Тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа отбасылық сәтсіздік септігін тигізеді, ал оның алғышарты күрделі материалдық-тұрмыстық жағдайда – ІІМ | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Абұйыр, атақ сол жанда –
Кімді көп жұрт мақтаса.
Ол мақтаудан не пайда,
Көп мақтауын таппаса?

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
1996-2004 жылдар аралығында Ресейде білім алған қазақстандық 2 мың әскери қызметкердің оқуына 135,73 миллион доллар қаржы жұмсалған.

(Қаржы министрі Болат Жәмішовтың дерегі)

Айтқыш екен
Лондон олимпиадасына баратын қазақ спортшыларына жоғары жақтан: «Лондоннан алты алтын және Әблязовті алып келіңдер» деген қатаң тапсырма беріліпті.

Қазақ КВН-шыларының әзілі

Загрузка

Тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа отбасылық сәтсіздік септігін тигізеді, ал оның алғышарты күрделі материалдық-тұрмыстық жағдайда – ІІМ

Жәрдемші


Астана. 3 қыркүйек. ҚазТАГ - Тұрмыстық зорлыққа септігін тигізетін факторлардың бірі - отбасылық сәтсіздік болып табылады, ал оның алғышарты отбасылық күрделі материалдық-тұрмыстық жағдай, сондай-ақ ата-аналарының денсаулығының нашарлығы. Қазақстан ІІМ әкімшілік полициясының комитеті жұма күні тұрмыстық зорлық проблемасын зерттей келе осындай ақпарат таратты.

«Респонденттердің пікірінше зорлықтың себебі болып табылатындар: қызғаныш - 24,7%, алкоголизм - 23,7%, келіспеушілік - 7%, мүліктік талас (материалдық) - 33,8%, отбасылық тіршілікке басқалардың араласуы - 10,3%, басқа себеп - 0,5%. Отбасылық дау-дамайдың себебі 83,1% жағдайда спирттік ішімдікті ішуінен», - дейді ведомство.

Биылғы зерттеулер қорытындысы елдің әр түкпірінде тұратын әйелдерге жүргізілген ІІМ әзірлеген анкеталық тәсілге негізделген. Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бойынша полиция әрекетін ұйымдастыру жөніндегі бөлімше инспекторлары және ҚР ІІМ академиясының ғылыми зерттеу институтының қатысуымен  жүргізілген сауалнама, отбасылық-тұрмыстық қатынаста жасалатын зорлықтың деңгейін, формасы мен тәсілдерін зерттеулерді қамтыды.

Комитет мәліметтерінше, барлығы 30 мыңнан астам респонденттер, оның ішінде әйелдерді зорлықтан қорғау бөлімшелеріне немесе дағдарыс орталықтарына көмек сұрап немесе консультацияға келген әйелдер мен балалар, сәтсіз отбасынан полицияда бұзақылар деп есепте тұратын полицияға жеткізілетін тұлғалар, сондай-ақ әкесі мен шешесі ата-аналық құқығынан айрылған балалар сұралды.

Зерттеулер тек әйелдерге қатысты емес, балаларға, ер азаматтарға, қарт ата-аналар мен отбасылық басқа мүшелерге де қатысты жүргізілген. Ол отбасылық тұрмыстық қарым-қатынас саласындағы зорлықтың алдын алудың жаңа формалары мен тәсілдерін әзірлеуге, сондай-ақ ішкі істер орган қызметкерлеріне оның профилактикасы үшін ұсыныстар әзірлеуге септігін тигізді делінген ақпараттық баянда.

 


 


Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
3 + 11 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Мамыр 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
0123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031123

Айлық статистика

<<  >>