Интернет-конференция: МузАРТ тобы | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Сағаттың шықылдағы емес ермек,
Һәмише өмір өтпек – ол білдірмек.
Бір минут бір кісінің өміріне ұқсас,
Өтті, өлді, тағдыр жоқ қайта келмек.

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
2011 жылы Қазақстанға 38167 адам келіп, 32759 адам шетелдерге кеткен
Айтқыш екен
«Аралтұз» АҚ-ның жарнамасы: Ішің күйсе, біздің өнімді жала!

Мұрат Балабайдың әзілі

Загрузка

Интернет-конференция: МузАРТ тобы

Жәрдемші


Қазақ ән өнерінің көгінде айрықша таңбаланып, барша жұрттың жүрегінің төрінен орын алған әншілік топтың бірі де, бірегейі де  - МузАРТ тобы.
Әрбір әні хитқа айналған МузАРТ тобы қазақ ән өнеріне жасалған батыстық, шығыстық, орыстық экпансияны тоқтатып, ұлттың өз әуенін, өз әнін мыңдаған жүректерде қайта түлетті. Яғни, ауданды халқымыздың ұлттық қорғаныстық қабілетін қатаютуда аталған топтың еңбегі зор.  МузАРТ -  тыңдарманның талғам өресін көтеріп, ескі мен жаңаның арасын жалғаған алтын көпір болды.
Сонымен, конференциямыздың кезекті қонағы - МузАРТ тобы. Топтың әйгілі әншілеріне  қояр сауал, бөлісер ой, айтар тілектеріңіз болса, мархабат.

«Абай-ақпарат»


 




Жігіттер, хош келдіңдер? Сендерге сұрақ көп болатынына күмәнім жоқ. Алғашқы сұрақ: сынға төзімдісіңдер ме? Бір-бірлеріңді сын тезіне алып отырасыңдар ма?

Жоламан



Ассалаумағалейкум! "Музарт" тобы! Сіздер қазақ ән өнерінің ең жарық жұлдызысыздар! Оған ешкімнің таласы жоқ. Сондықтан Алаштың аспанында жарқыраған ең жарық жұлдыз ретінде қазақ елінің қазіргі жағдайына қалай қарайсыздар? Сіздерді мүшкіл тартып бара жатқан ұлттық тіліміз, дініміз, діліміз қаншалыкты ойландырады? Ал сол құндылықтарымызды қалпына келтіруге Сіздер тек ән өнерімен ғана үлес қосасыздар ма? Азаматтық үндеріңізді қашан тыңдаймыз? Неге "Жаңа өзенге" байланысты бір ауыз сөз айтпайсыздар? Неге теперіш көріп, көзге түрткі болып жатқан(Құлыбаев, Ертісбаевтың сөздері) оралман бауырларыңыз туралы бір жылы пікір білдіріп, сұхбат бермейсіздер? Елдің тізгінін ұстап жүргендерге тек қазақтың әнін ғана айтпай зарын да айтсаңыздар етті...



Sizder kairimdilik waralarina kanwalikti atsalisaszdar



Қадірлі Музарт тобы кезкелген мемлекеттердегі танымал әншілер қоғамдық өмірге етене араласып саяси қоғамдық мәселелерге пікір білдіріп жатады. Мәселен Стинг ағылшын әншісі Маңғыстау мұнайшыларын қолдап Астанаға келуге бас тартты. Грузиның танымал өнерпазы өз халқының мүдесі үшін Мәскеудегі концертін тоқтатып, Кремль орденінен бас тартты. Ал біздегі Бибігүл апа Досқан ағаларымыз тіл мәселесінде тайқып кетті. Сіздер қазақ қоғамындағы түрлі ұлттық мәселелрге көз қарасатарыңыз қалай? Мысалы Жаңаөзен трагедиясы сіздерге әсер етті ме? Мұнайшыларды бұзақыға теңегендерде бар. Сіздер осыған қатысты қандай пікірдесіздер? Қымбат Қызылағаш ауылынан



Хан айтқан сөзді қарашада айтады... Бірақ қадірі болмайды. Сондықтан елдің сөзін сіздер айту керексіздер.



Мейрамбек, Сіз жалпы тыңдарманның бетін қазақ эстрадасына бұрған қазақ өнеріндегі дара құбылыссыз. Әрбір ақпарат құралдарында Сіз жайлы жазған мақалалар мен сұхбаттар Сіздің қарапайым адам, өнер адамы ретіндегі қырыңызды түгел ашып бере алмайтын секілді. Қазір "Жизнь замечательный людей" деген сияқты танымал адамдар жөнінде кітаптар шығып жатыр ғой. Менің Сіз жайлы еңбек жазғым келеді. Бұған қарсы болмайды деп ойлаймын. Егер құп көрсеңіз, Сізге қалай хабарласуға болатынын айтуыңызды өтінемін.



Құрметті МузАРТ тобы! Жақында теледидардан топтың жеке концертін тамашаладық. МузАртпен бірге осы топтың бұрынғы мүшесі, МузАРТтың іргесін қалаған өнер саңлақтарының бірі Мақсат Базарбаевпен бірге ән айтқандарыңызды көрдік. меніңше, Мақсаттың орны бөлек. Егер Мақсат достарыңыз топқа қайта оралу туралы ұсыныс айтса, қабылдар ма едіңіздер? Біз әу баста Мейрамбек, Мақсат, Сәкен үшеуінен құралған МузАРТты жүрегімізбен қабылдап қалдық, Кенжебек ренжи қоймас, дегенмен қазіргі құрам алғашқыдай емес секілді. Осы сұрғымызға жауап берсеңіздер екен.



Бүгін конференцияға МұзАртты шақырып отырғандарыңызға қатты қуанып отырмын. Рахмет абайлықтар! Қазақтың маңдайына біткен тобымыздың ғұмыры ұзақ болғай, қояр сұрағым Сәкенге.
Сәкен, маған сіздің киім кию стиліңіз қатты ұнайды, имиджді қалыпты және ұнамды етіп ұстау үшін де қабілетті мамандармен жұмыс істейтін шығарсыз? Стилистіңіз кім және қайдан киінесіз? Айнұр

«Жегенде аузыңа кіргенге, сөйлегенде аузыңнан шыққанға абай бол!».



"Мейрамбек намазды тастап кетіпті" деген сөз рас па?



Біз неге ағылшын, француз, неміс, араб, түрік, жапон, қытай т.б. елдердің эстрадалық әндерін сүйіп тыңдаймыз? Және оларды бүкіл әлем халқы неліктен қабылдай алады деп ойлайсыздар?
Неге қазақ эстрада әндерін басқа елдің адамдары есі кетіп тыңдамайды?
Бізде Шакира, Стинг т.т.,т.б. сияқты әншілер бар деп айта аласыздар ма? Олар кімдер?
Рахмет.



Сәкен, |Мейрамбек, Кенжебек, орындайтын әндеріңіздің бәрі тамаша. Жүрекпен айтасыздар жүрекке жетеді. Сіздер осы әндерді қалай таңдайсыздар? Трио болғандықтан әнді кімнен кейін кімнің айтатыны да дұрыс таңдауды қажет ететін сияқты. Сіздердегі үйлесімге қатты ризамыз. Құпия болмаса, бір әнді қалай алып шыққандарыңызды әңгімелеп бересеңіздер екен дейміз.

Құсни мен Ержан



"Әннің де есері бар естісі бар". Әншілер де солай. Ән айтқанның жөні осы екен деп сахна мәдениетін тәрк етіп, көрінгенге еліктеп жүргендер туралы не айтасыңдар?

Шырақшы



Жазушы, композитор Ілия Жақанов бір сұхбатында: "Қазіргі қазақ әндері азып барады. Менің трагедиям осы әндердің тарап бара жатқанын құлағыммен естіп, көзіммен көру, осынау азғындыққа куә болу" деген еді. Ағамыз қатты кетіп қалған жоқ па, әлде дұрыс айтады ма?



Арман Дүйсенов, Нұрлан Еспанов дегендер композитор ма? Осы "композиторлардың" әндеріне мәтін жазатын "ақындар" туралы не айтасыңдар?



музарт тобын ұнатпайтын қазақ жоқ. сондықтан да сіздер тек әнші ғана емес, халықтың адамы ретінде азаматтық позицияларынызды батыл көрсетулеріңіз қажет. аталы сөзді төрдегі би де айтады, есіктегі құл да айтады, бірақ есіктегі құлдың аузының дуасы жоқ деген. жаңаөзен сияқты мәселелерде сіздердің пікірлеріңіз қандай екенін білгіміз келеді. Динара



"Денар" тобы орындайтын "Қара көйлек" деген әннің сөзі мынандай. Қарап көріңдерші:
...Мен әнші, мен биші, мен жігіттің сұлтаны,
Қара көйлек киген мықтылардың мықтысы.
Жігіттің жүрегі махаббатың мекені,
Қыздарға мәлім ғой мендей жігіттің қадірі.
Көйлегім қара болса да, өзегім қағаздай аппақ.
Маған ғашық болған қыздар ешқашан болмайды қапа.
Ал мендей жақсы жігітті ұнатпаған қызға айтамын,
Сүймесең проблема қанша қош бол, бақытты бол жаным.
Ақ көйлек кисем болар еді, ақ көйлек аппақ мақтадай.
Көк көйлек кисем болар еді, түсі көктей көк аспандай.
Қызыл көйлекті кисем болар еді, түсі гүл сүйген даламдай,
Бірақ кидім қара көйлек бір нағыз крутой адамдай.

Бұл не шатпақ? Түсіндіріп беріңдерші, бүгінгі қазақ эстрадасында қатар жүрсіңдер ғой. Біз түсіне алмадық.

Мейірхановтар отбасы



Құрметті "Мұзарт" тобының жігіттері! Сіздерге қоятын сауалым мынадай: халық пен биліктің арасы алшақтап кетті. Үкіметіміз қазақ халқын қынадай қырып жатыр. Жас жеткіншектерімізді оққа байлады. Арыстарымызды құрбандыққа шалды. Қалың елдің алдында жүрген адамсыздар, байлардың тойына барып, үкіметтің концерттік бағдарламаларына қатысып жүріп жатырсыздар. Еңбектеріңіз ғой, түсінемін. Алайда сол еңбектеріңіздің бар-жоғы да, таразысы да - осы халық, қалың алаш екенін ұмытып кеткен жоқсыздар ма? Тек ән айтып, бейнебаян шығарып, елге қызмет ете беремін деп ойлайсыздар ма? Заңғар



МузАРТ тобының жеке оққағарлары бар ма? Оларға қанша төлейсіңдер?



Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлымен кездесіп көрдіңдер ме? Ол кісіге сендердің әндерің жетіп атыр ма екен? Кездескен болсаңдар әңгімелесе алдыңдар ма?



Көптен бері қойсам деп жүрген тілек әрі сұрақ бар еді. Мейрамбек мырзаның шығармашылығында Бекболат Тілеухан сияқты әсіре діншіл «ревизия» жүріп өткендей. Мысал үшін танымал бір ән бар еді «Мұңайма бала» деген. Жаңылмасам Әбүйірбек Тінәлиевтікі, сөзін Әбдірахман Асылбек жазған-ау... Мейрамбек сол әндегі «Арыма бала, налыма бала, Күш-қуат берсін жаныңа дала » деген жолдарды дала қуат бермейді деп шешкен болуы керек, «Арыма бала, налыма бала, Күш-қуат берсін жаныңа Алла» деп өзгертіпті. Жарайды, авторлық ой-пікірге қиянаты болмаса, мұндай «ревизияларды» кім байқайды?! Бірақ, аталған өлеңнің келесі жолдары Мейрамбектің бұл ревизиясынан қорлық көріп, қайталауға ұшыраған: «Құлыным аман, болсын деп әмән, Жаратқанға мың жалынады ана»... Түсінікті болар. Алланың жаратылысын көргенде адам жанының қуаттанып, күш-қуат алатыны рас қой. Оның несі жаман, даладан Құдай жасап жатқан кім бар?! Кейбіреулерге ұсақ-түйек болып көрінгенімен, мұндай ревизиялар ортағасырлық инквизицияға ұқсап барады. Дардай ғалымдарымыздың (Айгүл Ісмақова) қылығы анау. Бүкіл жырларымызға қол салып, «Он ғасыр жырлайды» деген кітапта қазақы орфографиядағы түпнұсқаға тым жақын «Алла» сөзін «Аллаһқа» өзгертіп шығыпты.
Бұл сұрақты койғандағы мақсатым, Мейрамбекті болмаса қазақ эстрадасында шын мәніндегі революция жасаған талғампаз шығармашыл ұжым «Мұзарттың» бәсін түсіру емес. Үнемі тыңдайтын әндерім солардың орындауында. Бірақ жоғарыдағыдай өзгерістері әр тыңдағанда құлағымды қариды. Осындай «балалық аурулардан» арылды ма екен Мейрамбек деген сұрақ қой. Жауап бермесе де, айтарсыздар. Дүйсенәлі Алматыдан.



Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығының қарасаңында Абай.кз ақпараттық порталы тағайындаған Әлихан Бөкейханның 145 жылдығына орай ұлт көсемінің бейнесі таңбаланған төс белгімен марапатталған екенсіздер. Құтты болсын! Әлихан Бөкейхан туралы, ол кісінің күрескерлік ғұмыры туралы қандай ойдасыздар?

Нұрқанат



Ассалаумалеикум! Меирамбек Бесбаевтын биографиясы туралы билуге боладыма екен? Алдын ала ракмет. Бака



Мұқтаж адамдарға қандай қайырымдылық көрсетесіңдер?
Патронаттық жасайсыңдар ма?



М.Беспаевқа:
Мәке Сіз Нұрғиса атамыздың батасын алған халықтың сүйікті ұлы, дарынды талант иесі ғана емес, өте ұлтжанды, таза, қарапайым азаматыз. Тәуелсіздіктің алғашқы онжылдығы Қазақ эстрадасы үшін тоқырау кезеңі болды. Жиырма бірінші ғасырдың басында алғаш болып «Сыған серенадасын» айтқан Т.Серіков пен көптеген әндерді бірден әкелген «Музарт» тобы Қазақ эстрадасына жан бітірді. Сол үшін мен Сізді өте қатты құрметтеймін. Бірақ кітапты тым аз оқитын сияқтысыз, солай ма? Мәке қате түсініп қалмаңыз, мен Сізден ешқандай кінә іздеп жатқан жоқпын. Керісінше Сіздей елін шын сүйетін дарынды азамат көп ізденіп, көп оқыса Қазақтың өнер саласына өлшеусіз үлесін қосар еді және болашақ үшін көптеген құнды туындылар, дүниелер қалдырар еді деп ойлаймын.
Әннің сөзіне мұқият мән беру елін сүйген, болашақ алдындағы жауапкершілікті терең сезінетін адам үшін ол міндеттен де бұрын парыз. Мәке кейде шектен тыс, тым ақкөңіл сияқтысыз. Мәселен, «Саз әлемінде» қазылар алқасында отырғаныңызда өзіңіздің бірге өнерде жүрген достарыңызға тым көңілшектік жасадыңыз деп ойлаймын. Әсіресе, Еркін Нұржан Аягөзді айтқанда, Р.Зайытов орынды сын айтты. «Ей» деу «жанымның» алдында қолданылуға болмайды. Әйгілі Бұқар жырау күйінгенде Абылайға:
Ей Абылай, Абылай.
Сені мен алғаш көргенде тұрымтайдай ұл едің,
....
Үйсін Төле бидің түйесін баққан құл едің- дейді.

Ашуға мінген Жамбыл бабамыз Құлмамбетке:
Ей Құлмамбет, Құлмамбет
Ағып жатқан сумен кет- дейді

Тағы да «Саз әлемінде» «Меломен» деген бір топ шыққанда сол жерде айтылған бір сынға Сіз «Біз Қазақтар...» - дедіңіз. Меніңше осы сөз тым орынсыз қолданылды. Жалпы «Меломен» деген топты мен әншілер деп те санамаймын. Жарайды ән өңдеуі, әуені сәтті шыққан шығар. Бәрібір мен олардың даусы алты қырдың арғы бетінен естілетін әнші екенін жоққа шығаратын музыка мамандары жеткілікті деп ойлаймын.
Жалпы Сіздер (Музарт, Т.Серіков, Б.Сейдуәлиева, С.Медеуов, А.Керімбекова, Р.Стамғазиев, Қ.Әбділдина, М.Қожа, Ұ.Жолдасов...т.б.) жан бітірген Қазақ эстрадасында қазір шүрегейлердің көбейіп кеткені шындық. Ал әркім өзінің орнында лайықты отыруы үшін қатаң талап керек, талапты Сіз сияқты елін шын сүйетін, дарынды азаматтар қоюы қажет. Талап қоя білу үшін құдай берген талантпен қоса терең білім қажет деп санаймын.
Мәке менікі -Қазақтың сүйікті ұлдары сүйкімді болып жүре берсе, теледидарда, басқа да жерде бір бірімен келіспей отырмаса, «Тура биде туған жоқ» қағидатын ұстанып, Қазақтың өнердегі, кез келген жердегі мүддесін табандап тұрып қорғаса – деген тілек қана. Ал, елдің сүйікті ұлдары ұлттық құндылықтарымызды терең түсіне білуі үшін терең білімді болса деймін. Отбасыңызға амандық, еңбегіңізге жеміс, деніңізге саулық тілеймін.



Шетелдің қазіргі тірі классиктерінің қандай шығармаларын және кімдерді қызығып оқисыздар?
Интеллектілеріңізді қалай шыңдап жүрсіздер?
Әнші қауым ішінде терең білімді, оқыған-тоқығаны көп, ақылы асқан адам деп кімді атар едіңіздер?
Жауап күтем. Сәлеммен, ЖауҺар.



"Мейрамбек, Сіз жалпы тыңдарманның бетін қазақ эстрадасына бұрған қазақ өнеріндегі дара құбылыссыз. Әрбір ақпарат құралдарында Сіз жайлы жазған мақалалар мен сұхбаттар Сіздің қарапайым адам, өнер адамы ретіндегі қырыңызды түгел ашып бере алмайтын секілді. Қазір "Жизнь замечательный людей" деген сияқты танымал адамдар жөнінде кітаптар шығып жатыр ғой. Менің Сіз жайлы еңбек жазғым келеді. Бұған қарсы болмайды деп ойлаймын. Егер құп көрсеңіз, Сізге қалай хабарласуға болатынын айтуыңызды өтінемін".
Осы сауалға байланысты жеке жауап беру қажет болса, kzkz.2012@bk.ru электронды поштасына жазуынызга болады. Алдын ала рахмет!



Осы әншілерге, басқа да өнерде жүргендерге саясат жөнінде сұрақ берсе - ыршып түседі, "саясатпен айналыспаймыз" деп. Жалпы адамда азаматтық позиция болу керек қой, саясатпен айналыспай-ақ қой, бірақ қоғамдағы өзгерістер, келеңсіздіктерді сендер айтпағанда, кім айтады енді?! Сендерді көтеріп жүрген сол Халық емес пе?! Осы Жаңаөзен оқиғасында қаза тапқан отбасыларына арнап, қайырымдылық концерт неге өткізбейсіңдер? Сендердің концерттеріңе адам көп жиналады ғой, сондықтан ақша да көп түседі. Ең болмаса, осылай көмек беріңдерші.



Мейрамбек ассалаумагалейкум, осы сіздің руыныз кандай? Конырат екенініз рас па? Рас болса кай жактын коныратысыз? Рахмет.



Сәкен, сенің жеке орындаған әндеріңе де ризамын. Оның үстіне сен бірнеше музыкалық аспаптарда да ошебер ойнайды екенсің? ВИА-МузАРТ тобында қолыңа жеке аспап алып шығу ойыңда жоқ па?



Сәкен, сенің жеке орындаудағы әндеріңе де ризамын. Оның үстіне сен музыкалық аспаптарда да шебер ойнайды екенсің. ВИА-МузАРТ тобында қолыңа өзің қалаған музыкалық аспаптың бірін алып шығуды ойлап жүрген жоқсың ба?



Кенжебек, сен жақсы жігітсің, мықты әншісің. Соны білесің бе? Өз бағаңды біліп жүр, бауырым.



Музарт тобына үлкен рахметтен басқа айтарым жок,басқа артистеріміз кішкене шен бітсе орыссшаға ауысып адасып жатады,Мен өзі видео мантаж немесе өңдеумен айналысам көбінесе үилену тойлары соған көбінесе Музартың өлендерін коспасаң кызығы кетеді,соған кейінгі шыққан заң кері әсерін тигізетінін білемін,шағын ақша болса төлеуге дайынбыз,ал көп төлеуге халықтың қалтасы көтермейді,Музарт тобына шағын болса да ақша түсе бергені жақсыма әлде заңды қолдайсыз дар ма рахмет



Музар тобы сіздердің дауыстарыңыз алтын қорға сақталады ма? Әрине бұны музыкатанушылардан сұраған дұрыс болар еді. Деседе, сіздер қалай ойлайсыздар? Маржан Қызылағаш ауылынан.



Кейбір әндерді, бұрынғы әндердің сазын ұрлап алып, елбасын қосып жазып жатады. осыған қалай қарайсыздар?



Басқа топтарға қарағанда қазір сіздердің топ әлдеқайда биікте тұр. Халық сол биіктен түспесе екен, сол деңгейде қалса екен деп тілейді. Алланың берген өнерін бағалап, "ағалардың" емес, халықтың көңілінен шығатын әндерді айта беріңіздер. Тек әсіре діншілдікке салынып, "ән айту - күнә" деп өнерден қолды бір сілтеп, депутат болып, әкім болып шен қуып кетіп жүрмеңіздерші. Өнер адамы сол өнерін жандырса - халқы үшін еткен ұлы еңбегі сол. Ал әкімдер мен шенеунік болуға құмарлар бізде жетіп артылады. Осылай тамаша әндеріңізбен жабырқаған сәтте көңілімізге қуаныш силап, ойландырып, үміттендіріп, тәтті қиылға батырып жүре беріңіздер.
Сауалым: Қазіргі қазақ эстрадасында шалдыр-балдыр әні көп болғанымен бірде-бірі хитке айналмайтын әншілер көбейіп кетті? Біздегі шоу-бизнесте ұлттық сипат бар ма? Әлде ол (ұлттық нақыш) керек емес пе? Рахмет.



жоғарыдағы сауалды неге көбейіп кетті деп оқыңыздар



Мейрамбек сіздің діни әндеріңіз жақсы ақ , талай діни әндер айтатыныңызға сенем. Бізге сіздің қоңыр даусыңызбен орындалған діни әндер қатты әсер береді. МҰЗАРТ істеріңіз оң болсын!



Сіздерді жақсы көретін қыздер көп. Отбасыларыңызды қалай сақтап қалып жүрсіздер?
Айжан



Сәкен, қандай иіссу себінесіздер? Жасырмай айта салыңызшы?



Сәкен, Мейрамбек, сіздер ұлтшылсыздар ма? Мысалы, Вахтанг Кикабидзе өзін "грузин ұлтшылымын" депті.



Абай.кз порталын оқып тұратын сияқтысыздар ғой? Дәурен Қуаттың кім екенін білесіздер ме?



Ақкөңіл, адал жігіттер, шын таланттар ішімдікке үйір болады деген пәлсапа бар. осыған қарап отырып, қайсыңыз қандай екендеріңізге жауап беріп көріңіздерші?
Нұрсұлу



МузАрттың жігіттері жарайсыңдар! Сендер әндерің де сәндерің де жарасқан жігітсіңдер. Сүйіп тыңдаймыз. Сендердің осындай мәртебеге жетулерің, біріншіден, орындаушылық шеберліктерің, екіншіден, сендерді сүйемелдейтін музыканттарың да мықты жігіттер. Әнші де, ән де, музыканттар да келіскен, қазақ шоу бизнесіндегі төрт аяғын тең басқан топ сендер ғана ғой деймін. Өнерлерің өрлей берсін, қазақ сахнасында ұзақ ғұмыр жазсын сендерге! Бір таң қалатыным, үшеуің сахнада орындарыңды неге ауыстырмайсыңдар? Бұрын киімдерің, стилдерің онша ұнамаушы еді, кейінгі кезде жақсы киінетін болдыңдар. Баяғы кеңестік сықиған, біп-бірдей сахналық костюм деген ұғымнан арылып, заманауи, стильный, модный киінгендерің дұрыс.



Өткен жылы Монголя еліне барып концерт қойдыңыздар неше рет қойсаңыздарда жаман театрмызда инне шаншар жер жоқ сыймай тіпті орындықтан тысқары түрегеп турып көргендерде разы қош болып қайтты,Ал сіздердің көңіл куйлеріңіз қалай болды қандай ой түйіп қайттыңыздар?

М.Беспаевқа: Ән кітап берген едік,Ол жайлы қалай болып жатыр,есіңізге түссе айта кетсеңіз?
М.Беспаевқа: Сіздің Домбыраңыз істелу құрлымын әр кім әр түрлі айтып өздерінше долбар айтады.Құпя болмаса өз домбыраңыз жайлы айтып өтсеңіз.

Мықты әнші деп жұргендер ана топқа кірді-кетті ану бүитті мынау сүитті.Ал сіздердің ұзақ жыл береке бірлікте жұмыс жасаударыңыздың құпясы неде.

Сәкен мықты азамат жарайсың Сәкен! Ал Кенжебек саған қызғанышпен немесе сынап әр түрлі сұрақтар қойып жатады сынды қалай қабылдайсыз.МұзАрттың асқарлы МұзАрт болғанына сіздіңде еңбегіңіз айырықша екенін ешкім де жоққа шығармайды.
((Айтқым келгені Мақсат қайта келсе қайтеді ?қалай анау-мынау деп жатады өз басым,топпен жұмыстау яғыни көппен жұмыстап тіл табысу оңай емес келді кетті Кенжебек көпен бірге таңдауға түсті,Таңдап алды қосты МұзАрт сөнбеді жана түсті ұзақ жыл жұмыстап келеді енді кеп арандатқыш сұрақ қойу ол адамгершілкке жатпайды ғой ағайын!!!))

Ансамбілдеріңіздің қал ауқалы қалай?Оларды қалай қаржыландырасыздар?

МұзАрт қоржындарыңзға ән таңдау шешімді кім шығарды.

Жалпы МұзАртты әлемдегі бар қазақта жан тәнімен тыңдайды,Сіздерге разы сіздерді халық теңдесі жоқ керемет еңбектеріңізбен мызғымас топ,сахана тарландары МузАРТ тобы ретінде таныйды.Сұрағым егер қай қайсыңыз жеке әнші болсаңыздар бүгінгі дара түлға МузАРТ тай бар қазақтың жүрегіне жол таба алама?қалай ойлайсыздар?

Қазақтың топ әншілерінің дара тұлғалары сіздерге әліде асқарлы биктен көріне берулеріңізді тілеимін.



Мұзарттықтар, Сіздер шетелдерге жиі шығып тұрасыздар. Үлкен сапарды былай қойғанда, мына іргемізде тұрған Қытай еліне тойларға барып жүресіздер. неге? Ол жерде қазақтар тұрады. Қазір шетелден келетін қазақтардың көші тоқтады. 5000000 қандасымыз жат жұртта қалып, жойылып кетудің алдында тұрғаны айдай ақиқат. Ал, біздің жеріміз ұлан-байтақ. халқымыз бір-ақ уыс! Осы мәселе азамат ретінде Сіздерді қаншалық толғандырады? Мейрамбек, Сәкен, Кенжебек, қарақтарым бізді жат жұртқа осылай тастап қоясыңдар ма, анау Елбасының алдына ән айтқалы барғанда, біздің тағдырымызды үшеуің айтыңдаршы, жандарым,- десе, не деп жауап берер едіңдер. Елбасыға кездескенде айта аласыздар ма сол қандастарыңның аманатын?
Алматы қаласынан А. Мұқабай



Ассалаумағалейкім! Жігіттер сендерге мың алғыс! Концерттеріңіз керемет! Қазақстаннан екі рет қатар көрдік.Сұрағым: Елдос Еміл деген азаматты танисыз ба? Соңғы уақытта оған тағылған айыптар туралы (мәселен бірер күн бұрын КТКда көрсетілген "Черный квадрат" хабары) не айтар едіңіз? Әлде тек қана өнердің өрісі үшін тер төгіп жүріп елде болып жатқан шиеленіскен мәселелер туралы ойлануға уақыттарыңыз жетпей ме? Жалпы "Яссауи" тобы дегенді естіп пе едіңіз? Олардың әуендері туралы не айтасыздар?
Абай КЗ сендерге де алғыс. Осындай қазақы, мықты жігіттерді конференцияға шақырғандарыңызға.



Мұзарттық жігіттер. Осы өткен 16-желтоқсан күні Қазақстан телеарнасында сіздердің кезекті бір концерттеріңізді жіберді. ренжімеңіздер! Концерттің түсірілімі өте нашар екен, баланс мүлде жоқ, видеода көрермендерді орынсыз қыстыра берген, сосын жазған жазулары тым ұсақ тіпті көрінбейді. Мұндай жағдай әркімнің де жүйкесін тоздырары шындық. Сіздер осындай жағдайларға неге жол бердіңіздер? Әлде өздеріңіз сезген жоқсыздар ма? Рахмет! -- Теле адамы



Менікі сұрақ емес, тілек. Мұз-Арт жігіттері, сіздер елдің алдында жүрген азаматтарсыздар, сондықтан жастар көбіне сіздерден үлгі алады. Қазір небір сұмдықтар орын алып жатыр, сіздерден өтінерім; Ислам дінін бүгін көргендей болып, жалғаннан Ислам деп, Дін деп өз болмысын ұмытып, теріс жолға азып жатқандар қаншама... Сіздер сол жағын ескере жүрсеңіздер екен! Біздің қазақтың бағзы заманнан қалыптасқан, Ата-бабамыз аманат еткен ұлттық үрдісіміз бәрінен қымбат қой, соны үгіттесеңіздер екен! Оралған.



Курметти Сакен, Мейрамбек, Кенжебек жане баскада Музарт тобынын жигиттерине сиздерге Алла разы болсын!!!
Сакен, Мейрамбек агалар сиздерди шоу, жарыс, байкау ТВ-багдарламарда, концерттерде казылар мушеси, жургизуши, сарапшы болып журерсиздер сонда бир жагымсыз нарсе сол шоу-багдарламада бир орыс тилди казахты косып кояды. Демалыс, мейрам кундери отбасынмен казахша багдарламалармен концерттер корейин десен жартысы казахша жартысы орысша. Сол багдарламалардын бас касында сиздер жургенсон уйымдастырушыларга казах тилимен улттык накышты азаматтык тургыдан талап ете журсениздер.



Мейрамбек мектепте қалай оқыдың? Соңғы кезде қазылар алқасынан жиі көреміз(Айналайын, екі жұлдыз т.б.) сонда сөйлегеніңіз ішке қонбайды нақ ештеме айта алмайсыз сондықтан ондай жерден көрінбей-ақ қойсаң. Шығармашылықтарыңызға табыс тілеймін!!!!!

 

Мұрағат

Ақпан 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
-1012345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728291234

Айлық статистика

<<  >>