Ел-жұрт, ағайын-туыс ЕҚЫҰ-ға төраға болу қуанышына торт кесіп, тост сөйлеп жатқанда, Ұлттық банк те бұл дүрмектен қалуды ұят санаса керек. Аталмыш оқиғаға арнап Ұлттық банк номиналы 1000 теңгелік банкноттар партиясын басып шығарды. Бұрынғы банкноттардан ерекшелігі неде десеңіз, «мыңдықтардың» түстік гаммасы енді жасыл бояуда әрі дизайн жағынан да даралану байқалады. Көзге таныс алақанның орнына қалықтаған құстар, Қазақстан контурының орнына Ақ орданың бас фасады.... А-а, Астананың бас нышаны - «Бәйтерек» монументі де банкнот бетінен орын тапқан. Алайда, Қазақстан үшін қарт Еуропаға төраға болу уақыты 1 жыл десек, бұл ақшалардың да айналымдағы жүрісі олардың тозу процесіне тәуелді болмақ. Тозған банкноттардың орнына 2006 жылы айналымға енген «бұрынғы» 1000 теңгеліктер қайта келеді.
Суреттер КТК арнасының бейнекөрсетілімінен кесіп алынған



.jpg)
.jpg)
.jpg)

"Көзге таныс алақандардың" құсқа айналып, ұшып кеткені жанға қатты батады. Әлде мұнда символдық мағына бар ма?
Әрине символдық мағына бар. Ақ көгершін біздегі 140 ұлт пен 40 конфессияның тату-тәттілігін көрсетпейді ме? Ақорданың әлемге ұсынар жаңалығы да осы бір "гуманизм" идеясы ғой қазаққа түк пайдасы жоқ...
бәрі де жақсы ғой.осы орысша тысяча тенге деген жазуды алып тастаса тіптен жақсы болар еді.ұлттық намысымыз қашан оянар екен.әдейілеп бақылап отырдым ,бірде-бір қазақ азаматы бұныңыз не деген сұрақ қойған жоқ.осы сұрақты кімге қоямыз,сіздер неге үкіметтен талап етпейсіз.әрбір ұлы жұмыс ұсақ түйектен бастсалады ғой,сіздер халықтың шамшырағы мен нұсқаушы екендіктеріңізді ұмытпаңыздаршы абай .қз ұжымы
Ақ орданың қақпасындағы ТЫСЯЧА мың бір тун ертегісіндей әсер етті.НАМЫС ҚАЙДА АҒАЙЫН!?
ТЫСЯЧА біздің әлі де қыр соңымыздан қалмақ емес...
Біздің теңгеміз шимақ-шатпаққа толы екені даусыз! Теңгеміздің түр-түсін бекіткенде, кайыр-садака сұрагандай жайылган алаканды, орыстар мен орыстілді азаматтардың қазақшаны түсінбейтіндігін былай қойғанда, сан танымайтындай орыс тілінде "Тысяча, двести, пятсот" деп анықтап жазып қоюымыздың өзі қазақшаландырудың, қазақ тілінің мәртебесін көтеру керек деген мәселенің жай ғана орындалмайтын жангайқай екендігін байқатады. Елбасымыз "Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін!" деп айтқанынан гөрі "Қазақпен қазақша сөйлессін!" десе ұтымдырақ болар еді-ау... 130-дан астам ұлт пен ұлысы ақыры 140-қа жеткіздік! Мемлекеттік валютасынан бастап дәретхананын өзіне аударма тілдерімен жазатын жалғыз "ЖАЛПАҚШЕШЕЙ" халық біз ғана!!! "Қуаныңыздар!" "Ұзағынан сүйіндірсін!"
Орысша жазылғаны үшін жауап беретін біреу бар ма екен?
"1000 мың теңге" дегенді қалай түсінуге болады? Бұл миллиард деген мағына бермей ме?
Қабыл
"1000 мың теңге" деген сөз "Бір мың мың теңге" деген сөз яғни миллион теңге деген сөз.
Қабыл
Пікір алынып тасталды!
әйтеуір бір адамның қолы жоқ, соған қуанайық
Қатеге толы, түсінуге тұңғйық бұрынғыға қарағанда ақша екен. оғанда шүкір.
Жакында осы жана акшаны Карагандынын шалгай ауылына конакка барган бир азамат жанаржагармай сататын адамга (ол жакта жанаржагармай бекети деген жок, жекелеген адамдар каладан тасып акелип уйлеринде сатады) устатса, ол киси алмапты, "мынауын жалган акша" деп.
Пікір алынып тасталды!
Пікір алынып тасталды!
Пікір алынып тасталды!
дүкеңнің айтқандарының барі шындықта ақихат екені барімізге белгілі!толық рухани тәуелсіздік ала алмай отырғанымыз алі күнге бодандық санада отырғанымыз ,жан жағымызға жалтақтап ,елдің аузын 70-548 бағатын болмаса ресей не дейді,европа не деді,солар мақтап қалама ,ұрсып жібереме деп отырғанымыз шын!ал жалпы халықтың рухы да біздің билікке сай екені де ақихат!өткен бабамызбен,өткен тарихымызбен мақтанамыз,бырақ ол өтіп кетті.бұл күнде мақтанатын 70-549 неміз қалды?махамбет кене сары барма бұл күнде?дүкең соны айтты!ал қалай шешеміз дегенге дүкеңнің балаша жауап беріп Билiк бас болып," зиялы қауым жетекшi болып, тұтас ұлттың бойындағы кiнәратпен күресу керек"дегені қыял !құрғақ қыял!бүгінгі билік ешқешен қазақ ұлтының 70-551 рухын көтеріп басына бәле тілеп,арам жолмен басып қалған байлықтарыннан айырылғысы келмейді!біздің үстімізге мініп отыра береді!егер біз туламасақ жықпасақ кеткенміз кеткен...ұзын құлақ есек болып....сол үшын дұрыс пікірлерге тасадан стас атпай бір мақсатқа қазақ баласы бірігу керек!біиліктен 70-552 талап ету керек!"саусақ бірікпей ине ілікпейді!"
Пікір қосу