Жайыққа салынып жатқан көпір жайрап қалды (фото) | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Достық, қастық, бар қызық – жүрек ісі,
Ар, ұяттың бір ақыл күзетшісі.
Ар мен ұят сенбесе – өзге қылық,
Арын, алқын – бұл күннің мәртебесі

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
Астананың бір минуттық шығыны - 600 мың теңгені құрайды
Айтқыш екен
Обал болды көзге де, құлаққа да,--
Сеніп елге бермейсің сыр ақтара.
Қарайтының күдіз-түн бір-ақ канал,
Көретінің бір кісі, бір-ақ қала.

А. Мұқабай, асаба

Загрузка

Жайыққа салынып жатқан көпір жайрап қалды (фото)

Жәрдемші


Атырау қаласын ортасынан қақ жарып ағатын Ақ Жайықтың үсітіне салынып бастаған  көпір қирап қалды. Көпір Атыраудағы Мечников пен Баймұханов көшелерін жалғастыратын ірі құрылыс нысаны болып табылады. Көпірдің құрылысын жүргізіп жатқан «Трансстроймост» құрылыс компаниясының төрт адамы қаза тауып, үш адамы апатты оқиғаның барысында аман қалды деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан агенттігі.

11 қыркүйектің түнін су астында өткізген құтқарушы жүзгіштер төрт адамның мүрдесін жағаға алып шыққан.

«Сол күні су өз деңгейінен 10-12 сантиметр көтіріліп кетті», - дейді облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Жасұлан Жұмашев abai.kz ақпарттық порталының тілшісіне. Жұмашевтың сөзіне сенсек, әдеттегі арнасынан биіктеп, тасып аққан су құрылысты талқандап кетсе керек.

Облыс әкімі Бергей Рысқалиев төтенше оқиға болысымен комиссия құрып мәселенің мән жайын анықтауға кірісіп кетті.

- Маған алдын ала белгілі болған деректердің бірінде көпірді салып жатқан жұмысшылардың біразы мас жүрген көрінеді, - деді облыс әкімі жергілікті баспсөз өкілдерімен кездесуінде.

Agip KCO компаниясы қазір Жайықта жайрап қалған құрылыстың салдарынан жүк тасымалын тоқтатып тұр.

2008 жылы Атырауда екі үлкен көпір пайдалануға берілген болатын. Ол екі көпір қаладағы кептелісті азайтып, мұнайлы астананың тынысын ашып еді. Енді жұрт әлгі көпірлерге күдікпен қарап, бұрынғы ескі көпірмен және айналма көпірмен жүріп жатыр деп хабарлайды редакциямызға аты жөнін көрсетпеуді өтінген атыраулық әріптесіміз.

Абай-ақпарат.


 


Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
9 + 0 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Ақпан 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
-1012345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728291234

Айлық статистика

<<  >>