1986 жылы Желтоқсан айының ызғарлы күндерінде Алматыдағы үлкен алаңға жиналып, коммунистер билігіндегі ресми Мәскеуге езілген қазақ халқының ішіндегі арзу арманынын айтып, талап-тілегін жария еткен қыршын жастар мен ұлт зиялыларының талпынысы тоталитарлық жүйе тарапынан аяусыз басып-жаншылды. Алаңға шыққандарды, оларды қолдап жер-жерде көшеге шығып қорғағандарды бұл жүйе өлімге кесті, түрмеге жапты, қуғын-сүргінге ұшыратты.
Кейін дүние мүлдем жаңарып, қоғам жаңа заманға бет түзеді. КСРО-ның саяси жалдаптары «ұлтшыл», «бұзақы», «нашақор», «маскүнем» атаған желтоқсаншыл қазақ жастары «демократия қарлығаштары» деп танылды. Алайда, сол демократия қарлығаштары қазір неге көрінбейді? Оны айтасыз, бүгінгі күнде Ұлттық демократиялық жаңғыру күні атаусыз қалып барады. Бұның себебі неде? Неге Алматыдағы қасиетті алаң аяқ асты бұзылып, айналасы тарылып кетті? Неге ел басшылары Тәуелсіздік күні мен Желтоқсанды ұмытып, шырақ жағып шырша айналып жүр? Неге ата-бабалары сияқты алаң да алаң хал кешіп алаңға жиылған жастардың іс-әрекетіне байыпты саяси баға берілмей келеді? Сол оқиғалар туралы ресми билік пен тарихшыларымыздың пікірлері неге екіұдай? Қысқасы елдік мұраттарды ұран еткен жастар алаңда оқиға жасап қана қайтты ма, әлде азаттық жолын аңсаған даңқты ерлердің өнегесін қайталап кезекті рет күреске шықты ма?
Сауалға салмақты, байсалды, дерек пен дәйекке сүйенген жауаптар күтеміз.
«Абай-ақпарат»



Менин зан шыгаратын кукыгым болса, Жана Жылга дайындыкты 17 желтоксаннан кеин гана колга алуды миндеттер едим. Жастардын жазыксыз тогилген канын шыршанын, АязАтанын ауселеси басып кетип жатыр. Желтоксан сол маскарадтын тасасында. Обал-ай!
билік менде болса,орыстың ішкіш ақсақалы келеді деп дайындық жасауды арам санар едім.тіпті ұят,масқара екен.Махвмбеттердің қаны жерге сіңбей...
Ұлт азаттық көтерліс.
Жогарыдагы пикирге косыламын. Ултазаттык котеріліс.
Ұлт-азаттық көтеріліс!!! Көнсең де осы, көнбесең де осы!!!
Желтоқсан - үш ғасырға созылған қазақтың орыс бодандығына қарсы ұлт-азаттық күрестің жарқын көрінісі. Яғни ол ұлт азаттық көтеріліс.
Абзал
Мені сол кездегі қазақ жастарының ұлттық сана сезімі өзге республикадаға ұлт өкілдерінің бәрінен де жоғары болғандығы бір жағынан таң қалдырады, бір жағынан сүйсіндіреді. Оның үстіне, Қазақстан ең орыстанған, рухани жаншылған республиканың бірі болды емес пе. Ал қазақ жастарының көптеген ірі қалаларда үлкен ұйымшылдықпен бас көтеруі, сол кездегі заман өлшемімен өлшесек, өте ғажап оқиға.
Ол кездері КСРО таяу күндері құлауы мүмкін деген ой тіпті "мен керемет" деген саясатшылардың өзінің миына кіріп шықпаған.Сондай жағдайда Одаққа өз ішінен қарсы шығу деген – көзсіз батырлық. Бұл әлемге үлгі. Мәселен, Қазақстан қалаларында Желтоқсан-86 көтерілісінен кейін "бауырлас" республикалар түгілі, Шығыс Еуропа мемлекеттерінде коммунистік жүйеге қарсы толқулар ұйымдастырылды емес пе. Сондықтан, Шығыс Еуропаның да оянуына қозғау салған қазақ жастар. Міне, осыдан кейінгі өрбіген оқиғалар тізбегі әлемдік геосаяси жағдайдың күрт өзгеруіне алып келді. КСРО құлады, республикалар Тәуелсіздік алды, әлемде үстем болып отырған коммунистік жүйе түбегейлі құрдымға кетті.
Сабырбай
Желтоқсанды көтеріліс деп тану үшін желтоқсаншылардың көсемі, штабы, жоспары, басып алатын нысаны және қару-жарағы болуы керек екен. Бірақ желтоқсаншыларға қарсы арнайы әскер қару қолданды, соның салдарынан жүздеген адам соққыға жығылды, мүгедек болып қалды, қаза тапты, іле қаншама желтоқсаншы қудалауға ұшырады, бас бостандығынан айрылды, өлім жазасына кесілді! Ендеше бұл оқиға да емес, - ұлт азаттық бағытындағы, мән-маңызы көтерілістен бір кем емес аса айрықша құбылыс. Өкініштісі, оны өз атымен атау, жыл сайын өз деңгейінде атап өту әлі шешімін тапқан жоқ.
Қызыл түнектегi ақ бұрқақ
Ұлардай шулап Алатауымның бөктерi,
Ұлыды ұлы құзартта тұрып көк бөрi!
Тәуелсiздiктiң қасапханасы тәрiздi
Қанжоса болды Қазақстанның қақ төрi!
Тарихтың тайғақ кешулерi келiп құйылған,
Көк мұздақ алаң алай да дүлей “Құйыннан”!
Құрбандық қылып бозқасқа емес, боздақты,
Бейбақ жұрт боздап тұр ендi Хаққа сыйынған.
Бұрымнан сүйреп, құрсақтан бiреу тепкiлеп,
Қыршын қыз кеттi: “Ел аман болсын!” – деп тiлеп.
Керзi етiктердiң өкшелерiнде езiлiп
Көк мұздақ төзiм сықырлап сынып жатты кеп!
Жарадар жүрек жұлқынбай сонда тынар ма?
Жанарлар жалын ыршытты сұрғылт мұнарға!
Алаңнан “Менiң Қазақстаным” әуелеп,
“Елiм-ай” әнi егiлдi абақтыларда.
Санамнан қызыл түнектi бiрден көшiрген,
Ақ бұрқақ күндер кетер ме ендi есiмнен?!
Желтоқсандағы алаңға қаны шашырап,
Кiндiгi ұрпақ рухының сонда кесiлген!
Арман ҚАНИ,
Павлодар қаласы.
Жаса, бауырым!
айкүн
Жан тебірентіп, рухыңды көтерітін өлең екен! Қазыр бір ыңырсыған, мейілінше күрделі болуға тырысатын жасанды ақындар көбейіп кетті. Мейлі, әркім өз әлінше жазады ғой. Жаза берсін. Бірақ, көкжасық дүниелер маған сіңбейді. Ал мына өлеңнің әр жолы атойлап тұр.
Бұрымнан сүйреп, құрсақтан бiреу тепкiлеп,
Қыршын қыз кеттi: “Ел аман болсын!” – деп тiлеп.
Не деген РУХ!!!
Елші жазған:Өкініштісі, оны өз атымен атау, жыл сайын өз деңгейінде атап өту әлі шешімін тапқан жоқ.
Құптаймын. Қазағымның Тәуелсіздігіне қол жеткізген қазақ жастарының дүмпуі, әлі күнге дейін өз деңгейінде атап өтілуі жайлы шешімін таппағаны..қынжылтады.
тагы коп нукте жалыккан жоксындар ма...
Арман Қанидың өлеңі мықты, сезіммен жазылған екен. Желтоқсан - дүниеде бір қазақ қалғанша мәңгі сақталатын ұлт-азаттық көтерілісі. Оның шынайылығы бәрібір жария болады. Бұған жан тәніммен сенемін.
Қайдағы бір оқиғаға бола қызыл империя әскерін "нашақорлар мен бұзакылырға" қарсы қоймас еді. Бүкіл байланысты, әуе-жер жол қатынастарын түгел бекітіп, Қазақстандағы оқу, жұмыс орындарын қоспағанда, бар Кеңес Одағындағы әскердегі т.б. орындардағы қазақ иісті адамдардың бәрін қатал,қара тізімге алынбас еді. Қанша жылдар қазақты жоюға арнаған кесапаттарының өзінде, қазақ халқы өр екенін дәлелдеп, бас котерген күн. Желтоқсан-қазақ жастарының, жалпы казак халқының бойындағы ұлттық РУХТЫҢ биік шыңы, НАҒЫЗ ҰЛТТЫҚ КӨТЕРІЛІС. Көтеріліс емес деп жүргендер олар сол күні халқына қарсы оқ атқандар және қарсы сөйлегендер, қорыта айтқанда,орден мен медалдар, мақтау қағаздар алып қуанышқа кенелгендер. Әттең саяси бағасы берілмей, Кеңес Одағында қалай булықтырылса, әлі де солай жалғасуда. 1937 жылы Алаш ұлтшыл азаматтары қалай халық жауы болып атылса, Желтоқсан көтерілісі де солардың күнін кешуде. Қазақтың жоғын жоқтар АЗАМАТ келер әлі билікке, Желтоқсан өз бағасын алып,"нашақорлар мен бұзакылыр" - нағыз қазақтың көзсіз батырлары деп ақталатынына халқым деген барща азамат сенеді. Аллам сол күнге жеткізсін!
"Жайдақ қырдан түңілсең – гүл өседі бір күні,
Қайраттыдан түңілсен – күреседі бір күні.
Мына заман артқанда бойға – бейнет, ойға - сын,
Күш – қайратты түңіл деп беріп пе екен, ойлашы
Көп түңілсең момынынан – ашу шығар бір күні,
Көп түңілсең тұнықтан – тасуға асығар бір күні.
Мына заман артқанда бойға шыдам, ойға сын –
Күш - қайратты түңіл деп береген жоқ қой, ойлашы".
/Жұмекен Нәжімеденов/
айкүн
Осыған қатысты бір әңгіме
Шетел азаматтары көп мекемеде де қызмет етемін. Арасында украин азаматтары бір төбе.
Ана жылы алаңды құрылыс саламыз деп жауып, қазып тастағанда, осы жағдай украиндарға қазақтардан қатты батқандай көрінді. Алаңға шығып наразылық білдіріндер – біз бірге шығамыз, қандарынды төккен жердін қыртысында аударуғу хақыларын жоқ, құдайдан қорықпайсындар - деген талай сөздер айтты. Бізде Кенес Одағы 50-ші жылдары ғана орнап болды (батыс Украина), сонан 80-ші жылдарға дейін іштей теке-тірес жалғасып келді. Әбден үміт үзіліп, мына алып мемлекеттін мәңгілік боданы боламыз деп жүргенде 86-шы жылғы оқиға (көтеріліс) бізге дем берді, шығыстан жаңған шамшырақ болды. Енді мынаны көріп (аланның қазылуын) ішкі дүниеміз ойран-топыран – дейді біздің бауырлас украин елінің азаматтары.
Арман Қанидің өлеңінің іштей және сырттай толқынысы, дүмпуі мықты екен. Шынымен, Желтоқсан көтерілісінің әлі-ақ шындығы ашылады. Желтоқсандықтарға өтініш: естеліктеріңізді жазып қалдыра беріңіздер. Билік жарияламаса, шындықты қажет ететін ұрпақ келеді. Қайтыс болған бауырлардың жаны жәннатта болсын!
талкыдагы суракты осылай койлуынын оз себебі бар. біріншісі, Желтоксанның формасы оқиғаға келмейді. Көтеріліс дейін десең, көсемі жоқ. Желтоқсанның шындығы әлі ашылады деген де осы көсемнің аты аталады деген сөз. Яғни, желтоқсан көтерілісі көсемі бар көтеріліс болды. Жастар ол көсемді қолдамаған да болар. Бірақ, соның ұйымдастыруымен олар алаңға шықты. Сенбесеңіз өздерінің сөздеріне қараңыз. Көбі бізді декандар жіберді, немесе қызық көріп, елден естіп бардық дейді. Яғни, қазақи факултеттегі басшыларға жоғарыдан арнайы тапсырма болған. Мұндағы бар трагедия сол көсем алаңға жастарды итеріп салып, желтоқсанды пайдаланып, билікке келіп алды. Яғни, халықты арандатып, саяси мақсатына жетті. Желтоқсанның шындығы осы себепті әлі күнге дейін айтылмай келе жатыр.
ой де, не дейді - ау )))))
Қателесесіз. Колбин қойылғанда ел арасында бірден наразылық пайда болды. Ол наразылық ұзақ уақыттан бері қазақтардың жанына батып келе жатқан көп сұрақтарға ұласып, он алтысы күні КАЗГУ студенттерінің бастауымен басқалардың үнсіз қолдауымен ұл азаттық көтеріліске айналды. Заңды түрде. Бұл жерге әкеліп НАНды тағы тыққылап қажет емес.Мысалы мен 17 жаста болдым. Әлі судент те емес едім, бірақ Коммунстік проспектісіндегі жастарды көргенде мен де үнсіз қосылдым. Себебі жастардың рухы керемет боды. Біраө арты трагедия болады деп ешеім ойламайды. Бұл бейбіт шеру болды. Дкендар керіснше бармаңдар деп жүгірді емес пе, шығыңдар деген жоқ. Алаңға барған адамдар, айтсаңдаршы шындықты. Ел тіпті ұмыта бастағанға ұқсайды.
Мен ол кезде теміржол институтында оқыдым. Оқиға басталған күні оқу бөлімінен адамдар келіп сабақтарды тексерді. Содан соң "кімде-кім сабақтан себепсіз қалса, комсомолдан, оқудан шығарылады" деп ескертті. Біз жігіттермен ақылдаса келіп, сабақтарға толық қатысып, алаңға сабақтан кейін барып жүрдік, үш күн бойы. Жалпы оқиғаны жұрттың көпшілігі біледі. Мен өзім назар аударған екі жағдайды айтайын. Біріншісі. Жалпы алғанда алғашқы күндері алаңда аса бір жаппай қақтығыстар бола қойған жоқ. Жастар әр-әр жерде топтасып, сөйлеп жатты. Алаңның желтоқсан көшесі жағында бір қатар солдаттар, бір қатар милиция, одан әрі қолдарына арматура ұстаған қала орыстары тұрды. Қазақ жігіттері сапта тұрған милиция мен солдаттардың жандарына барып олармен де сөйлесіп жүрдік. Бір кезде төменгі жақтан, қазіргі тәуелсіздік ескерткіші жағынан үстіне күпәйке киген бір қазақ жігіт айқайлап:"Ей қазақтар, орыстарға есемізді жібереміз бе, ұрыңдар оларды" деп қолындағы үлкен таяқты солдаттар мен милицияларға қарай лақтырып жіберді. Артында ілескен біраз адам бар. Сол-ақ екен офицерлер бұйрық беріп,солдаттар сап бойы бейқам тұрған қыздар мен жігіттерді сатырлатып дубинкамен ұрып, қуа жөнелді. Үлгергендері қашып құтылды. Үлгермегендері аяқтың астында қалды. Биік өкше етікпен барған талай қыз аяқтың астында қалды. Сондағы айтайын дегенім: әлгі ұрандап айқайлап жүрген, күпәйке киген қазақ анық арандатушы.Әйтпесе, ол кезде Алматыда дені дұрыс адам көшеде күпәйкемен жүрмеуші еді ғой. Күпәйке киіп алғаны якобы жұмысшымын дегені.
Екіншісі. Үшінші күні ең қанды күн болды ғой. Сол кезде түнге қарай бір қазақ жігіті келіп бізге қызметтік куәлігін көрсетіп (КГБ-да істейді екен) "Жігіттер, бүгін аса қауіпті операция дайындалып жатыр. Абай болыңдар, қоршауға түсіп қалмауға тырысыңдар" деді. Көбіміз ол жігітке рахметімізді айттық, өзіміз білген хабарды өзгелерге де тараттық. Ал кейбір жігіттер болса "Өй бұл КГБ-шниктің сөзіне сенбеңдер" деп оның өзіне тұра жүгірді. Ақыры сол күні қоршауға түскендердің барлығын ұрып-соғып машинаға тиеп алып кетті.
Пікір алынып тасталды!
енді есі дұрыс адамдар болса үш күн бойы қақаған суықта, күні түні тұратындай не жаныңызға зор жетті?
Әлі талай масқараны естімей жатырмыз. Милиция сол кезде ұсталған қыздардың кейбіреулерін зорлап далаға тастап кетті дегенді естідік. Масқара ғой! Сөйте тұра бірде-бір қызыл жағалылардың сотталғанын естімеппін
Сабырбай
Е ағалар сол кездеги қазақтың қара домалықтарымен қыздарын жазалап, мазақтаған айуандарды мадақтады емеспе
Желтоқсан ды көтерліс десек болады. Сонау Ресейдін құрамына кіргелі бері қазақтар егемендікті аңсағаны бәрімізге мәлім. Қазақтар Ресейдін құрамына кірмеске амал қалмады. Сол уақыттан бері билік басында отырғандар қазақтарға көрсетпегенді көрсеткен болатын. Міне осы қорылықтан желтоқсан оқиғасы азат етті емеспе ағайын. Оқиғаға қатысқан барша жастардың алдында басымызды жерге исектен артық болмайды.
Өкінішке орай қазағымның ұл қыздары, қазақ ұлтының азаттығы үшін қанын төккен бұл күнді бүгін, ешкім есіне алып, елемеді. Тәуелсіздік күні ең негізгі мейрам болуға тиісті еді, жәй бір демалыс күні ретінде өтті. Сол бір ызғарда қаза тапқандар еске алынып, оларға тағзым етілу деген жоқ. Символды түрде гүл шоғын қою баяғы орыс дәстүрі ғана құр орындалды. Азаттық күнін ұлын ғасыр тоймен атап өту керек еді. Ұлттық киімдерімізді киіп, ұлттық ойындарымызды ойнап, 3 күн 3 түн домбыра мен қобыз үні үзілмей ән шырқап би белесек қой, шіркін. Қалаларды айналдыра ақ киізүйлер тігілсе, ішінде қазан қазан ет пісіп жатса, қыс болса да сорпа ішіп жылынар едік.:-))))
Мәселе, Желтоқсанды қалай елдің есінде сақтау болуы керек. Керей қыз жарадыңыз. Бұл нақты ұсыныс. "Көп түкірсе, көл демейді" ме дана қазақ. Қазіргі озық технология заманында Желтоқсан тақырыбын қазақтың өзі қозғап жазбаса, басқаларға қажеті жоқ. Мүмкін, "Интернеттен" арнайы сайт ашып, сол жерде барлық пікір топтастырылса. Бұл елімізде патриоттықты дамытудың бір жолы болар еді. Дала - қазақтың ажырамас бөлігі. Желтоқсанда адамды өлтірердей суық болмайды. Әйтпесе жыл залда өткізілген шаралардың, марапаттаулардың адамға берері шамалы. Гүл қою қазақтың дағдысында жоқ. Пікір дұрыс айтылған деп есептеймін.
Мына жерде желтоқсан көсемсіз көтеріліс дегенді айтып отыр,ойланып қарасаңдар,сол күндері жастардың бірінші талабы "Алаңға Дінмұхамет Қонаев-шықсын"-"Қазаққа-қазақ басшы керек"-деген ұрандар айтылған болатын.Ағайындар яғни көтеріліс көсемі Димаш атамыз емес пе.А...
Дәулет Асау-ға Ол рас! Қазақ қыздарын зорлап, іштерінен теуіп, былай деп айтқан;: "чтоб больше калбитов не рожали!!!" Бу акикат! Деректер бар! Бірак көптеген қыздардың ондай сұмдықты айтуға батылдары бармады.
Жакында "Қазақстан" телеарнасынан Нуртай Сабильяновты көрсетті. Оның ауызынан, желтоқсан көтерілісі дегеннің орнына: "желтоққсан оқиғасы", "желтоққсан оқиғасы","желтоққсан оқиғасы" деп беделін түсіріп айтып қоймады ғой!
1986 - жылғы болған жағдай: ОЛ - КӨТЕРІЛІС!
Нуртай Сабильянов үшін ЖЕЛТОҚСАН оқиға болса, ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ ҮШІН КӨТЕРІЛІС!!!!
Оқиға деп айтатындай төрт адамның төбелесі емес, желтоқсан көтерілісі!.. олай дейтініміз халық жастар, жұмысшылар ашық түрде мұң-мұқтажы мен талап тілектерін айта білді бірақ өздерін қорғай алмады. Әлі қазақтың рухы сынбағанын көрссетті. Қазақ қыздарын шашынан сүйреп, иттерге талатып, қақаған аязда мұздай су шашып, алде бір құралдарды сынақтан өткізіп, жала жауып намысын таптап, көлік тола өліктерді қоқысқа тастап оншалықты не жазғырған еді!? Ойласңыз кеңес одағы неден құлады екен... Осыны жасағандарға кім жауап береді? Осыларға қарап, жан-жағына көз жүгіртіп көріңізші? Көтеріліс емей немене... ЖЕЛТОҚСАН ЫЗҒАРЛЫ КӨТЕРІЛІСІ!
Пікір алынып тасталды!
Котерилис КОТЕРИЛИС Котерилис КОТЕРИЛИС Котерилис КОТЕРИЛИС Котерилис КОТЕРИЛИС Котерилис КОТЕРИЛИС Котерилис КОТЕРИЛИС Котерилис КОТЕРИЛИСКотерилис КОТЕРИЛИС Котерилис КОТЕРИЛИС Котерилис КОТЕРИЛИС Котерилис КОТЕРИЛИС
Көтеріліс!
ұлт-азаттық емесқо енді! бірақ көтеріліс, жас ҚАЗАҚтардың көтерілісі!
Әрине көтеріліс,оқиға болса дүние жүзі елеңдемес еді,әрі басқа республикалар үлгі алып,олар да көтеріліске шықпас еді.Тәуелсіздікті аңсаған көтеріліс!Н.М.М.
ләйліп бардың, тұрдың, айтарыңды айтып кетуге бір күн былай жетті,
иә менде жоғарыдағы пікірлерге қосыламын.......қандай ұят десенші..... сол 16 желтоқсан оқиғасының арқасында біз тәуелсіздікке қол жеткіздік..... соны біле тұра неге осындай қадамдар жасаймыз? қазақтың жаңа жылы негізі 22 наурыз.
Ассаләмуъалейкүм ұлты үшін жаны ауыратын қазақ бауырларым!Әрине бұл көтеріліс,бірақ қазіргі опасыз билік тұрғанда бұл сол баяғы оқиға,нашақор-алқаш-әсіресе ұлтшыл-қатыгез Қазақ жастарының оқиғасы.Бұл біздегі шовинист орыстардың да пікірі,ал біздің билік орыстардың пікірлеріне қарсы келе алмайды, өйткені орыс десе арттары ойнап, қас-қабағына қарап және көңілін бағып тұрады.КСРО-ның іргетасын шайқап,күйреуін,өлімін жақындатып берген көтеріліс бұл.Есі дұрыс ел болсақ ең құрыса анау алаңның бір шетінде жетімсіреп тұрған топастау істелінген ескерткіштің орнына жөндірегін қояр едік. Ал мына қолына торғай-шымшық ұстап тұрған сорайған әйелді көрсем ұялам, орыстардан ұялам,сонша кереметтей қылған Желтоқсанына қойған ескерткіштерінің сұрын қара деп артын ашып тұрып күлетіндей.Есі дұрыс мемлекет болса әр қудаланған Желтоқсандықтың іздеп жүріп жағдайын жасайды,арасында жетісіп-шалқып жүргендері шамалы ол қаһармандарымыздың да.Не де болса қазіргі биліктен Қазаққа қайыр жоқ, міне бірер жылда біздің ардақты президентіміз бізді Ресейдің қойнына бірақ тығайын деп тұр.Ол кезде Желтоқсандықтарды фашисттер,халық жаулары деп бірақ қатырмасына кім кепіл? Тым пессимистіктеу кетсем кешірерсіздер,бірақ орыстарша айтқанда-НАКИПЕЛО ТОВАРИЩИ!Аллаһ жар болсын Қазаққа және Желтоқсандық қаһармандарымызға! Амандықпен 16-17-сінде алаңда жүздесейік ағайын!
Мен жоғарыдағы Ассаләмүъалейкүм деп сөзін бастаған бауырларыңызбын,есімім Райымбек Жанұзақ.Менің сұрайын дегенім желтоқсанның 16-17-лерінде алаңға кімдер және қаншаларда шығады екен?Соны білсем деп едім,өйткені өткен жылы шығып ешкімді таппай орындарын сипап қалғанмын.Аман-сау болайық ағайын!
Көтеріліс. Бірақ ұлт азаттық емес, билікке қарсы көтеріліс.
Достар ойланып корiнiздершi бiз кашангы желтоксан котерiлiсiн айта беремiз "ОТКЕН IСКЕ ОКIНБЕ"деген соз бар емеспе оданда болашакка коз жугiрiткенiмiз дурыс болар
Бүгін, яғни 17 Желтоқсанда Республика алаңына шықтым, Мұтар Шаханов,тағы да басқа ұлтым деген азаматтар сөз сөйледі, артынан аруақтарға Құран бағышталды.Бірақ бәрібір бұл жиын ойдағыдай болған жоқ Менің ойымша,жетімнің күйін кешкендей,жан-жағынан қаумалаған полицейлер,сөз алғандардың дауыстары естілмейді,өйткені микрофон дегендер аты-затымен жоқ...Сумандаған орыс журналист-операторлары,әншейінде Қазақты керек қылмайтын бұлар сенсация іздеп жүрген болар,қақтығыс-чп сияқты бірдеңе бола қалар ма екен деп.Әйтеуір бір шөкім Қазақ...Анау Ресейде жыл сайын болатын, кілең ұлтшылдары ұран салатын "Русский маршын"қарасаңыз: жасынан кемпір-шалдарына дейін жүздеген,мыңдаған адам шығады. Ал біздің жасық Қазағымыз бір пәлесі тиіп кете ме деп тығылып үйінде отырады, не салып-ұрып жаңа жылға "падаркі",тамақ-тұмақ іздейді, есіл дерті сылқия бір тою. Келесі жылы Желтоқсанымызға 25 жыл, есі дұрыстай қылып тойларымыз-тойламасымызды бір Аллаһ,одан кейін Сейдуманов "көкеміз" біледі. Аман болайық ағайын!
1986-шы жылғы ЖЕЛТОҚСАН - ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІСІ!
Есімде:батыста бір аудандық мекемедегі мендей сарыауыз жас маманды басшы шақырып алып,"тыныш жүруімді" ескерткен. Демек,Қазақ Даласын шарпыған Желтоқсаншылардың қаһармандыығы сол: өктем билік жер-жерде Қазақтардың ұлтжандылығынан қорқып,қатты қысымға алған. Көтеріліс дүмпуімен 3 ғасырдай Қазақтың несібесімен ұрты майланып,көздерін шел басқан "ұлы-сымақ көршінің"атын аспандатқан империяның күлі көкке ұшты!
Ең өкініштісі: сол Желтоқсанның әділ бағасын беруге,өз-өзімізге қол жетерліктей заманда,шама келмей отыр. Неге Тәуелсіздік мерекесінде көрінгенге үлестірілетін мадақ-сыйды,ең алдымен - сол өрімдей Батыр ұл-қыздарымызға атап тұрып бермейміз? "Өз-өзіңді жаттай сыйла - жат жанынан түңілсін" демеп пе еді Бабамыз.
...Мысалы:дәл кешегі Тәуелсіздік күні Елбасы қолынан "ПАРАСАТ" орденін Ерген Дошаев деген біреу алғанда,жыладық. Себебі:Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары-ақ,сыбайлас жемқорлықпен күрестің алғы легінде,Республикалық телеарнадан Президенттің өзі "атыын атап,түсін түстеп" тұрып,қатты сын айтылған ақтөбелік шенеунік сол Е.Д. болатын. Ол сәл бұғып,кейін Ақтөбе облПолиграфиздатын,тіпті,Атыраудағы(!) сол тектес мекемені билеп шыға келген. Өзінің "көкесінің" соңынан қалмай жүріп,Астанадан тағы бір шыққан. Енді,міне,арада 10-15 жыл өтпей жатып,дәл Тәуелсіздік күні (анау-мынау емес), аса мәртебелі Елбасының қолынан(!) аса мәртебелі "ПАРАСАТ" орденін(!) тағып шыға келді Е.Д.мырза. Билікте сондайлар жүргенде, Қоғам да іріп-шіри бермек... ЖАНАШЫР
...19 жылда Елбасының көзіне "2 рет ерекше іліккен Е.Д." - ертең бір аймақты,не елді (беті әрмен) билеп шыға келсе,қайтеміз? Солай кете берсе,Желтоқсан шындығы емес,тіпті, Әділетің әдіра қалмай ма?
Желтоқсан-көтеріліс!Қазақ халқы оны ұмытпайды!
Желтоқсан оқиға.Оқиға болғанда да көтеріліске бергісіз ҰЛЫ ОҚИҒА.Желтоқсанға ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҰЛТ АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІСі статусын заңмен бекітіп белгілеу керек.Осы күнді тойлауға ешқандай жаңа жыл кесірін тигізбеуі керек.Кеудесінде қазақтың қаны бар әрбір азамат осылай ойлауы керек.ТАРАЗ ТАРЛАНЫ,
JELTOKSAN KOTERILYS!!! SUYEMIN SENY MENYN KONBEGEN QAZAGYM!
Пікір алынып тасталды!
Топ-топ жендет алаңдағы елді қамады
Жендет деймін!... жазықсыз еді сабады.
Жендеттердің қанталап екі көздері
Қарусыз елді аш қасқырдай талады.
Осы ма теңдік келген менің еліме?
Осы болса кетсін келген жеріне!
Бұл теңдікті қалай құптап қолдаймын
Түсірсе таңба сүйегім мен етіме.
Бұл деген қасірет қой жанға батар
Жаны ашымасты халқына аруақ атар!
Қазағымды малға теңеп төмендеткен
Залымдардың түбінде күні батар!
1986 Бектас
Лазат Асанованын анасына жазган хатын тауып бериндерш. Алдынала рахмет
Пікір қосу