Жазушылар неге шала бүлінді? | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Абұйыр, атақ сол жанда –
Кімді көп жұрт мақтаса.
Ол мақтаудан не пайда,
Көп мақтауын таппаса?

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
1996-2004 жылдар аралығында Ресейде білім алған қазақстандық 2 мың әскери қызметкердің оқуына 135,73 миллион доллар қаржы жұмсалған.

(Қаржы министрі Болат Жәмішовтың дерегі)

Айтқыш екен
Лондон олимпиадасына баратын қазақ спортшыларына жоғары жақтан: «Лондоннан алты алтын және Әблязовті алып келіңдер» деген қатаң тапсырма беріліпті.

Қазақ КВН-шыларының әзілі

Загрузка

Жазушылар неге шала бүлінді?

Жәрдемші


Кеңес өкіметі кезінде ұлттың тірегі мен қалқаны болған, сан ұрпақты ұлтшылдыққа тәрбиелеген қазақ әдебиетінің бүгіні - қазіргі қазақ қаламгерлерінің келбеті қандай? Жазушылар десе, ойыңызға не оралады?  Кімнің келбеті келеді? Қазақ жазушыларынан кімдерді оқып жүрсіздер? Тәуелсіздік заманының жазушылары өздерінің ұлт алдындағы борышын орындап жүр ме? Соңғы жылдары қаламгерлер арасында сыйлық пен билікке деген құмарлық, шенқұмарлық, атаққұмарлық, бітпес дау мен талас-тартыс неліктен етек алып кетті деп ойлайсыз?

Міне, Талқы-Форумның жаңа тақырыбы - осы. Еркін пікір білдіріп, ой бөлісіңіздер, құрметті Оқырман!

"Абай-ақпарат"


 




Жазушылар одағы жағымпаздар одағына айналған. Оразалин орнынан кеткісі келмей құрметті төраға болуға ұмтылып бағуда. Нүрекеңнің Одақ үшін жақсылықтарыда бар. Оны айту керек. Құр байбалам сала бермей. Бір ақ, соңғы сөзі не, құрметті төраға Одақтың мал мүлігіне қожалық етеді деген. Өте ұят сөз ғой.



Пікір алынып тасталды!



Кеңес өкіметі кезінде ұлттың тірегі мен қалқаны болған, сан ұрпақты ұлтшылдыққа тәрбиелеген қазақ әдебиетінің бүгіні - қазіргі қазақ қаламгерлерінің келбеті қандай?
------------------------------------------------------------
Неге өтірік айтасыңдар... Қайдағы ұлттың тірегі болған? Кімді ұлтшылдыққа тәрбиелепті? Аспаннан түскен адамдай сөйлейтіндеріңе таңмын. Олар партияның тапсырмасын орындаумен ғана айналысып жүрді. Қазір де алыс кете қойған жоқ. Өйткені бізде жаңа идеяға негізделген жаңа мемлекет қалыптасқан жоқ. Баяғы большевизмнің жалғасы ғанамыз. Осындай былжырақтың қажеті қанша?

Нағашыбай Есмырзаев



Кеңес өкіметі кезінде ұлттың тірегі мен қалқаны болған, сан ұрпақты ұлтшылдыққа тәрбиелеген қазақ әдебиетінің бүгіні - қазіргі қазақ қаламгерлерінің келбеті қандай?
Бұл сөздерде ешқандай өтірік жоқ. Битке өкпелеп тонды жамандау орынсыз. Қазақты осы күнге шейін қазақ етіп келген жазушылар, демек Жазушылар Одағы да. Қазақтан қазақтың әдебиетін алып тастасаң несі қалады? Түгі де қалмайды. Ал Жазушылар Одағының және  жазушылардың бүгінгі хал-жағдайы қоғамдағы жағдайға сай, сонымен парапар, артық та емес, кем де емес. Партияның тапсырмасын ғана орындады деп жазғырасыз, қандай тапсырмасын орындапты? Алды артымызға  беталды топырақ шаша берудің қажеті жоқ. Нұрлан Оразалинді құптамаймын, бірақ ол кісі үшін бүкіл әдебиетшілер қауымын жазғыруға болмас.

ҚАБЫЛ



Пікір алынып тасталды!



құрметті ағайын төрелігін айтқан Төле би, ханның хахарын қайтарған Қазыбек,ақиқатын айтқан Әйтеке қандай ұйымның мүшесі болып еді. Саф алтын уақыт өткен сайын жарқырай береді ,сондықтан жазушылар Одағын жауып әркім өз "ҚОТЫРЫН "өзі қасысын .жүзден жүйріктер мыңнан тұлпарлар өзі шығады өмір заңы осы!



Jon eken. Mumkin, sol kezde odak toniregindegidei dau-damailar azaiatyn bolar.

www.malimetter.org



Мен мына Жазушылар Одағынан Оразалиннің қолы қойылған хаттардан әбден жалықтым. Иә, расымен ол хаттарды жазып, жолдап отыру керек те шығар. Жерлестеріміз, қандастарымыз ұмыт қалмауы үшін. Бірақ ұсақ-түйек жазуға келмейтін, тіпті реті жоқ хаттар келеді. Тағы да сол Оразалиннің қолымен.
Мысалы бір ҰОС ардагері, Халық жазушысы деген атағы бар бір атамыздың мардымсыз зейнетақысынан басқа кіріс көзі жоқ екенін айта келе, оған степендия тағайындауды сұрайды.
Қай бетімізді шымшиық? Ұят емес пе? Төрінен көрі жақын ол шалдарға степендия не керек? Сол шалдардың өздері степендия тағайындап, оқу орындарынан гранттар бөлгізіп, жастарға қамқорлық көрсетпей ме одан да? Шамалары жетеді ғой соған. Шалдарда да ұят қалмаған, осыны Оразалиннен сұрап жүрген. Оразалинде де абырой қалмаған, осындай ұят хаттарға қол қойып жүрген.
Өздеріңнен өздерің ұялмайсыңдар ма, ЖАЗУШЫЛАР-АУ?!

Халық үшін жаздық деп халықтың ақшасын сұрайды оны шығару үшін. Егер халық іздеп оқымайтын шығарма болатын болса, халық қазынасынан (бюджеттен) неге қаржы бөлінуі керек оған. Көп кітаптар макулатура. Оған кім келіспейді, кім келіседі, өздері біледі!

Ресейдегідей, шетелдегідей, батыстағыдай болса, біздің жазушылардың көбі аш жалаңаш қалар еді.

Жағымпаздар Одағына айналған ұйым өздерінің жеке мәселелерімен ғана айналысып отыр дегенге кім уәж айта алады? Бастысы ақша табу ғана бұлардікі.
Жастарға орын беріп, жастарға қамқорлық жасап жүрген бір шал жоқ. Жастардан қорқады бұлар. Оразалиннің құрметті бола алмаған соң қағаз жүзінде "құрметі" болуға жан аямай кірісіп еді, болмайтын сияқты. Болмайды да.
Недегенмен Жағымпаздар Одағы болса да, балабақша емес қой. Қартайғанда бір бала демекші кәрі-құтандардың кәрібақшасы болмаса.



Қанша даттсақта, жаңымпаздармен қатар ұлттық мәселені айтып жүрген жазушылар қарт қаламгерлердің арасынан шығып жатыр. Жалпы алғанда бұл буын әдебиеткеде еңбектері сінді. Халық сөзін айтып отыр. Әрине бәрі емес. Ғаббас Қабышұлы, Сапабек Әсіп,Мұхтар Шаханов, Мұхтар Мағауин, Темірхан Медетбек,Дулат Исабек,Жүсіпбек Қорғасбектер бар тәубә.



Қазақта ұлты неміс болсада дұрыс жазушы Г.Бельгер.Құдай берген өнерін орнына жұмсап жүр.Әділетін айтып.Қалғандарының көбі жағымпаздар.Кейбір ақын-жазушыларымыз әртүрлі секталардың мүшелері.Оларға қазақтың қажеті шамалы, секталарының күйін күйттейді.Осының бәріне жеке билік жүргізіп отырған адам кінәлі.



Қабдеш Жұмаділовты ұмыт қалдырмаңыздар. Ол кісі қашанда халық жақта, жастар жақта.



Мына жоғарыдағы тізімде Ғаббас Қабышұлы, Сапабек Әсіп, Мұхтар Мағауин, Темірхан Медетбектен басқа (оларға Герольд Бельгерді қосыңыз) оңып тұрған біреуі жоқ. Ал, Дулат туралы білгілерің келсе, "Азаттық" сайтында "Дулат Исабеков кездесуде президент Назарбаевқа не айтты?" атты сұхбатты оқыңдар http://www.azattyq.org/content/Kazakhstan_writer_dulat_isabekov_presiden...



Жазушылар Одағын жабуға құмартып жүргендер аз емес. Осыдан бірер жыл бұрын Игорь Вовнянко деген киногер творчестволық одақтарды біріктіріп, бір одақ жасайық деп біраз шу көтерген. Оны Тимур Сүлейменов бастаған дизайнерлер ме, архитекторлар ма одағы, композиторлар одағы, тағы басқа шаталар қолдаған еді. Сондағы олардың мақсаты не еді? Олардың мақсаты Жазушылар Одағы сияқты ұлт рухының биік қамалындай болып тұрған / болып келген деген дұрысырақ шығар/ ұйымды құртып жіберу болатын. Ақыры не болғанын білмеймін, әйтеуір жалғыз ғана Жазушылар одағы қарсы болғаны есімде. Қазір де кейбір әпербақандар жазушылар одағын жабу керек деп, сол идеяны қайта көтеріп отыр. Ал жазушылар Одағы жабылды делік. Одан кім не ұтады? Менің ойымша, ұтатындар көп. Біріншіден Алматы қаласының акиматы ұтады, өйткені қаланың дәл ортасында алып ғимарат босап қалады. Оны кім алады деп ойлайсыз? Бәс тігем, босаған ғимаратты "Нұр Отан" партиясы иеленеді.
Ұтылатын әдеттегідей қазақтар, қазақтың ұлттық мүддесі, әдебиеті... Сендерге керегі сол ма?

ҚАБЫЛ



Дәурен мырза талқыдағы пкірлердің барлығының алынып тасталғаны бұрыс.



ӘДЕБИЕТ ӘЛЕМI ЕЛЕСКЕ АЙНАЛДЫ МА?

Әдебиет – тереңнен басталған тарихтың аманатын арқалаушы. Тек ақиқатты арқау еткен тарихтың жақтаушысы, қостаушысы, қатқан тоңын ашып, қайқы қылыштың жүзiндей шындықты ұрпаққа жеткiзушi. Рас, посткеңестiк дәуiрдiң әдеби қауымы әдеби процестiң екшеуiнен өтiп, толықтай осы кезең әдебиетiнiң iзiн сала алмады. Ұлтымыз егемендiгiн алған соң бұғаудан босаған Прометейше жасарып бақса да, елмен бiрге ақын-жазушылардың да бiраз бойкүйез күйге түскенi анық. Кеңестiк идеологияның (қатаң цензурасы болса да) кезiнде арнайы тақырыптарға жазылатын шығармалардың үлкен сұранысқа ие болғанына дау жоқ. Үкiметтiң қолдауы бойынша том-том кiтаптар жарыққа шығып, оқырмандарына жол тартты. Ал азаттық алған елдiң жаңаша әдеби үдерiске бiрден аяқ баса алмауы нелiктен? Заман өзгерсе де, оқырман қауым сол, әдеби орта да сол емес пе едi? Ендеше мән-жайға кеңiрек тоқталайық.

Өткен ғасырдың 60-90 жылдар аралығында М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсiрепов тудырған әдеби жүйе әбден кемелiне келген, көпшiлiк қолдауын тапқан жүйе болды. Бұл жүйе – оқырманмен тiкелей кездесу, шығармаларды сарапқа салу, ақылдасу, пiкiр таластыру мен ой бөлiсу, әдеби кештердi жиi ұйымдастыру болып табылатын. Әсiресе студенттермен. Сәбит Мұқановтың "Адасқандар" романының тақырыбына орай өзiнiң сүйiктi оқырмандары хат жазып, "Мөлдiр махаббат" деген атқа лайық деген баға берiп едi. Кейiнгi ретте шыққан аталған кiтабының аты көрермендердiң сұранысына қайшы келмей, "Мөлдiр махаббат" деп аталды! "Әуезов келiп дәрiс оқитын болыпты" деген сөздердi естiгенде, Алматы қаласының әдебиетсүйер қауымының барлығы дерлiк аудиторияға жаппай жиналатын дәстүрдi де естимiз. Әйтсе де, қазiргi ұлт әдебиетiнiң тiрегiне айналған ақын-жазушыларымыздың көңiлi бiзге, студенттерге түсе ме деп алаңдап отырғанымыз. Қазiрде оқу орындарда жаңа кiтаптың тұсау кесерiнде немесе конференцияларында ара-тұра бой көрсетiп қалатын ақын-жазушылардың бiз үшiн аңыз кейiпкерлерiне ұқсап кеткенi де шын. Кезiнде I. Есенберлиннiң кiм екенiн бiлмеген бiр мектеп оқушысы "Ол кiсi тiрi ме?" деп сұрағанындай, ендi мектептi қойып, жоғарғы оқу орындарындағы студенттер жазушылардың қайсысы өмiрден өткен, ал қайсысы тiрi екенiн бiлмеуiнде бiр гәп болуға керек. Бiлмеуiнiң жарты кiнәсi сауатсыз студенттiң еншiсiнде болса, жартысы осы ақын-жазушылардың өзiнде екендiгiнде дау жоқ. Түлек құстың iзiндей бiр-екi кiтап шығарып қана қанағат ететiндер туралы жыр басқа әңгiменiң дауы. "Мағұрыптағы машырықтағыға бұйырады" деген осы болды-ау!"
Әрине, бұл "сүзгiмiзден" тысқары, жазушы атағына лайықты, орта болсын, мейлi жаңа буын өкiлi болсын, кiтаптарын iздеп жүрiп оқитын қаламгерлерiмiз де баршылық.
Ең басты мақсат, ақын-жазушыларымыздың студент қауымымен көбiрек кездесу өткiзiп, көкейiнде жүрген тақырыптарға лекция оқыса, менiңше, ешқандай оқу орны қарсы болмайды. Қазақтың прозашылары кейде ешқандай қоғаммен, ұйыммен қатысы жоқ, шығармашылығы жеке басына ғана қатысты мәселе болып, тың деректердi өзiнше тауып, жаңаша жазуды iздеп, партизандық өмiрге ауысқан сыңайлы. Кiм қандай жаңалық ашса, соның сойылын соғатын әдеттi оқырмандарымыз да тауып алғаны шындық.
Мұғдарында, ұлт әдебиетiнiң тiрегi болып отырған аға жазушыларымыз бiздiң әлдеқандай сансыраған, бейдауа күйiмiздi бiлмейтiн болып шықты ма деген күмәнiз бар. Осыдан туып отырған бұл жай көпшiлiктiң алдында талқылануы керек шығар деп ойлаймын. Исраил Сапарбай, Қуандық Түменбай, Болат Үсенбаев ағаларымыздың пiкiрiне кезек берейiк...

Пiкiрлер:
Исраил Сапарбай, ақын, драматург:
Ол әркiмнiң өз шаруасы деп ойлаймын. Әркiмнiң өзiндiк ұстанымы. Маған капиталистiк бола ма немесе партизандық жүйе бола ма, бәрiбiр. Қоғам ұнамаса даттаймын, ұнаса жақтаймын. Ақын-жазушылардың өздерi кiтап жазып, оны өз қалтасының шығынына шығарып, оны өзi сататындай жүйеге бiз үйрене алмаймыз. Кеңес өкiметi кезiнде кiтаптар ең аз дегенде 10 мың данамен шығатын. Қазiр ше? Мысалы, менiң үйiмде 500-1000-нан кiтаптарым бар. Оларды мен сатпаймын, сыйлаймын. Егер бiреудiң тойы немесе мереке болып жатса шапан жабудың орнына соны беремiн. Себебi, мен үшiн кiтабым ең қымбат дүние. Қазiр сатамын десең де алушылар жоқ, ешкiм кiтап оқымайды. Ондай "капиталистiк" жүйеге бiздiң дiлiмiз, психологиямыз жат.

Болат Үсенбаев, ақын:
Жалпы бiз капиталистiк жүйеге көштiк. Амалсыз ба, әлде қасақана ма, әркiмнiң өз ойы. Қаламгер болашаққа үмiтпен қарайды. Олар өз шығармаларымен ұлттың болашаққа деген үмiтiн оятады, алға жетелейдi. Капиталистiк дүниеге көшкенiмiзбен, капиталистiк коғамның қыр-сырын меңгере алмай келе жатырмыз. Кiтап саудасы атымен жоқ. Ондай қоғамның өзi сауда, ал бiз оған икем емеспiз. Жастар болмаса бiздiң жастағылар оған үйрене алмайды да. Сондықтан, осындай жағдайда мемлекет көмекке келуi керек. Жазушыға қамқорлық жасау, әдебиеттi насихаттау керек. Мысалы көтерiлiстiң алғашқы жылдарында жаппай сауат ашу, кiтап шығару мемлекеттiң ойында болды. Елдi жаппай оқытты. Соның нәтижесiнде бiз бүгiнгi дәрежеге жеттiк. Әдебиет деген идеология, оны қоғамнан бөлуге болмайды. Миллионер жазушы көргенiм жоқ, болмайтын да шығар. Кiтап шығару мәселесiне келетiн болсақ, әдебиет деген – дерт. Бойында таланты бар адам жазбай тұра алмайды. Оның кiтап болып шығу-шықпауы екiншi мәселе. Ал жаппай кiтап жазғыштар, соңғы кездегi кiтапсымақтарды ағайындарына, туыс-туғандарына "мен де кiтап жазамын, кiтабым бар" деген қазақы мақтану үшiн ғана шығарып жүр. Олардың көпшiлiгiн, белгiлi я белгiсiз журналистер мен қаламгерлер тиын табу үшiн жазып бередi. Оны әдебиет деп санау ұят! Қазiр әдеби сын тоқырап тұр, жақсы шығармалардың жүйелi насихаты жоқ. "Қазақ әдебиетi" газетiнде әдеби сынды күшейтетiн кезең жеттi. Көркемдiк дегеннiң не екенiн, нағыз қаламгер мен халтурщиктiң ара-жiгiн ашып, көрсетiп отырса, оқырманның эстетикалық талғамы өсер едi. Ал нашар кiтаптардың шығуы баспаларда маман редакторлардың жоқтығынан. Ненi шимайласа, соны шығара бередi. Бұл әдебиетiмiздi құлдыратады.

Қуандық ТҮМЕНБАЙ, жазушы:
"Партизандар секiлдi,
Сiңiп кеткен орманға,
Таптырмайды тамаша ой,
Табам деп мен арманда" деген Қадыр Мырза-Әлiнiң өлеңi санамызда сақталып қалған. 85 жастағы Юрий Бондаревтiң: "Жазушылар ортасы – тең орта емес. Қызғанышты орта. Мейiрiмсiз орта" дегенi бар. Күннiң шуағы секiлдi мейiрiмдi аңсап жүрген де жөн сияқты. Нағыз жазушының қаламы қолында, қара қазаны – әдеби қор. Әдеби қор iстесе жазушының өңi кiрiп қалар едi. Сол қара қазанның астына от тұтатуды ойлауымыз керек.
"Кiтабымды сатып бер" деп ешкiмге айта алмаймын. "Жаманға жүзiң салма сағың сынар" дейдi. Жақсылыққа жақсылық жасау әркiмнiң қолынан келе бермейдi. "Момыннан асқан жаман жоқ" деп, момын күйiмiзде қолдан келгенше ақ қағаз бен қаламнан әрi кетпесек, агрономдықты тастап, Алматыға келгендегi арманымыз орындалды деп есептеймiз. Алматыда қолынан iс келетiндер көп болмаса да бар. Мысалы, iзiмiздi басып келе жатқан Қонысбек Ботбай "партизан" бола жүрiп, прозаға тұщымды нәрселер бере алады деп ойлаймын. Басқалар игере алмаған заман технологиясын ол игерген, ендi жапандағы жалғыз үй боп, Құдайдың бойға бергенiн қағазға түсiрiп кетуге талаптанып келедi.
Мемлекет есебiнен "Үркер" деген әдеби журнал шығарамын. Жазылуға, сатып алуға жастардың ынтасы зор, бiрақ ақшалары жоқ. Жоғары оқу орнының бiр проректоры: "Мен жастарға жазыл деп айта алмаймын, ол пәленбай бап бойынша қылмыс боп есептеледi" – дейдi. Қоғам тек қылмыстан тұратын секiлдi, бұрын әдебиет пен өнерден тұрушы едi.
Партизандар шабуылды тұтқиылдан бастайды. Тұтқиылдан сәттi шығармалар тууы мүмкiн. Қазiр "Мен жазып жатырмын емес, жазғанымды қалай шығарам" әуенi қалықтап жүр. Бiрақ, қарап отырсаң, шығарушылар да аз емес. Куәлiгi бар санаттағы жазушылардың саны одан да көп. Бiрақ, оқитын кiтап одан да аз. Әдеби қор деген қара қазан қайнаса бәрi бiртiндеп жолға қойылады. Қара қазанның жылуына шын қалам ұстағандар ғана жылына алады. Кезектен көз сүрiнедi. Көбi бейтаныс. Көзтаныстар некен-саяқ. Ол "партизан" боп қара орманында қалам тербеп отыр. Бала күнiмiзде партизан боп "немiстерге" шабуыл жасап ойнаушы едiк.
"Ойыннан от шығады" деген осы.

Ардақ ҚҰЛТА



Пікір алынып тасталды!



Жүсіпбек рушыл емес, ұлтшыл. Жазушыны рушыл деген адамның өзі сол рулық деңгейде ме деп қалдым. Қазақтың талантты қаламгері. Ғажап прозасын оқы. Қазақ әдебиеті, Жас Алаш газеттерінде басшы болған қос басылымдыда өтке жақсы оқылды. Кейбір қаламдастарындай бұлттардың арасында жүрген жоқ. Қоғамнан тыс қалмайтын абзал жан.



Дұрыс,қазақтар,біріңді бірің реңдер,үріңдер,құмарларыңды тарқатыңдар,ит талағандай,қан жалағандай болыңдар,басқа сендердің қолдарыңнан не келеді.Тасада тұрып тас атуға шеберсіңдер,қайтіп ел боласыңдар?



маскара!



Пікір алынып тасталды!



Пікір алынып тасталды!



Пікір алынып тасталды!



Пікір алынып тасталды!



Пікір алынып тасталды!



Пікір алынып тасталды!



Қазағым,қайтып оңасың,
Түкке тұрмас таласың.
Қай-қайдағыны қопсытып,
Кері кетіп барасың.
Өршіп кетті жала-сын,
Жақсының жыртып жағасын
Қайтып абырой аласың.
Қорғайық қазақ баласын,
Қолдайық қазақ баласын!
Сонда ғана ,бауырым,
Көркейеді Алашым! Қызылжардың қазағы.



Кез келген адамның бойында жақсы қасиеттермен бірге кемшіліктері де болады.Жаратылыс солай.Біреуді сынап-мінеудің алдында, бір мезгіл өзімізге де қарайықшы,пенделіктен адамыз ба,сүттен ақ,судан тазамыз ба?!Құр көпіргеннен не пайда?!Жазушылар одағының жұмысына қатысты ойларың болса,ашық айт,дәлелде,айтыс-тартыс,мүмкін жеңерсің,мүмкін жеңілерсің,әйтеуір арың таза боларына күмәнім жоқ.Ал мынадай тірлік-барып тұрған күпірлік. Қызылжардың қазағы.



нұрлардан азап шеккен қазағым ай



ардақ құлтай деген кім өзі?сылдыр сөзді суша сапырады. не айтары белгісіз.қуыс кеуде,далбаса біреу сияқты.



Құрметті, абай.кейсезттіктер! егер менің жеке басыма тиіскен сөзді алып тастамай, менің оған берген жауабымды алып тастай беретін болсаңыз, МЕН бұл сайтқа ешқашан да кірмеуге ант етем!



жазушылар туралы ондай сөз айту үшін, одан асқан білімің болуға керек!



Бұған таңқалатын түк те жоқ. Жазушылардың өмір бойы көргені, істеп келе жатқандары осы тірлік. Алдыңғы аға буынннан қалған мұра!. айтысып-тартысу, жақ-жақ, жік-жік, щина, мина болып тоз-тоз болу сүйекке сіңген дағдылары. Білімнің керегі жоқ, фактілерді қараңыз. Ескі газет-журнал беттерін оқысаңыз түрлі-түрлі айтыс-тартысты көресіз. Жазушыларымыз әдеби, ғылыми, қоғамдық-саяси маңызы бар мәселелер туралы емес, Абай айтпақшы "бас-басына би болған өңшең қиқым, Мінекей бұзған жоқ па елдің сиқын" дегенді көрсетіп тұр. Тек жастар бұдан үлгі алмай, бұдан да маңыздырақ , бұдан да тұздырақ нәрселерді айтып, талдағаны дұрыс. Бұл әдеттен аулақ болғаны жөн. Бос нәрсеге айтысып-тартысу кешегі совет заманының бұлбұлдарының жаман әдеті. солармен бірге кетсін.



Пендегершілік.Талассыз ақиқат тумайды. Таласа беріңіздер.Төбелеспесеңіздер болды.ТАРАЗ ТАРЛАНЫ.



Пікір алынып тасталды!



өлә, Дияр сен неге казахша жазбайсын? арланасын ба қазақша жазуға мамбет екен деп калар деп?????



Қазақ жеринде турып бирин бири жамандаган маскара ғой! Барлық адам ақыл айтуға өтирик әнгіме айтуға шебер ал өздеринің қолдарынан дым келмейді. Керим болсандар өздериң жазып көриңдерш. 5саусак бирдей емес копке топырак шашпандар. Әр адам істеген істеріне уақыты келгенде өзі жауап береди. Бұрынғы жазушылардын айтқан сөзи де одан кейінгі тұяқтын сөзи де маңги сақталады. Оны ешким өзгерте алмайды. Сондықтан ОТАНДАСТАР бир биримизда жамандағаннан еш пайда жоқ!



Қонысбек Ботбайды жазушы десеңдер жетіскен екенсіңдер. Ұлт әдебиетінің қадырын кетіріп жүрген ондай адамды әдебиеттен аластау керек.

Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
3 + 8 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Мамыр 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
0123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031123

Айлық статистика

<<  >>