Ақырыс Сейтқазы .Қоржынға тұңғыш қола түсті | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Достық, қастық, бар қызық – жүрек ісі,
Ар, ұяттың бір ақыл күзетшісі.
Ар мен ұят сенбесе – өзге қылық,
Арын, алқын – бұл күннің мәртебесі

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
Астананың бір минуттық шығыны - 600 мың теңгені құрайды
Айтқыш екен
Обал болды көзге де, құлаққа да,--
Сеніп елге бермейсің сыр ақтара.
Қарайтының күдіз-түн бір-ақ канал,
Көретінің бір кісі, бір-ақ қала.

А. Мұқабай, асаба

Загрузка

Ақырыс Сейтқазы .Қоржынға тұңғыш қола түсті

Жәрдемші


Қыркүйектің 21-жұлдызында Данияның Хернинг қаласында басталған күрес түрлерінен әлем чемпионатында еркін күрес шебері 66 келідегі Леонид Спиридонов қола медальға қол жеткізді.
Құрама штаттардың өкілі Трент Полсон, өзбек Алишох Вахидовты жеңген Спиридонов Иран балуанына есе жіберді. Егер,Мехди Керманидан айласын асырғанда алтынның да ауылы алыс емес еді. Үшінші орын үшін күресте украин Андрей Стадник пен түрік балуаны Мұхаммед Илханды  ұтқан Леонид Қазақстан құрамасының қоржынына сайыстағы тұңғыш медальды салды.Ал дәл осы күні кілемге шыққан 55 келідегі Әсет Серікбаев пен 96 келі салмақ дәрежесіндегі Дәулет Шабанбай жүлдегерлер қатарына қосылған жоқ. Еркін күрестен ел құрамасының бас бапкері Мәлік Нәдірбеков пен қалың қазақ жанкүйері Дәулеттің даңқы асатын кез келді деген. Бірақ, Шабанбай шын мықтылар бәсекесінде шаң қауып қалды. Енді грек-рим күресінен 55 келідегі Асхат Құдайбергенов, 74 келідегі Әсет Әділов, 84 келідегі Ербол Райымбеков, 96 келідегі Нұрмұхан Тінәлиев және Азия чемпионы Дархан Баяхметов пен Олимпиаданың қола жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаевқа үміт артып, еркін күрестен Жасұлан Мұхтарбекұлы, Сайфадин Османов, Азнуар Аджиевтердің тілеуін тілейміз. Әйелдер күресіндегі басты көзіріміз Елена Шалыгина шалыс баспаса, дат елінен шоқтығымыз биік боп оралуға толық мүмкіндік бар.

«Абай-ақпарат»


 


Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
9 + 1 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Ақпан 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
-1012345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728291234

Айлық статистика

<<  >>