«Тозақ» | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Достық, қастық, бар қызық – жүрек ісі,
Ар, ұяттың бір ақыл күзетшісі.
Ар мен ұят сенбесе – өзге қылық,
Арын, алқын – бұл күннің мәртебесі

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
Астананың бір минуттық шығыны - 600 мың теңгені құрайды
Айтқыш екен
Обал болды көзге де, құлаққа да,--
Сеніп елге бермейсің сыр ақтара.
Қарайтының күдіз-түн бір-ақ канал,
Көретінің бір кісі, бір-ақ қала.

А. Мұқабай, асаба

Загрузка

«Тозақ»

Жәрдемші


1949 жыл... «Тағдырдың тезінде» тапталған қазақ үшін қасіретті жыл. Байтақ еліміздің Абайдай, Шәкәрімдей, Мұхтардай даналарын тудырған қасиетті топырағында «Алғашқы нажағай» деген кодтық атаумен ядролық бомба жарылды. Сәйгүліктер жосыған өлкеде «саңырауқұлақтар» өсті. Айналдырған қырық жылда Семей сынақ полиганында 456 жарылыс өткізілген-ді. Соның зардабын сынақ полигонына жақын маңдағы ауыл-қала тұрғындары тартып, радиациялық сәулеленуге ұшырағандардын саны бір миллионға жуықтады. Қасірет пе, қасірет. Бұл маңдағы адамдардың орташа өмір ұзақтығы Қазақстанның басқа аймақтарымен салыстырғанда 7 жылға кем. Радиациялық сәулеленудің салдарынан түрліше айықпайтын ауруға тап болып, бүгінгі күнге дейін мүгедектіктің азабын тартып жұргендері қаншама? Семей сынақ полигонының ашылғанына 60 жыл толуына орай осы бір суреттер топтамасын беруді жөн санадық.

(Ed Ou/Reportage by Getty Images)

www.nur.kz

 


 




Қасірет!



Қайран, Сарыарқа!!!



Сарыарқа қасіретін суреттері арқылы көрерменге шынайы етіп жеткізген суретшіге рахмет.



Құдай енді мұндай тозақты көрсете кеөрмесін.



Балқан тауда, жақпар тастың жанына

Қайта келіп жалғыз өзі тағы да,

Тумысынан қос қолы жоқ суретші

Құлақ түрді жетім тырна зарына.

Қарауытқан қара барқын қырқадан

Сырғыды түн сүрлеулермен мың тарам.

Қоймалжыңдау қоңыр нұрын іңірдің

Сапырады тісіндегі қылқалам.

Қан жоса боп құбыла жақ көгілдір,

Өксіп тұрды ай таңбалы өмір бір.

Қылқаламға қызыл қаны шашырап

Күні батты күреңіткен өңірдің.

Бірақ, мынау тасқа біткен суреттен

Күркірейді көк нөсерлі бір көктем.

Көкірегінде көкше жасын шырқырап

Көшеді бұлт көкпар тартып дүрмекпен.

Ақ мамық нұр айдарынан үлпілдеп

Қара ағаш та бүршік жарды біртіндеп.

Сурет емес, қайнап жатқан өмір бұл

Тас қазанда мың бояумен бүлкілдеп!

Суретшінің көзі жайнап күлгенде,

Жалтылдап ол қара кәусар нұрмен де,

Сыңар тамшы көз жасынан мөп-мөлдір

Бояу түсі өзгереді бір демде.

Тұлымына қызыл-жасыл гүл байлап

Сарыөзекте сәнденгенде сұрқай бақ.

Қалқып шықты Хиросима бояуы

Тас қазанда көлеңке мен күл қайнап…

Суреттегі ай маңдайлы әлемді

Қылқаламмен сипап…

Ойға бөленді.

Тас бетінде ақиқатты тірілтіп,

Жауыздықты жазаламақ ол енді!

Үкім оқу қазір оның ырқында,

Жай ойнаған Балқан таудың сыртында

Жаңбырлатып жалғыз ұшып барады

Қос қанатын от шарпыған бір тырна…

1993 жыл.

Арман Қани,

Павлодар қаласы.



Жаңбырлатып жалғыз ұшып барады
Қос қанатын от шарпыған бір тырна…

.....................................................................



Қайран...қазақтың...Алаштың...Абайдың...жері... бомбаға уланған...!!!

Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
14 + 2 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Ақпан 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
-1012345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728291234

Айлық статистика

<<  >>