Өскемен. 4 наурыз. ҚазТАГ – Ауа температурасының төмендеуінен Шығыс Қазақстан облысындағы үш қалада метептердегі 1-9 сынып оқушыларының сабақтары тоқтатылды. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінен хабарлады.
«Өскеменде темпертатура минус 34 градус, Зыряновскі мен Шемонайхада минус 35 градус аяз болды. Кеше қатты аязға байланысты Зыряновскі мен Риддерде сабақ тоқтатылған болатын», - дейді департаменттегілер.



Пікір қосу