Билік эшалонындағы кәнігі кадр саналатын тағы бір министрдің орынтағы шайқалып кетті. Қаржы полициясы Жақсылық Досқалиевке мансабын асыра пайдаланды деген айып тағып отыр. Айыпқа бес жыл бұрынғы ректор кезінде Астанадағы Медицина академиясының жер телімін коммерциялақ құрылыс салуға бөліп бергені негіз болыпты. Дегенмен, мұның шындыққа қаншалықты жанасатыны әлі анықталған жоқ. Сондықтан қойдан қоңыр көрінетін, өз ісінің шебері саналатын Жақсылық Досқалиев мансабын асыра пайдаланып, мемлекетке зиян келтірді дегенге Мәжілісіте мәжілістес болған депутаттар да, қоғам да сенбей отыр.
Қаржы полициясының қарқыны қатты. Олар министрге мін боларлық салмақты себеп табамыз деп құлшынып отыр. Ол үшін мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған ауруханаларды адақтап, құрал-жабдық сатып алуға арналған тендерлерді тергеп, қаржы-қаражатқа қатысты қандай да бір кемшілік табамыз деп уәдеге бергісіз сөздерін айтты. Жемқорлықпен күресіп жүрген жігіттердің жіті назарына түскен Жәкеңнің жайы енді шынымен де қиын болар. Соттың оны тұтқындауға санкция бермей қоюы Қаржы полициясының қатты қытығына тиген секілді. Олар Жақсылық Досқалиев Канадаға қашу үшін виза аштырып қойғанын жар сала жеткізді. Бірақ министрлік өкілдері оның визаны іс-сапарға шығу үшін аштырғанын айтып отыр.
Жақсылық Досқалиев инсульт болып жарты денесі жансызданып қалыпты деген хабар бар. Оның адам болып кетуі енді бағыныштыларының бабына, өзінің бағына байланысты болмақ. Біз зайырлы қоғамда өмір сүріп жатқандықтан кімнің ақ, кімнің қара екенін соттың шешіміне дейін айтап алмаймыз. Бірақ болжам жасауға құқығымыз бар. Біздің ойымызша бұның саяси мәні күштірек секілді. Сондықтан, министр мырзаның денсаулығы түзелгенімен, бостандығы күзелетіні сөзсіз.
Тек өкініштісі, осының бәрі онсыз да «құрт ауруынан» өкпесі өшіп, жүрек-тамыр аурулары жастарға көшіп, әйелдер мен сәбилердің өлімі жиілеп, түрлі тұмау түйнеп, ауру-сырқауы асқынып тұрған қоғамымыздың денсаулық саласы таяу күндері еңсесін көтере алмайтынын айтып тұрғандай.
Абай ақпарат




Жәкең жоғарыдағы көкелерінің құрбаны болып отыр. Адам баласы ғой, сауығуын тілелік.
ЕКі топтың шайқас алаңындағы кездейсоқ құрбан ғой. Жақсылықтың қолындағы екі пәтерді сөз қылғанша, екі үйді жалдап отырғандарға сол мықтылар неге әлі келмейді? Елді полициялық мемлекет елесі кезіп жүр...
Я, Раббым Алла! Жақсылықтың жолын оңғара гөр! Сабыр бере гөр оған! Денсаулығына қуат бере гөр! Я, Алла! Жақсылықты қорға! Егер Қаржы полициясы негізсіз жала жапқан болса, олардың өздерін бала-шағаларымен қосып жазалай гөр! Кландық топ деген Қазақ мемлекетінің қас жауы болды ғой, жершілдік, рушылдық, жүзшілдік, кекшілдік, топшылдық, міншілдік, күншілдік! Бұл Денсаулық министрі емдеп жаза алмайтын бүгінгі қоғамның дерттері! Я, Раббым Алла, Жақсылықты қорға!
Мен бұған сенбеймін, ол жемқор болса орынтаққа қайтып әкелер ме еді? Демек Жәкең жүйенің құрбаны.Меніңше қаржы полициясы қазір әлдекімдердің өш алып беретін қолшоқпарыына айналған секілді. Кезінде осыы саланы тарату жөнінде дұрыс мәселе көтерілген.
Алла амандығын берсін Жәкеңе
Жалпы Жакең жемқор дегенге халык сенбейді. Бұл әлдекімдердің ойыны. Ол кісі ғалым, маман, азамат деп естиміз. Алдында да осы кісіні қаржы полициясы жұмыс жасатпады деп естігенбіз. Мұндай жаламен қазірдің өзінде түгел аудан әкімінен бастап, барлық жоғары лауазымда отырған шенеуіктерді отырғызуға болады. Бұл таза саяси ойынның құрбаны сияқты. Жаке Алла қуат берсін, ата-бабаларымыздың аруағы қорғасын. Әй, қазақтарым!Қашанға бір-біріңді батыруды, жаншуды, тепкілеуді, кешірерсіздер, көттеріңді ашуды қоясыңдар. Басқа да ҚАЗАҚ үшін проблема жетеді ғой. Сол қазақты тонап жүрген миллиардерлермен неге айналыспайсыңдар, осы?
Министрлердің арасындағы имандысы осы жігіт еді. Обал болды.
ия жаксы кісі, президент өзі араша болса екен
Жігіттер, Үлкен кісіге қастандық жасалыпты дегенді естігендерің бар ма?
Егер менің естегінім рас болса, онда Досқалиев қайтып адам бола алмайды.
Ия, естідік. Жасалған жоқ, жасалайындеп тұрғанда ұсталып қалы ғой, НӘН-нің бір дәрігері... Генпрокуратураның да адамдарының қатысы бар... Өмірзақ Шүкеевтің де аты аталып қалды... Көрерміз...
сондай бір әңгімені құлағым шалып қалған. рас, өтірігін білмеймін. бірақ, меніңше сол рас сияқты
мен бұл кісінің кінәсіз екеніне сенемін. Алла жар болсын!
Пікір қосу