Жамбыл облысында 364,6 мың тонна астық жиналды | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Абұйыр, атақ сол жанда –
Кімді көп жұрт мақтаса.
Ол мақтаудан не пайда,
Көп мақтауын таппаса?

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
1996-2004 жылдар аралығында Ресейде білім алған қазақстандық 2 мың әскери қызметкердің оқуына 135,73 миллион доллар қаржы жұмсалған.

(Қаржы министрі Болат Жәмішовтың дерегі)

Айтқыш екен
Лондон олимпиадасына баратын қазақ спортшыларына жоғары жақтан: «Лондоннан алты алтын және Әблязовті алып келіңдер» деген қатаң тапсырма беріліпті.

Қазақ КВН-шыларының әзілі

Загрузка

Жамбыл облысында 364,6 мың тонна астық жиналды

Жәрдемші


Тараз. 7 қырқүйек. ҚазТАГ - Жамбылоблысында 230,1 мыңгектардан364,6 мың тонна астық жиналды. Оның 232 мың тоннасын бидай құрап отыр, деп мәлім етті Жамбыл облыстық әкімдігінің ауыл шаруашылық басқармасы.

Ведомствоның атап көрсетуінше, «облыс өзін азық-түлік бидаймен және егістік бидай тұқымымен толығымен қамтамасыз етті».

Облыстың астыққа деген жылдық қажеттілігі 120,7 мың тонна азық-түлік бидайы және 30 мың тонна егістік бидайын құрайды.

Осылайша, биыл жиналған астық облыс қажеттілігін толығымен қанағаттандырады. Алайда ауыл шаруашылық басқармасындағылардың айтуынша, астықтың бәрі жамбылдық ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілердің қолында қалып отыр.

Бұрын хабарланғандай, Таразда ауыл шаруашылық министрлігі, «ҚазАгро» Холдингі» АҚ, «Қазақстанның астық одағы» ЗТБ, «Қазақстанның бидай өңдеушілері мен наубайшыларының одағы» ЗТБ арасында Жамбыл облысын қамтамасыз ету шаралары туралы меморандумға қол қойылған болатын.

Сондай-ақ, экономиканы модернизациялау жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның 2 млн тонна астық сатып алатыны туралы шешім қабылданды. Астықты холдингтің еншілес компаниясы «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ жиналған астықтың жалпы көлеміне сәйкес облыстар арасында бөлінетін квота бойынша сатып алады.

Жамбыл облысы бойынша азық-түлік бидайын сатып алу квотасы 33,7 мың тоннаны құрайды.

 


 


Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
1 + 5 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Мамыр 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
0123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031123

Айлық статистика

<<  >>