Жаңаөзен: жұрт тағы да алаңға шығатын көрінеді | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Абұйыр, атақ сол жанда –
Кімді көп жұрт мақтаса.
Ол мақтаудан не пайда,
Көп мақтауын таппаса?

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
1996-2004 жылдар аралығында Ресейде білім алған қазақстандық 2 мың әскери қызметкердің оқуына 135,73 миллион доллар қаржы жұмсалған.

(Қаржы министрі Болат Жәмішовтың дерегі)

Айтқыш екен
Лондон олимпиадасына баратын қазақ спортшыларына жоғары жақтан: «Лондоннан алты алтын және Әблязовті алып келіңдер» деген қатаң тапсырма беріліпті.

Қазақ КВН-шыларының әзілі

Загрузка

Жаңаөзен: жұрт тағы да алаңға шығатын көрінеді

Жәрдемші


Әлеуметтік желілер бойында (м.агент, эл.пошта,т.б) «Жаңаөзен қаласының тұрғындары ақпанның 23-25 аралығында тағы да ереуілге шығады» деген ақпарат тарауда.  «Жел соқпаса, шөптің басы қимылдамайды» дейді қазақ, тегінде бұндай сөз бекерден-бекер шықпаса керек. Ел ішін дүрліктіруді көздеген әлдебір әумесердің ойлап тапқаны болса да біздің кәсіби міндетіміз - мәселенің мән-жайына жету, жұртқа жан-жақты мәлімет беру. Осы мақсатта Маңғыстау облысы әкімшілігіне  қоңырау шалдық. Әуелі әкімшіліктің ішкі саясат басқармасының әлдебір қызметкері бастықтарының  (облыстық ішкі саясат баскармасының телі, бастығы Айтуаров Жармағамбет Қайырмағамбетұлы)Астанаға жүріп кеткенін, қоңырау шалып тұрған мәселенің мән-жайын бастықтың орынбасарынан білуімізді өтінді. Орынбасарға сауалымызды түсіндіре  бастап едік, «Бастыққа барып келейін, жарты сағаттан соң хабарласыңызшы» деп кеткен, содан қайтып «оралмады». Телефонды безілдетіп-безілдетіп біз де қойдық.  
Қандай да бір ақпарат алсақ деген ниетпен Жаңаөзен қаласының әкімі Серікбай Тұрымовтың ұялы телефонына да хабарластық. Тұтқаны көтермеді.
Жаңаөзенде болуы ықтимал митингке бұл жолы тек қыз-келіншектер, ақ жаулықты аналар ғана баратын көрінеді. Ер азаматтар қара көрсетіп, жиын жасай қалса, оларды қарулы полиция айдап апарып қамап тастайды екен. Митингке келетін әйелдер 16  желтоқсан күнгі оқиға барысында әлеуметтік теңдік талап еткен ереуілшілердің текке айыпталып, жазықсыз істі болып жатқандарын айтып шағынбақшы. Ресми Астанаға ашынған аналар өз үндерін  осылай жеткізбекші.  Редакциямызға келіп түскен  Жаңаөзен жайындағы  хабарды әріптестерімізден де сұрап көрдік. Олар да құлағдар екен. Мысалы, «Дат» жобасының жетекшісі Ермұрат Бапи бастаған журналистер және Жаңаөзен оқиғасына байланысты құрылған Тәуелсіз Қоғамдық комиссияның бірқатар мүшелері  Алматыдан Жаңаөзенге қосын артпақ.  Комиссия мүшелері Өзендегі елмен кездесіп, жұрттың қанды оқиға кезінде көрген, білген, бастан кешке жайттарын қағазға түсіріп, комиссияның Жаңаөзен оқиғасына қатысты құжатына тіркемек.
Жаңаөзенге қарулы күштердің бір легі таяу күндері жетіп те үлгеріпті. Демек, ел аузындағы сөз жаңсақ емес.
Жаңаөзен мұнайшылардың полициямен қақтығысынан кейін жабық жағдайдағы қала болды. Бірақ, Елбасының пәрмен етуімен Мәжіліс сайлауына қатысып, дауыс беріп, тұрғындар азаматтық еріктерін білдірді. Сонымен «қаһарлы» қаланың тірлігі қалыпқа түскен сияқты көрінген. Бірақ, Бас прокурор А. Дауылбаевтың  мәлімдемесінен кейін оқиғаға тікелей қатысы бар деген бірнеше күдікті ұсталған соң  Жаңаөзеннің «жаңа жыры» басталды. Abai.kz ақпараттық порталы да Жаңаөзеннің «жаңа жыры» туралы бірнеше рет жазды: қысқасы жұрт Бас прокуратураның шешіміне қарсы, еруілге шыққанымен жазығы жоқ жандардың сотталуына наразы.
Жыр демекші,  Жаңаөзен туралы ақындар қатты толғануда. Жаңаөзенге арналған жырлардың өзі бір кітап болып қалғанға ұқсайды. Жаңаөзен жырының жаңа түрі енді  қазіргі заманнның ақпараттық мүмкіндігімен әрленіп, тың тыныс ашуда. Соның бір нұсқасы біз төменде жариялап отырған өлең болса керек. Авторы  әзірше белгісіз болып тұрған ақынның жырын оқырман назарына ұсына отырып мынаны қадап айтамыз: Жаңаөзен - бүтін қазақ даласының бөлінбес, бөлшектенбес  киелі мекені, ыстық жұрты. Жаңаөзеннің қайғысы - жалпақ қазақтың қайғысы. Жаңаөзендегі оқиғаға қабырғасы қайысып, жүрегі қан жыламаған қазақ кем. Сондықтан, өлеңнің ащылау кеткен тұсына ойлы оқырман парасатпен қарап, байлам жасайды деген ниеттеміз.  Ал, Жаңаөзенде тағы да алаңға жұрт жинала ма, жоқ па, жиын қортындысы қалай болады, оған жергілікті әкімшілік рұқсат ете ме? - деген сауалдардың  нақты жауабын қайткенде анықтауға уәде етеміз.
«Абай-ақпарат»

ОЗЕН АЗА by omirzhan


 




http://www.youtube.com/watch?v=n9LxJdk3fQ0&feature=youtu.be&a

САБЫР, ХАЛҚЫМ!

1)Сабыр, халқым, емен жарқын,
Сарыныма сал құлақ.
Немді аяймын сенен, халқым,
Жүрек қақты, жан жылап.

Жар астында жау көп екен,
Елдің шеті дүрлікті.
Керек емес дау көп екен,
Ұмыттырған бірлікті.

Қайырмасы

«Азат болсақ, шіркін-ай!» - деп,
Армандаған ел қайда?
Аш па, тоқ па? Бір Құдай деп,
Арды ойлаған ер қайда?

Дүние, малға дауласпауға,
Қолды берген мәрт қайда?
«Бодандықтан босап шықсақ
Болды» - деген серт қайда?

2)Үстірт бойын үсік шалса,
Алтай, Арқа дем берер.
Ерке Есіл, сұлу Сырдың
Пейілімен емделер.

Қазаққа дос – қазақ ғана,
Итерсе де далаға.
Өз-өзіңді азаптама,
От жақса да араңа.

Қайырмасы
Өз қолыңмен жасап шыққан
Бостандықтың сарайын.
Өз қолыңмен бұзасың ба
Көзің қиып, ағайын?

Маң далада маң-маң басқан,
Маңғаз едің, нар қазақ.
Өкпе-назға алданбастан,
Өзім деп біл, әр қазақ

Проигрштағы сөз кетеді.
Керек бізге сәл дамылдау,
Ашу – дұшпан, ақыл – дос.
Байқамасаң жан-жағың жау,
Тізгін – қысқа, тақым – бос.

Жемқор да бар, қорқау да бар,
Ел арасын ақтарса.
Алаяқтар арқандалар,
Тыныштығың сақталса.

Ата дұшпан байлап, шалып,
Әдеті ғой тор құру.
Аз қазақты айдап салып,
Азаматын қор қылу.

3)Өз қолыңды өзің кеспей,
Сабырыңды саяла!
Бір-біріңді жәбірлеспей,
Атқан таңды аяла!

Ұмытылмақ бүгін неге,
Тоқыраулар әлі есте.
Бұдан жаман күніңде де,
Тойға бардың емес пе?
Қайырмасы

Кешірімшіл ғұмыр кешкен,
Бабам біліп пайдасын.
Атасының құнын кешкен,
Дана қазақ, қайдасың?

«Азат болсақ, шіркін-ай!» - деп,
Армандаған ел қайда?
Аш па, тоқ па? Бір Құдай деп,
Арды ойлаған ер қайда?



Өлең өте жақсы жазылған екен! Астарлы екен...



Билікте отырғандар мынадай өлеңдерді оқымайтын да тыңдамайтын да сияқты.....,себебі бәрі орыс тілді қазақтар.Қазақтың қазаққа жаны ашымайды,себебі қазақ екіге бөлінген орыс тілді және қазақ тілді деп.Орыс тілді қазақтар Ресейді ұнатады.Өзеннің жағдайын Астана түсінеді дегенге сенбеймін.Ойлан, билік!Оян, билік!Қазір бәр мәселе биліктегілерге байланысты.Мына өлең жанымжы ауыртты.Жаңаөзен сөзім жоқ бұл ұмытылмайды тарихта бір ақтаңдақ болып қалады ғой.Ресейде өзгеріс болып жатыр оның демократиясы да бізге келеді.Сол кезде не болады?Бір құдай біледі,,,



Астанадағы Адайлар неге Астанадан қолдау көрсетпейміз? Мүмкін сонда билікке дауысымыз жетер?



Сарсен Кадыр деген Маңғыстауда тұратын ақынның өлеңі деп естігем бұл өлеңді...



Кім екен жазған? Светқали, Сабыр, Рахат, Әнуар - осылардың бірі емеспекен? Не де болса мықты жазған екен.



Қалай жүктеп алуға болады?



Бұл өлеңнің сөзін поштамен Ақордаға жіберу керек екен.



Керемет екен, Ютубқа сала аласыңдар ма Өміржан???



Бұл өлең Астана әкімдігінің құрметті тапсырмасымен жазылған. Бағасы 25 000 теңге. Тағы жазамын деушілер осында дерегін қалдырсын да, бізге жөнелтсін. мекен-жайымыз Маркс көшесі мен Ленин көшесінің қиылысы, 13 бөлме. К.Г.Б



Ән Бекболат Тілеухандікі, сөзі Мұхамеджан Тазабековтікі. Ибрагим Ескендір деген жігіт орындайды



Астанадағы адайлар адай емес жәй әшейін жүрген "апайлар"



Мұхамеджан мен Бекболат кашаннан бері құдай деп қалған? Аллах деуші еді.



"Жаңаөзен: жұрт тағы да алаңға шығатын көрінеді". Бұл неғылған тақырып, 25 ақпанда барлық Қазақстан қалалары минингіге шығатынын сонда "Абай.кз"-дағылар білмей ме. Барлық Қазақстан қалалары соңғы рет 25 ақпанда шыққан митнингіге. Ол митингілердің ұйымдастырушылары сотқа жауапкершілікке тартылды . Содан, тура бір айдан кейін алаңға тағы жиналатын болып тарасты. Кеше ғана сол сотқа тартылғандардың бірі М.Шаханов, теледидардан сөйлеп: "25 ақпанда тағы барамын" - деді. Бұл бастама бойынша, Жаңаөзен оқиғаларына наразылық және мұнайшыларды әлі күнге дейін жалғастырып қуғын-сүргінге салуды тоқтату, түрмедегі жазықсыз қамалғандарды босату, түрме азаптауларын тоқтату, қаза болғандар мен хабарсыз кеткендердің санын анықтау ("жоғалып кеткендерді" қосса, қаза болған халықтың саны 101 адам деп көрсетіліп жүр, ресми емес, жергілікті халықтан түскен мәліметтер бойынша) т.б. талаптар қою арқылы Минтигіні Қазақстанның барлық қалаларында ай сайын өткізіп отыру жоспарланған.

Мысалы, 25 ақпаннан кейінгі келесі бүкілқазақстандық митинг 25 неаурызда өтеді. Сөйтіп жыл бойына жалғаса береді. Бұны жұртшылықтың бәрі біледі емес пе. Ендеше "Жаңаөзендіктер" деп тағы да жалғыз қаланы көзге шұқып, отқа итере берудің не керегі бар. Рас, Жаңаөзенде 25-ақпанда тек қана аналар мен келіншектер, апа-қарындастар пен қыздар ғана шығады алаңға. Сіздің қалаңыз да шығады. 25-қаңтардағы жаппай халықтық наразылық сияқты ғой бұл тағы да, яғни сол сияқты болып, Қазақстанның 25 қаласында қатар өтеді тағы да митинг.

Кішкене халыққа үлкен намыс қажет



Билік тағы өз адамдарын жіберіп, бірдеңені бүлдіріп, арандатады-ау деп қорқамын. Өйткені мұндай екіжүзділікке олардың еті үйренген. ҰҚК қызметкерлерін пайдаланып, өздеріне қарсыларды атып тастау немесе "өзіне-өзі үш рет оқ атқызу", лаңкес, маскүнем, бұзақы қылу сияқты адам миына симайтын нәрселерді оқу-білімі жоқ топас ОМОН, тек қара күш пен автоамтқа сенетін мисыз билік қолшоқпарлары жүзеге асыруы әбден мүмкін.



Қалай жүктеп алуға болады?
--------------------------------------------
"Интернеттен" RealPlayer деген бағдарламаны көшіріп алып, компыңызға орнатыңыз. Содан соң аудио және видеофайлдардың көпшілігін жүктеуге толық мүмкіндік туады.



"Барлық Қазақстан қалалары соңғы рет 25 ақпанда шыққан митнингіге" деп жазыппын, кешірім өтінемін. Барлық Қазақстан қалаларының наразылық митингісі 25-қаңтарда өткен және осылайша Қазақстанның 25 қаласында ай сайын осындай митинг өтіп отырады. Бұл - кезекті митинг. 15-ші қонақ, оны Маңғыстаулық аналар білмей отыр дейсіз бе, барлық халық біліп отыр оны, бірақ енді бәрібір аянатын ештеңе де қалған жоқ қой. Бұл рұқсаты берілмесе де, өткізілуі туралы барлық Билік орындарына (25 қаланың әкімиятына) хабардар етілген бейбіт митингі ғой. Желтоқсанда оққа ұшқан, жоғалып кеткен, жараланған және қамалған - бәрін қосқанда Қазақтың мыңдаған ұл-қыздарынан Сіз бен біздің қай жеріміз артық.

Кішкене халыққа үлкен намыс қажет



билік енді арандата алмайды, халық та, менттер де естерін жинады. Бір бірне қарсы шыға қоймайды. Қарсы шықты деген сөз азамат соғысы деген сөз.санаулы қырттар үшін бір біріне оқ жұмсайтын топас халық жоқ! Ауған соғысының ардагері.Алмас



Бекболат бөрінің бөлтірігі ғой Ибрагим деген. Әй, жарайсың Бекболат аға, тағы да көкбөрілігіңді танытып кеттің ау ! Сіз сияқты рухани бай адамнан ғана осындай дүниелер туады !!! Сөзі де, әні де жойқын екен !!!!!!!!



Пікір алынып тасталды!



... көрсеттің-ау тексіздікті,
Сенен басқа жан болмас бетсіз тіпті,
Мұның не, қырып салдың қазақ елін,
Қолында қу таяқ жоқ ана көпті?..

Ұрлықпен мұнай сатып байығаның,
Емес пе еді еңбегі сол Адайдың?
Қырғызып салып енді мұнайшыны,
Қалайша жер баспақсың, болып жайың?..

Қарап көрші жендеттерің барады,
Аң атқандай шеттен атып адамды,
Бұйрық Сенен, басқа емес ойласам,
Сен жендетсің қазір таңда жалалы...

Сен қанқорсың, дүниеге мастанған,
Арылмақ боп Жаңаөзендік жастардан,
Оқ шығарттың, аямауды бұйырдың,
Қорықсын деп, лаззат алдың қашқаннан...

Олар оқтан қашқан жоқты бүғынып,
Сенен қашты әділдіктің тұнығын,
Шайқалтқаннан, жауыздықтан безді де
Әділдігі бар адамдар соның бәрі ұғынып...

Мен де қашам, ол да қашар зәлімнен,
Арамдықты ойлайтыннан, әріден,
Кімге сонда жалғыз қалып болмақсың,
Халқың кетіп, айырылсаң бәрінен?..

Ауелхан Косай



Из моего окна видна
Та чёрно-белая страна,
Которой не видны края —
Больная Родина моя.

Страна доверчивых детей,
Страна винтовок и плетей,
Страна веселья сквозь тоску,
Страна имён длиной в строку,

Страна просторов и степей
Страна раздоров и цепей,
Страна шизоидных идей
И полуграмотных вождей,

Страна безумных виражей,
Страна бредовых миражей,
Страна неисчислимых бед,
Страна проигранных побед,

Страна фальшивых перемен,
Страна обманов и измен,
Страна, где говорит кастет
И спят художник и поэт,

Страна беспочвенных надежд,
Страна пророков и невежд,
Страна утраченной мечты
И беспросветной нищеты,

Страна бессильного труда,
Где жизнь дешевле, чем руда,
Страна рабов и бунтарей,
Страна восстаний и царей,,

Страна загубленных Левшей,
Страна святых и торгашей,
Страна, где правят вор и плут,
Страна героев и иуд,

Страна всеслышащих ушей,
Страна всесильных легашей,
Страна с заплёванной душой,
Страна, где слон осёдлан вшой,

Страна изуверских расправ,
Где кто подлее, тот и прав,
Где суд вершат холуй и льстец,
Страна разорванных сердец,

Страна, где некуда идти,
Где перекрыты все пути,
Где ворон слаще соловья —
Всё это Родина моя.



Я родом с Мангыстау, Актау
Где седой Каспий спит у скал
Что возвышаются в степи
и помнят правду лишь они
Когда храбрейший мой народ
не тушевал и шел вперед
Врагов своих он побеждал
и славу нашу воспевал!
Теперь, что вижу я опять
восстал народ, не смог смолчать
Против обмана, воровства
Что сеют мерзкие верха
Пошла стрельба, нас в тюрьмах бьют
Глядишь и вовсе всех убьют
Но не отступим никогда
Не отступали никогда
Лишь скорбно видеть наш отан
Ведь предает нас Казахстан
Другие области молчат
Как будто нету нас, вот так
Как будто трус теперь казах
Ему бы тихо отбежать
В сторонку и стоять и ждать
Когда за ним придут, убрать!
И если это правда есть
То не сочту опять за честь
Себя казахом называть
Уж лучше стоя умирать!
А может это мы во мраке
Последние в степи КАЗАХИ!

автор: Ерсая



Пікір алынып тасталды!



3 қонақ орыс тілді қазақтар Ресейді жақсы көргенмен Ресей оларды жақсы көре ме екен. Мәселе осында болып тұр ғой. Олар адасқандар.Орыс тілділер де, қазақ тілділер де орыстардан үйренсін өз тілдерін, өз жерін, өз халқын сыйлауды, сонда ғана қазақ халқы ұлы халық болады. Ерсін Өзтүрік.



АУЫТ АҒА АЛЛА ТАҒАЛА РАЗЫ БОЛСЫН!



Не утихают страсти и в коридорах ГУВД Жанаозеня. На днях не выдержали нервы у пожилой матери одного из заключенных. После спора с полицейским она в сердцах кричала: «Стреляйте! Мне все равно скоро умирать...»



Митингіге бармаймын. Халықтың өз ішіндегі наразылық дерті әбден пісіп-жетілмейінше, бұл зорлықтан ештеңе шықпайды. Оның үстіне Алматыдағы соғымын сойып алған тоқ халық базар сағалаған, тәксимен нәпақы тапқан, құрылыста қайысып жүрген, жұмыссыз Сейфуллин көшесінде тұрған, вокзалдарда жүк тасыған қазақтың қасіретін білмейді. Үлкен мегаполистегі қазақтар әбден семіріп алған. Оларға кедейдің уайымы түсініксіз. Ендеше, мен митингіден не іздеймін, айтыңыздаршы?!



***
Қиылардай құрбан боп әр сөзіне жаныңыз,
Қанша құлдық ұрсаң да, Құдай емес – ханыңыз!
Ол қалмайды жырылып бұл өмірдің бағында,
Бақи бетке ауысып жөнелгенде бәріміз.

Бұқарасы болдырса болашағын ұрлатып,
Бәлду-бәлду ол тұрар мінберінен тіл қатып...
Бірақ, күні санаулы, оза алмайды жазмыштан,
Шіркін-дәурен тез өтер дігіршігін зырлатып!

Бақты білмей бастағы тақты сүйген табынып,
Байлық, билік буымен құйқылжыған қағынып,
Қай қылығын айтарсың шайтанмен дос пенденің?!
Адасқанын бір білер ақырында аңырып.

Хан адасса, халықтың алыстайды арманы,
Таудай жаншыр тірліктің тауқыметті салмағы.
Ел ырысын жегеннен құлқын-ындын тола ма?..
Перғауынның мүлкінен – Пирамида қалғаны.

Өзімізді-өзіміз өтірікпен алдадық,
Көз қиығын кешегі өткен күнге салмадық.
Кесенеде Лениннің мүрдесі бар, тірі емес...
Табынудан сонда да бой тартпадық арланып!

Асып туған алаштан ер екен деп кемеңгер,
Жөніміз жоқ алдында тізе бүгіп, төмендер.
Желтоқсанда... көрдің ғой, жазықсыз ел қырылды,
Көре тұрып, «көсемім – күнәдан пәк» демеңдер!

Күпір, астам салтымен марапаттың, мақтанның,
«Ұлық қаһан – мәңгілік» деуге тағы шақ қалдың.
...Маңғыстаудың ойынан жел соғады уілдеп,
Жаңаөзеннің көшесін қары басты ақпанның.

Қас-қағымда өтеді бұл заман да бұлдырап.
Соқыр-бағы сол кезде төмен қарай құлдырап,
Қолын қанға малғанның жылағанын көресің,
Көңіл – дар-дар, күн жеген шүберектей ылбырап.

Алла – жақын бәрінен, ақ жолынан қашпағын,
Тірі адамнан бұт жасап, табынуды тастағын!
Біреу келіп билікке, біреу кетер, өзгермес:
Сол баяғы – қара жер, сол баяғы – аспаның!

Ақша қаттап сандыққа, мал жинаған жанығып,
Қарау ханның көзінде дүние тұрар тарылып...
Пайғамбар – хақ, Алла – бір, қиыс баспа қазағым,
Өліге де табынып, тіріге де табынып!
Болат Жетекбай



...ҚАЗАҚТЫҢ КӨКТЕМІ ТУАДЫ! ӘЗІРШЕ АҚ БОРАН ҰЛЫП ТҰР...



аз қалды. қыс бітуге жақын.



Бугин Амангелди. Айткулов камалды Аланга киз уй куруга тапсырма берген енди Двд бастыгы Кабыловты Адам атуга приказ бергени Ушин камаса Жанаозен тынышталады



28-ші, ей пақыр! Жүр онда солай құл болыпп!



Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: www.alaman.kz,19.06.2010 ж.



Ректорлар қайтер екен?!
28 қаңтар күнi Абай ескерткiшi маңындағы митингiге қатысқандар 25 ақпан күнi тағы да осы жерге жиналмақ болып бәтуаласқан-ды. Осы жиында келесi митингiге жастардың бұдан да көбiрек келуi туралы сөз де болған едi. Алматының жоғары оқу орындарының басшылары осыдан қатты сескенсе керек, дәл 25 ақпан күнi бүкiл ЖОО-ның студенттерiнiң басын қосып, форум өткiзбек. Әдеттегi үйреншiктi айла. Үйреншiктi тәсiл.

Егер студенттер “Форумға емес, Жаңа­өзендi, жаңа өзгерiстердi сөз ететiн жиынға барамыз!” десе, ректорлар қайтер екен?!



Серікжанға ризамын!!! Жаңаөзен деп оқшауламай ақ қояйықшы! Жаңаөзен ұлттық қасіретіміз ғой!



"25 ақпанда Астана қаласы акімшілігінің ғимараты алдында өтетін МИТИНГИГЕ шакырып жатыр! сагат:12,00де!
Митинг Алматы, Астана, Орал, Жанаөзен калаларында өтеді



Жаңаөзен қаражатын қалтасына басқан басшы тергелуде
Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Амангелді Айтқұловқа қатысты қылмыстық іс қозғады. Оған қызмет бабын асыра пайдаланды деген айып тағылды. Амангелді Айтқұлов күдікті ретінде 72 сағатқа уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізілуде. Амангелді Айтқұлов облыс әкімінің бірінші орынбасары ретінде құрылыс мәселелері мен Жаңаөзен қаласын дамыту мәселелеріне жетекшілік еткен. Сол тұста Жаңаөзенге «Қазмұнайгаз ББ» АҚ-нан әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру үшін, соның ішінде, тұрғын үй құрылысына қаражат бөлінген. Айтқұлов құрылыс жүргізген мекемелерге қолдау көрсетіп, қаражаттың бір бөлігін қалтасына басқан.

Дулат Байжанов, ҚРэкономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі бастығының бірінші орынбасары:
Айтқұлов өзінің өкілеттігін пайдаланып, қызмет мүддесіне қарсы әрекет етіп, өзіне пайда келтіру мақсатында Сыдыков Жанат басқаратын жекелеген "Өзен құрылыс"ЖШС құрылыс фирмаларына қолдау жасаған. Бұл фирмалардың жетекшілері тұрғын үй құрылысын салуға бөлінген 1млрд. 870 млн. қаражаттарының бір бөлігін ұрлап, ұрланған ақшадан Айтқұловқа 50млн.қолма-қол берілген.



Айтқұлов бұрын "Өзенмұнайгаз"да 1-орынбасар болганда 2007-2008 жылы мұнай ұрлаганын ұстаса Қаражанбастан басталган мұнайшылар ереуілінен бастап, досы Шангереевтің басшылығымен 16-декабрьдегі Жаңаөзендегі жаппай бассыздықты ұйымдастырғанын мойындатса Қазақстанда шындық бар деп айта аламын



Ықылас Шангереев РД "Казмунайгаз" АҚ генеральный директоры Айдарбаев Алик Сериковичтің орынбасары болды. Айдарбаев "Ықа Ықа не акыл бересің"деп сонымен ақылдасады деп жатыр бір мәжілісте солай болыпты. Озенмұнайгаз орынбасары Өтенов Қайрат пен Өтеев Есен Шангереевпен бірге 25-ақпандағы ереуілді Тамара Ергазева аркылы ұйымдастырып отыр деген хабар бар.Өтеев Есен,Өтенов Қайрат,Шангереев Ықылас "крышасы" Айткуловты Финпол қамапты.



Айдарбаев он что тупой! Шангереева еле-еле с трудом рабочие жондеу уволили?



Айдарбаев +Айткулов+Айнаш Тилекабылова+Сарбопеев+Сыдыков Жанат+Мирошников+Шангереев+ Кызанбаев "Нуротан"+Кабылов ДВД+Озганбаев=ТУРКМЕСКАЯ МАФИЯ



Айдарбаев не туркмен а Шапырашты! Сарбопеев Шетпинский Мирошников-Руссия а остальные да Туркмены!



Жаңаөзеннен қаражат қымқырған Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары ұсталды
21 Ақпан 2012, 22:30
750
Басып шығару
АҚТАУ. 21 ақпан. BAQ.KZ - Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Амангелді Айтқұловқа (суретте) Жаңаөзен қаласында құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында қызмет бабын асыра пайдаланды деген айып тағылды. Бұл туралы бүгін Ақтау қаласында өткен баспасөз мәслихатында Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі тергеу департаменті бастығының бірінші орынбасары Дулат Байжанов мәлімдеді.
«Осы жылдың 21 ақпанында Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Амангелді Айтқұловқа қатысты Қылмыстық кодекстің қызмет өкiлеттiгiн терiс пайдалануды қарастыратын 307 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деді ол.
Байжановтың мәліметінше Айтқұлов облыс әкімінің бірінші орынбасары қызметінде құрылыс мәселелеріне және Жаңаөзен қаласын дамыту мәселесіне басшылық жасаған. Сол тұста Жаңаөзенге «Қазмұнайгаз ББ» АҚ-нан әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру үшін, соның ішінде, тұрғын үй құрылысына қаражат бөлінген. Айтқұлов осы кезеңде ол өз мүмкіндіктерін (қызмет, беделін) пайдаланып, пайда табу мақсатында жекелеген фирмалармен ауыз жаласқан. Бұл фирмалардың басшылары тұрғын үй құрылысына деп бөлінген қаржының бір бөлігін қымқырып қалып, оның бір бөлігін Айтқұловпен бөлісіп отырған.
«Ауыр қылмыс жасады деген күдік тағылғандықтан, Айтқұлов 72 сағатқа тұтқындалып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Іс тергеліп жатыр», - деді Байжанов. Оның айтуынша қымқырылды делінген қаржының көлемі шамамен 50 миллион теңге шамасында көрінеді.



Камера алдында: "Елбасы-ау, өзің айттың ғой, мұнайшылар кінәлі емес деп"- деп сөйлеп тұрған Сәнтөр деген жаңаөзендік қарт ана, көк шапан киген, көз алдымнан кетпейді.
Обалы кімге?
Ау, үріп ішіп, төгіп шайқап отырған адайдың жақсылары мен жайсаңдары! Бай, мырзалары!
Жауғашты Нәбиев!
Бақтықожа Ізмұхамбетов!
Ләззат Қиынов!
Жақсылық Жанғазиев!
Марабаевтар әулеті!
Тағы да көптеген бай адай ұрпақтары! Зар жылаған, немерелерінің киер киімі, ішер асы жоқ Сәнтөрге қалайша мойын бұра алмайсыңдар? Сүйектеріңе таңба емес пе бұл?
Сендердің шалқалап Ролс Ройс мініп, жеке самолетпен аспанды шарлағандарың неме керек!
Боқ тасыған сасық қоңызға ұқсамаңдар. Боқ дүние кімдерге жолдас болған?
Тоқтар Батыр айтты ғой, тым болмаса 2000 теңге жіберсең де Жаңаөзенге үлкен көмек деп.
Бөлісіңдер *Бейәдеп сөз жазбаңыз!* дүниелеріңмен!



• Назар:
22.02.12
анонимВасилий (Я тоже русский, но я историк, и сегодня мое направление – это Казахстан и Центральная Азия в целом), Вы, вероятно, очень плохо знаете историю Средней Азии, хотя ссылаетесь на документы. Так вот, найдите и почитайте документы посольского приказа о земле Кайсацкой, никакой большой делегации не было, не было и единого желания войти в состав Российской империи. Об этом тоже почитайте в российских архивах. А о том, что Казахское ханство было не слабым можно элементарно догадаться лишь т олько по одному факту, который не требует документов. Вопрос первый – когда русские землепроходцы дошли до Тихого океана? Вот-вот в 15 веке. А когда русские начали вхождеие и строительство крепостей в казахской степи? Вот-вот, 18 веке… А почему они дощли аж до Тихого океана, а Казахскую степь (Это не пустая ничего не растущая степь или пустыня6, это леса, реки, горы) не колонизовали? Да потому что в документах посольского приказа есть следующая интересная депеша: Земля кайсацкая зело богата и вельми силами велика. ( Это при касымхане писали, ориетировочно, когда Касымхан регулярно менял ставку по все
Касымхан менял ставку свою по всему периметру границы. Это подробно описано в документах Посольского приказа за 15 век, так как проводилась разведывательная работа через караваны и татарских купцов, об этом в документах поминается. Поэтому вплоть до 18 века русские обходили казахские земли по верху и уходили на восток. тут уж не надо никаких специальных документов.
По поводу строительсва русскими городов в Казахстане. тут уж правда,современные города поставлены русскими, но Василий, тут есть один нюанс, эти города изначально строились не для казахов, так как в начале они строились как крепости, а после города для русских. Так что наши единокровные братья строили города для себя.
если бы русские города не строили бы, то казахи пропали бы? Нет! ну подумаешь. были бы города попроще и другие ( Как Монголия). Тут уже моральная сторона начинает играть – Тогда уж казахов никто бы не попрекал куском хлеба, то бишь построенными городами.
Василий, я как историк, объяснил реальное. Русские-то пришли строить города не потому, что казахи их позвали, мол, посторойте города… А потому что политика царского государства была такова… И русские же сюда шли не по своей воле ( да с чего будут покидать родные погосты люди-то)- кто в солдатской шинели на 25 лет службы, ктозакованный в каторжные цепи, кто-то убегал от религиозных притеснений, как твои предки… так что тут , если быть искренними для себя. Казахи правы.
Осыны Алтын-орда сайтынан алдым. Оған өз намысымызды қорғауға соғысқа кіріп отырамын негізінен, уақыт болғанда. Білмегендеріңізге пайдалы дегенім-қойғаным. Өзім де біршама нәрселерді білдім... Құрметпен Руза



Жоғарыдағы қонақ айтқандай, шынында да түркменстандық клан деген бар, және ол асқынып кеткен. Осыны тоқтату керек. Әкімшілік, белді жерлердің барлығына осылар жайғасып алған, былықтың бәрі осыларда.



Жаңаөзен жайындағы айтыстарды тыңдаңыздар! http://www.azattyq.org/content/kazakhstan_aitys_serikzat_akmaral_zhanaoz...



Жаңаөзенде ендігі таң атпайды жоқтаусыз...

Әй, Маңғыстау, сен 362 әулиенің Пірі едің,
«Сен кімсің?!» деп сұрама, мен шалдардан қалған кір едім.
Шалыққан күні, шалдардан қалған жырыңа
Емініп тұрған шыңдардың, етегіне барып түнедім.
Тарыққан күні, таңдардан тамған жырыма
Жалғыздан-жалғыз жапанда өмір сүремін.
Әй, ата-жұрт менің мекенім,
Сенің бір уыс топырағың ғой менің жүрегім.
Топырағыңнан тегімді іздеп жүремін...
Кей-кейде мен де ашынам, ашынам-дағы тасынам,
Табылмады-ау деп кешегі, көк сүңгісі көлденең,
Көк мойнақ аттың үстінде,
Көкіректеріне шер қатып жүріп көлбеген,
Түңгі аспанның төріне үркердей туып төлдеген,
Қайран да қайран, қайран ерлердің қасынан
Қасқамыз ғой көз бітпеген маңдайға, сөз бітпеген таңдайға,
Көк мұнардың ішінде анау жылғы жоғалтқан
Қара нарым боздап жүр еді шалғайда,
Мисызбыз ғой меңіреу, кереңбіз ғой, саңырау,
Көз жасымды көмейіне жұтады,
Шым-шым етіп шалдардан қалған шымыр-ау,
Әй, Маңғыстау, шалдардан қалған айлағым,
Нарлардан қалған шаңдағым,
Өзіңнен қалған қазына бұл күндері болғанда,
Иттің құны итбақа, итімсініп сорғанда,
Өзегі талған өзінің шайнап жатыр бармағын,
«Қысық көзбін, доспын» деп, қытай келді, қырт келді,
«Мысық көзбін, қумын» деп, жөйіт келді, жұт келді,
Қаражамбас, Қаламқас, жесір қатын байы көп,
Ақ төсегін арамдап, іш құса боп бітті енді,
Есіл бойы – ен тоғай, ел болғанда Астана,
Ей, Астана, Астана,
Кегіңді алып Адайдан,
Кекіріп атып мұнайдан,
Өркешіне шығып ап, өркен ниет бикештің,
Өзен өліп жатқанда, өзгешелеу күй кештің,
Безбүйрек бет былқ етпей, безіп кетті-ау, құдайдан,
Әй, Маңғыстау, 360 әулие,
Пір сүлейі Маңғыстау, Абыл, Ақтан, Қашаған,
Жыр сүлейі Маңғыстау, құдай Құлшар жасаған,
Күй сүлейі Маңғыстау, бақ деп берген қазынаң,
Маңдайыңа сор артқан жүрегіңді түсінем,
Түсінем де күрсінем, жетім жырын жоғалтқан,
Қарғыс атсын құзғынды, көкірегіңе оқ атқан!
Уа, хан сарайы Ақорда,
Патша илеп айлағын, ақша билеп аймағын,
Ірітіп-ақ болдың ғой, ұйыған елдің қаймағын,
Кіріп кетті-ау қойныма қара шұбар жыланың,
Жаңаөзенде ендігі таң атпайды жоқтаусыз,
Айтылмайды алғы сөз, Ақорданы *Бейәдеп сөз жазбаңыз!*таусыз!
Мәңгі қалды жүректе сенің салған ылаңың,
Маңдайына мұң азасы мәңгі есіп,
Қара орамал жылап келед қан кешіп!
Қарғап жатыр қара жер, көп қыршынның моласы,
Қарғап жатыр қамығып, қанға бөккен даласы!
Көлденең біткен Қаратау,
Ол да ішінен күрсініп, қарғап жатыр, шамасы,
Қанды көбік іркілдеп, көк теңіздің жағасы,
Ащы өзекте запыран, құлынынан айрылған,
Бұршақ салып мойнына, қара түнді қақ жарып,
Бара жатыр анасы,
Жоқтауына құлақ түр,
Мен түгілі аспанда ай мен жұлдыз жылап тұр!
Дінін сатқан, тіл сатқан, ділін сатқан құрсақтан,
Тас бауырдың жүрегін жылытпайды бірақ бұл,
Жалғызын атқан шұнақ құл,
Өзіңе қойған сұрақ бұл!
Атаңды артық дедің бе, анаңды артық дедің бе,
Ойнастан туған немесе қан бар ма еді тегіңде?
Ордаң бір жынға толғасын, өзіңнен пәрмен болғасын,
Үкілеп жүрген үмітті үзіпте кетті-ау қорғасын
Ал, айташым, айтшы енді, Аллаңа қалай барасың?!
Мойныңа артып кешегі көп қыршынның көз жасын!
Бар екені шын болса аспандағы хақ құдай,
Аруағы бар әулием атпаса енді оңбасын,
Не боп кетті, білмедік, Қазақстан – қай стан?!
Діні шұбар қай ұстам, тілі шұбар майысқан!
Теңдік сұрар тектіден аямайтын тепкісін,
Айыр құйрық шаян боп,
Ылаң салған жылан боп, анауың да кетті шын,
Малғұн билеп жүрегін, болып алды зымыстан,
Жүрегіме жаралы, қалғаныма қаралы,
Оқ жаудырмай бұрыштан,
Енді сенде кетсейші, біздерден әрі өтсейші,
Айырплан мінсейші, айырбикеш сүйсейші,
Өз еліңе ендігі қырсығыңды жұқтырмай,
Өзің жаққан отыңа өзің барып күйсейші!
Аз болды ма еліңді етегінен қиғанын,
Елден жырақ кетті ғой еншім бар деп жиғаным.
Не көрдік біз елдіктен, не көрдік біз кеңдіктен?!
Алатаудың етегі, Сарыарқа, Алтай, Атырау,
Кең Жылой, маңғаз Маңғыстау!
Еркін жүріп сыймадым,
Сор ақысы сол болды, Өзен деген өлкемді
Өрімінен қиғаның!
Қарасы елге қарсы шыққан кемем қабырғаңнан қирадың,
Өлең емес, жоқтау жазып кеттік қой,
Көзімде қан, кеудемде шер, мида мұң!
Уа, қара жамылған ауылым, қазалы болған бауырым,
Ортақтасып қайғыңа сөгіледі сауырым,
Бір уыс топырақ қысып қолымда, әділдіктің шейткен жолында,
Желтоқсанда жер жастанған қыршындар,
Жұмақ болсын мекенің, салауат болғай иманың!



Сатылмаған не қалды?
Беттің ары сатылды,
Қазақ деген халықтың,
Жанар бағы сатылды.
Атылмаған не қалды?
Ұландары атылды,
Қырандары атылды.
Қазақ деген халықтың,
Шығар жаны атылды.
Кім табады бір емін?
Іздейді ел тірегін,
Әзірейіл сияқты,
Құл ғып бітті режім

Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
1 + 2 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Мамыр 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
0123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031123

Айлық статистика

<<  >>