Жәкішев өзінің оққағарын қинап оған қарсы көрсетулер беруге мәжбүрлеген деп мәлімдеп, және бас прокурордан бұған шара қабылдауды сұрап отыр | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Абұйыр, атақ сол жанда –
Кімді көп жұрт мақтаса.
Ол мақтаудан не пайда,
Көп мақтауын таппаса?

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
1996-2004 жылдар аралығында Ресейде білім алған қазақстандық 2 мың әскери қызметкердің оқуына 135,73 миллион доллар қаржы жұмсалған.

(Қаржы министрі Болат Жәмішовтың дерегі)

Айтқыш екен
Лондон олимпиадасына баратын қазақ спортшыларына жоғары жақтан: «Лондоннан алты алтын және Әблязовті алып келіңдер» деген қатаң тапсырма беріліпті.

Қазақ КВН-шыларының әзілі

Загрузка

Жәкішев өзінің оққағарын қинап оған қарсы көрсетулер беруге мәжбүрлеген деп мәлімдеп, және бас прокурордан бұған шара қабылдауды сұрап отыр

Жәрдемші


Астана. 4 наурыз. ҚазТАГ – Сотталушы «Қазатомөнеркәсіптің» бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішев өзінің бұрынғы оққағары Талғат Қастаубаевқа қатысты қинау қолданылғанын мәлімдеп және ҚР бас прокурорынан аталған факті бойынша тиісті шара қолдануын сұрайды. Бұл туралы М. Жәкішевтің №2-ші Сарыарқа аудандық сот судьясы мен бас прокурордың атына жазған шағым-арызда айтылады. Құжаттың көшірмесі бейсенбі күні ҚазТАГ-қа берілді.

«2010 жылы 3-ші наурызда сот отырысында сотталушы Т. Қыстаубаевтан жауап алында. Жауап алу кезінде ол, тергеу барысында қинағанын, ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері тарапынан аяусыздық танытқанын тіке мәлімдеді. Атап айтқанда, ол қорқыту мен күштеу арқылы маған қарсы көрсетулер беруге мәжбүрлегенін айтып берді», - делінген 2010 жылы 4-ші наурызда қол қойылған шағым-арызда.

М. Жәкішевтің мәліметтерінше, жалған куәлік беруден бас тартқаны үшін Т. Қыстаубаевты Алматы ҰҚК-нің тергеу абақтысының карцерінде, одан соң Астанадағы карцерге отырғызып, ол онда бірнеше күн «адам төзгісіз жағдайда ұсталған».

«Қыстаубаев сондай-ақ, тергеу барысында өзі тергеу-оперативті топ қызметкерлері тарапынан қорқыту мен психологиялық қысымға душар болғанын, оны қорлап, кемсітіп және тіпті өлтірмек те болғанын айтты», - деп мәлімдеді М. Жәкішев.

М. Жәкішев адаммен демократиялық құқықтық мемлекетте осылай қарым-қатынас жасауға болмайтындығына меңзеді. «Қамауға алғанды қинау мен оған күш көрсету БҰҰ конвенциясымен тиым салынған қылмыс. Мен, менің ісіме қатысты қолданылып отырған тәсіл, заңдылықтар мен адам құқықтарының  сақталу деңгейін сипаттайды деп ойлаймын», - дейді ол.

Сотталушы шағым-арызында сотқа, бас прокурорға жүгініп, «ҰҚК-нің жекелеген қызметкерлерінің осындай қылмыстық әрекеттеріне» принципті түрде баға беруін, айыпты тұлғаларды анықтап және заңмен бекітілген жауапкершілікке тартуын сұрайды.

Ол сондай –ақ халықаралық құқық қорғаушыларға жүгінеді. «Халықаралық және үкіметтік емес құқық қорғаушы ұйымдардан осы іс бойынша адам құқығының бұзылу фактілеріне немқұрайлы қарамай және аталған фактілер бойынша амалдар қолдануын сұраймын», - деп тұжырымдайды үндеудің авторы. 

Бұрын хабарланғандай, ұлттық атом компаниясының бұрынғы басшысы М. Жәкішевке сеніп тапсырған басқаның мүлкін ұйымдасқан қылмыстық топпен аса ірі мөлшерде иеленіп кету бойынша айып тағылған.

Одан басқа, М. Жәкішев бірнеше рет мердігер компаниялардың басшыларынан мемлекеттік сатып алуларда осы компанияларды жеңімпаз деп тану үшін аса ірі мөлшерде пара алған деп айыпталады.

Жәкішевтің оққағары – Талғат Қыстаубаевқа да «Қазатомөнеркәсіптің» мүлкін жымқырды, қызмет бабын асыра пайдаланды деген айып тағылып отыр.

Еске сала кетсек, М.Жәкішев 2009 жылдың 21 мамырында «Қазатомпром» президенттігі қызметінен босатылып, 24 мамырда тұтқындалды. 2009 жылдың 9 желтоқсанында М.Жәкішевтің ісі сотқа берілді.


 


Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
5 + 6 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Мамыр 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
0123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031123

Айлық статистика

<<  >>