Айша Ғалымбайқызы. Астанаша оқулық саралау | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Абұйыр, атақ сол жанда –
Кімді көп жұрт мақтаса.
Ол мақтаудан не пайда,
Көп мақтауын таппаса?

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
1996-2004 жылдар аралығында Ресейде білім алған қазақстандық 2 мың әскери қызметкердің оқуына 135,73 миллион доллар қаржы жұмсалған.

(Қаржы министрі Болат Жәмішовтың дерегі)

Айтқыш екен
Лондон олимпиадасына баратын қазақ спортшыларына жоғары жақтан: «Лондоннан алты алтын және Әблязовті алып келіңдер» деген қатаң тапсырма беріліпті.

Қазақ КВН-шыларының әзілі

Загрузка

Айша Ғалымбайқызы. Астанаша оқулық саралау

Жәрдемші


Жаңа оқу жылы қарсаңында сәмсіреп жүріп, Астана қалалық Білім департаментінің қоғамнан оқшау жиылысына тап болдым. Оның болатынын оқулықтың соңына түсіп жүрген бір ата-ана айтқан. Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған семинар ма, форум ба, әйтеуір, бір жиын екен.

Пленарлық отырысы сондай жарқын сценарийге құрылыпты, пафостық баяндама дейсің бе, мадақтама үлестіру ме, бәрі орын алды. Сосын жұрт «ру-руға» бөлініп, секциялық отырыстарға жөнелді. Мен де лекпен бірге лықсыдым. Бір сынып бөлмесіне кілең айтулы бастауыш сынып ұстаздары жиналыпты. Мен солай деп сезіндім, себебі, бұқараға бұқадай оғаш көрініп жүрген оқулық мәселесін талқылайтын орта сондай болмағанда қандай болмақ?

Төрде отырысты жүргізіп, білім департаментінің бір қызметкері отыр. Неге екенін білмедім, ол күнәйнек көзілдірігін маңдайына тағып  алыпты. Онысы ерсі болғанымен, әлгіні жұрттан ерекшелеп тұрды: отырғандардың ішіндегі «мүйіздісі» сол сияқты көрінді. Кім біледі, биылғы бикелер сәні де маңдайға көзілдірік тағу болуы да мүмкін, тірліктен қолы босамайтын мен секілділерге ол жағы беймәлім ғой. Әйтеуір, қаламыздағы тәлім-тәрбиенің бас мекемесі саналатын департамент қызметшісі сондай «елегант», «сәнқой» көрінді... Бірақ сөзі мен отырысында, жиынды жүргізуінде тартымды ештеңе бола қоймады. Сондай оғаш, қылымсу мен өтірік бастықсу «иісі аңқып» тұрды, тойыс, маған солай көрінді. Қазақша сөйлегенде кейбір сөздер бұралқы тілдің ауылынан шығып, сумаңдай береді екен... Құдды, «Наша казаша» қойылымына бергісіз бе, қалай... Жә, біреуде нем бар, жай ғана балаларымызды тәрибелейтін мекеме болғасын, онда қандай мәдениетті, тәрбиелі, әдепті адамдар жүр екен деген пенделік ізденіс қой менікі.

Секция отырысы басталып кетті. Сөзді оқулық авторларына беріп жатыр. Авторлар да киім киісі мен сөздеріне қарағанда, қарапайым ұстаздықтан асып жығылатындай сықпыттары байқалмайды. Ақыл-ой деңгейлері - «темболейі». Әйтеуір, департамент өкілі соларды қорғаштап, біреу бірдеңе деп қояр ма екен деумен, бір біріне жамырасқан жануардай жараса қалыпты. Бір жағынан ол қылықтары айнала қамал орнатып отырғандай сезіледі... маған.

Авторлар сондай сөзуар халық екен. Бөлінген уақыттың тоқсан бес пайызы солардың ауызына «жұғым» болды. Алдын ала сараптама жасаған астаналық ұстаздарға сөз алу қытай қорғанын басып алудан қиын болды. Байқауымша да, сұрап білуімше де, сарапшылардың баяндамасын басқа ұрып тұрып, алдын ала тексеріп, «жіптіктейлеріне» ғана сөз бергенсіді. Әлдекімдер еркінсіп, сценариді бұзып, килігіп көріп еді. Оларды кезек пе кезек өкіл болып, автор болып, қарсы сұрақпен бұрышқа тықпалап, түрлі дидактикалық әдістермен ауыздықтап, ауыздан шығуға бейім сындарын пышыратып, дал-дұлын шығарып, жуып-шайып, сарапшысымақтарды сәттілікпен орындарына «жайғастырып» отырды. Сөйтіп, бастауыштың Математика, Қазақ тілі, Дүниетану секілді оқулықтары мұғалімдердің «қырағы» сынынан өткен болып есептелді, хаттамаға солай түскеніне сенім мол. Бірақ ертеңгі қазақтілді ұрпақтың қандай хал кешетініне кім жауап беретінін кім білсін?..

Ал, менің мұндай отырысқа ұрлана баруым бір түрлі әдепсіз көрінді...

Айша Ғалымбайқызы, сұғанақ ата-ана

«Абай-ақпарат»


 




Сондықтан да көп ата ана балаларын қазақша оқытқысы келмейді. Оқулық тілі былық.



Елімізде оқулық жазатын,оның талапқа сай болуын қамтамасыз ететін білімді де,білікті кәсіби мамандар көп-ақ.Бірақ жемқорлық пен парақорлыққа белшеден батқан,жауапкершілік сұралатын,тікелей жауап беретін мекемелер болмаған соң бұл жағдай қайталана береді ғой.Мемлекеттік басқарушы билік шынайы ашық қоғам орнатпаса осылай ортағасырлық феодализммен өмір сүре береміз.Тезірек Ресейге қосылып,кайта КСРО-ны құрсақ екен.



Ұстаздардың тамыз кәмперенсиясында министір де, Астана әкімі де оқулықтардың кім көрінген жазып, ақша табу үшін басып отырғандарын ашық айтады. 20 жылда болашақ ұрпақтың көзін ашар оқулықты қарық қылмағасын, елдік туралы сөз құрысын. Сол оқулықтың өзі 1000 теңгеден жоғары, былтырғы бала оқыған кітап, биылға сол сыныпқа көшкен балаға жарамайды, сонда ортақ прогрпмма жоқ. Адам айтса нанғысыз - шырылдаған шынғырлау, соғылды тағы қоңырау!

Көк Тәңірісі - Тәңірінің Тұқымы жоқ, заты жоқ. Жер Тәңірісі Темірдің Тұқымы - түрік, заты - от!



Астана әкімінің қазақ тілі өте таза. Енді Иманғали өзі корректор болып, тексермесе, жақын арада қазақ тілі жөнге келе қоймас.



Жемқорлық қазіргі таңда көбейіп кетті.қайда барсаңда танысың болмаса ешқайда кіре алмайсың. балабақшаның кезегін жылжыту үшін де ақша береді.қазіргі таңда ақшасыз ештеңе шешілмейді...



Бір профессор айтып еді шын екен-ау!Мұнай,наркотиктен кейін жемқор ақша оқулықта деп,Алла өзің сақтай көр деуден басқа шара жоқ.Ел басқарғандарға сана бере гөр.

Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
9 + 3 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Мамыр 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
0123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031123

Айлық статистика

<<  >>