Шәку Ботақара. Орысша білмесең орныңды босат!... | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Достық, қастық, бар қызық – жүрек ісі,
Ар, ұяттың бір ақыл күзетшісі.
Ар мен ұят сенбесе – өзге қылық,
Арын, алқын – бұл күннің мәртебесі

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
Астананың бір минуттық шығыны - 600 мың теңгені құрайды
Айтқыш екен
Обал болды көзге де, құлаққа да,--
Сеніп елге бермейсің сыр ақтара.
Қарайтының күдіз-түн бір-ақ канал,
Көретінің бір кісі, бір-ақ қала.

А. Мұқабай, асаба

Загрузка

Шәку Ботақара. Орысша білмесең орныңды босат!...

Жәрдемші


Қазақ тәуелсіздік алған сәттен бастап, Отанға 2-млн.нан астам қазақ оралыпты. Бұл жайт демографияға сөзсіз дем берді. Жарағаны отау тігіп, қазық қақты. Бірақ қазақтың отаны Қазақстан болған соң қандастарымыз қаңғып қайда барсын!? Ең бастысы Алтайдан ағылған көш алдымен елдегі титулды ұлттың қарасын көбейткені рас. 1991-жылы Қазақстандағы қазақтың саны 7 млн. 73-мың адам болған. Ал соңғы санақ қазақтарды 10-млннан асты деп жатыр. Бұл әрине, көңіл көншітерлік көрсеткіш. Бірақ, осы жылдар ішінде оралман мәселесінің оңып кеткені шамалы. Азаматтық алу, квота және жұмысқа орналасу мәселесі қазақ азат болғалы сағызша созылып келе жатыр. Мәселе әлі өткір болса да әйтеуір өтірік күйбең. Жат жұрттан жаңа келіп, оң-солын әлі танымаған қаракөздер тек қана паспорт алу үшін, түк болмады дегенде 6 ай аяғынан таусылып, анықтама жинайды. Қаптаған қағазбастылық.  Бұл өз еліне оралған қазақты күтіп тұрған проблемалардың бір парасы ғана. Оралманның сіңісіп кетуіне кедергі болып тұрған кереметтің ең біріншісі - тіл мәселесі. Атап айтсақ, орыс тілі.

 

Парамоновка ауыл мектебінде 15-жыл еңбек еткен, тәрбие ісінің меңгерушісі Жанаргүл Ариддинқызына (суретте), жаңа келген мектеп директоры Салатант Досжанова «орысшаң нашар» сондықтан, орныңды босат -деп, үкім шығарады. Директор ханымның пікірінше, «Тәрбие ісі болсын, оқу ісін меңгеретін адам екі тілді бірдей меңгеруі міндет». Былайша айтсақ, Қазақстандағы қазақ «Иваннның» тілін білмесе мемлекеттік қызметке орналасуы етуі екі талай. Сорақысы сол, осындай озбырлыққа жол беріп, орыс тілінің сойылын соғып жүрген өзге емес, өзіміздің қара көз екені өкінішті-ақ. Моңғолия елінен оралған қандастарымыз  көптеп қоныстанған Парамоновка ауылы осыдан кейін, екіге бөлініп шыға келді. Біреуі оралман болса, қалғаны «местныйлар». Ашық айқасқа шыққан Досжанова діттегеніне жетті. Нақақтан нақақ жала жабылып жұмыстан қуылған Жанаргүл, енді не орысша үйренерін, не сотқа барарын білмей дал болды. Ай күннің аманында өз елінде қуғын-сүргінге ұшыраған ұстаз білім және ғылым министірлігінен бастап, барлық құқық қорғау органдарына хабар берген. Барлығы бір ауыздан, бұл шулы мәселені тек қана сот шеше алатынын айтады. Істі қараған Ақсу қалалық сотының судьясы Ыбраев Нұрлан, бар жоғы екі күннің ішінде шешім шығарды. Жанаргүл өз қызметіне қайта оралды. Ал, өз қызметін асыра пайдаланып, қол астындағы жұмысшыларына тісін батырған Досжанова ханым басқа жерде тағы да осыны қайталамасына кім кепіл!? Осыдан кейін амалсыз таң қалып, таңдай қағасың. Математика тілімен айтсақ, қосылғыштардың орыны ауысқанымен, қосынды өзгермейді. Бұл аксиома. Білегін көрсеткен басшыны біліммен жыққан Жанаргүл жеңіске жеткеніне дән риза. Бұл орайда, Ақсу қалалық білім бөлімі өз ішіндегі іріңді өз күшімен емдеуге дәрменсіз екенін көрсетті. Іс осымен тынды. Жанаргүл жеңді. Жасыратыны жоқ, әзірге отаным деп келген оралмандар туралы оң пікір қоғамда қалыптаспай отырған сыңайлы. Әлде, қалыптастырғымыз келмейтін секілді ме,  қалай өзі?..

Кереку.

 


 




Осындай жағдайдан талай жүрек ауырттық қой ,енді балаларымызды қай тілде оқыту тиімді екенін де білмей қалдық ,үш тұғыр тілді бірдей меңгеру деген 1000 да біреу шығар ,біздің балаларда келешекте мәңгүрт болама деп қоқатын болдық ,



Қазақ десең өзіңе тиеді...



Өкінішті, менің анау Директор сымаққа жаным ашиды. Білім нәрімен сусындатып, қазақ тілінің көсегесін көгертер деген оқу ордасында қазақ тілінде сөйлейтін ұстазды қудалаған сорлының түбі шикі шығар. Осындай сыңар езу қазақы тәрбиден мақрұмдар тілдің тірлігін ешқашан алға бастырмас. Осындайлардың көксегені не екен!!!



Егер елге оралған ағайындарымыз осы тәрізді адам құқығы бұзылған, ұлттық намысы тапталған жағдайларға ұшырап жатқанын естіп білсеңіз, Барлық қазақ жұртын хабардар етіп тұрайық.
Осыдан соң жабылып жазып, сотқа беріп, ондайларды орнынан алып тастатқызайық, сазайын берейік! Сатқындардың



Өскеменде де сол жағдай. Ағамның 2 қызы бар. Екеуі де орыс балабақшасына барады. 2 жастан сәл ғана асқан екінші қыз мое, хватить, отстань, отдай, ненавижу деген сөздерді қарапайым қазақтың тұрмыстық сөздеріне қарағанда таза, әрі анық айтады, орынды пайдаланады. Атасы мен апасы оның тілін ұқпай ыза болып, мынаның шүлдірлеуін деп налиды. Амал не? Бүгінгі таңда Өскеменде қазақтар аз деуге келмейді. Қала қазақыланды. Ол орыстардың қытығына тиіп жатыр. Көшелердің атын ауыстыру, орыс мектептерін аралас немесе қазақ мектептері қылып қайта ұйымдастыру мәселелеріне келгенде орыстар жанталаса қарсы шығады. Мой город, Устинка, Флэш, 7 дней сияқты жергілікті газеттер мен УК КЗ сайттары арқылы қазақтардың намысына тиетін материалдар жариялап, Ресейдің отандастарды қолдау бағдарламасын жаппай жарнамалаумен айналысып келеді. Осының бәріне жергілікті атқарушы билік те, уәкілетті билік те бармақ басты, көз қыстылық танытумен келеді. Өйткені ол жерлерде де орыстардың "өз" адамдары аз емес. Қаланы, облысты қазақыландыру бойынша өзгерістер жүргізуге қарсы шығатындардың ішінде көпшілігі біздің мәңгүрт қазақтар. Сайланып немесе тағайындалып алған соң не оттап, не қойғандарын білмейтін бұрынғы коммунистер мен қазіргі тойымсыз капиталистер. Елдің, халықтың, қазақтың әлеуметтік жағдайын ойлайтын біреуі жоқ. Облыстық мәслихаттың хатшысы Ахаев мәслихат пайда болғалы ауысып көрген емес. Әкімқаралардың бәрімен ауызжаласа білетін ол, әкімдер мен "Нұр-Отанға" таптырмайтын қуыршақ болып қала береді.
Шығыста жағдай осындай. Айта берсе әңгіме көп, Оның бәрі қатын өсек болып кетті ғой!



Кезінде қазақ мектебін бітірген біздер диплом аул үшін орыс тілін қиналып үйрендік. Кейбір қазақ балалар бұған шыдай алмай, оқуларын тастап кетті. Енді орыстың тіліне "жабысып" қалғанымыз не деген сауал мазалайды мені.



Орысша білмегені үшін қызметінен шығып қалған бір бауырымыздың жайы туралы Парламент мінберінен шырылдаған Бекболаттың жанайқайын естіген шығарсыздар. Бірақ, содан не өзгерді? Ештеңе, өйткені үкімет қазақтың көнгіштігіне сенеді (мүмкін біз екінші сортты халық шығармыз). Ал енді орыстар қазақша білмегенім үшін жұмыстан шығарды десінші, жергілікті биліктен бастап сонау жоғары жақтардың бәрі "ләппәй тақсырлап" барлық жағдайды жасап берсін. Өкінішке орай, бұл ащы болса да шындық.

Қазақстан – ақылмен түсініп болмайтын таңғажайыптар елі. Атқарушы биліктің әрбір ісі – желге қарсы қарап сиіп тұрған ақмақтың әрекеті сияқты.

Сабырбай



Өкінішті...

«Жегенде аузыңа кіргенге, сөйлегенде аузыңнан шыққанға абай бол!».



Кызыкстан! Карама-кайшылыктар мекени!



Бул Ауыл мектебиндеги жагдай. Калада орысшасыз ешбир мекемеге бас суга алмайсын.



Маган урса жонелменiздер. Айтайын дегенiм- маселенiн 2-шi жагы. Осы устаз бен директор екеуiнiн дауласып жаткан бiр сатiн теледидардан корiп калдым. Жанаргулдi мукатайын деп тургам жок, бiрак онын озiн устауы, сойлеуi (айкайы), кол сермесi тук те устазга тан емес! Жай бiр базарда шемiшке сатып отырган окымаган айел сиякты. Устiне киген киiмi де алка-салка. Жане ен улкен кемшiлiгi- айкайлап, бажылдаганы.
Устаз деген созiмен, журiс-турысымен де бала тарбиелемей ме? Бала устазга катты елiктейдi. Устаз- устаздык этикамен бiрге эстетикалык та тулга болуы керек. Онын аузынан шыккан арбiр соз бала журегiнде мангi калып коятынын ешуакытта естен шыгармаган жон сиякты. Ал мен мынандай бейберекет бакырып турган устазга баламды берiп окыту ушiн алдымен катты ойланар едiм.
Акерке. Алматы.



Біз неден қорқамыз,қазақша білмегендерді мемілекет мекемелерінен жұмыстан шығару керек. Сонда тіл қәдірленеді.



баста сол ауылдың атын өзгертіп қарсы шыққандарды жазалайтын уақыт келді!



Қазақ тәуелсіздік алған сәттен бастап, Отанға 2-млн.нан астам қазақ оралыпты депті. Бұл қайдан алынған дерек. Ресми санақ бойынша еліне қайтқан қазақтар саны 1 миллионға да жетпейді. 700 мыңның маңайында.



Үш тұғырлы тіл ол деген үш басты адам емеспа бір бас үшке бөлініп нәтижесінде қазақтар жоқ болып кетеді!



Мен Ақеркенің пікіріне толық қосыламын.Істің ақ-қарасын ажыратпай жатып біреуді жазғыруға болмайды.Ұстаз - деген осы құрметті атаққа лайық жан болуы керек.Түймедейді түйедей етіп, ақырында соттың араласуымен жеңіске жеттім деп отырған адам білім беріп, ұрпақ тәрбиелеп жарытпас.Тек мен білемін деген менменшілдік бұл жерде басым сияқты.



Сорлы, байғұс, мәңгурт, жетесіз, намыссыз, арсыз, ары қарай айтуға аузым бармайды... Осындайлар ғой елдің көсегесін көгертпей отырған, әркім өз баласын дұрыс тәрбиелесін, бірақ орта бұзады екен менің балаларымда бала-бақшаға барып тілдері шұбарланып кетті, білмеймін не істерімді шенеуніктерге бәрі-бір ел қамын қайтсін, қарын қамын бітіре алмай жүргендер, арам қатқарлар...



Ел боламыз десек, ұлт рухын оятып, құлдық санамен күресейік! «Бесігімізді түзейік» жұртым!

Азаттығымыз қазақтығымызға айбын берсін, қазақтығымыз азаттығымызға айдын болсын!



Алла ақыл берсін.амин

Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
10 + 3 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Ақпан 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
-1012345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728291234

Айлық статистика

<<  >>