Жеңіс Күнінің мерейтойын тойлау аясында Ржевте қазақстандық атқыштар бригадасының жауынгерлерінің құрметіне мемориалды ақтөбеліктер тұрғызады | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Абұйыр, атақ сол жанда –
Кімді көп жұрт мақтаса.
Ол мақтаудан не пайда,
Көп мақтауын таппаса?

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
1996-2004 жылдар аралығында Ресейде білім алған қазақстандық 2 мың әскери қызметкердің оқуына 135,73 миллион доллар қаржы жұмсалған.

(Қаржы министрі Болат Жәмішовтың дерегі)

Айтқыш екен
Лондон олимпиадасына баратын қазақ спортшыларына жоғары жақтан: «Лондоннан алты алтын және Әблязовті алып келіңдер» деген қатаң тапсырма беріліпті.

Қазақ КВН-шыларының әзілі

Загрузка

Жеңіс Күнінің мерейтойын тойлау аясында Ржевте қазақстандық атқыштар бригадасының жауынгерлерінің құрметіне мемориалды ақтөбеліктер тұрғызады

Жәрдемші


Ақтөбе. 31 наурыз. ҚазТАГ – Кезінде Алматы мен Ақтөбеде жасақталған қазақстандық 100-ші және 101-ші атқыштар бригадасының жауынгерлерінің құметіне Ресейдің Ржев қаласында салынатын мемориалды ақтөбеліктер 70 млн теңгеге тұрғызатын болды, деп хабарлады сәулет және құрылыс басқармасының бастығы Болат Егімбаев.

Оның айтуынша, қазақтың атқыштар бригадасына арналған мемориал ұзындығы 30 метр гранит қабырғадан тұратын болды. Ол символды түрде жарылыстан екіге бөлінген. Бірінші бөлігінде Қазақстан картасы бар да, онда жұлдызшамен белгіленіп, Алматы мен Ақтөбе қалалары, сондай-ақ елорда Астана көрсетілген. Оның маңайы да абаттандырылады. Жұмысты күзде аяқтау жоспарланған.

Шамамен осыншама сома Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың есімімен аталған мәскеулік мектепті жабдықтауға жұмсалмақшы, дейді Б. Егімбаев. Мектептің физика, химия, математика мен басқа да пәндерге арналған кабинеттерді заманауи жабдықтармен жабдықтау жоспарланған. Бұрындары ақтөбеліктер мектеп ауласында батыр қыздың мүсінін орнатып, мектепті жөндеуден өткізуге көмектескен.


 


Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
8 + 11 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Мамыр 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
0123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031123

Айлық статистика

<<  >>