Шымкент... | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Достық, қастық, бар қызық – жүрек ісі,
Ар, ұяттың бір ақыл күзетшісі.
Ар мен ұят сенбесе – өзге қылық,
Арын, алқын – бұл күннің мәртебесі

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
Астананың бір минуттық шығыны - 600 мың теңгені құрайды
Айтқыш екен
Обал болды көзге де, құлаққа да,--
Сеніп елге бермейсің сыр ақтара.
Қарайтының күдіз-түн бір-ақ канал,
Көретінің бір кісі, бір-ақ қала.

А. Мұқабай, асаба

Загрузка

Шымкент...

Жәрдемші


Шымкент... Жарты миллионнан астам тұрғыны бар қала еліміздің ең ірі мәдени-өндірістік ошақтарының бірінен саналады. Бадам мен Сайрам өзендерінің аралағындағы аңғарды алып жатқан шаһардың 2200 жылдан асатын тарихы бар деседі зерттеушілер. Қазір Шымкент өзінің жыл сайын жөндеуге тұратын мұнай өндеу зауытымен, қорғасын зауытымен, шина және дәрі-дәрмек өндірісімен әйгілі. Қалада 8 саябақ, үш мәдениет сарайы, облыстық филармония және 28 кітапхана бар.


 




ШыШыШіШыШі!
қысқаша аббревитурасы <Шырайлым> <Шымкентім> - <Шіркін-ай> - <Шыжыған> - <Шілде-ай>!



Шешелері тағы бар)))



28 кітапхана бар дегені асыра айтқаны сияқты. Шымкентке ірі зауыт фабрикалар қажет. Баяғы үш зауытты көрсетіп мақтана беруден қалай ұялмайды екен осы әкім қаралар. Елбасының әр келген іс сапарында осы зауыттарға алып барады. Олар толық өндіріс қуатымен жұмыс істеп те тұрған жоқ.



Заңды түрде тіркелген тұрғындардың саны жарты миллионға жетеді. Ал ауылдар мен басқа қалалардан келіп тіршілік етіп, сол қалада тұрып жатқандардың саны аз емес. Оның үстіне, қала маңындағы ауылдар да қаланың аумағына өтуде. Осы жағдайларды ескере келіп, Шымкент қаласында бір миллионға жақын адам бар деуге болатын болар. Халық санының көрсетілген ресми деректердегі мөлшерден әлдеқайда көп екенін қала орталықтарындағы жұртшылық ағыны мен қала шетіндегі аумақтардың адамдар тарапынан жаппай игерілуінен байқауға болады.

www.malimetter.org



Камалиддин Дулатов деген әйгілі жағымпаздар шыққан шымкент қой, бұл!



Halmurad akani umytpa :)



Розақұл Сатыбалдиевич Халмурадов өз қызметін адл атқарып келе жатқан кісі. Босқа артық сөз айта бермеңіздер. Ол кісінің өмірбяны мен атқарған істері, жазған мақалаларын оқыңыз. Депутатттық жеке Интернет сайтын мына жерден қараңыз.

http://www.parlam.kz/sitedep/halmuradov.aspx?id=2553&page=news&lang=kz



шымкенттин Шаншары жане казыргы казак эстрадасынын жулдыздары бар екенин умытпаныздар! шымкенттнин ерекше келбети жане кайталанбас оз адамдары мен солардын тугызган мадениети бар..бариниз шымкенттин музыкасына билеп журсиздер



Одан қайта "Шымкенттік шығарған әнұранға тұрып жүрсіңдер" десейші))). Шымкенттің музыкасына билеген жоқпын, билемеймін де; Шаншар да сол операдан.

Тозақтан қорықпаймын, жұмаққа ұмтылмаймын.



Ия билемесеңіз Шымкенттік Қалдаяқов сияқты ұлылардың әндерін тыңдап жүрсіздер. Оңтүстік адамының менталитеті, эмоционалдылығы барлық қазаққа қуат береді. Шымкенттің әзілі қазір бірінші орында. Айдос Сарымның Шымкенттіктер туралы жазған мақаласын тауып оқыңызшы, дәл тауып айтқан. Шымкент жаңа бір мәдениет орталығы болғалы тұр. Оған оның өз күші ресурстары толық жетеді.



Артық кеттіңіз.



Сол да әзіл болып па... Шымкенттің мәдениеті толығынан өз күші, ресурстарына байланысты екеніне күмәнім бар. Меніңше, Өзбекстанның ықпалымен қалыптасып жатқан дүние сияқты. Бәрінің тыңдап жүргені Шахзода дей ме, Шохрух дей ме, көргендері "Фатимо ва Зухро", "Сарвиноз". Эстрада жағынан еліктеу аса байқалмайды, бірақ Шымкенттік режиссерлердің фильмдері Өзбекфильмнің қазақшаға аудармасындай-ақ.

Тозақтан қорықпаймын, жұмаққа ұмтылмаймын.



Жебе студиясының Алдар көсе сияқты мультфильмдері, Жетімдер, т.б. фильмдер. Жоқтан бар жақсы. Басқа қазақтың қай облысында осындай серпіліс бар. Яғни серпіліс бар, әсіресе жастар ортасында. Қазақ тіліне деген құрмет бар. Қазақ эстрадасында шымкенттіктер қаптап кетті дейді. Неге қаптамасын қазақша ән салатын жастар аз басқа қалаларда. Өз тілін өзі қор көрген солтүстік пен шығыстың ұландарына қарағанда шымкенттіктер қазақтың қара тіліне мүдірмей сайрап тұр. Бір жастың теледидардан не радиодан шығып еш мүдірмей қазақшалап ызғыта бастағанын көрсем, естісем оның кім екенін тексеріп жатпай-ақ 90% еш күмәнсіз шымкенттіңкі екенін тани аламын. Мысалы шымкентте Семей, Павлодар, Өскемен қалаларындағыдай жастардың жаппай орыстану емес. Қазақ тілінде шорқақтап сөйлеу құрбыларыңның алдында күлкіге қалу, одан қалса "орыс" деген жаман тақпа атқа қалу дегенді білдіреді.



е базар жооғ е деші" Шымкент Форевер! Алға!



Ой, шешеңді... Шымкенттің қазағы о яқта, бу яқта журсе де, қазақ тілінде мүдірмей таза сөйлейді. Өлә, шымкентскийлерді өз ағамызбен салыстырғаны несі?



Өз шешеңе еге бол, сол ма қазақша сөйлеп тұрғаның - "о яқта, бу яқта" - сарт неме!

Тозақтан қорықпаймын, жұмаққа ұмтылмаймын.



Ойақта, бұйақта - деп сөйлеу қазақшаның оңтүстіктік диалектіне жатады. 10 ғасыр бұрында солай сөйлеген. Бұл ұяң дауыссыз "л" дыбысынан кейінгі қатаң дауыссыз "ж" дыбысының жұмсару заңдылығы. Иокающийлер мен джокающийлердің лингвистикалық заңы бойынша солай. Есесіне Шымкенттің адамы "Жә"- деп сөйлегенді білмейді( жазылуы Жә, айтылуы Зә, Дзә) Бұл Семей, Өскемен, Солтүстік қазақстандықтардың тіліне тән. Моңғол тілімен үндестік байқалады.
Ал, Шымкенттің қазағы таза қазақша - Ия дейді, немесе мейлі, бопты - деп жауап береді.



Ауызекі тілде, орфоэпияда "о яқ", "бұ яқ" делінеді, бірақ жазба тілде, орфографияда "ол жақ", "бұл жақ" деп жазылмай ма? Ал сіз жазып тұрсыз. "Яқтап" жазу - нағыз сартшылық. Бір жағына шығыңыз, таза қазақ тілі не оңтүстік диалектіне. Және, ойдан шығара бермеңіз, Семей, Өскемен, Солтүстікте Иә дегенді Жә, Зә, Дзә демейді ешкім.



"оЯқта" деп жазған мен емес еді. Дұрыс айтасың жазуда біркелкі болу керек.
Семей, Өскемен, Солтүстікте екі сөзінің бірінде Жә (ж әрпі айтқанда жұмсақ з әрпі сияқты болып естіледі) дейді. Жә дегені "Не қолдап отырғанын", не "тоқта болды көп сөйлемей" дегенін, не "келісіп отырғанын" түсінбейсің. Тура бір аргентиналықтардың "Че" деген сөз шылауы сияқты, көп мағыналы. Арғындар мен керейлердің моңғолдардан үйренген сөзі. Есесіне оңтүстікте мұндай паразит сөз жоқ.



Рудан қалып, енді аймақтарға көштік пе? Шымкентте өндіріс орындарының аз екені даусыз. Бизнес негізінен сауда-саттықтан, қызмет көрсетуден тұрады бүл өңірде. Магазиндер мен сауда орындары, базарлар, кафелер өте көп, ал зауыт-фабрикалар аз, бар болса толық қуатпен жұмыс жасамайды. Әкім-қаралар инновациялық ойлауға қабілетсіздеу сияқты ойға қаласың. Мұнда әрине тіл, дәстүр жақсы сақталған. Бірақ экономикаға келгенде тұрпайы трайбализм кең етек алған. Осы трайбализм аймақтың дамуына кедергісін келтіріп қана қоймай, жемқорлықтың аса қауіпті деңгейде өршуіне жағдай жасап тұр. Халық сауда-саттықпен, аз жалақымен күн көруге мәжбүр. Арзан болса тек қана көкөніс, жеміс-жидектер ғана арзан...



Өзім батыс аймақтан болсам да Шымкентті өтте жақсы көрем. Өнерлі, еңбекқор халқы бар. Тіпті суға салсаң құрғақ шығатын азаматтары да жетерлік. Қазақстандағы ерекше бір өңір ғой оңтүстік. Өркендей берсін



"Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа" демекші,- әр турлі отбасында тәрбиеленіп шыққан адамдар үшін неге бүкіл Шымкент халқына тіл тигізесіздер. Бұл уят болар, Абай сайтын тегін адамдар ашып карай коймас, барлыктарынызда сауаттысыздар гой, сондықтан артық кетпеніздер. Астана, Алматы, Қарағанды, Орал, Қызылорда, Ақтау барлық жердің,қаланың әртурлі мінезі, салты, ерекшелігі бар. Шымкентте сыйлауға турарлықтай ірі қала!



Жемқорлық кез келген қалада орын алған, оған бола Шымкентті алға салмай ақ қойыныз!



Копке топырак шашуга болмайды. Бірақ мен корген шымкенттіктер "лактырып" кетудің мастерлері. Құдды тиынның татын жалаған өзбектер сияқты. Бүкіл оңтүстік халқы солай ма екен деген ойға қаласын кейде...



Аузың аңқайып жүрген өзің кінәлісің, пысықтарды ешкім "лақтыра алмайды".



John Eshni - СВАСТИКУ УБЕРИ!!! ТЫ НЕ KZ Из-за этого я тебе по капирский говорю



ТИНАҚУ

Тозақтан қорықпаймын, жұмаққа ұмтылмаймын.



ШЫМКЕНТ КАЗАКТЫН ЖЕРЫ!!!!



Жә, жетер. "Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос" демей ме Абай атамыз шулай бермей, қазақстанның барлық жерінде кемшілік бар. Одан да қазақы мінезді, салт-сананы, дәстүрді сақтаудың амалын айтсаңдаршы, бауырлар. "Болатын елдің елдің баласы бірін-бірі батыр дейді" бәрің де қазақтың баласысыңдар.



Агайындар, руга, аймакка болинбейк. Баримиз казакпыз. Барлык жерден де артык-кем тустар табылады. Алайда, ашып атайык, казакты кенес зулматы тусында казак етип устап калган онтустик. Бугинде де казак кинин есебинен казак болып отыр. Онтустик бауырлардын есебинен. Оларга рахмет. Мен солтустиктенмин. Бирак жумыс издеп журип онтустик агайындардын Астанадан ашкан фирмасына тап болдым. Ширкин, ептиликтерине, пысыктыктарына, карапайымдылыгы мен жумыстарына тантимин. Казак десе олип турады.



Бөлінгеді бөрі жейді, АЛЛА ТАҒАЛА содан сақтасын!



Егер Қазақстанның әрбір ірі қалалары туралы осындай, мүмкін бұдан да мол мәліметтері бар, суреттермен безендірілген деректер жарияланса бұл керемет екен. Бұл бастаманы қолдау қажет. Мұны мен Абай атамыздың күллі қазақты біріктіруге шақырған өсиетіне қосылған үлес деп санар едім. Бір-бірімізді қаралау үшін тырнақ астынан кір іздемейік, бауырлар!



Нағыз қазақ болғысы келген адам оңтүстікке, Шымкентке келсін! шымкент туралы теріс пікірде жүргеніне өкінетін болады сонда? Не десек те, қаймағы бұзылмаған қалың қазақтың ортасы екенін ұмытпайық! Ешбір қалаға айырбаспын, шырайлы Шымқаланы!



шымкентке базар жок. каласы да адеми. адамдары да пысык. оларга болек бир мемлекет болса да жарасады. барлык казак солардай болсак мемлекетимиз гулденип кетер еди



азақстандықтардың әрбір 4-шісі Шымкенттіктер!!!

Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
5 + 1 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Ақпан 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
-1012345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728291234

Айлық статистика

<<  >>