Жағдайдың жоқтығына бала жазықты ма? | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Абұйыр, атақ сол жанда –
Кімді көп жұрт мақтаса.
Ол мақтаудан не пайда,
Көп мақтауын таппаса?

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
1996-2004 жылдар аралығында Ресейде білім алған қазақстандық 2 мың әскери қызметкердің оқуына 135,73 миллион доллар қаржы жұмсалған.

(Қаржы министрі Болат Жәмішовтың дерегі)

Айтқыш екен
Лондон олимпиадасына баратын қазақ спортшыларына жоғары жақтан: «Лондоннан алты алтын және Әблязовті алып келіңдер» деген қатаң тапсырма беріліпті.

Қазақ КВН-шыларының әзілі

Загрузка

Жағдайдың жоқтығына бала жазықты ма?

Жәрдемші


Соңғы жылдары өз баласын аяусыз ұрып-соққан, тіпті, балалық қыңыр қылығына бола сәбилерді жер жастандырған ата-аналар туралы ақпараттарға етіміз үйрене бастағандай. Неге? Неліктен әке мен шеше қатыгезденіп, тасжүректеніп барады? Әлеуметтік жағдайдың әлсіздігіне бала жазықты ма? Бәлкім, бұл жекелеген адамның емес, тұтас қоғамның мейірімсіздігі мен тасбауырлығынан ба? Тар құрсағын кеңейткен туған баласын таяқтауға ата-ананың қалай дәті барады? Мүмкін баланы шықпыртып сабауды кейбір отбасылар тәрбиенің бір түрі деп білетін шығар? Әлде бұған елдің тұрмысын тұралатып, қымбатшылыққа ұрындырып отырған саясат кінәлі ме? «Балам - болашағым» дейтін елдің мұнысы несі?

Талқы-Форум осындай сауалдарға жауап іздейді. Ой бөлісіңіз, оқырман!

«Абай-ақпарат»


 




Бәрі емес, бірақ көп қазақтар баланы мәжбүрліктен туады және оны тәрбиелеуге білімі жетпейді, сана төмен. Кейде күйеуінің де мінезі әйелді қаталдыққа, өшін баладан алуға итермелейді.



Адамнын санасымен әлеуметтік жағдайға байланысты.



Адам бол мал тап, адал бол бай тап. Ұрыс-керістің әр жағында имансыздық тұрады. Егер Чеховтың "спать хочется" деген әңгімесін қарасаңыз шексіз зорлықтың түбі трагедияға апаратынын байқайсыз. Баланы тәрбиелеу үшін білім керек, және қай жастағы адам болсақта батыл ізденуден жалықпау керек деп ойлаймын.Өзі айуан болса бала қайда барады? Ұлттық бала тәрбиелеу институты құлағалы қай заман, баланы көше тәрбиелейді дейміз ... ол да рас. Бұның әр жағында әлеуметтік тұрмыс ахуалы тұр. Енді не істейміз?! Меніңше ер -азаматтар барынша күшті біліммен байлыққа ұмтылу керек. Әйел үйде отырмаса бала бала болмайды.Және әйелді де романды көп оқуына үнемі ықпал жасауымыз керек. Адамның деңгейін, жанын, рухын байытатын ең күшті құрал роман. Күйші



Қазіргі ауыр заманда бала тәрбиелеу өте қиынға соғып тұр.
Ақша табамын, баламды асырайммын ата - ана таңның атысы, кештің батысы жұмыста болады. Балаға көңіл бөлінбейді. Тек кешке ғана көреді балаларын.
Ал әйел адамға - анаға тіптен қиын. Ер азаматпен бірдей кешке дейін жұмыс істейді.
Қызметтегі әйел адамдарға тым болмағанда ер адамдардан 1 сағатқа жұмыстан ерте босатып үйге қайтарса, оның өзі жеңілдік емеспе деп ойлаймын.



Адам - қоғамның айнасы... Және бүгінгі қоғамдағы сұрқиялықтың бәрі орыстармен бірге келген. А.Малаховтың бағдарламасын қарасаңыздар - сол Ресейдің бүгінгі келбеті. Ал, біздің көкелер әлі күнге дейін соларға жалтақтауын, еліктеуін қоймайды. Қазақта бұрын, жетімдер үйі болып па еді? Жоқ. Қарттар үйі ше? жоқ. Қыздарын еркелетіп мәпелеп, ұлдарын нағыз ер қылып өсірген бабамыз.
Негізі, мейірімділіктің қайнар көзі - әжелерде! Өзім әжемнің қызы болғам!
Ондай қатыгез жандарға айтарым, комедия жанрындағы фильмдерді көп қараңыздар - ол адамның жанын жадыратады. Таза ауада көп серуендеңіздер, өмірді жек көруді доғарыңыздар! Сонда ол сіздерге бетімен бері қарайды. Және арақ - атадан қалған асың емес екенін есте сақтаған жөн. Жаңа туған сәбидің жақсы не жаман болып қалыптасуына мүмкіндігі 50 де 50. Ата-ана, ол сенің ғана қолыңда! Мейрімді болайық. Иманды болайық! Мен тіпті көзіме елестете де алмаймын дап-дардай адам қалай ғана қорғансыз сәбиге әлімжеттік көрсетеді. Дап-дардай адам бала үшін үлкен қайырымды қорған болу керек қой. Бала ата-анасынан қорықпауы керек. Қалыптасып келе жатқан кішкентай адамның психикасын әлсіретуге ешкімнің құқығы жоқ. Мың жерден ата-ана болсаң да.!



Балалар мен әйелдерді отбасындағы қатыгездіктен қорғайтын заң керек.



Рас! Ары бар да ұтылмас! Өтірікпен ақ босағаға кірісімен төр менікі дегендер де аз емес! Ондайларды әжелеріміз аластатып шығарып салған. Бөлек тұр, әрі жұр - арлы қыздарыма бәлең жұғады, деп. Өз немеремді қызым деп перзентханадан қөтеріп үйіме қуаныш келді деп едім-ау. Бір аз уақытта жатақханадан қысылып келген келінжан:"Үйді бөліңіз" деп, мінезі өзгеріп,сұрланып қалғаны. "Стерва" екені басында-ақ белгілі еді, бірақ өз аузымен өзін айтқан соң - обалы өзіне болар.



оларды ата ана деп айтуга аузың бармайды. Рас, балаларды қорғау үшін заң қажет.



Пікір алынып тасталды!



Адам - қоғамның айнасы... Және бүгінгі қоғамдағы сұрқиялықтың бәрі орыстармен бірге келген. А.Малаховтың бағдарламасын қарасаңыздар - сол Ресейдің бүгінгі келбеті. Ал, біздің көкелер әлі күнге дейін соларға жалтақтауын, еліктеуін қоймайды. Қазақта бұрын, жетімдер үйі болып па еді? Жоқ. Қарттар үйі ше? жоқ. Қыздарын еркелетіп мәпелеп, ұлдарын нағыз ер қылып өсірген бабамыз.
Негізі, мейірімділіктің қайнар көзі - әжелерде! Өзім әжемнің қызы болғам!
Ондай қатыгез жандарға айтарым, комедия жанрындағы фильмдерді көп қараңыздар - ол адамның жанын жадыратады. Таза ауада көп серуендеңіздер, өмірді жек көруді доғарыңыздар! Сонда ол сіздерге бетімен бері қарайды. Және арақ - атадан қалған асың емес екенін есте сақтаған жөн. Жаңа туған сәбидің жақсы не жаман болып қалыптасуына мүмкіндігі 50 де 50. Ата-ана, ол сенің ғана қолыңда! Мейрімді болайық. Иманды болайық! Мен тіпті көзіме елестете де алмаймын дап-дардай адам қалай ғана қорғансыз сәбиге әлімжеттік көрсетеді. Дап-дардай адам бала үшін үлкен қайырымды қорған болу керек қой. Бала ата-анасынан қорықпауы керек. Қалыптасып келе жатқан кішкентай адамның психикасын әлсіретуге ешкімнің құқығы жоқ. Мың жерден ата-ана болсаң да.!
Отеп дурыс айтылган пикир 100% косыламын .Осыны әр ата ана оз жадында сактап кунделикти омирде колдана билсек кой ! Сондыктан да осындай козкарастар биздин когамда 50 % алса тамаша болар еди .Осы тектес усыныстар мемлекеттик идеология ретинде биз гана окыйтын осындай сайттарда гана емес, Казакстаннын букил БАК тарында сайрауы керек. Когамды усыныстары осындай кишигирим коринетин ал негизинде натижеси улкен болатын осындай маселелер тузейди.Кандай да бир ири ,мен деген экономист болсын мемлекеттин әлеуметтик жагдайын тузете алмайды когам тузелмей ,ал когамнын тузелуи әлгиндей алғышарттардын иске асуынан турады . Осындай маселелерди биздерге бетпе бет биригип шешуимиз керек .



каптап кеткен шетелд3к багдарламаларды таза казакша аударцып барып теледидардан беру керек



Пікір алынып тасталды!

 





 

Ішіңді қан жалататын жағдай әлуменнтік жағдайды қорғайтын мемлекеттік мекемелердің немқурайлығы және мектептің немқрайлығы халықтың жанына қатты батып тұр







lsarrrm

 



dznwrag



vucmitkp http://cjabgz.com/ htlvoia [url=http://ecwols.com/]htlvoia[/url]

Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
7 + 11 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Мамыр 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
0123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031123

Айлық статистика

<<  >>