Суреттер мен ақпарат otyrar-tv.kz сайтынан алынды
Ағымдағы айда елдің барша өңірінде ауа-райы күн сайын құбылып тұр. Биылғы қыс Оңтүстік өңірін де қыспаққа алып бақты. Қалың түскен қардың астынан дүние-мүлік пен баспанасын аршып алған жұртты қар аралас жауған жаңбыр әбден әбігерге түсірді.
Күні кеше күн райының күрт бұзылуынан Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданына қарасты Темірлан ауылында 410 үй су астында қалды. Ауыл адамдары балалар мен қарттарды көрші ауылдарға апарып, шамалары жеткенше дүние мүліктерін тасып жатыр екен.
Темірлан тұрғындарын құтқару үшін 180 арнайы техника мен құтқарушылар оқиға орнына жетіпті. Олар үйлері су астында қалған адамдарды төрт мектепке бөліп орналастырып жатқан көрінеді.
Ал, су тасқынына себеп болған «Найман арық» каналының жағалауына құмнан бөгет жасалуда.
ОҚО әкімі Асқар Мырзахметов Ордабасы ауданына қарасты тағы да төрт ауылға су басып қалу қаупі төніп тұрғанын мәлімдеді.
Сондай-ақ, Қазығұрт ауданы, Мыңбұлақ ауылының үш көшесін су басып қалғаны белгілі болды. Бұрын-соңды мұндайды көрмеген ауыл жұрты абыр-сабыр болып жатыр, дейді ақпарат көздері.
«Абай-ақпарат»
видео otyrar-tv.kz сайтынан алынды



Құдай сақтасын! Халқым аман болсын!
"Жұт жеті ағайынды" дегендей мына қу заманда қазағым аман болса екен!
Не утихают страсти и в коридорах ГУВД Жанаозеня. На днях не выдержали нервы у пожилой матери одного из заключенных. После спора с полицейским она в сердцах кричала: «Стреляйте! Мне все равно скоро умирать...»
НЕ БЕРСЕ ДЕ, КАЗАКТЫН НИЕТИН КАРАЙ БЕРЕДИ...
"Халқым аман болсын!" - дейді ғой...
Халқың қояңа аман бол ма, билік тоңқайтып жатса! Сендердің осы "ел тыныш болсын" деген сөздерің-ақ құймышақтың астын дал-дұл етіп бітті. "Тыныш болсынмен" сендер жексұрын билікке қызмет етіп жатқандарыңды білесіңдер ме?!