Оспан РАҚЫМБЕК. МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ ТА КИНОҒА АУЫЗ САЛДЫ | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Достық, қастық, бар қызық – жүрек ісі,
Ар, ұяттың бір ақыл күзетшісі.
Ар мен ұят сенбесе – өзге қылық,
Арын, алқын – бұл күннің мәртебесі

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
Астананың бір минуттық шығыны - 600 мың теңгені құрайды
Айтқыш екен
Обал болды көзге де, құлаққа да,--
Сеніп елге бермейсің сыр ақтара.
Қарайтының күдіз-түн бір-ақ канал,
Көретінің бір кісі, бір-ақ қала.

А. Мұқабай, асаба

Загрузка

Оспан РАҚЫМБЕК. МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ ТА КИНОҒА АУЫЗ САЛДЫ

Жәрдемші


Арғымақтан туған будан бар,
Күнінде көрінім жерді алғысыз.
Жақсыдан туған жаман бар,
Күндердің күні болғанда
Бір аяқ асқа алғысыз.

Шалкиіз жырау

.

Мұны бастаған Қорғаныс министрі Әділбек ЖАҚСЫБЕКОВ. Президенттің сүйікті кадрларының бірі Әділбек мырза «суға салса батпайтын, отқа салса жанбайтын» жан. Астаналық қаржы жүйелерінің біріндегі былықтарының шеті қанша қозғалса да, бұл орнынан мызғыр емес. Тіпті, музаға қол созып, «Афалинаның қарғуы» атты фильмге сценарий жазып, киноны да бітіріп тастаған жайы бар...

Енді осы көкесінің жолын президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Мәулен ӘШІМБАЕВ мырза жалғастыруға талпынуда. Жақында «Қазақфильм» киностудиясына М.Әшімбаев және Е.ТҰРСЫНОВтардың авторлығымен  Эрнест ХЕМИНГУЭЙдің «Шал мен теңіз» атты хикаятын экрандауға арналған сценарий жобасы түсіпті.

Белгілі киногер Ермек Тұрсыновты түсінуге болады. «Келін» картинасынан соң оған фильм алу мәселесі оңай емес. Президент әкімшілігін жағалап, қиыннан қиыстыруға тырысатыны белгілі. Ал осыған дейін өнерге еш талас білдірмеген, «сүйкімді шенеунік» Мәулен Әшімбаевқа не жорық?

Сөз басында атаған «Афалинаның қарғуы» фильмінде біздің Президенттің де образы бар көрінеді. Соны даярлау барысында Жақсыбеков Нұрекеңе: «осындай жері бар еді, соған актер таңдап жатырмыз» дегенде президент мырза: «өзім түсе саламын, несі бар?» деп әлек қылған деседі. НАЗАРБАЕВты «РЕЙГАН болам» деген райынан маңындағылар мақтап жатып, әрең қайтарған екен. Осы жайттан хабардар Әшімбаев Президенттің бағын және бір сынап көргісі келе ме? Тек Хемингуэйдің кейіпкері - балықшы шал мен біздің Нұрекеңді бір қайыққа қалай сыйғызбақ?

Бала - бауыр етің, кімге болса да өз ұрпағы ыстық, өз баласы жақын. Ел өнеріне еңбек сіңірген талай мықтының баласы бүгінде биік-биік жерлерде жүр. Ғалым Немат КЕЛІМБЕТОВтың Қайраты, ақын Қалижан БЕКХОЖИНнің Ерланы, жазушы Сейітжан ОМАРОВтың Жанайы, сыншы Сағат ӘШІМБАЕВтың Мәулені, тағы-тағы көптеген замандастар - ел алдында. Олардың шыққан төбесіне қызғанышпен қараудан аулақпыз, тек олардың әке атына лайық іс жасауы қандай? Осы мәселе қашанда өзекті. Қашанда нәзік һәм аса маңызды дүние. «Сүйер ұлың болса, сен сүй, Сүйінерге жарар ол. Сүйкімі жоқ құр масыл би, Сүйретіліп өтер сол».

Сағат Әшімбаев сексенінші жылдардың соңында қазақ телевизиясында басшылық жасады. Желтоқсан оқиғасының кадрларын сақтап қалуға септесті. «Қарыз бен парыз» атты хабар жүргізді. Ұлттың ең өзекті мәселелеріне бойлады. Ұлт зиялыларын жинап, олармен қазақтың ортақ қайғысын бірге сезінді.

Қазақтың біртуар баласы, сол арда Сағаттың ұлы Мәулен Әшімбаев мырза бүгінде сонау америка жазушысы Эрнест Хемингуэйдің «Шал мен теңізіне» секіріп әлек. Ақ жағалының өнерге ұмтылған талпынысын қолдайық делік,  (өнер жүректі жұмсартады ғой) бірақ, неге ол ЖҮСІПБЕКтің «Ақбілегі», МҰХТАРдың «Қилы заманы», ІЛИЯСтың «Қаһары», ӘБІШтің «Шыңырауы», МАҒАУИНнің «Шақан Шерісі» емес? Мәулен мырза өз ұлтының ақын-жазушысын ақтарып көрді ме екен? Зерделеп оқыды ма екен?

Әрине, Хем әкейдің «Шал мен теңізі» әлемдік әдебиеттегі теңдессіз туындылардың бірі. Ал ол Мәулен Әшімбаев пен Ермек Тұрсынов сияқты «ұлы сценаристерге» зәру болып тұр, солардың экрандауын әлем кинематографиясы тағатсыз күтуде дегенге кім сенер?

Бұл шенеуніктің кітап оқитынына күмән келтірмейміз. Әдеби туындыдан ләззат алудың өзіндік орны бар. Алайда, қолы ұзын шенеунік-оқырман атаулы әсерленген әңгімесін киноға айналдыруға талпына берсе, әдебиеттен не қалмақ? Және Хемингуэй өмірінен азды-көпті хабарымыз бар еді: ұлы жазушы өз шығармаларына түсірілген бірде бір фильмге көңілі толған емес. Американың ең аймүйізді режиссерлері кіріссе де жазушы жүрегін селт еткізе алмаған болатын.

Мемлекетшілдік әр қадамнан көрінуге керек. Ана тілін быдықтап әрең сөйлейтін Мәулен мырза өзін ұлтшылмын деп есептемес, бірақ, мемлекетшілмін дейтіні айдан анық. Ендеше, жас мемлекеттің өзіндік бейнесін жасауда әр азамат әр ісімен үлес қосуға міндетті. Рухани-идеологиялық бағыттағы ел қадамын реттеп отыратын, міндетті шенеуніктің осы бір қылығы оның мемлекетшілдігіне сын...

 

«ҚАЗАҚСТАН» апатлығы, №36 (276),  8-қазан, 2009 жыл

 


 




Бұл құқайға не жоқ? Идеологияны жетістіргендей, киноға барғаны несі?



Бастыктар қазақ киносының соры болды ғой. Бүгн министрлер, ертең әкімдер, сонда қазіргі жазушылар мен киношылар не істеуі керек?



Жақсы тақырып! Мұндай жандар өздерінің әкелерінен де бас тартуы әбден мүмкін. Қазақтың болмысынан бас тартқан жандарды - қазақтан бас тартқандар деп есептеймін. Яғни, тұлға деген ағаларымыздың шәуеті азды ғой бұл күні!



Билікке не болған елді оилаима не кино түсіреме



Басы қақпайды екен, негізі!



жарайсың Оспаным. Қатырып жазыпсың. Бірақ, ол түсіну үшін енді мына мақалаңды орысшаға аударып барып оқытуың керек шығар. Әйтпесе ұқпайды ғой.



жарайсың Оспаным, тамаша жазылған. Бірақ, біреу орысшаға аударып бермесе ол шіркін мына мақаланың маңызын ұқпайды ғой.



Әшімбаев ана тілінде шала сөйлейді. Оның бүкіл трагедиясы осында. Өкінішке қарай мынадай бір құбылыс байқалады: мына Алматының қазақ мектептерін бітірген бір буын бар. Осылардың бір соры - не таза мәңгүрттер сияқты қара орыс болып кетпеген, не қазақтың нағыз құнарлы тілін меңгерген таза қазақ та емес, дүбәралау бір ұрпақ. Өйткені сабақтары шала-пұла қазақша өткенмен, үзілісте, көшеде, үйінде орысша сөйлеген. Сөйтіп, ек кеменің басын ұстаған суға кетедінің керіне ұшыраған. не орыс емес, не қазақ емес. Осы Әшімбаевтар сол буынға жатады. Литер газетіне берген сұхбатында ол өзі идеология саласын басқарып жүргендердің бірі бола тұра, қазақ халқын орыс тілді, қазақ тілді деп екіге бөліп, үлкен саяси қателік жіберген. Сонан кейін қазақ тілін саясатқа жолатпау керек деп санайды. Оу, бауырым, егер қазір ұлттың тағдырын анықтайтын тіл мәселесі саясат болмаса, айдаладағы Американың жазушысының бір әңгімесі қазақ үшін басты тақырып дегенге кімді сендіргің келеді? Осы кішкене жерге неге түспейсіңдер. Өзі қашан соңғы рет қазақ аулында болды екен, қашан соңғы рет қоғамдық көлікпен немесе пойызбен жүріп көрді екен, Базарға кіріп көрді ме екен. Сонда көретін еді, бұл халыққа нан тауып жеу маңызды ма, әлде шағын бір топ қана естіп білетін Хэмингуей маңызды ма? Дегенмен заман азды, құндылықтар тозды. Өйткені депутаттар клоунға айналды (Қасымов, Бердонгаров т.б.), клоундар депутатқа, министрге айналды, саясатшысымақтар кино түсіріп, киношылар казинода жүр, жазушылар жарапазаншыға, *Бейәдеп сөз жазбаңыз!*лер телевидениені басқарады.



Су жаңа мақал:
Кететін бала киноға қарай жүгіреді!



хахахахахахахаха.
мына мақал керемет екен!



Сценарий бойынша не болады сонда мына кинода? Казахтар Балкаштан Адтльбек устай алмаган афалинаны устай ма?



Мақалшы мырзаға. Әлгі мақалыңызбен не айтқыңыз келіп отыр? Мәуленнің ендігі орыны кино демексің бе? Мәулен қайда барсада жарып шығатын азамат! Осыны ұмытпа! Тәңір таудың баласы



Сенің пірің Мәулен болса, жетіскен екенсің, бауырым. Ертең тауыңмен бірге отырғызып кетпесін.



Осы біздің шенеуніктер өнерге жақын екенін білдірсе бітті өре түрегелетініміз не осы? Қайта олардың муызкаға, киноға, әдебиетке құштар болғаны, өз бақтарын муза әлемінде сынап көріп жатқаны жақсы емес пе? Олар өнерге назар аудармаса аудармады дейміз. Аудара қалса атойлап қарсы шыға келеміз. Әрі беріден соң бойындағы шығармашылық талантымен жұмыс істеу әркімнің өз шаруасы. Оған шектеу қою мүмкін емес.



олар алдымен оз жумыстарын бытырып, тындырып алсын. сосын кино тусырсын.



Kyzykty dunie, kandai maksatta tusirilgeli zhatyr eken? Oz basym bul shygarma keipkerlerin: 84 zhastagy Sant'yago - prezident, marlin 5,5 mettlik balyk pen onyn kany - bailykka toly bizdin ken baitak dalamyz, akulalar sol bailykka kozin tikkender(bizdin zherdin bailygyn tespei sorushylar). Sonynda zhagalauga zhetkenshe balyktyn kankasy gana kalady. Arine,Alla myndaidan saktasyn der edim.

Asyldyn tuyagy surinbeuin tileimin.Sagat agamyz balasynyn boiyna eline,tiline,madenietine degen mahabbatty bir kisidei sinire bilgen bolar.Akesinin poziciyasyn ustasa oz elinin patrioty bolar degen umittemin.



Maulenge kazir kaisysynyn ykpaly katty tip tur eken, sony da oilau kerek.Negizi TAUlyktar nagyz batyrlar....Zhastardyn kelesi bir buynyna salsan bolashakta olar orys tilin de mensinip turgan zhok. Agylshynshaga auysyp barady. Sondyktan, kazahtar, ana tilimiz ushin kuresu kerek.



қымбатты ТАУлық бауырым. Таулықтар нағыз батырлар болса Заменбек пен Алтынбектей арыстарды аиып жатқанда неге ініне тығылып отырған, бұтына тышқан бала құсап?! Жоқ билікте отырған Мәуленді батыр қылып енді соның тасасына тығылып жүсіңднр ме? Зәкең мен Алтынбекті атып жатқанда аузын буған өгізге ұқсап үнсіз отырғандарың сендердің маңдайларыңа басылған таңба! Оны ешқашан жуып кетіре алмайсыңда, "таулық батырлар"!!!



Inine tygylyp akyrdyn sonyn kutip otyrgan SIZ bolarsyz,ayauly dalalyk bauyrym! Adiletsiz bilik turganda artyndagy bauyrlarynyn kyrylyp zhatkanyn EKI BATYRDYN DA ARUAGY KALAMAS EDI.Al,siz bolsanyz innen basynyzdy kyltityp kyzyktamak ekensiz goi.Alla tagalam oz zhazasyn beredi ali aiyuandarga."Kudai uzakshyl"...."Ornynda bar onalar".......Tek HALKYMA ALLa Sabyr bersin.



Inine tygylyp akyrdyn sonyn kutip otyrgan SIZ bolarsyz,ayauly dalalyk bauyrym! Adiletsiz bilik turganda artyndagy bauyrlarynyn kyrylyp zhatkanyn EKI BATYRDYN DA ARUAGY KALAMAS EDI.Al,siz bolsanyz innen basynyzdy kyltityp kyzyktamak ekensiz goi.Alla tagalam oz zhazasyn beredi."Kudai uzakshyl"...."Ornynda bar onalar" Siz sol kezde bilesiz be, taulyktardyn zholyn bogep ar auylda ush ariptin adamdary kuzette turganyn.Bauyr bolganyndy uraiyn innin auzynan sygalan,akylyn zhetse atoilap sol kezde taulyktardy bauyrymdap demeitin ediniz goi.Sozdin shyny osy.



Қазақ атам айтады:"Өз үйінде шекпен пішпеген, кісі үйінде мақпал пішеді." Қазақ атам айтады: "Әкеге тартып ұл тумас, шешеге тартып қыз тумас"



Мәуленге ауыз салдыңдар ма енді? Соның билікте отырғанын көп көре бастадыңдар ма? Мына бір "Қазақстан" деген апталықпен абайшыл азаматарымыздың ас-суы ортақ қой деймін өзі. Басқа емес, осы газеттен алып басқан мақалаларының бәрі біреуді іреп сойып жатады. Оның бас редакторын мен танимын. Сыпайы, біртоға жігіт сияқты көрінгенімен газетінің тілі ащы екен. Шалкизді де әкеліп Мәуленді тағы бір шалыпты. Кеткен ерлер кетті. Діңкеміз құрып біз қалдық. Ендігі үмітіміз - Мәулен. Соны біліп жүріңдер. Біз енді оның төбесінен құс ұшырмаймыз. Тәңір таудың баласы.



Хэм ағайдың құшақтап тұрғаны кім? Мәуленбе?..



Сiздiң ойлау қабiлетiңiздiң қиялы осы сұрақ па? Жетiсiппiз онда?

Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
12 + 1 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Ақпан 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
-1012345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728291234

Айлық статистика

<<  >>