторы деп көрсетілген.
Екіншіден, енді салафиттерде өздерінің мүддесін қорғайтын ақпарат құралы бар. Өзінің теледидары болу кез-келген адам қолынан келмейтін қымбат шаруа.
Үшіншіден, салафизмді насихаттаудың ауқымы әжептәуір кеңейеді. Әзірше телеарнаның бағдарламалары Алматы қаласында тек кабельді телеарнадан трансляция жасайды. Болашақ жоспарда бүкіл Қазақстанға тарайтын болады.
Және төртіншіден, егер бұрын салафизм тек жеке идеологтар, кітаптар мен брошюралар арқылы жүргізілсе, қазір ол насихат жаңа ақпараттық технологияларды қолдану арқылы жаңа деңгейге көтерілді. Осы аталған фактілер біздің «ресми дін басыларының» көп жағдайда еліміз үшін деструктивті ағымдардың мүддесін қорғайтынын дәлелдемей ме?!-
Ержан Құсайынов
(www.islam.ru сайтынан алынды)




Мына мақаланы кім жазған? Сәтті жазылыпты. Шындығында да елдегі ресми дінбасыларымыз қисық ағымдардың құрсауына түсіп кеткен бе?
Пікір алынып тасталды!
Шиш-миш демей сенин оқымағанын білініп қалды -ау. Біреуге уйреткенше сенин дұрыстап қазақ тілін игеруің дұрыс болар дінді былай қойып. Адам деген пікір айтудан бұрын дұрыс ойлап, сосын дүрыс жеткізе білу керек!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!
"Асыл арнаға" қатысты кей бауырларымыз сұрақтар қойыпты. Енді соған келейік.
1. "Асыл арнаның" атына заты сай емес. Мен бірқатар хабарларын қарадым. Бүкіл әңгімелері "Таухидты" ұлықтаймыз деген желеумен, толықттай ваххабистік сарында. Иншаалла, оның да бетпердесін сыпыратын күн алыс емес. Қомақты сараптама дайындалуда.
2."Асыл арна" дін атын жамылып келіп, жастарымызды бөгде діндегілерге білдірмей қарсы қою, ел ішінде шырық бұзумен айналысып жатыр. Дәлел жеткілікті.
3. "Асыл арна" басқа салада жолы болмаған, "өтпей қалған" журналист-сымақтардың (Алғадай, Ахат сияқты)паналаған, "көсемдікке" ұмтылған станциясы. Таза журналистикадан толып жатқан өрескел қателерді теруге болады.
4. "Асыл арна" насихаттап жатқан "діндәрлардың" дені сау емес, көбі Мысырддың "террорист дайындаушы" "Әл Азхар" деген "шайтанханасынан" улы дәм татқан біреулер. Есіл дерттері - жихад! Қазақты арандату. Салафиттікті насихаттау.
Бұл менің үстірт жаздың, білмейсің дегендерге алдын ала жауабым. Бұйыртса, толық әшкере қылатын жауабымды кешіктірмеспін. А.Б.
Сандырактапсын! Асыл арна деген нагыз казактын ата дини исламды уагыздап отырган дурыс арна!
Дини баскармадан унеми имамдарды шакырып соларга уагыз айткызып халыкты бир Аллахка кулшылык кылуга шакырып журген арна.
Саган жакпай калганы олардын аруакка сиынуга болмайды, керегимизди тек Аллахтан сурау керек деген жери гой?!
Сен сиякты кери тартпалардын колынан биреуди жамандаганнан баска не келеди???
Кокимей аулак жур!
Бауырларым ау, не айтып кеткенсіңдер, дұрыс нәрсе жазсаңдаршы, Ғйбат айтпай. айтқыш болсаңдар бетіне барып айтыңдар. (егер шын жигит болсаң) Адресин интернет арқылы тауып алуға болады. Ғайбат айтып күнәға батқанша
Сматулланың зікіршілері туралы көптен бері айтылып келеді. Бұл сектаның қауіптілігі жөніндегі мәселе биылғы көктемде Президент Н.Назарбаевқа да айтылды.. Ол мәселенің ақ-қарасын анықтап, шара қолдану жөнінде тапсырма да берген. Бірақ, әлі нәтиже жоқ. Неге?
Сопылық сектаның қыр-сырын, мақсат-мүддесін, оның күшейіп кетуіне кімдер ықпал жасап отырғанын түсіну үшін біздін тілшіміздын ертеректе жазған мақаласын оқырманға ұсынып отырмыз.
Былайғы жұрт оларды «йассауишілдер», «зікіршілер» немесе «сопылар» деп атайды. Қожа Ахмет Йассауи хикметтерін қасиетті Құранмен қатар ұстайды. Алқа қотан отырып зікір салуды мұсылманның бес парызынан жоғары қояды. Пірлері — Пәкістаннан келген Исматулла. Сопылар өздерін “жамағат” деп, басқаларды “жамағат емес” деп бөліп қарайды. Тіпті соңғы кезде йассауишілдердің өздерін “Мәдінің сарбазымыз” деп, ақирет күнін жақындатуы да діни экстремизмге бейімдігін аңғартады.Соған қарап, мұндай ұйымдарда діни-ахлақи насихаттан гөрі саяси пиғылдың басымдығын көруге болады. Дінтанушылардың пікірінше, жұрттың мұндай топтарға еруінің екі себебі бар, бірі – діни сауатсыздық, адасушылық. Екіншісі, бұл материалдық байлық, ақшаға қызығу немесе қызмет, жұмыс, т.б.
Ассалау ма галейкум ардакты қауым, Дін дегеніміз- ол сізбен біз, біреуді сынға алу немесе кемшілігін табу емес. Зікір жайына келсек, сіз Қожа Ахмет Яссауи кесенесіндегі дәлелдерге не айтасыз? мәселен, алқаның бейнесі немесе ұлықтау сөздері. Оны койган әлгі Исматулла Мақсұм емеской.Ақиқатқа көз жеткізбей, Дұрыс емес-деп, ешқашан айтпаңыз, себебі пайғамбарымыз с.ғ.с - да кезінде дұрыс емес деушілер көп болған ж.е қудалаған. Ақиқат әлі де алда
Сен "Топас". Н.Назарбаев Түркістанның алдында тұрып "Біздің снетініміз МІНЕ деп айтқанын сенин сайтаның көрмей қалды ма????"Есің бар да еліңді тап!!!!!!!!!
Исматулла Мақсұм – қазақстандық «сопылардың» рухани ұстазы, пірі. Оны «тақсыр» деп атайды, «қасиетті әке» cанайды, жамағаттың әрбір мүшесі құлдық ұрып, қолын сүйеді.
Исматулланың бұған дейін кім болғаны, не істеп, не қойғаны, не кәсіппен айналысқаны туралы ақпарат жоқтың қасы. «Кеңес-ауған соғысы кезінде Ахмад Шах Масуд әскерінің діни идеологы болды» деген сөз бар. Жақында ғана жарық көрген оның «Құран сырларының әліппесі» кітабында келтірілген деректерде «түкті қошқардың тұқымы» екені, ата-бабалары – Шалқар әулие, Маймақ ишан Сыр бойы, Ақтөбе өңірінде жасағаны айтылған. Естіп, білетіндер болар, бұл дерек әлі екшелене жатар.
Бізге анығы – 1944 жылы туған, ауған-пәкістандық азамат. Қазақстан азаматтығын алған-алмағаны белгісіз.
Ал қазақстандық «сопылардың» «зікірі» – мүлдем басқа нәрсе. Оны өздері «алқа зікір» және «ара зікір» деп бөледі. Жалпы, қазақ халқының ұғымында бақсылар зікір салады, «зікір», «зікірлеу» сөздері жағымсыз экспрессивті мағынада қолданылады.
Теология ғылымдарының докторы, дінтанушы Мұхиддин Исаұлының айтуынша, «йассауишілдердің» «зікір» салу формасы дәстүрлі дінге жат. Ол «бұлайша соқыр сенімге берілу діни фанатизмге ұрындыруы мүмкін екенін» айтады. (“Айқын”, 07.11.04 ж.) Бұл пікірмен толық келісуге болады. Екі-үш сағатқа созылатын «зікір» кезінде адамдар «Алла ху!», «Алла хай!» деп айғайлап, трансқа жеткенше бастарын бұлғақтатып, селкілдеп билейді. Ара тұра бірі еңкілдеп, бірі өкіріп жылайды. Тіпті кейбірінің аузынан ақ көбік-жыны ағып, есінен танып, талып қалады. Исматулланың өзі «зікірге» тым елітпейді, залды, кімнің қандай күйде екенін көзінің астымен жіті қадағалап, барлап отырады.
«Исматулланың гипноз жасау қасиеті бар және оны «зікір» салып отырған адам масаң күйге жеткенде қолданады» деген сөздің жаны бар.
«Сиқыршылық, тұмар тағу, дуалау – Аллаға шәк келтірушілік болады» деген Мұхаммед (с.ғ.) пайғамбарымыз бір хадисінде.
Пікір алынып тасталды!
Сопылық сектаның құрылымдық жүйесі
Қазір сопылар өздерінің жұмысын “Сенім. Білім. Өмір” республикалық қоғамдық бірлестігі арқылы жүргізеді. Бірлестік Әділет министрлігінде 2002 жылы 27 мамырында тіркелген (тіркеу нөмірі 4748-1900-00, мекен-жайы Семей қаласы, Шлеева көшесіндегі 14 үй), барлық облыстарда және Алматы қаласында бөлімшесі бар.
Сопылық сектаның құрылымдық жүйесі
Қазір сопылар өздерінің жұмысын “Сенім. Білім. Өмір” республикалық қоғамдық бірлестігі арқылы жүргізеді. Бірлестік Әділет министрлігінде 2002 жылы 27 мамырында тіркелген (тіркеу нөмірі 4748-1900-00, мекен-жайы Семей қаласы, Шлеева көшесіндегі 14 үй), барлық облыстарда және Алматы қаласында бөлімшесі бар.
Әу бастан «зікіршілердің» ошағы болған ҚазМҰУ-де қазір «сопылардың» «Темірқазық» сосын «Шұға» деп аталатын қыздар клубы бар. 2004 жылдың 14 қыркүйегіндегі «кіші құрылтайдың» хаттамасында «Әбжат» клубының жұмысын жүргізу айтылған. 21 қыркүйектегі хаттамада Алматы қалалық әкімшілігі жанынан «Мирас» жастар клубын ашу көзделген. Мұның бәрі - декаденттік клубтар емес, секталық құрылымның ячейкалары.
Сопылардың тактикасы
немесе «аңқау елге – арамза молда»
Исматулла елден қуылып, бір рет аузы күйгеннен кейін «сопылар» жаңа тактикаға көшті. Шәкәрім өлеңдерінің өздеріне ыңғайлысын іріктеп, редакциялап, «Иманым» деген атпен кітап етіп шығарды. Қазақ фольклорын, аңыз-әпсәналарды бұрмалап өз идеологиясына ыңғайлап алды. Батыстағы Бекет атаны А.Йассауидің «шәкірті» етіп жіберді. Абайды да сопылықтың уағыздаушысы етіп көрсетуге тырысып жүр. Мұның бәрі өз нәтижесін берді. Өйткені фольклор мен әдебиет – қазақтардың ең жанды жері. Аңыз ертегілердің кейіпкерлерін қазақтар идеал санайды. Өзін қазақпын деп айтатын әр адам осы арқылы есейеді. Қазақтың осы бір жанды жерін дөп басқан сопылар өздерінің “зікір”, “жүректі тазарту” сияқты ілімдеріне бүркеншік етіп алды.
Сопылардың артында қандай күштер тұр?
Бұл турасында екі жорамал бар.
Кезінде Ауғанстандағы талибтерді қолдаған Пәкістанның бұрынғы премьер-министрі Беназир Бхуттоның идеологтары Орталық Азияны да өзіне ықпалды ету мақсатында түрлі жоспарлар жасағаны белгілі. Мушаррафтың әскери төңкерісінен соң олар шашырап кетсе де кейбірі әлі бой тасалап жүр. Болжам айтушылардың кейбірі қазақстандық сопыларды бхуттошылармен байланыстырады. Айтатын аргументі – Исматулла Пәкістаннан келген. Енді бір болжам жасаушылар “Жоқ, бұлардың артында шейіттер, яғни Иран тұр” деп қарсы дау айтады. Өйткені, қазақстандық сопылардың идеологиясында шииттік ағымның элементтері бар. Осыдан екі жыл бұрын Түркістанда өткен сопылардың құрылтайында (пірге қол беру рәсімі) Исматулла “әділеттік орнату үшін жер бетіне Мәді шықты, қазір ол Пәкістанда жүр” деп мәлімдеме жасапты-мыс. Мәді – шииттер үшін жоғалып кеткен он екінші ғайып имам. Сондай-ақ, Исматулла өзінің кітабында суниттер әділ халиф санайтын Омарды анекдотқа қосып әжуә етіп қойыпты. Осы және басқа да шиизмге қатысты дәлел айтушылар Исматулланы Иранмен байланыстырады. Ал Иранның әлемдік саясатта Ресеймен мүдделестігін ескерсек, «сопылық жоба» Мәскеу арқылы жүргізіліп жатыр ма?» деген пікір қылаң береді. Әрине, сырт көзге бұл пікір қисынды болғанымен, нақты, әрі дәлелді фактілер жоқ. Жоғарыда айтылған екі болжам көп зерттеуді талап етеді.
Кезінде елден аласталған Исматулланың артынша Қазақстанға оралуына, «сопылардың» еркін жұмыс істеуіне, тіпті күшейіп кетуіне қатысты болжам айтушылар “зікіршілерді мемлекеттің жоғары лауазымды шенеуніктерінің кейбірі қолдап отыр” дейді. Соның бірі деп Иманғали Тасмағамбетовтың аты аталады. Өйткені Исматулланы өткен жылдың басында И.Тасмағамбетов қабылдаған.
Ержан Құсайынов жарайсың! тамаша макала, "бір түйе сиген жерге мың түйе тайып жығылады деген" атам қазақ. Сондай ҚМДБ сияқты сигек түйелерден халықтың көзін ашып отыру керек. Аллажар болсын саған бауырым!
Анық асық әулие
Кереметке сол ие
Жаны құрбан жарына
Керексіз оған дүние.
Шәкәрім Құдайбердіұлы
Мына бір шолақ дүниеде «Әулие өлмес» дер едім...
Қазақстан газетінің (№36, 08.10.2009 ж) санында жарияланған Мұхамеджан Тазабековтың «Әулие» аралау: кімдер амалдап, кімдер арандап жүр?» атты мақаласына, немесе, сол уаһһабилердің түсірген «Шындықпен сұмдығына» жауап хат.
Аталмыш мақаласында М.Тазабеков қазіргі кезде көптеген адамдарды алдап-арбап, ақша табу мақсатымен қасиетті мекендердегі барша әулиелерді аралайтын «Аққу - сұңқар» топтарын мысал ете отырып, қазақтың ежелден қалыптасқан әулиеге деген құрметін жоққа шығарып, оны ислами танымға қарсы қойып Құран Кәрімнен аяттар келтіріпті. Бұл жерде біз «Аққу, Сұңқарды» ақтайын деген ойымыз жоқ, ақиқатын ашу. Қазақтың әулиеге деген құрметі, сенімі «ата жолы» деп елді алдайтын «Аққу, Сұңқардай» емес қой. Олар бір бақсылық әдіспен «ата-баба әруағын алға тарта отырып жынын шақырып сонымен сөйлессе» қазақтың бәрі жын шақырмайды ғой әулие аралағанда. Ондай жыны барларды әрбірден соң моласына дейін бөлек жерлеген тарихқа үңілер болсақ. Абай атамның: «Моласындай бақсының жалғыз қалдым» деуі осыны аңғартса керек. Енді осы бақсылардың не дінмен, не салтпен еш байланысы жоқ былығының бәрін қазақтардың дәстүрлі дүниетанымы етіп көрсетіп, әулиеге, киелі жерге деген сенімді, құрметті жойып, керісінше ата тарихқа деген жиіркеніш сезімін ояту ол қиянат қой.
Әулиені сен сыйламасаң да Алла сыйлайды. «Әулие» сөзі арапшадан алынған сөз, уәли сөзінен шыққан, қазақша достар деген мағынаны білдіреді. Қасиетті кітабымыз Құран Кәрімде әулие туралы көптеген аяттар келтірілген. Мәселен «Юныс» сүресінің 62-ші аятында: «Біліңдер! Расында Алланың достарына қауіп-қатер жоқ, әрі олар қайғырмайды», деп, әулиенің Жаратқан Тәңірі алдында қаншалықты қадір-қасиетке ие екендігін Алла Тағала өзі ескертеді.
Мұхамеджан Фатыр сүресінің: «Тірілер мен өлілер тең емес... Мұхаммед (с.ғ.с) сен қабырдағы біреулерге естірте алмайсың» деген 22-аятын келтірген.
Расында бұл келтірілген Құран аятын оқығанда әрине кімнің болса да «әулие қолдайды» деген пікір қате деген ойда қалары сөзсіз.
Ал, ол аяттың мағынасын бұрмалап жіберген Мұхмеджан оны әулиеге қарсы қоюда. Енді Құранда Фатыр сүресінің 22-аятын: «Тірілер өлілермен тең емес. Рас, Алла (Т) әлде кімді қаласа, естіртеді. (Мұхаммед Ғ.С.) сен қабырлардағы біреулерге естірте алмайсың. Қарсылықта қасарысқандар, қабырлардағы өліктерге теңеліп отыр» деп, келтірілген Халиф Алтайдың аудармасында. Ал, Мұхмеджан болса: «Тірілер мен өлілер тең емес...» деп, Фатыр сүресінің 22-аятын келтіріп, көп нүкте қойып кеткен. Ары қарайғы: «Рас, Алла (Т) әлде кімді қаласа, естіртеді» деген жалғасын келтірмепті. Яғни, Құранның мағынасын өрескел бұзған. Және: «Қарсылықта қасарысқандар, қабырлардағы өліктерге теңеліп отыр» деген Х.Алтай түсіндірмесін тағы келтірмепті.
Ал, ол аяттың негізгі мағынасы Құрандағы «Қарсылықта қасарысқандар, қабырлардағы өліктерге теңеліп отыр» дегеніндей «жүрегі өлген адамдарға естірте алмайтынымызды» ескерткен, қабірдегі әруақтарға емес.
Фатыр сүресінің 23-аятында: «Сен, бір ескертуші ғанасың» десе, 24-аятында: «Сөз жоқ, сені шындықпен қуантушы, қорқытушы етіп жібердік» деп 22-аяттың мағынасын аша түскен.
Мұхамеджан және Фатыр сүресінің: «Егер оларға жалбарынсаңдар – дауыстарыңды естімейді. Мүбада, олар естісе де, сендерге жауап қайтара алмайды. Сондай-ақ, қиямет күні олар сендердің ортақ қосқандарыңнан танады. Толық хабар беруші Аллаһтай сендерге ешкім түсіндірмейді» деген 14-ші аятын да келтіріпті.
Ал, Құранға үңілсек ол жерде қабірдегі өліктер және айтылмайды. Енді ол туралы: Құран Кәрімде: «Ол Алла, түнді күндізге кигізіп, күндізді түнге кигізді. Сондай-ақ ай мен күнді игерді. Бәрі де белгілі бір мерзімге дейін жүріп тұрады. Біртұтас осылар, Раббыларың Алланікі. Иелік Соған тән. Одан өзге табынғандарың бір ұрық қабығына да ие емес. Егер оларға жалбарынсаңдар, дауыстарыңды естімейді. Мүбада олар естісе де сендерге жауап қайтара алмайды. Сондай-ақ қиямет күні олар сендердің ортақ қосқандықтарыңнан танады. Толық хабар беруші Алладай саған ешкім түсіндірмейді.» деп келтірілген 13,14-аяттарында.
Ал, Мұхамеджан болса Құрандағы: «Одан өзге табынғандарың» дегенді «әулиеге, әруаққа» теңепті. Ол аятта не әулие туралы, не әруақ туралы айтылмаған, «одан өзге табынғандарың» деп келтірілген. Бұл да ислам діні келгенге дейінгі араптардың жәһилет заманындағы мүшриктер табынған пұттарға айтылған. Пұт пен әулиені қатар қойыпты Мұхамеджан. Пұт серік қосу, ал әулие Алланың Құранда «оларға еш қауіп-қатер жоқ» (Юныс сүресі, 62-аят), немесе «оларды өліктер деп ойламаңдар» (Бақара сүресі, 154 аят ) деп мәртебесін асқақтатқан досы. Сондықтан да әулиелер, пұттар сияқты өліктер, немесе, қасарысып жүрегі өлгендер секілді естімейтін, естісе де жауап қайырмайтындармен тең емес.
Ал, әулиелер – олар тірі. Ол туралы Қасиетті Құран Кәрімде мынадай аяттар келтірген:
«Алла жолында өлгендер өлі деп ойлама, әрине олар тірі. Раббыларының жанында олар ризыққа бөлендіріледі.» (Әли Ғымыран сүресі 169 аят). Тағы бір аятта «Алла жолында өлгендерді олар өлі демеңдер, олар тірі, бірақ сендер сезіп біле алмайсыңдар». (Бақара сүресі, 154 аят ).
Аталған аяттардан біз Алла жолында жүріп өлгендердің өлмейтіндігін білдік, оны бізге Жаратушының өзі ескертіп олардың ризыққа бөленетіндігін, бірақ біздің оларды тірі екендігін білмейтіндігімізді айтады.
Ал, біз басына барып зиярат ететін Арыстан бап, Укаша ата, Ысқақ бап, Қарахан әулие, Әзірет Сұлтан Қожа Ахмет Яссауи, Баба Түкті Шашты Әзиз, Қара Бура әулие, Сопы Әзиз, Шопан Ата, Бекет Ата, М.Ж.Көпейұлы, Шәкәрім әулие т.б. көптеген әулие – әмбиелердің барлығы өмірлерін тек бір Алла жолына арнағандығы, қалдырған мұраларының тек рухани, діни мазмұнда жазылғандығы жасырын емес қой.
Мәселен Хақ Исламды ең алғаш Түркі елінде қабылдап, оны мемлекеттік дін еткен, исламның өркендеуіне бар ғұмырын сарп еткен Қарахан әулие. Қазіргі кесенісі Таразда орналасқан – Әулие ата.
Сол секілді 63 жастан кейін қылуетке кіріп тек Хақ жолына қалған өмірін арнап, артына мәңгі өлмес рухани мұра қалдырған – Қ.А.Яссауи әулие
А.Ясауи әулиенің шәкірті әйгілі Алтын Орда империясына Исламды мемлекеттік дін етіп қабылдатқан – Баба Түкті Шашты Әзиз, қазіргі кесенісі Созақта орналасқан.
Батыстық әйгілі уәлие Бекет Ата, жер асты бірнеше мешіт, медресселер салдырып бар ғұмырын осы Ислам діні жолында құрбан еткен.
Нағыз асық әулие
Кереметке сол ие
Жаны құрбан жарына
Керексіз өзге дүние – деп жырлап, рухани мұра қалдырған, сол жолда шәһит болған – Шәкәрім әулие.
Тағы басқа халық арасында аса беделге ие болған, халық жаппай зиарат ететін барлық әулиенің тарихына тоқталсақ, бәрінің тарихы осылай бір жерде үндеседі, яғни бәрі де хақ дініміз Исламды өркендетуге өмірлерін қиған. Ал, өмірлерін бір Алла жолына арнап дүниеден өткендерді Алла тағала «Оларды өлді деп есептемеңдер, олар тірі, бірақ сендер біле алмайсыңдар, олар ризыққа бөленеді» деп ескерткендігін біз жоғарыда келтірдік.
Содықтан да халқымыздың әулиені зиарат етуі, құрметтеуі, қастерлеуінің бәрінің хақ Құранмен негізделген дәлелдері бар. Ал, халқымыздың түсінігінде әулиелер хақ Құранда аталғандай «тірі» саналған. Мәселен Үмбетей Жырау бұл турасында:
Анау бір жолы аттанған
Әскерді қырғыз қырғанда,
Басынан оба қылғанда,
Ол хабарды ел біліп,
Көп батырмен сен жүріп,
Көзіңнің жасын көл қылып,
Қысылған әскер басының
Қасына барып тұрғанда,
Ақбоз атты шалғанда,
Мойныңа кісе салғанда,
Баба түкті Шашты Әзіз,
Содан бата алғанда,
Тілеуің қабыл болғанын,
Басыңа Қыдыр қонғанын,
Ұмыттыңба соны Абылай?! (Үмбетей жырау. Жеті ғасыр жырлайды. 1-том. Жазушы баспасы.75-бет )
Бұл жырда аласапыран заманда Абылай ханның әулие Баба түкті Шашты Әзиз басына зиярат етіп, ақбоз атты құрбандыққа шалып, Баба түкті Шашты Әзізден бата алғандығы, одан соң ханның басына Қыдыр қонып, тілеуінің қабыл болғандығы баяндалады. Әулиенің тірі екендігін, тіріге қолдау көрсететіндігін бұл жырдан да анық байқауға болады. Егер де әулиелер тірі адамдға қолдау көрсете алмаса, Үмбетей Жырау «Баба түкті Шашты Әзіз, Содан бата алғанда» «Тілеуің қабыл болғанын, Басыңа Қыдыр қонғанын», деп айтпас еді ғой. Яғни, әулиелер де тірі адамдарша тіріге қолдау көрсетеді, бата береді, желеп-жебейді.
Әулиелердің «тірі екендігі» туралы Базар жыраудың мына жырынан байқай аламыз:
Мына бір шолақ дүниеден
«Әулие өлмес» дер едім;
Отқа салса, күймеген,
Залымдардың өмірі
Бір шарпуы тимеген,
Арамды көңілі сүймеген;
Дін мұсылман баласын
Кереметпен билеген;
Саһар тұрып жылаған
Хақтан медет сұраған;
Ол ерлердің тағаты
Құдайына ұнаған,
Бабай түкті Шашты Шашты Әзиз,
Ер Сейтпенбет, Мағзамнан,
Марал ишан, софы Әзиз –
Солардан да өткен сұм дүние. (Базар жырау. Жеті ғасыр жырлайды. 2-том Жазушы баспасы. 91-бет).
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы «Өлеңмен берілген аят» атты өлеңінде де әулиеден медет тілеп, бата алатындығы тулалы баяндайды. Ол туралы:
Кәміл дүр сенің пірлерің
Барша білер сырларын,
Түркістан-дүр жерлерің,
Хазірет Сұлтан, сенен медет!
немесе
Шығып ек кешегі айда елімізден,
Мекен-жай, қоныс қылған жерімізден.
Хазіреттің ақ күмбезін зиарат қып,
Қол жайып бата алғалы пірімізден (М.Ж.Көпейұлы. Көптомдық шығармалар жинағы. 4-том Алматы «Алаш» 2005 ж 120-232 бб)
Егерде, Алла Құранда ескерткендей «әулиелерді тірі» деп білсек, онда тіріге тірі қалай көмектесе алады, әулиелер де солай көмектеспек, қолдап, желеп-жебемек. Сондықтан да халқымыз «Әулиелер қолдасын» дегенді тегіннен тегін айтпаса керек.
Ал, әулиеге қарсылар яғни, Құранда аталған Құдай досына қарсылар, әрине Аллаға да қарсылар болып табылады.
М.Ж.Көпейұлы: «Өлген адамның ешкімге қиянаты жоқ, Кім де кім маған қиянат жасаса, 7 жыл жүйкесі тозып, 7 жылдан кейін жұлыны үзіледі» деп, ескерткеніндей, 50 жылдары атамыздың қабірін бұзған офицердің көп ұзамай қайтыс болуы, тіптен ұрпақсыз кетуі тегіннен-тегін болмасы керек. (Қазақ тарихы 2008ж, № 2 Ә.Пазылова, «Мәшһүр Жүсіптің әулиелігі туралы» 29 бет).
М.Тазабеков «Аллаһтан басқа нәрселерге табынасыңдар ма? олар сендерге зиян тигізу қабілетіне де, пайда келтіру қабілетіне де ие емес қой. Аллаһ естуші, әрі толық білуші» делінген Майда сүресінің 72-аятын келтіріп, қазақты әруаққа табындырып қойыпты.
Адаспа бауырым, өзіңнің не салт-дәстүрден, не тарихтан, не діннен бейхабар екендігіңді және дәлелдепсің! Қазақ әулиеге барып еш қашан «Ия әулием менің жаратушым сенсің, менің тәңірім бір өзің, сенен басқа тәңірім жоқ, маған ұл-қыз, немесе денсаулық бер», немес, «Аллаһу акбардың» орнына «Әулие акбар» деп, әулиеге арнайы құлшылық қылмаған.
Мәселен Алпамыс батыр жырында бір перзентке зар болып жүрген Байбөрі бай Жаратқаннан бала сұрап бүкіл әулиені қыдырып, Баба түкті Шашты Әзиз әулиенің басында түнеп жатқанда түсіне әулие кіріп:
«Ей, бишара, мүгедек,
Жаныңызға не керек?
Дейсің ғой: «Маған ұл керек!»
Әулиені қыдырдың
Жердің жүзін сыдырдың,
Маңдайыңа төбелеп.
Әрқайсының әртүрлі
Мәртебесі бір бөлек.
Сен үшін бәрі қиналды,
Бір жерге тегіс жиналды.
«Бір ұл бер деп, - деп, - осыған»
Бір жаратқан Құдайдың
Дәргейіне жылады.
Мен де тұрдым ішінде,
Әулиенің күші де.
Жаратушы жалғыз-ақ,
Дәргейіне ұнады,
Ұнағанын сонан біл;
Бір қыз қосып сыйлады.
Сексен сегіз серулер,
Тоқсан тоғыз мың машайық-
Бәрінің көңілін қимады.
Менің атым Шашты Әзіз,
Қыламын десең ықылас,
Жарылқады Жаратқан,
Ей, бишара, көзіңді аш!
деп, Байбөрінің тілегінің қабыл болғандығын, Жаратқан Иенің ұл беретіндігін оған қосып бір қыз сыйлағандығын айтады. (Батырлар жыры. 1-том. Алматы «Жазушы» 2006. Алпамыс батыр хикаясы. 158-159 бб)
Бұл жырда Байбөрінің «Ия әулие маған бала бер» дегені байқалмайды. Ақиқат мынада – «Құдай құранда: «Алла жолында өлгендер өлі деп ойлама, әрине олар тірі. Раббыларының жанында олар ризыққа бөлендіріледі.» (Әли Ғымыран сүресі 169 аят). Тағы бір аятта «Алла жолында өлгендерді олар өлі демеңдер, олар тірі, бірақ сендер сезіп біле алмайсыңдар». (Бақара сүресі, 154 аят ), «Алла достарына қауіп-қатер жоқ, олар қайғырмайды» (Юныс сүресі, 62-аят) деп, ерекше атап көрсеткен Алла достарын құрметтеп, басына барып Бір Алладан сұрау. Жырда «Бір жаратқан Құдайдың, дәргейіне жылады» деп келтіргеніндей тек Бір Алладан ғана сұраған.
Қазақ халқының сенім-нанымының негізгі қайнар көзі, мән-мағынасы Құранмен астасып кеткендіктен дінбұзарлардың айтатынындай серік қосуға мүлде жатпайды. Міне сондықтан да, әулиеге құрмет, дінге, Жаратқан Иемізге құрмет болмақ. Халқымыздың әулие-әмбие аралап, зиарат етуі, медет тілеуі оны салт-санасына сіңіруінің негізінде терең мағыналы ұғым жатыр.
Ал, Мұхамеджан сияқты Құран аятының керек жерін ғана алып (оның өзі тура мағынада емес) мағынасын өзгертіп, керек емес жеріне көп нүкте қою ол барып тұрған қиянат. Құранның мағынасы ауқымды, терең. Сондықтан да алдыңғы аяттардың мағынасын соңғы келтірілген аяттар ашады. Мәселен, Құранда мас халінде намазға жақындамаңдар (4-сүре, 43-аят) деген аят бар. Ол кезде араптар түгелдей дерлік дінге кіріп болмаған сондықтан арақ харам деген аят түспеген кез. Оны біреу оқып арақ ішуге де болады екен, тек мас кезде намаз оқымасақ болды деуі мүмкін. Бірақ, ислам дінін толық қабылдап болған соң арақ ішу енді нәжіс делініп, кесімді түрде тыйым салынған аят түскен. (5-сүре, 90-аят) Сонда алдыңғы аяттар өз мағынасын жойған да, кейінгі аяттармен негізгі мағынасы ашылған.
Ал, дін дұшпаны, қазақтың жауы М.Тазабеков алдыңғы аятты алғанда негізгі мағынасын өзгертіп жіберген. Онда М.Тазабековке арақ та іше беруге болады, арақ харам емес, тек мас күйінде намазға тұрмаса болды ғой. Ол да Құранда айтылған ғой.
Мұхамеджан сенің идеяң түсінікті ғой – уаһһабиттік идея екендігі. Ал, уаһһабтардың тарихта қалай сахаба, әулиелердің мазарын қиратқандығын білеміз тарихшы ретінде. Ол ағымның Англияның Колониялар Басқармасының исламды іштен іріту мақсатында дайындап шығарған «Хемпер мен Абдул Уаһһабтың» «діні» екендігі және мағлұм. Тіптен Қасиетті Мекке қаласының мүфтиі Ас-Саид Ахмад бин Зайни Дахлан (р.ғ.) өзінің «Әл-футухатул исламийа» кітабының «Фитнатул уаһһабийа» («Уаһһабшылар бүлігі») атты тарауында уаһабилерге «кәпір» үкімін шығарған. (Өмер Бег. «Уаһһабиліктің басталуы және таралуы». Стамбул 1993 ж. 4-бет.)
ҚМДБ-ның баспасөз хатшысы Оңғар Өмірбек: «...Ал Саудияда оқып жүргендер... онда өз бетімен ұрланып барғандар» (О.Өмірбек. Ислам және өркениет. №12. 21-30 сәуір, 2009 ж. 4-бет.) депті. Яғни, ҚМДБ-ның өзі «Уаһһабизмнен» іргесін аулақ сала бастапты.
Осылай-осылай енді сендерге мемлекет тыйым салады, одан соң үндерің өшеді... Исламтанушы, ғалым Б.Бабажанов: «далаға пальма өсірудің қажеті жоқ» дегендей, сенің уаһһабилік пальмаң қазақтың сахарасындағы дәстүрлі дінмен үндесіп, өспек емес!!!
Қазақстан газетінің (№1, 15-қаңтар, 2009 ж., 14,15-бет) санында жарияланған «Чъей крови жаждет ваххабитский палач...» атты Б.Тілеуханның атына жазылған хаттағы уаххабиттердің ішіндегі бірегейі екеніңді ұмытпа!
Пікір алынып тасталды!
Өздерің қызықсыңдар!Хақ ислам жайлы бір нәрсе білесіңдер ме өзі?Әркім осылай өз пікірін айта берсе не болады?!ркімнің пікірлерімен өмір сурер болсақ шын ИСЛАМнан ешнәрсе қалмайды ғой!Бүкіл әлемнің Раббысы Аллаһтан түскен Құран бар және адамзаттың асылы Пайғамбарымыз Мұхаммадтың(с.а.с) жолы бар.біз оның жолы жайлы бізге жеткен тек доставерный хадистер арқылы білеміз!Біз Құранмен және суннетпен жүруіміз керек қой!Аллах Ұлық!Оның даналығында шек жоқ!Біз тек қана Аллах Тағалаға құлшылық жасау үшін жаратылғанбыз!Заррият суресінде айтқан ғой !қазір асығыс едім.сосын сәті түссе Аллах бұйырса тағы жазармын!біз Аллаһ Тагаланың халал еткенін харам деуден,ал Харам еткенді халал деуден сақ болуымыз керек!Себебі ондайлардың орны тозақ!Аллаһ ол жерден сақтасын!Аллах баршамызды өзінің хақ дініне салсын!мұсылман мен мұсылманның арасындағы бүліктен сақтасын!еліміз аман жұртымыз тыныш болсын!
Асыл арна керісінше нормальный канал сияқты ғой!ешқандай терроризмге,самоподрывга шақырып жатқанын көрмедім!Ал Иброхим имамның бір аудио дәрісінде естідім керісінше Исламда өзін өзі өлтіру тиым салынған!және өзгеге қатысты өртеу,жару сияқты шаралар мулдем болмайды!ол исламға жат нәрсе деп жатқан еді!ал онын устіне баршамызды,барлығын,кун мен түнді,планеталарды, ғарышты құстар мен бактерияларды, пілдерді Мултіксіз, Мұхиттарды,Тағдырымызды,Кемшіліксіз жаратқан осы біз өмір сүріп жатқан жүйенің ИЕСі Аллах Тагала Құранда айтады ғой бір біріңді жамандамаңдар!мумкін олар сендерден жақсы шығар деп!(хужрат суресі)Расында пендесінің жүрегінде не бар екенін тек Аллақ қана біледі!сол үшін асқақ сойлемейік!өздеріңіз бір рет болсын құранды ашып толық оқып шықпаған болсаңыздар, Пайғамбарымыздың өмір баянын,мінез құлқының қандай болғандығынбол бізді не нәрсеге шақырғандығын білмесеңіз мүлдем дін жайлы өзге мұсылмандар жайлы ауыздарыңызды ашпа ақ қойыңыздар!әрбір сөзімізді жазып алушы періштелер бар!Ертең ақыретте сұрауы қиын болады!
Аллах сізге разы болсын! Әрине Асыл арна өте өте өте жақсы канал. Өзім сол каналға жұмысқа тұрғым келеді. бұндай каналды баяғыда ашу керек еді: Аллах осы арнаға мол табыс беріп, көрермендерін көбейтсін! Осы арнаны ашқан адамдарды жұмақпен сүйіншілесін!
Аль-Азхар университеты Мысырда вахабизмге уйреипейды. Онда Ашъари мен Матуриди акидасын уйретеды,жане ваххабизм идеологиясыны катесын корсетеды. Бырак студенттер (Ринат-Абу Мухаммад, Наиль сияктылар)ваххабит шейхтерын табып,олардын мешытынде окып, акшаларын алып-бызге ваххабизмды насихаттайды. Солардын арекеттеры "Быр кумалак..." боп елымызге шырык идеологияны енгызбек...Ал олардан сурасаныз-олар (подкурста,институтта окыган) Аль-Азхар университетын бытырмеген шала-шейхтер!
Пікір алынып тасталды!
Қойыныз жаман сөз айтпай!
СубханнАллах! не айтып кеткенсіздер. Асыл арна нағыз керек арна ғой. Аллахтан неге қорықпайсыздар. Қайта осындай арнаның барына шүкіршілік айту керек қой. біз бәріміз Жамағатпыз.
Мухамежан таза дурыс мусылман. Онын хабарлары керек. Ол казахстандагы барлык мусулман бауырларды бириктиреди. Иншалла мусулман бауырлар, биригип бир бауыр болып, сосын казахстанда ислам орнайды. Бари шарият болады. Ешким конституция, заң деп урлык жасамайды. Шарият оларды катан жазалайды. Баурлар кишкентай сабыр кылсак, Кудай ози барин реттейди. Казахстан мушрик кафирлерден, бидгатшылардан тазарады. Оларды оз колымызбен кавказдагыдай тазалаймыз. Мусулмандардын арасында мыкты жигиттер коп. Олар ертен барин де Аллах разылыгы ушин жане адаскандарды тура жолга тусуи ушин мына дуниеден кажет болса тазалайды. Сонда коресиздер Тазабеков, Мубаров, Иброгимов, Халил секилди браттар эмир болады. Биз муфтиятпен бирге боламыз. Ал ширк келтиретиндерге тауфих хидаят болсын. Болмаса ахири сапарга дайындалсын. Исламнын кылышы олардын бастарын денелеринен айырады. ИНШАЛЛАҺ!
Жоғарыдағы пікір дұрыс емес,дұрыс пиғыл емес. Қой терісін жамылған қасқыр. Ағайындар аьай болыңдар. Ислам адамды жауыздыққа тәрбиелемейді.
Пікір алынып тасталды!
Бауырлар! Нагыз мусылман болгыларын келсе,нагыз алланын суйген кулы болгыларын келсе КIТАПты коп окындар БИЛИМДИ болындар, сонда сендерди сырттан жау алмайды,Исматулландыда баскандада шатагым жок МЕН билетин ислам КОРКЕМ мiнез, ИМАНДЫ журек. 5 парызды орындап жогарыда аталган 2 аргументке ИЕ адам ол Нагыз мусылман!
Жиһад халифат деп халқына хайыр ойлаған кей бауырларымызға осы сөзі арқылы күйе жаққыссы келеді. Жоғарыдағы мақала дініміздің бірлігіне сызат түсіреді.
Еврейлердің радикал ұйымы Рафаелиге жігіті ДиКаприоге үйленбе деген ескерту жасады.
Еврей радикалдары Израильдік супер модель Бар Рафаелиге (Refaeli) жігіті Леонардо ДиКаприомен (DiCaprio) үйленбеуі керек екендігі жөнінде ескерту жасады. Бар Рафаелидің атына жіберілген бір хатта ‘Lehava’ деп аталатын ассимиляциялануға қарсы ұлтшыл бір топтың атынан хат жазып отырғанын білдірген әсіре ұлтшыл Барух Марцель: - «Сәттілікпен арқасында еврей болып туыла қалған жоқсың. Сен қыз білесің бе? Сенің әжең, әжеңнің одан да үлкен ұлы әжесі кейінгі ұрпақтарынан туылатын сендей бір қыздың Еврейлердің ұлттық болашағын тәлкек қылып, ойыншық етерін білмес еді. Ассимиляцияға ұшырау Еврей қауымдарының ғасырлар бойғы ең басты дұшпаны болып келген» - деп жазады.
«Lehava» иврит тілінде «алау» дегенді білдіреді. Осы топтың өкілі екенін айтқан әлгі әсіре ұлтшыл Барух Марцель деген сол хатында тағы былай депті: - «ДиКаприоның өте тамаша актер екеніне күмәніміз жоқ. Бірақ есіңді жина, күйбің тірлік-ит дүниеге қарама, өткен заманға көз сал. Л.ДиКаприомен үйленіп келешек ұрпағыңды қауіп қатерге қалдырма».
Сілтеме - Мақала еврейлік Шалом газетінде жарияланған.
Адасушы сопылар Абай,Шәкәрім аталарымыз сопы болған деп өтірік айтуда, оларға жауап берейік: ОТЫЗ СЕГІЗІНШІ СӨЗ-ден үзінді:
Бұл заманның сопы молдалары хакім атына дұшпан болады. Бұлары білімсіздік, бәлки, бұзық фиғыл, әл-инсан ғәдду ләма жәһилгә хисап. Олардың шәкірттерінің көбі біраз ғарап-парсыдан тіл үйренсе, бірлі-жарым болымсыз сөз бахас үйренсе, соған мәз болып, өзіне өзгешелік беремін деп әуре болып, жұртқа пайдасы тимек түгіл, түрлі-түрлі зарарлар/зиандар жасап/ хасил қылады «һай-һой!» менен, мақтанменен қауымды адастырып бітіреді. Бұлардың көбі әншейін жәһил түгіл, жәһиләләр кібік талап болса, қайда хақ сөздер келсе, қазір нысапқа қайтсын һәм ғибраттансын. Рас сөзге ор қазып, тор жасамақ не деген нысап, құр өзімшілдік һәм әр өзімшілдік - адам баласын бұзатын фиғыл./Абай атамыз айтады олар яғни суфистер хақ сөзге қайтсын ойлансын дейді,біреуге ор қазып тәкәпар пиғылдан қайтсын деп ескертеді/
енді Абайдың сопы болмағанына куа болыдыңыздар.Енді Абайдың шәкірті не дейді оқиық:
Шәкәрім Құдайбердіұлы айтты:
Көнбеймін дінді теріс бұрғаныңа
Сопының бара қойман құрбанына.
Ақиқат сырымды айтсам-Толстойдың,
Мың сопыны алмаймын тырнағына.
/яғни мың сопы Толстойдың тырнағына татымайды дейді/Толстойдың бірҚұдайшыл мұсылмандықты қабылдағанын тарихтан оқуға болады.
Мен мешітке келмеді деп,сөкпе сопы молдалар.
Еркін аяқ кетті билеп,шын хақиқат жолды ұнап.
Сіз бойаулы дін тұтасыз,мақтану мен пайда үшін.
Сусыным деп у жұтасыз,кетпегейсіз бір құлап.
Таза ақылмен таппаған дін,шын дін емес жындылық.
Қармаланған бір соқырсың,өлген ой мен көз құлақ.
/мына өлең мағынасы сопылық-жындылық дейді/
/олардың ой,көз,құлақтары өлген бітелген/
Дін тазасын діннен ізде, - /Діннің тазасы Шариғат,тариқат мағрипат емес/
Дін шатағын сынға сал. - /дін шатағы яғни адастырушы тариқаттар/
Анық айна өзіңізде, өзіңе,өз амалыңа қарап ойлан
Айда ақылды қаттырақ!. Ақылыңды жұмыс жасат деп ескертуде сопыларға.
( Шәкәрім Құдайбердиев,Жазушы баспасы:203-204ші бет )
Субханаллах! Мақаланың авторы ислам туралы дымды білмейді, не жазғанын өзі де түсінбейтін шығар. Секта, салафиттер деп қояды ғой. Қолыңнан келсе, қоншыңнан бас. Сол Дарын, Ринат, Наиль сиякты машаллах ахилер сиякты бола алмаған соң халықтың шырқын бұзып не мақаласымақ жазған. Ең болмаса қолына ҚҰРАН ұстап көрді ме екен десеңізші. Егер Құран оқып көрген, пайғамбарымыздың (с.а.с) хадистерініен хабарадар жан болса, мына шатпақты жазбас еді. Анау бүйтті, мынау сөйтті дегенше өзінеқарап алмай ма. өзің бір аузубиллах екенсің!
Әулиелердің «тірі екендігі» туралы Базар жыраудың мына жырынан байқай аламыз:
Мына бір шолақ дүниеден
«Әулие өлмес» дер едім;
Отқа салса, күймеген,
Залымдардың өмірі
Бір шарпуы тимеген,
Арамды көңілі сүймеген;
Дін мұсылман баласын
Кереметпен билеген;
Саһар тұрып жылаған
Хақтан медет сұраған;
Ол ерлердің тағаты
Құдайына ұнаған,
Бабай түкті Шашты Шашты Әзиз,
Ер Сейтпенбет, Мағзамнан,
Марал ишан, софы Әзиз –
Солардан да өткен сұм дүние. (Базар жырау. Жеті ғасыр жырлайды. 2-том Жазушы баспасы. 91-бет).
Ycmattulla kazakh kishi juz Shomekey. kazakhtin kuday bergen bagy!
Коммент калдырушылардын копшилиги исламга жат, мусылмани кагидаларды аякка таптаган, кунахарлар екен! Бир бирин согу, гайбаттау, боктау, жерден алып, жерге салу кай мусылманнын кэсиби? Айтынызшы! Бири бирин каргагандар улкен кунэга батып, Аллатагаланын кахарына ушырайды! Осы каргыс-урыска себепкер боп отыргандар да солай!
Пікір қосу