Жағымпаздықтың шегі бар ма? | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Абұйыр, атақ сол жанда –
Кімді көп жұрт мақтаса.
Ол мақтаудан не пайда,
Көп мақтауын таппаса?

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
1996-2004 жылдар аралығында Ресейде білім алған қазақстандық 2 мың әскери қызметкердің оқуына 135,73 миллион доллар қаржы жұмсалған.

(Қаржы министрі Болат Жәмішовтың дерегі)

Айтқыш екен
Лондон олимпиадасына баратын қазақ спортшыларына жоғары жақтан: «Лондоннан алты алтын және Әблязовті алып келіңдер» деген қатаң тапсырма беріліпті.

Қазақ КВН-шыларының әзілі

Загрузка

Жағымпаздықтың шегі бар ма?

Жәрдемші


Жағымпаздық. Бұл - бүгінгі қоғамның дауасыз дертіне айналып отыр. Күні кеше ғана президенттің өкілеттілігін 2020-ншы жылға дейін ұзартайық деген бастама көтерген топ та сол жағынуды тіптен жандандырып жіберді. Әрине, бұған дейін де қоғамның барлық саласында, жоғарғы биліктің әр бұтағына бұт артып мықтап бекініп алған жағымпаздық белгілі бір дәрежеде қоғамның, еліміздің шынайы дамуына шырмауықтай шырмалып тосқауыл болып отырғаны да аян.

Жағымпаздық адам бойындағы кесірлі мінездің бірі. Ендеше, жағымпаздықпен күресті қалай жүргізуге болады? Оның жас ұрпаққа берілуіне тосқауылды қалай табамыз? Әр адамның бойындағы айналасына, қоғамға кері әсерін тигізетін жандайшаптық пен жағымпаздық мінезінен арылту үшін не істеу қажет? Міне, Талқы-Форум осындай сауалдарға жауап іздейді. Ақылға суарылған ойыңызды ортаға салыңыз, оқырман!

«Абай-ақпарат»

 


 




Жағымпаздық және турашылдық бұл өмірде қатар жүреді. Егерде біреуі жойылып біреуі қалса бұл өмірде, өмір деген сол орнында тұрып қалар ма еді. Сондықтан жағымпаздың істері әділет іздеген адамдарды жандырып шыңдай түседі, ал әділдік жеңген кезде жағымпаз соқырішек сияқты сылынып тасталады. Әжеміз "Ақ пен қара жарысқан аққа құдай болысқан" деп отырушы еді, сондықтан Алла тағала әділдік жақта, ниеті түзу, сөзі мен ісі адал адамдар Алланың назарында, ал зымияндығы, күнәсі шаш етектен келетін адамдардың Алла тарапынан алатын жазасын елестету қиын, одан да Алланың жазып берген жазуымен жүру имандылық емес пе. .



Жағымпаздың тілінен бал демінен зәр тамады....



Кешегі шапқын "жағымпаздықтан" емес, реферсымақ - жадыланған зомби қоғамның масқара көрінісі!
Өкінішке, шуылдақ тобырдың алдыңғы шебінен: тек шолақ шенеуніктер емес - Генерал-майор Батырымыз да, ақ жаулықты Анамыз да, қадірменді Ұстазымыз да, қысқасы, қара халық өкілдері де аз көрінбеді(?). Ненің не екенін байыптамай жатып, олар құдды бүгін біреу Елбасын орнынан жұлып алайын деп жатқандай-ақ, өлердегі сөздерін айтып, өзеурегенін көрдік емес пе?
...Ең сорақысы: соларға ертең бір ақымақ: "Ел ішінен жау тап!" десе, ар жағын ойлаудың өзі қорқынышты... Адыраспан



Жағымпаздық жаман мінездің жаман істердің жиынтығы. Ол арам ойлатып харам жегізеді. Анаған бір мынаған бір жағынсам екен деп жүріп басын тауға да тасқа да соғады.Соңында тамырын жұлып тастаған гүл сияқты, Әр таудың басын шалып жүріп аштан өледі. Жағымпаздықтың белгілері: Мақтағыш яки мақтаншақ, Сөйлеген сөзінде байлам жоқ яғни байламсыз кім не десе соны жақтағыш немесе соның сөзін сөйлегіш, Кейбір жағымпаздардың серілері де болады онысы ана кісіге жақсы көрініп жақсы атанып жаққысы келгені,Сосын парақор, досшыл рушыл келеді, өйтемін бүйтемін жырғатамын деген бос сөздері көп болады, Мансапқұмар, атаққұмар болады, яғны атақ мансап дүние үшін бәрін сатуға дайын тұрады деген сөз. Егер сізде осындай жағымпазық белгілері байқалатын болса еш абыржымаңыз саспаңыз бәрін дұрыстауға дүзетуге болады өйткені сіз тірі пендесіз бірінші Алладан кешрім сұраңыз шын ниетіңізбен. Екінші өзіңіз қиянат келтірген адамдардан кешрім өтініңіз. Жағымпаздықтан құтылудың жолы: Жағымпаздықтан тиылу, яғни шын ниетпен тәубаға келу істеген ісіне өкіну.



jagimpazdihting tup-tamiri huldih sana-sezim.



Жағымпаздық жақсы қасиет. Одан қашпайық. Ретін тауып жағынайық оданша. Өмірінде ешкімге жағынп көрмеген адам жоқ. Бала екеш бала да кеудесінде жан болғасын әке шещесіне жағынады. Алдымен дұрыс формулировкасн тауп талқы форум ашайық жолдастар. Жасасн Жағымпаздық. Халықты олай адастырмаңдар Абай кздары.



'Ендеше, жағымпаздықпен күресті қалай жүргізуге болады? Оның жас ұрпаққа берілуіне тосқауылды қалай табамыз?" - бұл
жақсы қозғалған мәселе екен. Оны отбасынан, балабақшадан, мектептен бастау керек. Қазір сол жағымпаздықты көріп өсіп келед. Алматыдағы мектептің №-н айтпай-ақ қояйын, бастауыш сыныптың мұғалімі, баламның ұстазы болып еді, сыйлық берген ата-ананың баласына жақсы қарап, жақсы баға береді, басқа баланың қанша біліп тұрса да, білімін төмендетіп, баланың сағын сындырады. Қысқасы, бастауыш сыныптан құтылғасын барып,баламның бағы ашылып,Алла қаласа биыл Алтын белгіге үміткерлердің бірі.



Дүйім жұртқа күлкі қылмай, баршаны шабылдырмай, қыруар ақшаны желге шашпай, балаға тәрбие берер ұстаздарды өтірікке итеріп, жұрттың иттеріне талатпай, 2 күн сабақтан балаларды қалдырып, босқа сандалтпай, митинглетіп жұмысшылар мен дәрігерлерді қанғытпай бірден бастан тыйып тастау мүмкін болмағаны ма? Әлде Марыста Айға қарап отыр ма? Қайда отырып елді басқарып отыр? "Сайлау қыруар ақша, үнемдеу керек" деген космостық жүйемен ойлайтын шашылған ел қаржысына не айтар екен? Әй ол не айтсын - іс бітті, қу кетті...
----------------------------------------------------------------------------------
Жағымпаздықтан құтылу үшін иман керек. Сайтанның уәсуәсінен барлығы. Иман болса - әділдік орнайды, әділдік болса - адал ас әділ бөлінеді. Артық алам деп, "қортық" болмайды ғой Құдайдан қорқатындар.

Көк Тәңірісі - Тәңірінің Тұқымы жоқ, заты жоқ. Жер Тәңірісі Темірдің Тұқымы - түрік, заты - от!



Сіздер құдайға жағымпазданып жүрген жоқсыздар ма, моллеке!? О дүниеге баруға тым мүдделі болғандықтан намаз оқып жүргендер емессіздер ме, моллеке????



...Не дейін? Жағымпаздану деп ұқсаң, мейлі, Ол - Құдай. Жердегі патша емес. Өзің бала болдың ба? Тентектік істесең әкеңнен қорықтың ба? Әкең ақырса ығып, ашуы басылса іш бауырың езіліп мойнына асылдың ба? Бұндайды басыңнан өткермеген болсаң -  сөз жетім. Өзің о дүниеге баруға мүдделі емессің бе? Намазды оқыйтындар жұмақты сатып алу үшін оқымайды, ой жүйесін қалыпта сақтау үшін , шайтанның азғыруынан қорғану үшін оқыр болар.

Көк Тәңірісі - Тәңірінің Тұқымы жоқ, заты жоқ. Жер Тәңірісі Темірдің Тұқымы - түрік, заты - от!



Барлық жағымпаздар бірігіп Жантық ата атындағы қор құрсақ, қалай қарайсыздар?

Сақ дәуіріндегі жағымпаздан



Ондай қор да, қоғам да бар ғой, мысалы біздің парламент!



Түсінгенім: жағымпаз болсаң,жағына білсең - ұры болмақ, қары бол, мейлің, "екі жеп, биге шығуға болады екен ғой! Өрә-ә-ә...



Руководитель не должен десятилетиями занимать один и тот же высокий пост. Нет той мобильности. Желание «казаться» на своем месте, в конечном итоге создает ореол непогрешимости. Тут нужен временной ценз. И, само собой разумеется, гласность. Это лекарство от всех болезней. Вопрос состоит в моем искреннем убеждении, что любой авторитаризм в Казахстане - это путь в никуда. Только свободное демократическое общество будет гарантом нашей стабильной счастливой жизни в недалеком будущем»

«...Каждый должен делать то, что он может делать хорошо, высокий пост занимать не по протекции, а по способностям и получать не за должность, а за дело. К сожалению, привычка брать больше, чем ты заслужил, прочно въелась в иных руководителей. Чем иначе объяснить, что в то время, когда в Казахстане остро ощущалась нехватка больниц, поликлиник, родильных домов, огромные деньги разбазаривались на строительство помпезных административных зданий, музеев, бань (возведение одной такой бани обошлось в несколько миллионов рублей!..), дворцов и других так называемых престижных объектов. А сколько в областных центрах возникло разного рода резиденций, роскошно обставленных, шикарно отделанных! На их строительство незаконно отвлекались средства из госбюджета, все это скрывалось от глаз народа, тщательно камуфлировалось...».

«...Вот оно-то, время, и проверило многих наших руководителей на прочность! В том числе и Кунаева. Протекционизм, упоение властью, самовосхваление — было. Огромные его портреты во всех городах и селах, конторах, школах, вузах — даже в бомбоубежищах! — в какой-то мере отождествляли его имя с судьбой Казахстана. Отсюда безнаказанность, нарушение законности, затушевывание проблем, нарушение норм социальной справедливости. Грубое пренебрежение ленинскими нормами подбора и расстановки кадров, выдвижение земляков, угодников, подхалимов — было. А с другой стороны — благодушие, просчеты в интернациональном воспитании молодежи — все это не могло не вызвать деформации общественного сознания...».

«...Пышные юбилеи, парадный стиль руководства, помпы, фимиам — вот антураж авторитарности. Гласность ей не нужна, гласность обнажает ее ничтожность, казенщину, серость, неспособность оригинально мыслить, принимать смелые решения, идти по революционному пути. Эволюция, медленная, затратная — вот ее удел...».

Н.Назарбаев журнал "Дружба народов" 1987 год



Жағымпаздық кіріптарлықпен қатысты болады, сондықтан ол арқандаулы есек секілді! Мысалы біздің парламент мүшелерінің 99.9 пайызы елбасыға кіріптар, ендеше жағымпазданбай қайтсін. Бұл есектердің жемін беріп отырған, қылмысын жазаламай отырған көкелері кетсе, олардың басына әңгір таяқ ойнайтынын олар білмейді емес!



Жағымпаздықты жоюдың бірден бір амалы жағымпаздарға сүйеніп жан сақтап жүрген ең үлкен бірдің көзін құрту керек, сонда олар кімге жағымпазданарын білмей, сабасына қайтады!



Таптым, жағымпаздықтан құтылу үшін аққа қарамен баттитып - "КӨТКЕ КІРМЕ БИЛЕТ ЖОҚ" деп жазып қою керек.

Көк Тәңірісі - Тәңірінің Тұқымы жоқ, заты жоқ. Жер Тәңірісі Темірдің Тұқымы - түрік, заты - от!



Иманы жоқ елде қайдан иба болсын?..



Елі мен халқын өркениетке бастайтын сапалы материалдан жасалған көреген басшысын халықтың өзі таңдау жасауына қол жеткізбей бұл дерттен арыла алмаймыз. Жақымпаздарға төс тартпа байлап, көгенге көгенделмесе өсе беретін түрі бар. Олардың ындыны мен пиғылы қоғамдық тұрғыда айып саналып, жаза ойластырмаса тоқтамайды.



Біздің парламент жағымпаздықтан 1-ші орын алады. Жапония, Украина парламентінде төбелесіп жатқанда, таң қалушы едім. жағымпаз парламенттен, төбелесқор парламент артық! Қаракесек.



жағымпаздық қайдан шығады? 1,білім таяздығы 2. тектілік жоқтығы. 3 ұлтсыздану 4 тіл.



Оппозиция неге үнсіз?

Сабырбай



Қазақстандықтар шетінен жағымпаз емес, дегенмен егер біреу жағымпаздық етіп етегіңе оранып жатса, оған "кетшей" дей алмай қалатын рухани әлсіздікке иеміз. жағымпаздарды олардың көкелері туғызып отыр ғой!



Тіресу, күресу таймау,
«Ойлау»,- ім...
Жо-жоқ, ағасы, жайлау
Жығылып, бүгіліп қоймау,
Аз арық сазарып, қайнау,
Бұл – сайлау...

Әр үйге сыбаға байлау,
«Ойлау»,-ім...
Жо-жоқ, ағасы, жайлау
Жер шашып, жер қазып ойнау
Тағыда тойлау...
Бұл - сайлау!!!

Ашылған-шашылған қойнау,
Ойлау...
Жо-жоқ, ағасы, жайлау,
Қақалып, шашалып тоймау
Былыққа, қулыққа бойлау
Бұл – сайлау.

Кереку рухы

 

Кеше ғана Нүрбану сабынсз кіріп кетті ғой медалға үсынып еді еңбегі ақталды байкүстың,Нүр отарларың ойланып жатыр ғой сабынсыз кіріп қалай жоғарлап кетсем деп,Рессейге жалбаңдаймыз деп бір касманафтымыз үшалмай қалды ғой көп жалбаңдап кадіріміз кетіп тұр,



Бұл заманда жағымпаздың қарны тоқ бұлар казіргі системаны мқтайтындар,жағымпаздан аулақ жұргендер жұмысы қарапайым ұйі жоқ,







 

pdxdyaqt http://ghohtm.com/ fjivom [url=http://rxqmlx.com/]fjivom[/url]





myuaavt



bvnjtd



Өкінішке орай, қазіргі қазағымыздың копшілігі осы аурумен ауырады Ол әр адамның санасына, ішкі жан дүниесіне байланысты. Ол адам әділ, әрі шыншыл болса онда ол бұл аурумен ауырмайды.



fpunwhgi http://bkjrbq.com/ yhyjlhn [url=http://qvzqha.com/]yhyjlhn[/url]

Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
7 + 10 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Мамыр 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
0123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031123

Айлық статистика

<<  >>