«Жібек жолы» жәдігерлер тізімі жасалуда | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Достық, қастық, бар қызық – жүрек ісі,
Ар, ұяттың бір ақыл күзетшісі.
Ар мен ұят сенбесе – өзге қылық,
Арын, алқын – бұл күннің мәртебесі

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
Астананың бір минуттық шығыны - 600 мың теңгені құрайды
Айтқыш екен
Обал болды көзге де, құлаққа да,--
Сеніп елге бермейсің сыр ақтара.
Қарайтының күдіз-түн бір-ақ канал,
Көретінің бір кісі, бір-ақ қала.

А. Мұқабай, асаба

Загрузка

«Жібек жолы» жәдігерлер тізімі жасалуда

Жәрдемші


Бүгінде ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізімі түзілуде. Оған Орталық Азиядан тоғыз мәдени және бір табиғи нысан енсе, енді соған Қазақстаннан елдегі тоғыз ескерткішті «Жібек жолы» деп аталатын әлемдік жәдігерлер тізіміне енгізуге ұсыныс жасалмақ. Осы мақсатта кеше Алматыда ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік жәдігерлер орталығының 5-ші субаймақтық семинары басталды.
Қытай, Қырғызстан, Қазақстан, Тәжікстан, Түрікменстан мен Өзбекстаннан келген мамандар мен ЮНЕСКО-ның ИКИМОС өкілдері, Жапония, Монғолия, Ауғанстан, Үндістан бақылаушылары қатысып жатқан бұл жиынға ЮНЕСКО мен ИСЕСКО істері жөніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық комиссиясының төрағасы Иманғали Тасмағамбетов өз құттықтауын жолдады. Онда ол 850-ден астам мәдени және табиғи нысан қамтылған бүкіләлемдік мұралар тізімінде Орталық Азияның үлесі аз екендігін, ал Қазақстаннан тек бірді-екілі мәдени ескерткіштердің енгізілгенін тілге тиек етеді. Ал енді Алматыда өткізіліп отырған семинарда аталған тізімге Қазақстаннан тағы да Есік және Бұрындай қорымдарын, Талғар, Отырар, Сауран қалашықтары, Ақыртас ескерткіші мен Жатасар шатқалындағы ескерткіштерді енгізу ұсынылмақ. Бұл туралы Ә.Марғұлан атындағы Археология және этнография институтының директоры Карл Байпақов мәлім етті.
Семинардың соңғы нүктесі 23 мамырда қойылмақ.

Мәриям ЖАГОРҚЫЗЫ
«Алаш айнасы» газеті 20 мамыр 2009 жыл


 


 

Мұрағат

Ақпан 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
-1012345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728291234

Айлық статистика

<<  >>