Нысанбай Сұлтанов. Қазақтың қырылып іздегенін, американдар тауып қойды | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Достық, қастық, бар қызық – жүрек ісі,
Ар, ұяттың бір ақыл күзетшісі.
Ар мен ұят сенбесе – өзге қылық,
Арын, алқын – бұл күннің мәртебесі

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
Астананың бір минуттық шығыны - 600 мың теңгені құрайды
Айтқыш екен
Обал болды көзге де, құлаққа да,--
Сеніп елге бермейсің сыр ақтара.
Қарайтының күдіз-түн бір-ақ канал,
Көретінің бір кісі, бір-ақ қала.

А. Мұқабай, асаба

Загрузка

Нысанбай Сұлтанов. Қазақтың қырылып іздегенін, американдар тауып қойды

Жәрдемші


Ғасыр бойы қалыптасқан дәстүр бойынша, қазан айының басында нобель айлығы басталып кетті. Сол дәстүр бойынша алғашқы Нобель сыйлықтары медицина және физиология саласы бойынша тапсырылды.

2009 жылғы медицина саласы бойынша Нобель сыйлығы американдық ғалымдар Элизабет Блэкберн, Кэрол Грейдер и Джек Шостакқа табыс етілді. Әлемдегі ең сыйлы сыйлық американ ғалымдарына мәңгі жастықтың кілті бола алатын энзимнің табиғатын ашқаны үшін табыс етіліп отыр. Осы жылдың тағы бір ерекшелігі сыйлық тұңғыш рет екі әйел адамға бірдей берілетінінде.

Нобель сыйлығының осы жылғы таңдауы көпұлтты Қазақстан қауымын, оның ішінде гуманитарлық салада істеп жүрген азаматтарды бей-жай қалдырмасы анық. Жақында ғана Астана қаласында елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалық етуімен өткен ғылым-білім жөніндегі арнайы кеңес өткені баршаға мәлім. Сол жиында президентіміз еліміздің идеология саласының ақсап жатқанын баса айтып, тарих, философия, әлеуметтану, саясаттану ғылыми институттарының басшыларын әбден сынап, «сендердің істеп жүргендеріңнің барлығы бекершілік, не болса сонымен айналысып жатырсыңдар» деген еді. Сөз соңында Нұрсұлтан Әбішұлы қазақ ғалымдары үшін айрықша маңызы бар тақырыптардың бірі ретінде «қартаюға қарсы дәру іздеу керек» деп қалып еді...

Абырой болғанда әбден абыржып, түн ұйқысынан айрылып, төбе шашын жұлып, «Енді не істейміз? Енді қайттік?» деп қиналып отырған қазақ ғалымдарына американдық әрптестері қол ұшын берді. Негізінен, теориялық жағынан мәселе өз шешімін тапты. Қазақ гуманитарийлерінің жандары жай тапты. Алдағы уақытта нанотехнология саласындағылар ойлана берсін дейміз!

Естеріңізге сала кетейік, осы сыйлықтың иегерлерін анықтау үшін Швеция корольдік академиясының Нобель комитеті жыл бойы жұмыс істеп келді. Ол үшін комитет әлемнің көптеген елдеріндегі ірі медицина орталықтарымен, жоғары оқу орындарымен хабарласып, ондағы белді ғалымдар мен сарапшылардың, осыған дейінгі Нобель сыйлығының иегерлерінің арасында сауалнама жүргізіпті. Сол сауалнаманың негізінде сыйлыққа лайықты үміткерлердің ортақ тізімі жасалады. Ақырында сол тізімдегі жұмыстар мен үміткерлер комитет мүшелері арасында талқыланып, дауысқа салынады.

Жылдағыдай Нобель сыйлығының иегерлеріне 10 миллион швед кронасы (шамамен бір миллион еуро) тапсырылады.

Қалыптасқан тәртіп бойынша, сыйлықты тапсыру рәсімі Стокгольм мен Осло қалаларында 10 желтоқсан күні, яғни оның негізін қалаушы, швед өнеркәсіпшісі, лингвисті, философы Альфред Нобель (1833-1896) дүниеден өткен күні өтеді.

 

«Абай-ақпарат»


 




хахахахахаха



Папамыздың ыза болатыны осыдан кейін ғой. Өңікей ғалымсымаққа ақша ьеріп қарттыққа қарсы дауа табыңдар деп еді бәрі көздерімен жер шұқыды. Ал сатып ал енді Америкадан. Оған енді қазақтың қанша қазынасы кетер кен? Соны өзіміздің ғалымдар жасағанда ғой қазба байлық өзімізде қалар еді?.. Қалқаман



Берген акшасына карнын ашады.

айкүн



Қартыққа қарсы дәрі табылса оны тұтынатын адам алдымен Қазақстаннан табылатынына бәс тігемін.



Әй, абайшыл жігіттер-ай, қайдағы бәлені қайдан табасыңдар осы?!.



Әлгі дәріні Бас тұтынушыдан кейін Әбдіжамил мен Қадырлар қағып кететін шығар...



Жігіттер, менімше қарттық та, қырттық та дауасыз. 2030 жастағы супер қарт және супер қырт бабаларың.



Мәңгі жастық туралы енді Голливуд нешетүрлі кинолар түсіретін шығар. Басты рольде ойнайтын адамды Қазақстаннан шақырса дұрыс болар еді...



Мда....



Bizdin bessmertnyidyn yzasyna Nobeldin kelesi syilygy da Amerikaga, Barak Obamaga ketti. Attegen-ai kodeietin boldy. Demokratya bolsa solardyn bari bizge de buiyrar edi.....



Kelesi syilykty Barak Obama kahzhygasyna bailady.



Ия,Казақтардың қолынан түк те келмейді.



Мәңгі жастық деген нәрсе жоқ қой бұл дүниеде.
Тапты дегендері жай әршейін жүзін жылтыр қылып көрсететін дәрі шығар.
Тек уақыты келгенде майыспай бірден морт сынатын шығар.
Өз басым сенбеймін.



"2009 жылғы медицина саласы бойынша Нобель сыйлығы американдық ғалымдар Элизабет Блэкберн, Кэрол Грейдер и Джек Шостакқа табыс етілді."
Аударған турлерин қарашы, "и" деген "және" деп аударылады, егер білмесеңіздер! немесе мәліметті тексерушілер!!!!дұрыстап қадағалаңыздар!Ал Бас тұтынушыға айтарым жоқ, тіпті бассыздық қой бұл!



Рахат ӘЛиев Құлыбаевтерге бір қапшық жіберіп берген болу керек, өкіл қайын атама бере салыңдаршы деп!

Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
1 + 13 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Ақпан 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
-1012345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728291234

Айлық статистика

<<  >>