
Астана мен Алматыда Тiлдердi қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын әзiрлеу жөнiндегi жұмыс тобының отырыстары өтіп жатыр. Аталған жұмыс тобына Мәдениет және ақпарат министрi Мұхтар Құлмұхаммед (сурет-1) жетекшiлiк етiп, оның қос орынбасарының бiрiне белгiлi ақын, қоғам қайраткерi Мұхтар Шаханов (сурет-2) бекiтiлді. Бұл жайт билiктің халық өкiлдерiмен келісе отырып іс атқаруға бейілді екенін білдірсе керек. Әйткенменде, расы солай ма екен? Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы қашан тиянақталып бітеді? Мемлекеттік бағдарлама тағы да тіл мәселесін ұзаққа сілтеп, бұлыңғырлатып жібермей ме? Ұлт күтіп отырған маңызды істің ақыры кезекті рет су аяғы құрдымға кетпес үшін бағдарламада қандай жайттар нақты көрініс табуы керек деп ойлайсыз? Бағдарламаға қатысты қандай ұсыныстар айта аласыз? Бұл билік пен Мұхтар Шахановтың ғана жұмысы емес. Сондықтан Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына байланысты ой-тілектеріңізді жолдаңыз. Біз оны тиісті орындардың құзырына жеткізуге уәде етелік.
«Абай-ақпарат»



http://elib.assembly.kz/index.php?modname=menu&action=show&id=71&lang=1
Әйгілі Қазақстан Халқы Ассамблеясының ресми сайты неге қазақша қате жазады?
Мурзалиев Кадыр поэт 511-ші
Мырзалиев Кадыр поэт 528-ші
Қазақ тілінің таза қолданысын қадағалайтын құзіретті ұйым болғаны жөн.
Өз басым тіл полициясы сияқты ұйымдардың болуына қарсымын. Мүмкіндігінше жаңа коррупцияны туғызып, қазақ тілін мазақ қылатын ұйымдардан ада болған дұрыс
Номад
Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын қайдан табуға болады?
Соны жасау керек қой! Сол үшін комиссия құрылып жатыр! Соған ұсыныс бер деп отыр ғой мыналар!
Қазақ тілінде жазу жұмыстарымен айналысатын маман, мекемелердің жауапкершілігін күшейту керек. Баспа өнімдерімен айналысатны ұйымдарға қазақ тіліндегі сөздердің заңдылығын сақтамай, қате жазғаны үшін үлкен сомада айыппұл салдыратын ЗАҢ керек.
Бағдарламаның аты дұрыс емес. Тілдерді дамыту мен қолдану деген не сөз? Бұны қалай түсінуге болады? Бағдарламаның атынан заты қандай болатыны көрініп тұр. Сондықтан ауыз ауыртудың қажеті жоқ шығар...
Иранғайып
1. Конституциядағы "орыс тілі - ресми тіл және ұлтаралық қарым-қатынас тілі. Қазақ тілімен бірдей тең дәрежеде қолданылады" деген бапты алып тастау керек. Бірінші Президенттің мәңгілік тақта отыруы үшін Конституцияға өзгерістер енгізеді - ал халықтың қасиетті тіліне келгенде неге тартыншақтайды.
2. "Қазақстан Республикасы" деген атауды - "Қазақ Республикасы" (Қазақ елі) деп өзгерту керек. "Стан"-нан біржола құтылу қажет.
3. Балабақшаларды орысша-қазақша деп бөлмеу қажет. Балабақша тек қана қазақша болуы тиіс. Орысша балабақша деген елде мүлде болмауы тиіс.
4. Орыс мектептеріндегі сабақтың кем дегенде 50 пайызы қазақ тілінде жүруі тиіс. Жалпы мемлекет өзге тілдегі оқу орындарын бюджеттен қаржыландыруды қою керек. Орыс тіліндегі барлық оқу орындарына (мектептер, колледждер, ЖОО) мемлекет бюджетінен бөлінетін қаражатты қатаң шектеу керек.
5. Жұмысқа қабылданарда, лауазымын жоғарылатуларда және тағайындауларда қызметкердің қазақ тілінен емтихан тапсыруы міндетті болуы тиіс. Одан өте алмаған адам жұмысқа қабылданбауы және жоғары лауазымдарға тағайындалмауы тиіс.
6. Іс қағаздарының жүргізілуі (мемлекеттік мекемелерде, жеке фирмаларда, банктерде, халықаралық кәсіпорындар мен компаниялардың бәрінде) мен хат-хабар алмасулардың барлығы 100 пайыз қазақша болуы қажет.
7. Барлық мемлекеттік орындардағы отырыстар, кеңестер, басқосулар, жиналыстар мен ресми кездесулер - тек қана Қазақ тілінде жүргізілуі тиіс.
8. Аудандық, қалалалық, облыстық және республикалық мәжіліс пен сенатқа депутат болып сайланатын тұлғалар қазақ тілін меңгеруі бойынша емтихан тапсыруы тиіс. Президент тапсырады ғой - солай олар да тапсыруы тиіс.
9. Барлық мекемелердегі Қазақ тілін білмейтін адамдардың тізімі шығарылып, егер олар қазіргі жұмыс орнында қалғысы келсе, 6 ай ішінде қазақ тілін үйренуі тиіс деген талап қойылуы тиіс. Осы мерзім ішінде үйренбесе - жұмысымен қощ айтыссын.
10. Балалары мен немерелері қазақша білмейтін адамдардың жұмыс орындары бойынша тізімі шығарылып, ол жария етіліп, өзінің балаларына мемлекеттік тілді үйренуге жағдай жасауына - тағы да 6 ай мерзім берілуі тиіс.
11. Көшедегі жазулар, жарнамалар, маңдайшадағы жазулар, хабарландырулар - тек қана қазақ тілінде жазылуы тиіс. Орысшасын жоқ қылу керек.
12. Ірі елді мекендердің аттарын (Петропавл, Павлодар) алдымен қазақшалау керек. Қызыл орда деген сияқты Қызыл империяның атын еске түсіретін атаулардан да арылу керек.
Кішкене халыққа үлкен намыс қажет
SERA, мен сіздің ойыңызға толығымен қосыламын. Шіркін, үкімет басындағылар да осылай ойласа ғой.
Егер Сіз басқа елде тұрып, Сізге осындай талаптар қойса Сіз қандай жағдайда болар едіңіз? (мысалы, Сіздің ұлтыңыз басқа дейік, бірақ Қазақстанда тұрасыз және қазақша білмейсіз).
Мен ұлты басқа азамат болсам қай мемлекетте болсамда сол мемлекеттін негізгі халқының тілін, мәдениетін білуге тырысам. Бұл қорықанан емес сыйлаудан болады.
билік уақытты созып,әдейі кешіктіріп отыр. өз отанында тұрып, өз ана тілінде сөйлей алмайтын қазақтар биліктің басында тұрғанда, мемлекеттік тілдің іске асуы мүмкін емес. орыс тілінде сөйлейтін қазақтарды биліктен аластау керек.
МЕН ЖАСТАРҒА СЕНЕМІН! ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚ ЕЛІН САҚТАП ҚАЛАЙЫҚ! БІРАҚ, ТИМУР ҚҰЛЫБАЕВ ТУРАЛЫ КӨЗІ АШЫҚ, КӨКІРЕГІ ОЯУ ҚАЛАМЫ ҚАРЫМДЫ ЖУРНАЛИСТ, АҚЫНДАРЫМЫЗДЫ АСҚАР ҚҰЛЫБАЕВ "АТУ КЕРЕК!" ДЕДІ!!! БҰЛ ДА ІСКЕ АСАТЫНЫНА КҮМӘНІМІЗ ЖОҚ! ҚАЗАҚТА: "СЫН ТҮЗЕЛМЕЙ, МІН ТҮЗЕЛМЕЙДІ!" ДЕГЕН АТАЛЫ СӨЗ БАР! АСҚАР АТА, (ҚҰЛЫБАЕВ) ЕШКІМДІ ДЕ АТЫП ӨЛТІРІП, ҚОЛЫҢЫЗДЫ ҚАНҒА МАЛМАЙ-АҚ ҚОЙЫҢЫЗШЫ! ПАЙҒАМБАР ЖАСТАҒЫ АҚСАҚАЛДЫҢ АУЗЫНАН ШЫҚҚАН СӨЗ ЕЛДІ ҮРКІТУДЕ! ОНЫҢ БҰЛ МӘЛІМДЕМЕСІНЕН КЕЙІН ЕШКІМ ДЕ ҮНДЕЙ АЛМАЙТЫНЫНА ТОЛЫҚ СЕНЕ БЕРІҢІЗ.
Ау. әншейінде "Тіл, Тіл" деп жүретін ағайын, енді бұл жерге нақты ұсыныстар берсеңіздерші.
Енді жоғарыда айтылған мәселелердің шешудің нақтылы тетіктерін (механизмдерін) және жолдары міне:
1. "Орыс тілі Қазақ тілімен тең қолданылады" деген бап Мемлекеттік тілге біртіндеп көшу кезінде уақытша енгізілген болатын. Енді 20-жыл өтіп, оны алып тастайтын уақыт жетті". Міне, осындай бір сөздерді орысы бар, қазағы бар - бүкіл халықтың санасына әр күн сайын құя беру керек. Себебі, Конституциядағы бұл мәселеге халық қарсы болмауы керек, орыс тілділер арасында қобалжу тумауы тиіс. Осы күннен бастап, солай елдің санасына сіңіре берсек, бірнеше жылдан соң, Қазақстанда ешкім де бұған қарсы болмайды. Билік те қарсы емес. Бұл жерде тек билік Мәскеуден ғана қорқады олар. Мәскеуге де дәл осылай түсіндіру керек: "орыс тілінің мемлекеттік мәртебесі бұрыннан да жоқ болатын, енді мемлекеттік тілге өту кезеңі артта қалғандықтан, барлық облыстар Қазақ тіліне көшіп болғандықтан, бұл бап артық болып қалды. Азаматтардың тілі бойынша кемсіту болмайды дегеннің өзі жеткілікті" - деп.
2. "-станнан" үкіметіміздің өзі де құтыла алмай жүр. Ауғанстан, Пәкстан, Тәжікстан дегендердің қатарында аталып, дүниені және инвесторларды үркітіи отырған осы сөз. Дүние Ауғанстан мен Қазақстанның арасында қандай айырма бар екенін білмейді, "Қазақстан" десең, шетелдердің бәрі де: "Әйтеуір бір, соғыс басылмайтын, соғысатын да жататын, адамдары 80 пайызға жазу-сызу білмейтін, таудың арасында қолдарына Калашников автоматвн ұстап, теріден киім киіп жүрген бір ел болар" - айтып жүр ғой қазір. Сондықтан, осы "-станнан" құтылу керек деген мәселені онша саясаттандырмай, экономикалық (инвестиция тарту, туризмді дамыту, елдің имиджін нақтылау) тұрғыдан келіп, "-стан" деген сөзді парламетте дауыс беру арқылы алып тастауға болады.
3. Бұл былайша істелетін іс. Айқайламаймыз, жария қылмаймыз, ұрандамаймыз. Тек қана болашақтағы Бағдарламаға: "Мемлекеттік тілді үйрену және дамыту балабақшадан басталады" - деген сөзді міндетті енгізу керек. Сосын балаларға мемлекеттік тілді үйретеміз деген себеппен, орыс балабақшаларында қазақша білетін тәрбиешілер көп болуын білім департаменттеріне міндеттеу керек. Орыстілділер бұған еш қарсы болмайды, әркім де баласының болашағын ойлап, оның мемлекеттік тілді білгенін құп көрері анық. Сөйтіп жүргенде, бірнеше жылдан соң, "таза орыс балабақшасы" дегеннің қалай жоқ болып кеткенін өздері де байқамай қалады. Ал балабақша жасындағы балаларға Қазақша үйрететін жақсы бағдарламалар мен суретті кітапшалар, әрине, ұшан-теңіз көп болып, дүкен сөрелерінде толып тұруы тиіс.
4. Бағдарламаға: "Орыс мектептеріндегі оқушылардың мемлекеттік тілді жетік білуіне жағдай жасау керек" деген сөйлемді енгіземіз. Бұған да ешбір орыстілді ата-ана қарсы болмайды. Сөйтеміз де, орыс мектептерінде қазақша өтілуі тиіс пәндердің тізімін шығарып (әрқашан Қазақша жүретін 10 шақты пән ойлап табу керек), сол пәндерді қазақша өткізе бастаймыз. Немесе, бастапқыда кейбір пәндер екі тілде жүргізілсе де болады. Бұның бәрін "орыс мектептеріндегі оқушылардың мемлекеттік тілді ақысыз, тегін меңгеруіне жасалып жатқан жағадай" ретінде түсіндіреміз. Баласы осылай Қазақ тілін тегін үйреніп жатса, орыстардың өзі де қуанары анық. Себебі, қазір олар Қазақ тілін үйрететін орталықтарға, репититорларға өздері қалтасынан ақша төлеп үйреніп жатыр ғой.
5. "Казтест" (Қазақ тілін білуі бойынша тапсырылатын сынақ-емтихандар) жүйесін тезірек енгізу керек. Орыстілді қызметкерге: "Сіз қазақша білмегендіктен жұмысқа қабылданбайсыз" деп, "Сіз Қазақша білмегендіктен жоғары лауазымға тағайындалмайсыз" деп ешқашан айтпауымыз керек. "Сіз Казтестті тапсыра алмағандықтан жұмысқа қабылданбайсыз" және "Казтесттен өте алмағандықтан, жоғарылатуға ұсынылуға жатпайсыз" деп айтуымыз керек. Сонда бәрі де ресми және эмоцияларсыз-ақ шешіледі.
Кішкене халыққа үлкен намыс қажет
Өте дұрыс, осыған тағы бір пункт қосу керек: Балалар үйі(жетімдер) тек қазақ тілінде болсын.Ол жерде тек қазақ тәрбиешілері жұмыс жасауы керек.
1-ші бабыңдағы: "Бұл жерде тек билік Мәскеуден ғана қорқады олар."-деген сөзің дұрыс емес. "Бұл жерде тек билік "Өзіміздің қара орыстардан қорқады."-десең дұрыс болады.
5-ші бабың тұрғанда 4-ші баптың түкке қажеті болмай қалады.
Одан да қазақ тілді мектептерді көбейтіп, бір мезгіл ғана оқитындай етіп және білімнің сапасын арттыру мақсатында әр сыныпта 15-16 оқушыдан асырмау керек.
Егер билікті қазақша сөйлетсең, біреулердің қалтасына құр босқа түсіп жатқан қанша миллиярдтаған қаржы үнемделіп, барлық мәселе автоматты түрде бір мезетте шешіле қалар еді.
Қазір қазақтардың балаларын орыс мектебіне беру себептері: біріншіден, балам бастық болып пара алып, байысын деп ойлайды, екіншіден, жақын жерде қазақша мектеп жоқ, болса да орын жоқ, орыс мектебінде бала саны аз болса да қазақ мектебіне немесе аралас мектеп етіп тез арада ауыстырылмайды.
Міне, осы мәселелерді "Мемлекеттік тілдің мәселесін тез арада шешудің үш жылдық жоспарына" кіргізу керек.
Үш жылдан кейін, шешілген және шешілмеген мәселелерді қарап, шешілмеген мәселелерді талдап, себебін анықтап, жауапты жергілікті әкімнен сұрап, әділ жазасын беріп, сосын ғана келесі үш жылдықтың жоспарын жасау керек.
Ал, 10 жылға әлем тілдерін дамыту туралы жоспар жасау деген, масқарашылық, мазақтау, ешнәрсенің рамкасына симайды. Оған дейін кім тірі, кім өлі болады. Бүл биліктің қолынан іс келмейтін болғандықтан, неше түрлі құйтыртқы әрекеттермен, қайткенде де жауапкершіліктен қашу.
Қазақ тілі деп кыңжылып жүретін азаматтырдың өзінің кей жерлерде қарапайым орфографиялық қателіктерге бой алдыратыны алаңдатады.
Қазақ тіліне толықтай көшіп кетуге жергілікті халық та, 23 пайыз құрап отырған орыстар да, өзге ұлт өкілдері де дәл қазір ешқандай да қарсы емес. Қайта қазағы бар, орысы бар, татары, өзбегі, ұйғыры т.б. - бәрі де бірауыздан бұны құптап отыр. Тек өтпелі бір науқанға, дау-дамай туғызатын айқайға айналдырмау керек. Бұл деген - мемлекеттік стратегиялық мақсаты екенін түсіндіру керек. "Сен - орыссың, мен - қазақпын", "ал сен - қазақ болсаң да ана тіліңді білмейтін мәңгүртсің" - деген бос даурықпалардың түкке де керегі жоқ. Тілді білу үшін, мемлекеттік тілді үйрену үшін оның қай ұлт екенінің еш маңызы жоқ. Ұлтаралық қатынастар деген өте нәзік мәселе. Сондықтан, Қазақ тілін үйрену мәселесін ұлтаралық қатынастардың аясынан шығарып тастау керек. Мемлекеттік тілді үйренуді тым саясаттандырмау, әсіре ұлтшылдандырмау керек.
Сонда Қазақ тіліне көшуге елде ешкім қарсы болмаса, кім қарсы шығады. Жанталаса қарсы шығатын бір көкең бар. Оған Мәскеу қарсы шығады. Мәскеу ол кезде Грузияға қарсы шыққандай соғыс ашпайды. Қазақстанға түрлі саяси, экономикалық, идеологиялық және астыртын, құйтырқы шабуылдар және осы сипаттағы түрлі қысым көрсетулер жасап бағады. Ресейдің Қазақ тіліне қарсы қысымынан Қазақстанның жағдайы (экономикалық, ішкі тұрақтылық) нашарлап кетуі мүмкін. Біздің биліктің қорқатыны да сол. Билік ел үшін, халық үшін қорықпайды. Билік қара бастары үшін қорқады. Мәскеу - өзіне қолайсыз адамды Қазақстанның тағынан түсіріп тастайды ғой.
Анығында Мәскеу түк те істей алмайды. Ал қиындыққа ел болып төзуге болады. Балтық елдерінен біздің неміз кем. Небәрі 1 млн болатын Эстония жасаған істі, 10 млн Қазақ неге жасай алмайды. Ресей қысым жасаған сайын біз Еуропаға, батысқа қарай біртіндеп жылжи беруіміз қажет. Себебі, Ресеймен текетірес (әрине, көзге көрінбейтін астыртын текетірес) бола қалса, Қазақ тілінің әрқашан тірегі болатын ол - батыс елдері.
Кішкене халыққа үлкен намыс қажет
Мәскеуде де, басқа ұлтта да шаруаң болмасын, мәселенің бәрі
"өзіңнің қара орысыңда" тұр.
Басқа ұлттарға (қазақтардан басқа) тілімізді, салт-дәстүрімізді сыйлауды талап ететін ҮЛКЕН идеологиялық саясат керек. Сол кезде Алланын қазаққа берген мекенінде қазағымыздын басымдығы көрініп тұрады. Ал басқа ұлттар сол мекенде қазақтын кең пейілінен нәр татсын, ел қатарлы өмір сүрсін!
Мәскеуде де, басқа ұлтта да шаруаң болмасын, мәселенің бәрі
"өзіңнің қара орысыңда" тұр.
Бұл жерде велисопед ойлап табудың қажеті жоқ, өркениетті елдердегі тіл саясатын үлгі қылып алуымыз керек, мысалы Франция, Ирландия. Бұл елдердегі ең басты қағида, қабылданған заңды орындату, яғни жауапқа тарту шараларын қолға алу.
"жауапқа тарту шараларын қолға алу"-дың түкке қажеті жоқ. Қолынан басқа ешқандай іс келмейтін, көк жалқау, атаққұмар қазаққа
"қабылданған заңды орындамасаң мемлекеттік қызметке қабылданбайсың"- десең болды. Ол оған, тартқан ең ауыр шараңнан да ауыр тиеді.
Кезкелген істің өзінің ең оңай тетігі бар ғой, соны тапсаң болды, өзінен-өзі автоматты түрде орындалады.
Мәселе сол заңның орындалуына мүдделі жоғарыдағы адамға тіреліп тұр емес пе?
Қарап тұрсаңыз, қазақ тілін өзге ұлттарға үйретудің еш қиындығы жоқ сияқты.
Мысалы: 63 пайыз қазақтың тілді мүлдем түсінбейтіні жоққа тән. Ең мақау қазақтың өзі айтаныңда шала-пұла болса да түсінеді. Және қай-қайсысы да қазақ тілін үйренуге құштар. Сондай-ақ ұйғыр, өзбек, қырғыз, түрік сияқты т.б бауырлар қазақ тілін еш аудармашысыз ұға береді. Басқа сенім өкілдерінен немістер, поляктар қазақ тілін біршама жақсы меңгерген. Астананың айналасындағы қазақ-неміс ауылдарында талай болдым, бір кереметі сол жерлердегі немістердің 90 пайызы қазақша толық түсінеді, көпшілігі қазақша сөйлейді.
Мына Батыс, Оңтүстік қазақстан аймағындағы, орыстанып кетті деген Орталық және Солтүстік Қазақстан аумағындағы Қарқаралы, Жезқазған облысы (бұрынғы) сияқты қазақи өңірлеріндегі басқа ұлт өкілдерінің арасында қазақша білетіндер көп.
Осыған қарағанда, долбарлап санағанда елдің 80-85 пайызы қазақша сөйлегені сөйлеп, сөйлемейтіні ұғатын халде. Сондықтан мемлекеттік тілдің мемлекеттік мекемелеріне кірмеуіне билік басындағылар кінәлі деп толық айтуға болады.
Қазақша қақпайтын аз ғана байшікештер тобы астындағы тағы үшін тұтас қазақ халқының мүддесін сатып отыр.
Сабырбай
Дәулет Асау! Басқа ұлтта шаруаң қанша? Мәселе, бірінші "өзіміздің қара орыста" болып тұрған жақ па? Соны қалай түсінбейтініңе таңым бар.
Тілдер туралы заңдағы орыс тілі ресми тіл деген бапты мүлдем алып тастау керек .Үш тұғырлымемлекет дегенді ойламау керек,тез арада ұмыту керек үш тұғырлы деген пәлені.Ешқандай мемлекетте үш тіл тұрмақ,екі тілді мемлекет жоқ.Екі тілді мемлекет құрдымға кеткен мемлекет .Тілің болмаса байлық пен қарны тоқтықтың құны көк тыйын екенін барлығымыз түсіндік,сонда неге үкіметтегілер соны ұқпайды.Мені таң қалдыратыны осы.Ау ағалар әлі де кеш емес ақылға кел ,бірігіп жұмыс жасайық,орыст.б ұлттардан ешқандай да қайран жоқ, болмайды да Қазақстанда тек қана бір ұлт бар,ол қазақ ұлты,басқалары ұлыстар ғана.Осыны ұқ үкіметтегі ағалар
сіздің айтқаныңызға толықтай қарсы шығамын! Себебі, егер осы қазіргі жастар үш тілді де меңгеріп отырғанда қалай сіз осы тілдерді алып таста дейсіз?! Керісінше, сіз де тілдерді меңгеріп үлес қосыңыз еліміздің дамуына. Егер біз осы қазіргідей мектеп қабырғаларында ағылшын және орыс тілін үйренбегенде біздің еліміздің жастары үлкен дәрежеге жетпес едік! Біздің еліміздің көркейуіне тек қана қазақтар емес сонымен басқа ұлттар да көмегін аямайды!Оған мен сізге көптеген мысал келтіре аламын!!!
Эмиратта араптардың өздері өз елінде тең құқылы емес екен.Ол ел байлығына тең мүдделі болмас үшін ойлап табылған. Мүмкін бізде толық қанды, ұлтжанды қазақтардың рейтингін/дәрежесін/ көрсететін бір тетік болғаны дұрыс сияқты. Ол ,әрине, заң түрінде шығуы мүмкін емес, бірақ қоғамдық деңгейде көпшілік болып қолдаса,сол қоғамдық бағаға ұмтылатындар көбейетін сияқты. Себебі, біз қасымызда беріліп жатырған қоғамдық пікірге, сипаттамаларға , бір сөзбен айтқанда, тірі өзгерістерге көңіл аударатын халықпыз. Бұл менің жеке пікірім.
МЕНІҢ ӨЗ ОЙЫМ БЫЛАЙ! ОҚО да ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙ БІЛМЕЙТН БАСТЫҚ ЖОҚ ДЕСЕК БОЛАР, БІРАҚ ОЛАР АУРУ ҚАЗАҚТАР,ӨЙТКЕНІ ҚАЗАҚТА МАҚАЛ БАР ЕМЕСПЕ "КЕДЕЙ БАЙ БОЛСА 40 ЖЫЛ САСЫҒЫ КЕТПЕЙДІ" ДЕГЕН. БӘЛЕНІҢ БӘРІ ӨЗІМІЗДЕ. АТАМ ҚАЗАҚ КӨК ШЫБЫҚПЕН БАЛАСЫНЫҢ САУАТЫН АШҚАН. ҚАЗАҚҚА НАМЫСТАН ДҮНИЕ ЖАҚЫН БОЛАБАСТАҒАН АУ.
ОҚО-да қазақшы "жақсы білетін" бір әйелдің сөзі таяуда басылған еді. Оқымаған екесің ғой.
Қандай қатып қалған сөзінің нәпакасы жоқ, мардымсыз мәселелерді айтатын, әңшіменің рәсуәсін кетіретін адамсың. Бәлетін адамдар айтып жытқанда тыңдай білген абзал! "Қара орыс" бірдеңе деп шырылдай бермей!
"Көп сөз *Бейәдеп сөз жазбаңыз!* сөз". Көп айтып мылжый бергенше,тиянақты бір іс істеген жақсы.Ол іс мемлекеттегі қазақ шенеуніктерді, ақын-жазушы, ғалым-инженерді қазақша сөйлету. Бұл жай айтқанмен орындалмайды себебі оларда намыс жоқ.
Олар осы уақытқа дейін "ұлының" артын жалап келген жалай береді де.
Мен өзімнің жеке пікірімді білдірейін.
1. «ТiлДЕРді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы» деген атаудың өзі негізінен қате.Біз Қазақ мемлекетінде қазақ тілінен басқа тағы қандай тілдерді дамытуға міндеттіміз?Дүниежүзінде қандай унитарлы мемлекет осылай істеп отыр?Мен неге салықтөлеуші ретінде өз жерімде,мемлекетімде басқа тілдерді дамытуға ақша қосуым керек?Дамытсақ тек қана қазақ тілін дамытуымыз қажет,міндеттіміз.Бұл Қазақ мемлекеті,басқа этностық топтар тілдерін дамытамыз десе оған заңды түрде негіз бар,өз мәдениет орталықтары бар,өздері қаржы тауып дамытсың,оған мен қарсы емеспін.Сондықтан басқа тілдерді дамытуға мемлекет қаржы бөлуге міндетті емес.
2. Жалпы 2011-2020 жылдар сияқты цифралар сенім туғызбайды. Осыған дейінгі бағдармалардың егізі.Онда да осы цифралар болған,бірақ одан еш нәтиже шықпағаның ел біледі.Өйткені нәтиже шығуы мүмкін емес. Бұл баяғы кеңес одағындағы жоспарлы экономикаға ұқсайды.Егер биліктегілердің көпшілігі кеңестік менталитеттен арыла алмағаның ескерсек,бұл жолы да цифра бар жерде асыра жазу,әйтеуір қағаз түрінде есеп берумен аяқталады.Бұл математика ғылымы немесе қаржы саласы емес цифрамен өлшеніп,белгіленіп жоспарлайтын.Бұл нақты,жедел қадамдарды талап ететін өте нәзік әрі күрделі мәселе.Дұрыс шешіммен халықтың көңілің тауып,бұрыс шешіммен халықтың ыза-ашуын тудыратын өте қауіпті мәселе.Өйткені қазіргі қалыптасқан қоғамдық жағдай осыған мұқтаж,зәру ж/е талап етуде.
Ағылшын тілінде «Letter of Intent» деген сөз бар. Қазақша аудармасы «Ниет білдіру Хаты немесе Протоколы» (кімге қалай ұнайды)болатын шығар.Бұл протоколда екі жақ болашақта екіара ынтымақтастық құруға ниет білдіріп,осыған байланысты қол қойылуы мүмкін контракт бойынша алдын-ала жоспарларын,яғни мерзімдерді,бағаларды,басты шарттарды айқындап осы протоколға қол қояды. Бірақ,бірақ бұл контракт емес, оған негіз болып табылмайды яғни онда екі жақтың нақты міндеттері мен құқықтары т.с.с. сияқты көптеген пунктер жоқ.Ол тек ниет.Және де кейбір жағдайларда одан әрі аспай,яғни жалғасын таппай,тек ниет болып қалуы да ықтимал.
Биліктің Тiлдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы осындай ниет білдіру протоколына көбірек ұқсайды.Оның мазмұның оқыған емеспін.Бірақ оқымай-ақ,цифраларға қарап отырып маған осындай ойлар келіп отыр.
18 жылда тіл мәселесі әлі шешімін таппай келеді. Бұл қандай мемлекет осы уақытқа дейін проблеманы шеше алмайтын?Егер біз мемлекетіміздегі қоғам біржола екіге бөлінгенің қаламасақ ж/е тіл мәселесін шешеміз десек,онда оның нақты шешімі біреу- бұл Конституцияға өзгеріс енгізіп орыс тілін ресми тіл статусынан айыру.
Сағи
Ал идея сураган екенсіздер идея берейін!
1 Біздің тілді өзге ұлт өкілдері құрметтеуге тиіс
2 Конститусиядағы тең тұғырлы деген сөзді алу керек Бұл Қазақстан ал Қазорыстан емес Орыс тілі қалай Қазақ тілімен дең дәрежелі бола алады ?
3 Бізде айтамыз қоямыз, осы бейқамдықты тоқтату қажет!
4 Бізге барін қадағалайтын ЗАҢ шығару қажет! Комиссияда қажет деп ойлаймын!
Ермұхан!!!
Пікір алынып тасталды!
1. Қазақстан республикасы -Қазақ(алаш) -республикасы болып тіркелуі керек.
2. Қазақ тілінің дамуының бір тірегі- ол статистика. Кез келген мекемеде ең негізгі жүмыс- компьютер арқылы статистика қауырт жүргізіледі.Осы саланы тек қазақшаға ауыстыру керек. Компьютерлік статистикалық бағадарламасын тек мемлекеттік тілде жасау керек.
3. 2011-2020 жж бағдарламасын кезең кезеңмен жүргізу керек.мыс 2011-2012, 2012-2013жж.
және ең негізгі құжаттар 2011-2012жж келу керек.
4. Орыстілді азаматтардың дейіні қарсы болуы мүмкін, бірақ оларға қарамауымыз керек.
Ана тілдің ертеңі
Мырқымбайдың қолында.
Мырқымбайдың ертеңі,
Жыртыңбайдың қолында.
Жыртыңбайдың ертеңі,
Хатшы қыздың қолында,
Хатшы қыздың ертеңі,
Басшымыздың қолында.
Басшымыздың ертеңі,
Әкімдердің қолында.
Әкімдердің ертеңі,
Кәпірлердің қолында.
Бәрін айт та бірін айт.
Менің ана тілімді айт.
Ана тілдің ертеңі...
Ана тілдің ертеңі....
Бәлдуууу- бәлдууу ертегі,- деген еді көкшелік зор ақын Алмас Темірбай. Дұрыс па?
Қазақ тіліне толықтай өтуіне халық өзі талап етіп атсалыспаса, ертегі болып қала береді...
Мекемеде болсын, ұжымда болсын, мемлекетте болсын - 1-ші басшы қандай талап қойса, тілге де сондай көзқарас, қатынас болады...
Казак тiлiнiн дамуына ен басты кедергi болып отырган бале- Консистутсиямыздагы орыс тiлi мемлекеттiк тiлмен тен дарежеде колданылады деген бап.ен бiрiншi осы бапты алып тастамай iстеген iстердiн барi кур далбаса болмак.сонсон тагы бiр манызды нарсе- Мемлекеттiк тiдi арнага тусiретiн,терминдердi казакшалап,икемдейтiн,колданыска енгiзетiн гылыми орталык болуы керек.болмаса казiргi аудармадагы казакшаны тусiну мумкiн емес,казакша уйренгiсi келетiдердi былай койганда,бiлетiн адамдардын озiнiн журегiн айнытады.терминдердi бекiтуге бiр орталык кана кузыреттi болуы керек,мумкiндiгiнше казакшалауга тырысу керек.Урiмжiде атау-терминдердi бекiтетiн уим бар,казак тiндегi кужаттар сонын негiнде iске асырылады,жумыс барысында кате кеткен,немесе орынды колданылмаган создердi айналымнан шыгарып тастап отырады.бiздеде солай болуы керек.ал,баска улттар бiздiн тiлiмiздi силасын деп,наразылык тудыратын создiн кажетi жок.уйiткенi бiз казыр оз тiлiмiздi озiмiз силай алмай отырмыз.Казак тiлi барлык салада колданыска енсе жане бiр гана мемлекеттiк тiге айналса барi силайтын,сол тiде сайрайеын болады.
Ашық болсын,алашымның аспаны!
Күрделі мәселеге мұндай қоғамдық атүстілік жараспайды және тиімсіз.
1.Егер абай.кз сайты аталмыш жобаға үлес қосқысы келсе, менімше арнайы айдар арнап,апта сайын тіл мәселесінде тілдеріне жара шыққандарды құлағынан сүйреп, сұхбат алып отыруы керек және нақты тіл мәселелері бойныша пікір алғаны мақұл. Сонда кімнің ікм екені белгілі болады және нақты мәселенің шешу жолын коммент түрінде емес, сауатты түрде дәйекпен ұсыныс білдіруге болар еді. Ал, мынау далбаса мен калбасаны жинайтын шара болар түрі бар. Және мұны әлгі ресми құрылған комиссияның араласуымен ұйымдастырған жөн.
2.Сонымен бірге, "Тілдерді дамытудың бағдарламасы" бұған дейін болған. Нәтижесінде Қызықстанда 135 тіл дамып шықты. Енді бір тіл қалды сондықтан бұл бағдарламаны "Мемлекеттік тілді дамыту бағдарламасы" атап комиссияға Білім министрі мен Мемлекеттік қызмет агенттігін, Ақпараттандыру және байланыс агенттігі басшысын, Сауда мен индустрия министрін де кіргізу керек. Бұл біржақты бағдарлама болады деп артымыз дірілдесе,"Қазақстандағы этностық тілдер мен мәдениетті қорғау бағдарламасы" дегенді де қосуға болады және ол міндетті әссемблейге берген мақұл. Сонда мемлекеттік тілді дамытуға, ал басқасын қорғауға құжат қабылданады.Ешкімнің ештеңеге қарсылығы болмайды.
3. "Қазақстандағы орта білім беру тұжырымдамасы" керек. Кәзіргі тұжырым кеңестік принципке негізделген: орыстілді білім беру орталық негіз де, ал қалған тілдегі білім беру "ұлттық" сипатта ғана. Тәуелсіз Қазақстанның білім беру және тәрбиелеу саласы кеңестік ұстамнан арылмаған! Білім беру мен тәрбиеге мемлекеттік кірісім (подход) қажет. Мектептер орыстілді, қазақтілді, ұйғыртілді болып бөлінбей, барлық мектептерде кемінде жарты пән мемелкеттік тілде болып, одан ары қарай кейбір тілдерге бөлінуі мүмкін. Сондай-ақ, барлық балабақшалар да мемелкеттік тілде тәрбие болуы керек, кейбір сағаттар ата-аналардың сұрамы бойынша этностық тілдерді үйрету сағаты болуы қажет.
4. Мемлекеттік қыфзметкерлерге мемтілді тегін оқытуды қою керек. Ол тиімсіз, ешкім де оқып,үйреніп жатқан жоқ. Қаржы босқа кетіп жатыр. Оларды міндеттеу керек және мемлекеттік орган тілді үйрету мәселесін маман мен өзінің резервтік қаржысы есебінен жүзеге асыруы керек. Қысқасы, мемтілді білу мәселесі мемелкеттің мойнына түспеуі керек, ол мемлекеттік қызметке қойылар біліктілік санатына жатқызылуы керек. Олай болмаса, бір рет крустан тегін өткізіліп, одан ары тілді дамыту қызметшінің өз міндеті болуы керек. Қысқасы, тіл үйрету процесіне тұрақты мониторинг керек. Әрбір тіл үйренуші бақылауға алынуы қажет.
5. Әуелі Мемтіл орыс тілімен теңестірілетіндей саясат керек.Әйтпресе, қазақ тілі кәзір елдегі ұйғыр тілімен теңдес ахуалда. Ол үшін кез келген қазақтілді қызметші сол тілді толық мемелкеттік қызметте қолданатындай жағдай туғызылып, тілдік ортаның дамуына жол ашылуы керек. Барлық конференц залдарында ілеспе аударма құралдары мен тілмәштар болуы міндеттелуі керек. Және қазақша-орысша, орысша -қазақша, қазақша-ағылшынша, ағылшынша -қазақша,сол секілді барлық дипломатиялық тілдер қамтылуы керек.
6. Тіл инспекциясы да полициясы да кәзіргі режим кезінде құрылмайды. Оның орнына Қоғамдық тілдік бақылау қызметін жолға қою керек: қоғамдық ұйымдарға грант беріп, солар арқылы барлық тіл мәселесі мен ақпарат тарату үдерісі мониторинг жасалуы керек және заңдық негіздемесі жасалуы керек.
7. Мемлекеттік тіл мәселесі - мемелкеттік міндет, соған сәйкес оны мемелкеттік құрылым ғана іске асыра алады, бағдарламаны іске асыратын Тіл агенттігі құрылғаны жөн.
Соңғы сөз: бұл үстіртін айтылған ойлар ғана. - СЕРГЕК
"Тілдерді дамыту" деген не далбаса! Сонда олар Қазақстанға келген 135 ұлттың тілдерін дамытпақ па? Мұндай ақымақ тұжырымдаманы қай елден көрдіңдер?...
"Қазақ тілін дамыту тұжырымдамасы" деу керек.
Қазақ тілін, руханиятын дамытамыз десек,
онда, 1-ші, телеарнаны қазақшалау керек. Қазақ елі бола тұрып, қазақша тәулік бойы сөйлейтін бір де арнамыз жоқ. Қазақшаны түн жарымында қояды, мазақ етіп. Телеарна арқылы жас пен кәріге бірдей орысшаны үйретіп жатыр. Ол аздай "Борат", "Келін", "Қызжылаған" т.б. қазақты қорлайтын киноларды көбейтті. Қазақша телеарналар ашып қазақ рухын көтермей қазақ тілі дамымайды. Яғни, биліктен, М. Шахановқа "3 қазақ телеарнасын ашамыз" деген уәдесін жедел орындауын талап етуіміз керек. Бірігіп талап етпесек билік әне-мінемен тағы 20-30 жылға созып, сосын қазақ тілі жойылып та кетуі мүмкін.
2-ші, қазақ тілін оқытуға деп ақшаны далаға шашуды қойып, қазақ тілінен емтихан алуды дамыту керек. Қазақша білмегенге билік тізгінін беру былай тұрсын, ешқандай мардымды жұмысқа да алмау керек.
3-ші, Қазақ тілін дамыту үшін, қазақты материалдық жағынан да қамтамасыз етіп рухын көтеру керек. Қазіргідей, қазақтар не үйге, не жерге жарымай өз елінде өзі құлдың күйін кешіп жүргенде қазақ тілінің дамуы неғайбыл.
Ол үшін, араб елдеріндегідей саясат ұстанып, "инвестордың" жұмысын қазақтарға бағынышты етіп, әр басқан қадамын бақылауға алу керек.
Қазақ тілін дамытуға ешқандай миллиард ақша бюджеттен тікелей жұмсалған емес. Бәрі өтірік. Ресупблика бюджетінде де, облыс бюджеттерінде де ондай шығын бабы жоқ. Тек қана шенеп отырғандарға жалақы мен көтенпұл қарастырылған. Ал, қазақтілді телекөрсетімдерге бөлінген ақшаны да осы миллиардқа қосып айтып жүр Сауда баласы. Сондқтан ешбір миллиард тілге жұмсалып отырған жоқ, керісінше орыс тілі жарнама бюджеті арқылы өзіне бекініс жасап алған және орыстілді мәңгүрт қазақтар арқылы армия құрап отыр. Міне шындық!!!!!!! Құрметпен - Мәжіліс депутаты
Қазақ тілінің мәртебесін көтеру үшін не істеу керек? Заң шығару керек пе? Қаржы бөлу керек пе? Бағдарлама жасау керек пе? Осының барлығы жасалды. Қазақ тіліне зиянынан басқа пайдасы болған жоқ. Неге? Қазақ тілі жілік майы үзілген көтерем малдай оңалмай қойды. Неге? Бізде заңды ешкім мойындамайды. Керек десең белден басып өте береді. Қаржы бөлінсе, шенеуніктер бөлісіп жеп қояды. Жаласы қазақ тіліне қалады. Бағдарламаны тек қағаз жүзінде қатырамыз. Осы тек тілге қатысты ғана ма? Жоқ. Барлық салада солай. Егер ерінбей оқып көрсеңіздер, тіл туралы қазіргі заңдар мен бағдарламалар жүзеге асса да жаман болмас еді. Неменеге шулайсыңдар? Біздің көбіміздің ұлтжандымыз деп жүргеніміз ермек. Бос уақытта карта, билиярд, домино ойнаған сияқты. Ұйқымызды бұзбаса, қалтамызға зияны тимесе, уақытымызды алмаса, қол боста неге бір сәт "тіл жанашыры, ұлт жанашыры" образына кіріп езу көпіртпеске?! Қазақ бауырлар, тіл мәселесі, ұлт мәселесі ермек емес. Жанқиярлықты, құрбандықты қажет етеді. Әрине, сен өлмей-ақ қой, тілің үшін, ұлтың үшін. Ез болсаң, қайтесің енді?! Құрбандық дегенде дәл сондай құрбандықты талап етіп тұрғанымыз жоқ. Аулаңда, мекемеңде, жұмыс орныңда т.б. қазақ тілінде сөйлеп, балаңа қазақша үйрет. Заң жүзінде қазақ тілінің құқығын, өз құқығыңды қорға. Мемлекетке жетім баладай телмеңдейтін не бар?! Мемлекет мүддесі бар да, ұлт мүддесі бар. Қазақ ұлтының мүддесін мемлекет қорғайды деп дәмелену қате. Қазақ Ұлтының Ұлы Жосығын ұлтшыл қайраткерлер жасау керек. Әрі ол Ұлы Жосықты жасауға мемлекетті араластырмау керек. Ұлы Жосық қазақ ұлтының мәңгілігін қамтамасыз ететін болуы керек. Ұлы Жосық тіл, дін, діл дегендерден бастап, мәдениет, білім, дәстүр, тұрмыс, әдеп сияқты т.б. мәселелердің бәрін қамтып, Құраннан кейін екінші орында тұру керек. Мемлекеттік билік өтпелі нәрсе. Ата-бабамыз қандай мемлекет құрмады, қандай үкіметке қарамады?! Ғұн, Түрік қағанаттары, Шыңғысхан мемлекеті, Қазақ хандығы, ақыры орыс бодандығы. Бұл саяси билік. Саяси билік өз еркімен ұлт мүддесін ойлаған емес. Оған иліктіретін, мәжбүрлейтін рухани билік болу керек. Шыңғыстың тұсында Майқы би, әз Жәнібектің тұсында Жиренше шешен, Тоқтамыстың тұсында Едіге би, Керей мен Жәнібектің тұсында Асан Қайғы, Абылайдың тұсында кімдер болғанын білесіздер. Солардың бәрі ел қамын жеп өтті. Кешегі Абайдан бастап, Шәкәрім, Ахмет сияқты т.б. қазақтың руханияты үшін қызмет етті. Құрбандыққа барды. Қазір солардай кім бар?! Жоқ деуге аузым бармайды. Бар болса, аузында дуасы жоқ. Неге? Өйткені артынан ерген ешкім жоқ. Арамыздан ұлтшыл қайраткерлер шықпай,оларды бүкіл халық болып қолдамай түк бітіре алмаймыз. Сонда ғана күшке айналып мемлекетті иліктіріп, ұлт мүддесіне қызмет еткізе аламыз. Бірақ халықтың сөзін бір кемел кім болуы керек?! Бар ма? Бар болса, бізді соңыңнан ерт деп неге жалынбаймыз?! Қалай бас біріктіреміз?
Қазақ тілі бойынша барлық тәсілдер қолданылып, ол тәсілдердің бірі өздерінің барлық мүмкіншіліктерін тәмамдады. Ешкімнің намысына тиіп, марал оқудың да пайдасы жоқ. Енді бір ғана тәсіл қалды. Ол биліктің үш тармағы мен төртінші билік БАҚ-ты мемлекеттік тілде ғана іс жүргіздіріп, сөйлеуге мәжбүр ету. Президент аппаратымен, Үкімет құрамымен, Парламент қазақша Заңымен. Болмаса орынды босатсын. Оның ішінде басқа ұлт өкілдеріне тиісіп, әңгіме айтудың түк керегі жоқ. Мемлекеттік қызметке тек қазақша білетін қазақтарды алу керек. Қазақ қазақша сөйлесе, басқа ұлт өкілдері 2-3 айда қазақша үйреніп алады. Міне, сол кезде ғана қазақ тілі модаға айналып, ақыр соңында тілдің маховигі күш алып кетеді.
Содан соң, бүкіл әлем тілдерін дамытуға қаржы бөлуді күрт доғару. Бүкіл әлем тілдерінің алдында біз міндетті емеспіз. Оның орнына Қазақша Тәуелсіз Бұқаралық Ақпарат Құралдарын қаржыландыруды қолға алу. Егер, Ресей "орыс тіліне қаржы бөлмедің деп"- өкпелесе, онда Ресейдегі қазақ тіліне қанша қаржы бөледі, біз де орыс тіліне сонша қаржы бөлеміз деу керек. Өзбектерге, ұйғырларға да солай. Болмаса, сатқан өріктері мен аухаттарынан түскен ақшаға оқысын.
Еретін дені дұрыс адам болса, бізде нағыз қайраткерлер көп: Тілі үшін, жері үшін басын тігіп отырған М.Шаханов, сол үшін түгел бір газет "Жас Алашты" арнап отырған Р.Сәрсенбай, Екі тілде қатар сөйлеп, ұйымдастырып жүрген Ә.Қосанов, т.б. қайраткерлер толып жатыр. Одан артық құлдық психологиядан арылған, жүрегі бар адамға еру үшін қандай қайраткер керек?
Бәрін дұрыс айтып отырсыз, тек қазақ тілін қорғауға мемлекетті де қатыстыруы керек. біз мемлекеттен тыс өмір сүрмейміз ғой. Бар мәселе қазақ тіліне мемлекеттің қатысқысы келмейтіндігінде, онан да зор қазақ тілінің қолданысына қолдан кедергі жасап отырғандығында. Бірақ, мемлекеттік билікте ұлтжанды азаматтар аз емес, соларды тарта білейік,жолын табайық.
Дұрыс айтасыз, бүгінгі билік мәңгілік емес, ертең біздің де күн туар. бірақ, қарап отырмай "қазақ мәселесі" үшін жұмыс істеуіміз маңызды. Ол сіз айтқандай әркімнің өз айналасын қазқтандырудан басталуы тиіс. "Тіл туралы" заң бар соған сүйену керек.
Қазіргі қазақ қоғамы Ұлтшыл батырларға зәру.
Сабырбай
Осы жұрт "стан" деген сөзден неге шошиды? Ол - "саны басым бір ұлттың мекені, елі" деген сөз. Қазақстан - Қазақ елі. Жаман ба? Парсының бұл сөзін араб елдері
сауатсыздықтан қолданған жоқ, ол бізге де итальяндардың "республикасынан" жақын ғой? Ал "Тілдерді дамыту" деу - биліктің дұзағы, "қазақ жерінде қанша тіл бар, бәрін дамыту керек" деген сөз. Оның ішінде бірінші кезекте орыс тілі өркештене беретін болады. Қазақ тілі солардың ортасында жаутаңдап қала береді.Тіл туралы ұсыныс жасаушылардың аз болып отырғаны көпшілік бұл дұзаққа түсуден сақтануда. Бұл жолы да билік өзінің айтқанын істеп тынады, көрерсіздер, тоса тұрыңыздар.
"стан" деген жалғау-құйрығы бар қандай араб елдерін көріп отырсың? Бірде-бір арап әлемінің елінде "стан"-деген құйрық-жалғамасы бар ел жоқ.
Индияның жартысына жуығы (ондаған миллион) парсылар болсада "стан"-деген құйрық-жалғауы жоқ.
Ауғанстандықтар-таза парсылар,
Пәкістандықтар-таза парсылар,
Тәжікстандықтар-таза парсылар және грек-Ескендір Зұлқарнайдың тауда қалып қойған тұқымдастары бар,
Турия-европаның жерін басып алған жартылай парсыланған түркілер,
Азербайжандар-Кап тауын басып алған, жартылай парсыланған түркілер,
Түркіменстан-жартылай парсыланған түркілер,
Өзбекстандықтар-парсылардың қалаларын басып алған көшпелі өзбек-түркілері,
Қырғызстандықтар-Алатауға ауып келген сібір түркілері,
Қазақстандықтар-жартылай маңғолданған түркілер.
Көрдің бе? Еуропада тұратын Туркия мен Азербайжандарда парсылардың "стан" деген құйрық жалғауы жоқ.
Қазақтар мен Қырғыздарда парсылардың ешқандай қатысы болмаса да "стан" деген құйрыжалғауы бар. Қазақтардың ішінде тек қаңылылар осыдан 2-3 мың жылдар бұрын империя кезінде парсылардан ауып келген. Олар қазір қазақ болып кетті.
"Қазақ Елі"-деп атасақ, онда Қазақстан деген сөз жоқ болғандықтан, "Қазақстандық"- деген қойыртпақ ұлт жойылар еді-деп, дұрыс айтылып жүр.
"стан"-деген де "ел" болып аударылады дейді. Онда "Республика" да ел дегенді білдіреді. Қазақ"стан" Республикасы-Қазақ Елі Республикасы. Осы екі атаудың бізге қайысысы жақын? Әрине, екіншісі жақын, бізге жылы айтылып, естіліп тұр. Қайдан келдің деп сұрағанда -"Қазақ Еліне келдім", немесе орысша- "я приехал из Қазақ Ели" или "из Қазақии". Қайткенде бізге, біздің тілімізге бәрі қарсы болып, О.Сүлейменовтар)неше түрлі алып-қашпе сылтауларды мыжып, тықпалайды. Бірақ біз ешнәрседен бетіміз қайтпауы керек. Біздің ойымыз қашан орындалады, сонда ғана біз теңдігімізді алып, жақсы адам қатарына қосыламыз.
Сосын,"көпшілік бұл дұзаққа түсуден сақтануда"-дейсіз, қандай дұзақ? Біз тұзақтан ешқашан босанған жоқпыз. Сол тұзақтан босану жолында жүрген жоқпыз ба?
Қазыбек ИСА
ЕЛ АЗАТ БОЛҒАНЫ ШЫН БОЛСА – ТІЛ НЕГЕ АЗАТТЫҚ АЛМАЙДЫ?!.
Қасірет қаптауда қалада-
Қазақтар орысша сөйлеуде…
Өлікке айналып бара ма,
Намыстан айрылған көркеуде…
Отарлап алған ел тілінде
Сөйлеуге құмарлық – құлдық қой…
Құлдар көп билікте бүгінде
Сатқындар аз емес… сұмдық қой…
Құлдар ел басқарса масқара, -
Құлдығың қайтадан орнайды…
Қазақша білмейтін Астана,
Қазақты қалайша қорғайды?
Қожайын тілінде құлдарша
Орысша сайрасақ - сол қайғы,
Ел Азат болғаны шын болса,
Тіл неге Азаттық алмайды?…
Қайран ел қалайша қалғиды?
Жау іштен шыққаны – зор қайғы.
Қазақша есітпей әлдиді,
Өскен ұл ел қорғай алмайды…
Кірмеге кіріптар боп күнің,
Кіргізді бар дінді бай мекен…
Қолсүйер қолбала көп бүгін,
Елсүйер ерлерің қайда екен?
Еліме дәл бүгін ие кім?
Сенеді кім тілсіз құлдарға?
Ұлты үшін күйетін, сүйетін,
Ұлтшыл Ер туатын күн бар ма?
Жат тілде жалтақтап жаһанға,
Жат тілде сөйлейміз Отанға.
Бір іліп тастайтын қажетсіз,
Тіліміз тойдағы шапан ба?
Тіл зарын тартып ед атам да,
Тілім деп жылайды ботам да.
Шет тілін шекеден қаратар,
Біз әлде жүрміз бе отарда?
Жағымпаз жантықтар жанында,
Құн бар ма Бұқарсыз ханыңда…
Көбейсе – көркею орнына,
Кемсана кемітер санын да…
Жеріңді жатжұрттық жайласа
Бабалар бар мұңы тұр есте…
Күш егер қазандай қайнаса,
Дәрмен де табылар күреске.
Шын ерді шыдатпас бұғауға,
Ананың тілі мен сүті еді…
Ақырып Теңдікті сұрауға
Азаттық Алаңы күтеді…
Көк туға жеткенмен көш кеше,
Көп әлі Қазақтың зар-мұңы.
Ақ Орда ешнәрсе шешпесе,
Алаңда шешілер барлығы…
Мәңгүрт көп айтатын басқаша ән,
Салғырт боп жүру де сор қанша…
Бұл майдан бітпейді ешқашан,
Қазақ тіл – Азат тіл болғанша!
Маймыл ғып жіберді Барысты,
Кешіксек бәрі де бітеді…
Құл болмай,
Ұл болсаң намысты,
Алаңда ел сені күтеді!…
19.01.2010 жыл
Пікір қосу