Жазушылар одағының сайты | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Абұйыр, атақ сол жанда –
Кімді көп жұрт мақтаса.
Ол мақтаудан не пайда,
Көп мақтауын таппаса?

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
1996-2004 жылдар аралығында Ресейде білім алған қазақстандық 2 мың әскери қызметкердің оқуына 135,73 миллион доллар қаржы жұмсалған.

(Қаржы министрі Болат Жәмішовтың дерегі)

Айтқыш екен
Лондон олимпиадасына баратын қазақ спортшыларына жоғары жақтан: «Лондоннан алты алтын және Әблязовті алып келіңдер» деген қатаң тапсырма беріліпті.

Қазақ КВН-шыларының әзілі

Загрузка

Жазушылар одағының сайты

Жәрдемші


Тақырыптық номинация: Жаңалықтар, одақ мүшелерінің тізімі, «Қазақ әдебиеті» газеті, «Жұлдыз» журналы

Ресурстық тіл: қазақ

Ашылған уақыт: 2011 жылы;

Меншік иесі: Қазақстан Жазушылар одағы;

http://writers.kz/

Құрылғанына 79 жыл толған Қазақстан Жазушылар одағы - қазақ әдебиетінің қара шаңырағы. Қазақ руханияты мен мәдениетінің марқасқалары осы шаңырақтың астында ұлтқа қызмет етті. Одаққа қарайтын «Қазақ әдебиеті», «Жұлдыз» журналдары өнер мен әдебиеттің алтын қақпалы басылымдарына айналған.

Жазушылар одағы жаңа медиа кеңістігінен де өз орын алып отыр. Одақтың өткені мен бүгіні жайлы оның арнайы сайтынан біле аласыз.


 




"АҚ ЖОЛ" халықтың қамын ойлайтын партия!!!!!!!!!!! АҚ ЖОЛҒА дауыс беріңіз!!!!!!!!



Ақын-жазушылар "АҚ ЖОЛ" партиясына дауыс беріңіздер!!! себебі "АҚ ЖОЛ" зиялы қауымдар партиясы!!!



Қай партияда кімдер бар өзі? Тізімі керек. Партия үшін емес, адам үшін дауыс береміз. Шөп арасынан ине тапқандай бір-екі жақсы адам табылса.



Аскар Алтайдын жана романын жарияласаныздар



партиялардын рекламасына айналып кеткен бе



Қанат ТІЛЕУХАН

АЙТАРЫМ БАР, АТА!

28.12.2011

Ассалаумағалейкүм, ата! Денсаулығыңыз жақсы ма? Жасыңыз келіп қалған жан болған соң амандықты денсаулықтан бастағаным ғой. Әрі БАҚ беттерін сіздің денсаулығыңыз жайлы ақпараттар үнемі кезіп жүреді.

«Ата» деп хат жазып отырған – сіздің немерелеріңіз Нұрәли мен Айсұлтанның замандасы. Алайда мен қалада туып-өскенім жоқ. Шет елдерден білім алғаным жоқ. Жан жарасы әлі де жазылмаған Қызылағаш деген ауылда дүниеге келіп, ер жеттім. Жан түршіктірер Жаңаөзен оқиғасын естісімен Маңғыстауға көп қазақтың бірі болып мен де бардым. Соны аз кем сізге айтпақпын.

Бәрін жазып тәптіштеп неғылайын, қаралы жандардың зарын айтайын. Жеті ай бойы еңбек ақысын заңға сәйкес төлеуді талап етіп, алаңда тұрған Жарас Шупаевтың отбасында болдым. Отағасы 16 желтоқсан күні алаңда аяғына автоматтың оғы тиіп, ауруханада қансырап өлген екен. Қырыққа толмай ажал жастығына жантайған қайран азаматтың жары Ақмарал: «Қаспен көздің арасында айрылып қалдым. Сұрауы кімде?» деп тілінен зар төгіп отыр. Көңіл айта келген жандар қаладағы ішкі істер бөлімінде азаптаулардың жүріп жатқандарын айтады.
Жеті ай бойы еңбек ақысын заңға сәйкес төлеуді талап етіп, алаңда тұрған Жарас Шупаевтың отбасында болдым. Отағасы 16 желтоқсан күні алаңда аяғына автоматтың оғы тиіп, ауруханада қансырап өлген екен.

Қарапайым халық сіздің жаралы Жаңаөзенге келіп кеткеніңіз туралы қызыңыздың бұқаралық ақпарат құралынан хабардар болыпты. Бірі баласынан, бірі бауырынан, енді бірі ата-анасынан айрылған жаңаөзендіктер сіздің кімге және не үшін келгеніңізді түсінбей дал. Көзбен көргенім, құлақпен естігенім осы, ата...

Сіз бірде: «Болашақ жастардың қолында!» деп едіңіз. Мен қазір бұл елде еш болашақ көріп тұрғаным жоқ. Кеше отызыншы жылдары қазақты қазақ сатқан еді, ал бүгін қазақты қазақ атты. Ата заңымызға сәйкес елдегі барлық жағдайға сіз жауаптысыз. Біз жастар бұл күндері өз әкелерімізден «Кешегі қанды қырғын 1986 жылдың ызғарында қайда болдыңдар?» деген сұрақты жиі қоюшы едік. Ертең біздің балаларымыз «Жаңаөзен оқиғасында» қайда қалдың?» деген ауыр сұрақты қояды. Сол кезде біздің қатарымызда сіздің немерелеріңіз де болады. Сіз соны ұмытпаңыз, ата.

Ақсудан Алматыға мені жетелеп келген бір арман жазушы болушы еді. Сөз ұстау – алға қойылған мақсат еді. Алайда Әбіш Кекілбаев, Фариза Оңғарсынова, Сәбит Досанов, Нұрлан Оразалиндердің сөзінен кейін Бәйтерек пен «нұрлы Астананы», мына тасбауыр режимді жырлайтын қаламгер болудан айныдым. Зиялы-сымақтардан жүрегім айныды. Не жазу керектігіңді қадағалап отыратын мынадай тоталитарлық жүйеде жазарман болу ауыр екен. Мен өз талабын қоя алатын, өз ұстанымына берік, тәуменді болмауға ұмтылған мұнайшы болғым келеді. Біздің қатар-құрбымыз – сіздің де немерелеріңіз осындай мұратқа ұмтылып, Қазақстанның шын мәнінде тәуелсіз болуын тілейміз. Біздегі жалқы арман осы, ата.
Кеше отызыншы жылдары қазақты қазақ сатқан еді, ал бүгін қазақты қазақ атты.

Жер таянған жетпіс деген жастан да астыңыз. Қазақ тарихындағы ең сорақы, ең ұятсыз парламент сіздің билігіңізді ұзартып берді. Алайда, сізге берілген атақ-даңқ та, ғалымдар да, ешқандай парламент те жасыңызды ұзартып бере алмайды. Мәңгілік биліктің болмайтынын түсініңіз, ата.

Біздің үйде отырған ақсақал өзіңіздей балалық шағын соғысқа ұрлатқан. Коммунист болды, «партия қайда болса - жеңіс сонда» деп сенді. Атеист атам қазір мешітке барып, қолына құран, хадис ұстай бастады. Сізге пайғамбарымыздың хадистерінің бірін жолдап, хатыма нүкте қоймақпын.

«Сендердің әрбірің жауапкерсіңдер және жауапкершіліктеріңде болған нәрсе үшін сұраласыңдар».



Сайтқа сәттілік!



Мына жер жақсылап тазаланыпты ғой.



Нұрлан Оразалин халтурщик қой! Ол қалай Жазушылар одағын басқарып жүр? Өлеңдері өзінен бұрын өліп қалған сорлы ақын ғой!

 

Мұрағат

Мамыр 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
0123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031123

Айлық статистика

<<  >>