Түймебаевты не түлен түртті... | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Достық, қастық, бар қызық – жүрек ісі,
Ар, ұяттың бір ақыл күзетшісі.
Ар мен ұят сенбесе – өзге қылық,
Арын, алқын – бұл күннің мәртебесі

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
Астананың бір минуттық шығыны - 600 мың теңгені құрайды
Айтқыш екен
Обал болды көзге де, құлаққа да,--
Сеніп елге бермейсің сыр ақтара.
Қарайтының күдіз-түн бір-ақ канал,
Көретінің бір кісі, бір-ақ қала.

А. Мұқабай, асаба

Загрузка

Түймебаевты не түлен түртті...

Жәрдемші


Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев оқулықтар жазу үшін көрші елдердің ғалымдары мен сарапшылары шақырылатынын жария етіп айды аспанға бір-ақ шығарды.

Шыны керек, Түймебаев мырза соңғы кезде нілдей бұзылды. Әнеугүні Ресеймен бірлесіп ортақ оқулық жасауымыз керек дегенді де осы министр былқ етпей айтқан. Ұлт болашағына жасап отырған ендігі «сыйының» сыйқы мынау...

Министр мырзаның көрші елдер деп отырған дәу де болса, Ресей болуы мүмкін. Үзілейін деп отырған өзбек пен қырылайын деп жатқан қырғызға сене қоймас, сірә. Бәлкім, көз қылып және бірнеше елден сарапшы қосар. Әйтсе де, Ресейге деген қазақ билігінің алабөтен «махаббаты» бұл жолы да өз дегенін істейтін шығар. Бұл да министрдің көзін ашып көрген кеңес заманына деген сартап болған сағынышы болса керек. Әйтпесе, оқулығын көршілерін жаздырып алыпты дегенді бұған дейін естіммеппіз. Бірақ, амал не шыққыр көзіміз Түймебаевтың бұл «ноухауын» да көретін болды...

Оқулық жазудан шығып отырған мәселенің түп төркіні ұлт пен мемлекеттің қауіпсіздігіне барып тіреледі. Яғни мемлекет өз болашағын көршісіне «сеніп» тапсыруға құлықты болып шығады. Бұл болашақты бодандыққа итермелеумен бірдей.

Әрине, министр оқулықты көрші елдерден ғалымдер мен сарапшылар алғызып жаздыру арқылы мұқым Қазақстанның ғалымы мен оқу жазу саласындағы мамандарды жерге қаратып, жігерін құм қылып, олардың білімі мен біліктілігіне зор күмәнмен қарап қана қоймай, бүткіл Қазақстан өз мектебіне өзі оқулық жаза алмайтын сауаты аз мемлекет ретінде жаһанға жария етіп отыр.

Тағы бір нәрсе, оқулықты көрші елдердің ғалымдарына жазғызу дегеніміздің өзі болашағымызды жаттың қолына тапсыру деген сөз. Осы жерде болашағынан үмітін үзген ел болып шығамыз. Мәселенің түбіне үңілсең үрей үлкені шығады.

Тіпті, Қазақстан ғалымдары мен оқулық жазу мамандарының жазған оқулықтары сын көтермей жатса, оғанда министрлік жауапты. Ол сол үшінде білім және ғылым министрлігі деп аталады. Оқулықтардың мазмұндық жағынан сапасыз екені жылда жыр болып айтылады. Ал, министрлік оқулық жазатын ғалымдар мен мамандардың біліктілігін арттыру барысыныда не істеді, шошқа тағалады ма?

Егер Қазақстан мектеп оқулығын жазуға шамасы келмесе (айтудың өзі ұят) онда оның оқулық жазатын ғылыми базасы өте төмен деген сөз. Оның неліктен төмендеп кеткеніне жауапты тағы да министрлік болмақ. Себебі, елдегі білім мен ғылымға жауапты бірден-бір мекеме білім және ғылым министрлігі.

Көрші елдердің ғалымдары мен сарапшыларын арнайы алдырып оқулық жаздырмақ ниеттегі министрдің идеясы өте аяншты көрінеді. Бірақ, Қазақстанның көршілерінің басындағы оқулық мәселесі де бір жүйеге түсіп, қарыштап дамып кетпегені белгілі.

Сайып келгенде, министрдің бұл ойын қалыпты адамның түсінуі қиын. Әйтеуір, біз түсіне алмай дал болдық...

 

«Абай-ақпарат»

 


 




Сонда бүгінгі күні елімізде қаптаған мүйізі қарағайдай ғалымсымақтарымыздың (академик, профессор, кандидат) түкке жарамай қалғаны ма? Масқара!



Министр деген кім? Атқарушы бидік өкілі. Яғни, саяси түрде шығарылған шешімді жүзеге асырушы ғана. Сондықтан, жеке Түймебаевты қаралау дұрыс емес шығар.

Тозақтан қорықпаймын, жұмаққа ұмтылмаймын.



Жалпы қазақ руханиятын Ресейге бейімдеу ісі соңғы жылдары қатты қолға алынуда. Бұл жерде Түймебаев тек орындаушы, сценарий авторлары басқа. Тіпті Ресейдің үстемдік жүргізгені соншалық ҚР-да жарияланатын барлық тендерлерге қатысуға құқық алды, тіпті қазақ әдеби шығармаларында Ресейдің кәсіпкерлері ұтып алуы әбден мүмкін. Бұл Аю қазақтың ақшасы Қытай мен Қырымға кетуін қаламайды. Сол үшінде "Кедендік Одақ" дегенді ойлап тапты. Шын мәнінде қазақ баспасөзі Қытайдан қауіп дегенді көп айтып жүр. Соны айттырып отырған да Ресей саясаткерлері. біздің орысқолды қарақтар Ресейге қосыла салуға дап-дайын тұр, әрі болашақта соны іске асыру үшін шаралар жасалып жатыр. біздің бүгінгі тәуелсіздік деп жүргеніміз жай бір жылтырақ көрініс. Қазақстан тәуелсіз ел, бірақ қазақтың жан дүниесі тәуелді. Абсурд. Ең жаманы қазіргі қазақ оқығандары жаман мен жақсыны айыра алмайды. Себебі имансыз, сатқын, жойдасыз жемқор... Бұндай пенделерге Аллаһ ақ пен қараны айыратын қабілет бермейді. Ал неғыл дейсің! мәселе Түймебаевта емес, ол кісі атқаушы ғана. Атқармай көрсін... Мұхтар Жәкішевтерге не болғанын Жәкең (Жансейіт) біледі. айналып келгенде тас түйін болып дік еткізіп, қарсы тұратын қазақта қауқар жоқ. Содагн кейін осылай бола береді.



Аңқау елге арамза, тойыс орыс молда... Ертеңгі күні молдамызды да орыс оқытпаса нетті.



Мыналар ауыру шығар. Ал ондай болатын болса тарихымызды қытай, орыс, өзбек, қалмаққа тапсырайық. Тағы қандай жауымыз бар еді? Орыстар соғыстың тарихын неміске жазғызббайтын болар, сірә? Қазақ тілі оқулығын да берейік. Тағы неміз қалды?
Аспан



Сонда олар қай тілде жазады. Бізде ғылыми атақ пен дәреженің бәрі ақшаға сатылатын болып кетті ғой, жаза алмаса жаза алмайтын шығар. Ресейдің де шамасы белгілі ғой, олар білім-ағарту саласында алдымен өздерін жарылқап алса да аз болмас. Ресейдің білім жүйесі керемет болса, әлдеқашан-ақ гүлденіп кетер еді ғой. Ақыры шетелге жаздырдық екен, ендеше биология, химия, физика, политехника, математика сияқты пәндердің оқулықтарын халықаралық стандарттарға сай етіп Неміс, Француз, АҚШ, Жапон, Оңт.Корея, Ұлыбритания ғалымдарына неге жаздырмасқа.

Кішкене халыққа үлкен намыс қажет



Оқулықтарды шетелдіктер жазатын болса, министрді де шетелдіктен тағайындайық онда...
Қабыл



Қазіргі мектеп оқулықтарының нашр болу себебі, меніңше сол авторлармен пікірлескенде айтар ойы былай:"Бізге оқулық жазыңдар деп екі немесе үш ай береді. Ал енді сен сол уақытта оқулық жазып көр. өзіңнің жұмысың бар. олар болса болмашы ғана гонорар төлейді. Бізге уақытты көптеу берсін". Міне автор осылай аитқан еді.
Мында гуманитарлық оқулықтарын өз еліміздің мамандары жазған дұрыс. Ал жаратылыс саласын сера бауырымыз айтқандай дамыған елдермен бірлесе жазса артық болмас.Ал көршілерден үміт аз.



Қоғамдық ғылымдардың оқулықтарын (Тарих, Археология, Қазақ тілі мен әдебиеті, Мәдениеттану, Өнертану, Дінтану, Әлеуметтану, Қоғамтану, Педагогика, Философия, Психология т.б.) ешқашан шетелдіктерге жаздыруға болмайды. Себебі, бұлар - ұлттық сипаттағы ғылымдар және ұлттық мемлекеттілігіміздің, ертеңгі елдігіміздің жаршысы болатын ғылымдар. Бұлар - ұлттық иедологияға қарай бағытталатын және тәрбиелік сипаттағы ғылымдар.

Кішкене халыққа үлкен намыс қажет



Менсінбеушілік бір, жағымпаздық екі, әдейі жасалынған тірлік!! Жарайды оқулықтар сапасыз болды делік сапалы етіп жасауға қазақтарға не кедергі келтірді??? Масқара 70-жыл бойы қиялдағы күн көсемді жырлап едік. Енді қайттік??? Балалардан ұят болатын болды аууу! Ұлтты қадірле дейміз!! Енді не дейміз???? Керемет жаңалық???



Қазақстанда қазақша дұрыс оқулық шығара алмадық деп минстрдің айқай салуы!!, яғни мен жұмыс жасай алмадым орнымды босатуға дайынмын деп әдемі мойындағаны!!



Қазақтар өз тілінде жөні дұрыс оқулық шығара алмаса, Ресейліктер өзге тілде оқулық шығара алады дегенге қалай сенеміз?
Қазақша оқулықтар негізі анау айтқандай нашар емес бірақ та ескере кететін жайт оқулықтар өте күрделі жазылған мысалы 10 сыныптын жаратылыстану бағытындағы оқулықты өткен жылы түк түсін беген жайым бар еді ол кезде ойлағанмын кінә өзімнен деп сөйтсем 10 сынып оқушысы ол оқулықты түсінуі өте сирек кездеседі екен.
 



Моңғолдар қонағының қойнына қатынын салып береді деуші еді, біз одан да сорақы әрекетке барғалы отырмыз.
Қабыл



Қабыл! Сен барғанда қай монғол қатынын қойныңа салып берді? Олардың да дәл сен айтқан сияқты қазақтар үйленердің алдында байталмен жыныстық қатынас жасайды деп айтатын жөнсіз әңгімелері бар және онысы өте кең тараған. Сен секілді біреуден тараған жел сөз ғой. Ал, сен мүмкін байталмен төсектес болып көрген шығарсың?

Баярхүү



Қатындарын қызғанбайтын моңғолдар байталдарын қызғанатын болғаны ғой онда.
Қабыл



Қазақ халқының тағдыры кімдердің қолына өтіп кеткенін бағамдау қиын емес...билікте ұлтқа жаны ашитын бірде-бір тұлға жоқ..қытайды, орысты, жоңғарды әлі жау санаймыз...нағыз жау міне осылар..голешекин,сталин жолда қалады бұлардың ұлтқа істеген қиянатымен салыстырғанда..іштен шыққан жау жаман деген осы..нағыз ата жау деген міне осылар..



ТҮЙМЕБАЕВТЫҢ МҰНЫСЫ - БИЗНЕС! ОНЫҢ ТҮСІНБЕЙТІН НЕСІ БАР? Орыстардың дайын оқулығы бар, өздерінде жарық көріп, ештеңеге жарамай қалған. Олар онысын Жансейітке әкеледі де "сен маған қаламақы бер, оның жартысы сенікі" дейді. Екеуі келіседі. Бар болғаны осы!

Алтайшы



Миымен емес, қарынымен ойлап үйреніп қалған нәлеттер өңшең...
Жасыбай



Біреуді түлен, екіншісін Гүлен түрткен заман екен.



"Үйі өртенген көршіңнен тамыздық сұрама" дейді қазақ! Ал Түймебаев қоламтасының ішінен жанбай қалған шала іздеген екен! Табуына тілектеспіз!



Түймебайевті Путин айтқанымды орындайсың деп шапалақпен тартып жібергенбе? жағын таянуы жаман екен.



Бас дегеніңді билік деп ұқсақ әуелгі,
Біреудің басы ұлтына қарап ұлып жүр,
Біреудің басы бұтына ғана тәуелді.



Оқулық үшін "кілемде" қақиып бір сағат тұрған байғүсты несіне жүндей бересіңдер? Шықты да осыны айтты емес пе?



"Оқулықтар жаман" деген шу да әдейі көтерілген екен ғой...
Мәселе Түймебаевта емес, ол расында да жәй пешка. Мәселе, Ресейдің қолтығына қайта кіруді ойлағандардың арам пиғылында. Шекарамызды бердік, заңдарымыз Ресейдің мүддесіне сай өзгертіліп жатыр, теңгемізге тықыр таяп тұр, енді оқулықтар арқылы идеологияны орыстардың қойнына салып беретін болдық. Бәрі жоспарлы түрде жүзеге асырылып келе жатыр. Ертең ортақ паспорт туралы ұсыныстар қылаң берері анық.
Қабыл



Ағасы ойыңызбен толықтай қосыламын!



oz zhumisin istei almasa, 1 sagat kilemde tursa sharshap qalatin bolsa, kimge oquliq shazdirtu kerek ekenin bilmese, onde nege ketpeidi? ketemin dese eshkimde oni ustap tura almaidi goi... bar bale osindai oz sozin soilei almaitin,enzhar, nashar adamdardan.



Сырттан акеп, сыршылдык не болмаса шеттик т.б коптеген сырттан келген козкарастар каптайтыны анык. Елімізде қаптаған мүйізі қарағайдай ғалым сымақтарымыздың (академик, профессор, кандидат) түкке жарамай қалғаны ма?. Карыннын жагдайы енди иштен емес, сыртан жаксаратын болыпты гой, шамасы!!!



Munin Barine SorSultan Kinali. Reseidin Agenti.



Дұрыс делік. Түймебаевтың түйінді ойы осы болсын-ақ! Ақ жол! Өз еліміздің 7 миллионнан асып жығылатын ғалымдарымыздың (доктор, кандидат, аспирант, профессор, академик) істерге шарасы қалмады делік, сірә. Дұр-ее-с! Мәлелес, қазақтар! Ау, айналайындар, сырт елдердің Қазақстанға жазып берген оқулығын аудару да (олар қазақша көсіліп жазбайтын шығар?) әлгі бәленбай мың ғалымдарымызға жүктелмей ме, олар ақ тер, көк тер болып аудармай ма оқулықты? Қызықтың көкесі әлі алда! Қате-қате аударған шимай-шатпақтарына онан сайын батпаймыз ба біз сорлы?! Сонын неге білмейсің?!

Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
10 + 2 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Ақпан 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
-1012345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728291234

Айлық статистика

<<  >>