«Еліміздің ең әдемі аруы» атағы енді он сегіз жастағы алматылық Сымбат Мадияроваға тиесілі. Алматы шаһарында улап-шулап өте шыққан Қала күнін түйіндеген «Қазақстан аруы - 2009» ұлттық байқауы биылғы жыл үздігін осылай анықтады. Осымен он үшінші рет өткізілген байқау еліміздің түкпір-түкпірінен 31 үміткерді жинаған-ды. Алайда, өзі бар болғаны үш сынақтан тұратын байқау үміткерлер қатарын сейілтіп, соңында қалған он арудың ішінде Сымбаттың бағы жанды. Енді ол желтоқсан айында Оңтүстік Африка республикасында өтетін «Әлем аруы - 2009» байқауында ел намысын қорғайтын болады.
Бір қынжыларлығы, Астана алаңында өтіп жатқан сұлулар сынымен қатар сол күні «Мемлекеттік тіл туралы» Заңның қабылданғанына 20 жыл толып жатқан еді. Сөз қолданысымызға бүгінде еркін енген «тіл жанашырлары» сол мезетте Республика Сарайында арнайы кеш өткізіп жатқан-тұғын. Мәселе, бұл кеште емес, елдіктің нышанына айнала алмай отырған тіл мерекесінің күнінде қазақстандық арулардың мемлекеттік тілге мойын бұрмауында болатын. Майқы бидей майын тамызбаса да, сұлуларымыздың күн келбеті мемлекеттік тілде бір-екі ауыз сөз айтып, байқау қазақ тілінде жүргізілсе, жүрекке де бір жылу ұялар ма екен деген бір ой ғана бізде...



.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)

Алсуға ұқсайды.Одан да әдемі қыздар жүрген,шашы ұзын.
Қазақстан аруы байқауында мемлекеттік тілді білу міндетті шарт етіп бекіту керек...Қазақ тілін білмейтін Қазақстан аруы елімізді біздің елдің атынан сұлулардың әлемдік байқауына қалайша қатыса алады
Заңның 20 жылдығын айтасыз, Ораза айттың бірінші күні еді ғой. Қазақ жерінде болған соң, қазақ иісі шығуы керек емес пе еді. Ресейден келген жүргізушілер жоғына шүкір еттік, әйтеуір. Анау Бүркіттің бірыңғай қазақша сөйлемей, қалың қазақтың ортасынан, Қызылордадан шығып, ана тіліне шорқақтығын аса мақтаныш ететін Мәдинамен жарыса жөнелетіні де көңілімізді жабырқатты. Тек, АЛАШ АРУЫНА Африкада сәттілік тілейік!
Алаш аруына сәттілік деп айтудың өзі ұят емес па?Енді африкаға барып жартылай жалаңаш денесін көрсетіп қайту қаншалықты бізге керек екенін саналай беріңдер.
Сымбат сенин женисине куанып отырмын. Казак болганын ушин гана. Ау кокелер, он торт облыстан осы байкауга канша орыс кызы катысканын (Алматыдан катыскан Диана Ямлиханова типти уйгыр гой) корип отырдыныздар. Ал енди солардын биреуи женсе не болар еди. Казак елинин атынан коккоз биреу барады да келеди. Болды. Ал шетелдиктер казактын намысын коргар казак кызынын жоктыгына бетин осып турып куледи. Болды. сол гана.
Есинизде болсын, Алматылыктар казакша билмейди! Билип те жарымайды! сондыктан улттык сипаты жок мынадай жарыстарга катысушыларга казакша билмейди деп ренжудин кажети шамалы. Айта-айта бекерге шаршап каласыз...мундай жагдайга етимиз уйренген гой, шыдайык... :)
Мынадан да әдемі қыздар болды ғой, сірә, жюрилер осылай шешсе керек. "Әлем аруына" ең лайықты, ең әдемі қазақ қызын жіберу керек, мыналар босқа ақша шашып келеді. Таңдағанда да ең әдемісін таңдап алмай ма екен. Сосын, қазақша білу керек деген талап қойсын, білмегендер қатыспасын, шалабын шайқамай үйінде жатсын. Осылай талап қоймасақ болмай тұр ғой. Басы қасында жүргендер қолдамаса, тіпті болмай-ақ қойсын онда. Онда "қыз сыны" деген сияқты ұлттық форматта өтетіндей жасасын.
Пікір қосу