«Экологияға» шалдықпаған экология министрі | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Достық, қастық, бар қызық – жүрек ісі,
Ар, ұяттың бір ақыл күзетшісі.
Ар мен ұят сенбесе – өзге қылық,
Арын, алқын – бұл күннің мәртебесі

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
Астананың бір минуттық шығыны - 600 мың теңгені құрайды
Айтқыш екен
Обал болды көзге де, құлаққа да,--
Сеніп елге бермейсің сыр ақтара.
Қарайтының күдіз-түн бір-ақ канал,
Көретінің бір кісі, бір-ақ қала.

А. Мұқабай, асаба

Загрузка

«Экологияға» шалдықпаған экология министрі

Жәрдемші


Тура осындай тақырыппен «Жас қазақ» басылымында кішігірім мақала жарияланған еді. Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің басындағы бұлт қоюланып, министр Ысқақовтың өз орынбасарларының істі болғанына қарап тұра алмай, отставкаға кеткендегі мәрттігін бір мадақтап еді. Бүгін де экс-министр Нұрлан Ысқақов өзіне қарасты қылмыстық істің қозғалуына министрліктің бұрынғы жауапты хатшысы Рүстем Хамзиннің қатысы бар деп отыр. Ол Ысқақовтың орынтағына көзін тігіп жүрген, болмаған соң «қара күшке» жүгінген-мыс... «Мен өзіме тағылған айыптаулардың ешбірін мойныма алмаймын және өзімді кінәсіз деп есептеймін. Мен бір Құдайға сенетін адаммын, бес уақыт намазымды қаза қылмаймын әрі Алла тағаланың ақиқатты қайта орнататынына кәміл сенемін» деп қасқайды Ысқақов сфрза дүйсенбіде өткен сот отырысында. Онымен бірге бұрынғы қос орынбасары Сәрсенбаев пен Бірәлиев те өздерінің сүттен ақ, судан таза екендіктерін айтып ақталуда. «Әліптің артын бағайық».


 


Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
3 + 3 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Ақпан 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
-1012345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728291234

Айлық статистика

<<  >>