Сильвио Берлускони... бiртүрлi басшы. Италия министрлер кеңесiнiң төрағасы түрлi жағдайларға түсiп қалып, өзiнiң олақ iстерiмен, оғаш ойларымен қашанда қасындағыларының күлкiсiне қалып жүредi. Мысалы, телефонмен сөйлесем деп НАТО-ның шейіт болған жауынгерлерді еске алуға арналған салтанатты сәтін өткiзiп алса, «Үлкен жиырмалық» елдерiнiң кездесуiнде қатты даурыққаны үшiн ағылшын патшайымынан ескерту алды. Бұдан басқа да әпендiлiктiлiктерi бір басына жетiп артылады. Ал мына суретте Сильвио көкемiз өзiнiң қолын иiскету үшiн итальян тележүргiзушiсiне ұсынып жатыр. Берлусконидiң айтуынша, оның аяқ-қолынан сайлауда жеңiске жетуiне жәрдем ететін «қасиеттi иiс» шығатын көрінеді....
Orken&G




Берлусконидің ұсынған қолын қатардағы журналист амалсыз ИІСКЕП жатыр деуге болады. Ал біздің Әбіш НӘНнің қолына өзі жармасып сүйді ме, сорды ма, жалады ма, өзі біледі.
Өз шеніне мүлдем сай емес! Масқара!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!
Пікір қосу