«Ұлы сазгерге өз бейнесін экраннан көрсете алмағаныма әлі күнге өкінемін!» | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Достық, қастық, бар қызық – жүрек ісі,
Ар, ұяттың бір ақыл күзетшісі.
Ар мен ұят сенбесе – өзге қылық,
Арын, алқын – бұл күннің мәртебесі

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
Астананың бір минуттық шығыны - 600 мың теңгені құрайды
Айтқыш екен
Обал болды көзге де, құлаққа да,--
Сеніп елге бермейсің сыр ақтара.
Қарайтының күдіз-түн бір-ақ канал,
Көретінің бір кісі, бір-ақ қала.

А. Мұқабай, асаба

Загрузка

«Ұлы сазгерге өз бейнесін экраннан көрсете алмағаныма әлі күнге өкінемін!»

Жәрдемші


«Қайран, Шәмші» деректі фильмінен көрініс.

Тамыздың 15-інде әйгілі композитор Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 80 жыл толады. Композитор жайында көзі тірісінде «Қайран, Шәмші» деп аталатын деректі фильм түсірілген болатын. Фильм режиссері Тілеген Ахметовпен болған сұқбатты назарларыңызға ұсынамыз.


АЛҒАШҚЫ ЖӘНЕ АҚЫРҒЫ КЕЗДЕСУ

- Композитор туралы «Қайран, Шәмшіден» басқа деректі фильм жоқ екен. Осы туындыны жасауға қалай қол жеткізген едіңіз? Арнайы тапсырыс болған ба еді, әлде өзіңіздің жеке ұмтылысыңыздың нәтижесі ме?

- 90-шы жылдардың басында «Қазақтелефильмге» қызмет ауыстырып келдім. Деректі фильм түсіруді енді-енді бастап, кірісіп жүрген кезім еді. Бұл іске түрткі болып, бел будырған - Қазақ радиосынан Шәмші аға жайында дайындалған бағдарламаны тыңдауым болды.

Сол бір кездейсоқ естіп қалған радиохабар арқылы Шәмшінің әңгімесін алғашқы рет көңіл қоя тыңдадым. Содан ойға қалдым. «Япыр-ау, бұл кісі қайда жүр? Оның замандасы біз білмесек, кейінгі ұрпақ мүлде білмей кетеді ғой » деген ой жетегімен ертеңінде бастығыма кіріп, Шәмші аға туралы фильм түсіргім келетіндігін айттым.

Марқұм Кәрім Танаев деген киногер жақсы адам еді. Менің ойымды бірден құптап, тапсырысыма қол қойып берді. Содан фильмнің сценарийін жазайын десем, материал жоқ.

"Қайран, Шәмші" деректі фильмінің режиссері Тілеген Ахметов.

1991 жылдың қысында Орталық концерт залында Шәмші ағаның 60 жылдығына орай концерт өтті. Сол кешті таспаға түсіргенім болмаса, сазгермен жақын сөйлесу мүмкіндігі болмады. Онда да көпшіліктің қаумалай берген соң жанына жақындай алмағанмын. Сәті түскенде жақсылап әңгімелесермін деген ойменен қайтып кеттім.

Арада бірнеше ай өткен соң, әркімнен сұрау сала жүріп, әупірімдеп қайта таптым. Бұл кезде Шәмші аға Шымкент шаһарынан 200 шақырым жерде тұратын қарындасының үйінде қатты ауырып жатқан еді.

Естіген бойда, сол күнгі кеште-ақ поезбен операторымды ертіп, екеуміз бүкіл құрал-саймандарымызды арқалап, Шымкентке тарттық.

ШӘМШІНІҢ БОЙ ЖАЗУЫ

- Шәмші ағамен қандай жағдайда кездестіңіздер?

- Аллатағаланың көмегін айтсаңызшы, біз барар қарсаңда аурудан әлсіреп, ес-түссіз жатқан Шәкең, біз барғанда бой жазып, далаға шығып орындықта отыр екен. Фильмдегі көпшілікке таныс бейнесі - сол қатты науқастан есін қайта жыйып отырған кезі... Көп әңгімелесуге шамасы да келмеді. Әр сөзінен соң дем алдырып алып, «халыққа керек-ау» деген нақты-нақты сұрақтарды қоюға тырыстым.

«Қайран, Шәмші» деректі фильмінен көрініс.

Мәселен, «Менің Қазақстаным!» әнінің туу тарихын сұрағанымда, Шәмші аға: «Кезінде біздің солтүстігіміздегі бес облысты «целинный край» етіп бөліп жатқанда, «Менің Қазақстаным!» деп жазған ұран әніміз еді...» дегені бар. Шәмшінің осы бір бейнетаспадағы дара бейнесі оның өмірінің соңғы сәттерінде түсірілген.

- Сол бір дидарласудан Шәмші болмысы туралы қандай ой түйдіңіз?

- Адамның неғұрлым кемелденген сайын соғұрлым қарапайым бола түсетіндігін сол жолы Шәмші ағаның болмысынан байқадым. Әңгіме үстінде, сол кездегі шенеунік туралы болсын, өзінің замандас, иықтас әріптестері - композиторлар мен әншілер туралы болсын, жалпы бір адам туралы бір ауыз жаман сөз айтқан жоқ. Осының өзі үлкен парасаттылық деп ойладым. Шәмші аға төрт жыл Сахалинде әскери қызметте болған ғой. Сондықтан да әр сөзінен тиянақтылық пен нақтылық көзге ұрып тұрды.

ӨТІНІШ ПЕН ӨКІНІШ

- Шәмші ағаның өзі осы фильмді қалай бағалады?

- Шәмші туралы деректі фильмнің түсірілімі аяқталғаннан кейін кезекті іссапарға кеттім. Қайтып келгенімде қызметтестерімнен Шәкеңнің қайтыс боларынан бірер күн бұрын: «Бір інім фильм түсіріп жатыр еді, соны көргім келеді» деген өтініш айтқандығын естідім. Әріптестерім киноны көрсетуге әрекет жасап-ақ баққан екен. Алайда, кинопленкасы кеуіп те үлгермеген ғой... Ұлы сазгерге өз бейнесін экраннан көрсете алмағаныма әлі күнге өкінемін!


Ақын Жұмекен Нәжімеденов пен композитор Шәмші Қалдаяқов (оң жақта). Aлматы, 1963 жыл.

«Қайран, Шәмші» фильмі негізінен, сазгер өмірі мен шығармашылығының шарықтауын жан-жақты, толыққанды көрсететін фильм болуы керек еді. Алайда, асыл тұлғаның тірі бейнесін алғашқы болып таспаға түсіргендігімді мақтан тұтамын.

Біреулер сол фильм кадрларынан үзінділер пайдаланып бейнеклип жасап, енді біреулер кітап шығарып, үлкен ән кештерінің сахна төріне жеке сурет түрінде үлкейтіп іліп қойып жатады. Шәмші - жалпы халықтық тұлға екендігінде дау жоқ! Алайда, тарихи бейнені түсіруге себепші болғандығымды бір де бір жан ауызға алмайды...  

- Әңгімеңізге рақмет!

 

Азаттық радиосы

 


 




Авторы ким болды екен?Жаксы жазылган сухбат екен. Ким алса да сауатты сухбат болып шыгыпты...



Ән -аға

Жолықсаң да өмірдің қандайына,

Татымады қу тірлік таңдайыңа.

Отырардан басталған ұлы сапар,

Ән жолдарын салыпты маңдайыңа.

Тырналардай көктегі тізілді өлең,

Жүз жылдық мұң жатыр ғой жүзіңде ерен…

Жанарыңның жазуын жасырады,

Темекіңнің түтіні үзілмеген…

Асулардан әнменен асу үлгі,

Түсінбеді тасырлар тасуыңды.

Ащысынан тірліктің ашынғанда,

Ащы судан алар ең ашуыңды…

Енді сенсің – еліңнің ұран-әні,

Әуеніңе кім шыдап тұра алады?

Әлдилеген даланы әндеріңнен

Қазақстан картасы құралады…

Махаббаттың мәңгілік жасыл бағы,

Сыр сұлуы сырын еш жасырмады…

Ақ бантикті ұмытқан Ақмаңдайға,

Ақ жаңбырдай сезімің басылмады…

Мың бұлағы Тамдының шапқылап бар,

Құйылады кеудеңе атқылап нәр.

Ақ еркенің ақ қанат арманымен

Ақ Жайыққа айналар ақ бұлақтар…

Ықыласын жүрсең де көріп көптің,

Жалғыздықты жаныңа серік те еттің…

Сыймай кеткен кезінде ел ішіне

Сыған қызбен сырласып, еріп кеттің…

Ақсұңқарға өзіңді балады ма,

Ғашық етті Қара көз жанарына.

Іздеп өттің қаланы, даланы да…

Теріс мінез танытсаң қоғамыңа,

Теріскейдің тербелдің самалына…

Көкжиекке көгілдір көш кеткенде,

Көңіл ауып, қосылдым кештеп мен де…

Өмір - өзен…

Қайығын есіп келем,

Ес кеткенде айрылып ескектен де…

Көрікті әнің көп жерді көркем еткен,

Келем туған ауылға еркелеп мен.

Кейде сенің әніңе елтігенде,

Сөйлесемін Анаммен ерте кеткен…

Алаңсыз күн алыстап бар әдемі,

Сансыратты тағдырдың сан әлегі…

Қарапайым жер басып жүргізе ме,

Әуелетіп әкетті ән әлемі…

Айналдырып жібердің елді өлеңге,

Ұлылығын өнердің көрді әлем де…

Ән патшасы бәрінен биік болып

Ел патшасы еріксіз ерді әуенге…

Талантыңа талай ел таңдай қағып,

Бас бермей-ақ шабасың шалғайға алып…

Тұнған сезім тұла бой болғасын ба,

Есімің де кетті ғой әнге айналып…

Жасыра алар өмірдің кім шындығын,

Қадіріңді қайдан ел білсін бұрын…

Ескерусіз, елеусіз жүрген жерде

Ескерткіш боп еңселі тұрсын бүгін…

Жағасында Арыстың отырар кім?

Ойындасың жүректе оты бардың.

Оралдың ғой ән болып туған жерге

Тарқамайды тойы енді Отырардың!..



Ұлы сазгер өзі жайлы талай таспаны артына қалдырған болса онда ана жазбаны сұрар ма еді..Дара сазгер өз заманында бағаланбағаны қатты өкінішті..

Тілеген Ахмет аға мені ешкім айтпайды деп ренжіп қайтесіз сенің еңбегің арқылы бүгінгі бар қазақ Шәмшіні соның ішінде ана ән үраның тариқын біліп отырғой соғанда қуанбайсыз ба?

Бұл еңбегіңіз біреулердің өлеңі сияқты ертең үмтылып қалатыны секілді емес мәнгілік еңбек қой...

мәселе сіздердің өте тамаша сұрақ қойа білгеніңз де ғой ..менше бұны шен шекпенге аудармаңыз ұлы сазгер халқына тегін еңбек етті ғой!!!кереметтігі осы .



қолда бардың қадірі жоқ деген сөзді өз қазағымыз айтты ,әрі нақты, әрі түсінікті бірақ оны ешкім ешқешан ескерген емес.Ән ағамыздың жақсы жөнді суретіде қалмаған артында.Осы кереметтей әндердің жоғалмай бізге жеткеніне де шүкір.Әйтпесе не болар еді.Тілеген аға Алла тілегіңізді берсін!!! Қымбат мұраны сақтап қалғаныңыз үшін!

Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
5 + 4 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Ақпан 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
-1012345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728291234

Айлық статистика

<<  >>